| 22/08/2026, 23:23 | |
ДӘСТҮР – ІЗГІ ҚОҒАМ НЕГІЗІ Қайырымдылық Немеурін Халқымыздың ұлттық мәдениетінде сый, кәде түрлері көп және оның әрқайсысының өзіндік ереже, жол-жоралғысы бар деуге болады. Мысалы, немеурін бұл әке-шешесінен енші алып, бөлек шыққан жас отбасына туған-туыстарының беретін көмектің атауы. Дәстүрлі ортада үйленіп отбасын құрған ұлдың ата-анасы жастарға еншісін беріп, бөлек шығарарда туған-туыстарын құдайы тамаққа шақырады. Отау тіккен жастарға туған-туыстары құтты болсын айта келіп, көмек ретінде көрпе-жастық, кілем-кілше сияқты т.б. қажетті тұрмыстық бұйымдар және төрт түлік мал түрлерін ала келетін болған. Мұндай көмек беру туған-туыстарға міндет еемес, әркімнің өз еркімен атқарылатын ісі саналған. Өйткені отау тіккен балаларына енші беріп, бөлек шығару әркімнің басына түсетін жағдай болғандықтан, қолдағы бар мүмкіндіктеріне қарай жас отбасына көмек беріп, қол ұшын созатын болған. Міне, осылайша ағайын туыс болып жиылып, жас отбасының аяғынан тұрып, әрі қарай өз алдына үй болып кетуіне мүмкіндігінше көмектесу мақсатында қол ұшын беріп көмектесуге тырысқан. Бұл дәстүрдің дініміз исламға кереғар тұсы жоқ. Керісінше, туған-туыс, ағайын-бауырға қол ұшын беріп көмектесуге дініміз де бұйырады. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Просмотров: 3 | Загрузок: 0 | | |
| Всего комментариев: 0 | |
