Ғұмырлық ғұрып
02/06/2026, 23:06

ДӘСТҮР – ІЗГІ ҚОҒАМ НЕГІЗІ

Қайырымдылық

Егіннен – кеусен   

Кеусен дегеніміз үлкен табақ көлеміндей болып келетін егіншілердің дән ұшыруға арналған ыдысы. Қырман жинап жатқан кезде өз шаруасымен келген адамға ырымдап бір кеусен астық беретін болған. Кері кеткен кеусен сұрауға да ерінеді деген мақал бар.

Халық арасында егіннен кеусен, малдан зекет, табыстан шүлен деп айтылатын сөз тараған. Мұның бәрі қайыр-садақаның бір түрі деуге болады. Еліміздің кейбір өңірлерінде «үшір» деп қырман қандағанда тарататын кеусен сияқты тарататын садақа түрін атайды. Осы орайда айта кететін бір мәселе дініміз исламда жер өнімдерінен алынатын зекет түрін «үшір» деп атайды. Бұл сөз араб тіліндегі оннан бірі (1/10) дегенді білдіретін «ушр» сөзінің қазақша нұсқасы. Үшір зекетін беру Құран және Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистерімен қуатталған.

Алла Тағала Құран Кәрімде:

«Уа, иман келтіргендер! Табыстарыңның және сендер үшін жерден шығарған нәрселереміздің жақсыларын тиісті орынға жұмсаңдар...» («Бақара» сүресі, 267-аят).

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 1 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: