| 18/05/2026, 23:28 | |
ДӘСТҮР – ІЗГІ ҚОҒАМ НЕГІЗІ Шек беру Шек бұл құрбан айттан бір күн бұрын о дүниелік болған марқұмдарға арнап мал сою. Нақтырақ айтқанда, Арапа күні өмірден озған ата-бабалардың таныа арнап, бір мал сою қазақ дәстүрінде «Шек беру» деп аталады. Кезінде Мәшһүр Жүсіп: Жаралған түп-түгел боп, жоқ боп міні, Аққудай саңқылдайды шыққан үні, Отырды үй үстінде бір күн бала, Қазақша – шек, ертең айт деген күні деп өлең жолдарына қосқан болатын. Ата-бабасының атынан мал бауыздап, шек бергенде, арнайы түрде Құран аяттары оқылып, Алладан о дүниелік болған марқұмдардың күнәларының кешірілуін, жарлырқауын тілейді. Мұның басты мынадай себептері болса керек. Біріншісі, Арапа күнінің қадір-қасиетіне байланысты. Өйткені Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистерінің бірінде: «Күндердің ең абзалы – арапа күні» делінсе, тағы бір хадисте: «Алла Тағала бір құлын яки бір үмбетті тозақ отынан азат етуде Арапат күнімен тең келетін күн жоқ...», - деген. Осы сияқты Арапа күнінің қадір-қасиетіне қатысты көптеген хадистер бар. Арапа күні – Алла Тағаланың құзырында ең абзал күндердің бірі. Сондықтан болар қазақ халқы осы күні мал сойып, туған-туысқа ас беріп, ата-бабаларына Құран бағыштап, дұға жасауға басты назар аударған. Екіншісі, шек деп шәк, күмән сөзінің мағынасына айтылған. Яғни ертеректе Құрбан айт күнінің нақты қай күнге сәйкес келуін анықтау бүгінгідей оңай болмаған. Сондықтан шек күнін Құрбан айт күні деп ойлап, мал сойған болуы да мүмкін. Ал ислам шариғаты тұрғысынан алғанда «Шек беру» құрбан шалуға жатпайды.әрі бұлай жасауға бұйырылмаған. Мұны ата-бабаларымыз қайыр-садақа ретінде және өз еріктерімен сауапты іс деп түсінген. Негізі шариғат бойынша құрбандық малын Құрбан айт күндері шалған жөн. Құрбан айттан бір күн бұрын шектік беріп, ертесіне, яғни Құрбан айт күні құрбандық шалса, дұрыс болмайды. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Просмотров: 8 | Загрузок: 0 | | |
| Всего комментариев: 0 | |
