05/01/2025, 22:06 | |
ТҰЛҒАЛАР ӨМІРІНДЕГІ КІТАП Ақселеу Сейдімбеков қандай кітаптарын 2 миллион теңгеге сатты? Қазақ азушысы, әдебиет зерттеушісі, ғалым – Ақселеу Сейдімбеков те кітап оқуға, оқыған кітаптарын жинауға құмар адам болған екен. Ол бір сұхбатында өзінің қатарластарының арасында өзінен көп кітап жинаған адам жоқ екенін сөз етті. Тіпті ең көп кітап оқыған Қадыр Мырза Әлидің кітапханасындағы кітаптар саны Ақселеу Сейдімбектің кітапханасындағы кітаптар санының тек бір бөлігін ғана құрайды екен. Өзінің жалғыз ұлы үйленген кезде ақшадан қысылған Ақселеу ата жинаған кітаптарының бір кішкене бөлігін ғана 2 миллион теңгеге сатқан. Ол кітаптардың ішінде ұлттың игілігіне жарайтын кітаптар, Абай астын сызып оқыған кітаптар, Мұхтар Әуезовтің қолтаңбалары қалған кітаптар бар екен. Қызының айтуы бойынша, ол кітаптарды сату Ақселеу атаға қиынға соққан. Сонымен қатар дүние жүзіндегі ең көп шежірелік материал ақселеу атаның кітапханасында ғана бар. Ол шежірелер ғылым академиясында, Мәскеуде, Ленинградта (қазіргі Санкт-Петербург), Уфада, Қазанда, Орынборда жоқ кітаптар деседі. Ақселеу Сейдімбек кітап жайлы «Кітап – менің сиқырлы таяғым. Мені Ақселеу етіп тұрған – менің кітапханам. Ол жоқ болса, мен жынын алдырған бақсы сияқты түкке жарамай қаламын» дейді. Ол жас кезінде ақшасыкөп болмаса да, қолында бар қаржының көп бөлігін кітаптарға жұмсаған екен. Осыдан оның кітапқа деген махаббатын көруге болады. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 4 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |