30/12/2024, 16:27 | |
ТҰЛҒАЛАР ӨМІРІНДЕГІ КІТАП Абай құнанбаев оқыған кітап, журналдар Қазақтың дана да дара ақыны Абайдың көп кітап оқығаны бәрімізге белгілі. Сонысымен ол алып тұлғаға айнала алды. Ал ол қандай кітаптар оқыған? Хакім Абайдың жеке кітапханасы болған. Ол Семей кітапханасына келіп жүргенде қоғамдық кітапханалардан бөлек некен-саяқ кітап дүкендеріне де кіріп, журналдар, кітаптар сатып алып кетіп отырған. Абай кітаптарды қыста қалада жатып, жазда қоржынын толтырып, Шыңғысты жайлаған ауылына алып қайтып, үзбей оқыған. Абайтанушы ғалымдардың еңбектеріне сүйенсек, Семей қаласы кітапханасының оқырманы Абай «современник», «Русский вестник», «Вестник Европы», «Русская речь», «Новости», «Новое время» журналдарын үнемі назарында ұстаған. Ресейде шыққан бұл баспасөз үлгілері барша әлемнің тарихы, мәдениеті, әдебиеті, өнері, ұлттық ұстанымдары жөнінде жан-жақты хабардар етіп, болашақ ақынның озық ой жүйесінің қалыптасуына пайдалы ықпалын тигізгені сөзсіз. Ал Семей баспаханаларынан жарық көрген «Обзор Семипалатинской области», «Семипалатинские областные ведомости», «Отчет Семипалатинского статистического комитета» сияқты басқа да газеттер мен жинақтарын ұлы ақын үзбей оқып отырған. Семей қаласындағы Абай атындағы әмбебап кітапханада ақынның оқыған кітаптары бар. Солардың ішінде Пушкин, Толстой, Даль жинақтары, Беккердің, Карамзиннің, гомердің, Дрэпердің кітаптары асыл мұралар қатарында. Дәл осы тұлғалардың кітаптарын Абай қолына алып қана қоймай, аса зейін қойып оқыған. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
| |
Просмотров: 7 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |