Оқы, оқы және оқы
17/12/2024, 11:37

ТҰЛҒАЛАР ӨМІРІНДЕГІ КІТАП

Бимырза Ерназаров соғыс алаңында қай кітапты қойнында ұстаған?

Бимырза Ерназаров 1943 жылы Невель қаласының іргесінде болған ұрыста ерекше ерлік көрсеткен зеңбірекші батыр. Дұшпанға снаряд үстіне снаряд жаудырып, көп жауды жоқ еткен батыр сол ұрыста қаза табады. Сонда оны ақтық сапарға шығарып салуға жиналған солдаттар оның арқасындағы оқ тескен қапшығынан түрлі бұйымдарды, атылмаған патрондарды, жартылай желінген бір үзім нанды, қалайы қасықты, сүлгі орамалды тауып алады. Барлығы солдатқа ең керекті заттар. Бірақ сол ең керекті деген заттардың арасынан салмақ жағынан ауыры да, сары алтындай қымбаты да бір зат болады. Ол Сәбит Мұқановтың «Жұмбақ жалау» атты кітабы. Кітаптың сау тамтығы жоқ, қағаздарының жиегі желініп, түбі ыдырап кеткен екен. Жау жақтан жамырап келіп жатқан оқтан болды ма, «Жұмбақ жалаудың» бірнеше бетін қабатынан тесіп өткен күйік бар екен.

Ұрыс кезінде кітапты қойнына тастамаған адамдарға қарап, қазіргі уақытта кітап оқуға уақыт жоқ деп сылтау іздеу қаншалықты орынды деп ойлайсыз?

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 13 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: