| 08/06/2026, 21:45 | |
ДӘСТҮР – ІЗГІ ҚОҒАМ НЕГІЗІ Қайырымдылық Жылу жинау Жылу жинау тұрмыстық қажеттіліктен туындаған дәстүрлердің бірі. Ұл дәстүр күтпеген жерден бақытсыздыққа ұшырағанда, мал-мүлкі, жинағанынан айырылғанда ауыл тұрғындары, көрші-көлемі, туған-туыстары жиналып мал, дүние, ақшалай көмек көрсету арқылы көрінісі табады. Мұндай шараны белсенді, сенімді бір адам ұйымдастырады. Бұл дәстүрді «жылу жинау» деп атайды. Бірақ әдетте арам жолда шығынға ұшырағандарға жылу жиналмайды. Мысалы: дүние-мүлкін картаға салып ұтқызып жібергендер, ішімдікке салынып құртқандар, қоғамның, мемлекеттің дүние-мүлкін жеп шығынға ұшырағандарға жылу жиналмайды. Осы жылу жинау дәстүрі арқылы мұқтаж отбасының жағдайын толық жасап бермесе де мүмкіндігінше бастапқы қажеттіліктен шығып, қиындыққа душар болған отбасы мүшелерінің аяғынан тік тұрып кетуге өз септігін тигізетіні сөзсіз. Дініміз ислам мұндай игі істерді қолдайтыны ақиқат. Қиын жағдайға тап болған пендеге қол ұшын беру дінімізде сауапты істер қатарына жататыны белгілі. Алла Тағала қасиетті Құран Кәрімде: «Сендер адамдардың арасынан шығарылған қайырлы (игі) үмбет болдыңдар...» («Әли Имран» сүресі, 110-аят), - деп бізді сауапты игі істер жасауға ынталандырады. Қасиетті Құран Кәрімде Алла Тағала: «Кімде-кім мысқалдай (тозаңның салмағындай) жақсылық жасаса, соның қарымын алады» («Зілзала» сүресі, 7-аят), - деп баян етеді. Міне, сондықтан біз жақсылықты сырт көзге емес, ең баста Алла Тағаланың разылығына қол жеткізу үшін жасауымыз қажет. Ол үшін жасаған жақсылықты ешкімге міндет яки мақтан етпей өзінің басты міндетім деп Алланың разылығы үшін жасауы қажет. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Просмотров: 4 | Загрузок: 0 | | |
| Всего комментариев: 0 | |
