Ғұмырлық ғұрып
26/05/2026, 22:36

ДӘСТҮР – ІЗГІ ҚОҒАМ НЕГІЗІ

Қайырымдылық

Асарлату (үме)  

Асарлату – бұл біздің ата-бабамыздан күні бүгінге дейін жетіп отырған қайырымдылыққа негізделген дәстүрлердің бірі. Әдетте асарлату арқылы туған-туыс, көрші-көлем бір-біріне көмек қолын созып, бірі екіншісінің жүгін жеңілдетіп, шаруасын тездетіп аяқтауына ықпал етеді. осы асарлату дәстүрінің себебінен қаншама қазақтың үйі жылдамдатылып салынып, шөбі шабылып, қойы қырқылып үлгерді. Үй салу, қой қырқу, тай таңбалау, киіз басу, егін ору, шөп шабу тәрізді қауырт жұмыстарды көптің күш-қайратымен, көмегімен тез атқару үшін ру басының, үй иесінің ауылдастарын, туған-туыстарын шақырып, бірлесе қимылдауын асар жасау деп атайды.

Асар жасаудың тағы бір атауы – «үме», «серне» деп аталады. Үй иесі жәрдемдесуге келгендерге тамақ дайындап, сый-құрметін көрсетеді. Асарға келгендер атқарған жұмысына, көмегіне ақы алмайды.

Қазақтың бұл дәстүрі де дініміз. Исламның ұстанымдарымен ұштасып, сабақтасып жатқандығы талас тудырмайды. Расында бұл туралы Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) көптеген хадистерінде айтылған. Соның бірі ибн Омар (Алла оған разы болсын( жеткізген хадисте: «Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «мұсылман – мұсылманның бауыры. Нағыз мұсылман бауырына озбырлық жасамайды, оны сатпайды. Кімде-кім мұсылман бауырының қажетіне жараса, Алла Тағала да оның қажетін өтейді..», - деп айтты», - делінген.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 4 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: