Ғұмырлық ғұрып
12/05/2026, 09:13

ДӘСТҮР – ІЗГІ ҚОҒАМ НЕГІЗІ

Түс жору  

Қазақ әдеби тілінің сөздігінде: «Түс – қиял процесінің ұйқы кезіндегі енжар бейнесі, ұйқы кезінде көрінетін елес», - деп түсіндіріледі. Басқаша айтқанда, адам баласы ұйықтаған кезде түс көру қабілетіне ие. Ол түстің үш түрі бар: шайтани, бас-аяғы жоқ, адамды түсініксіз күйге түсіретін шым-шытырық түсініксіз, мән-мағынасы жоқ түс. Халық оны шайтанның әсерінен енеді деп сенеді. Түстің екінші түрі – шынайы, ақиқат періштелер араласатын түс. Мұндай түс адамға жағымды әсер етіп, есінен кетпей қояды. Оны әдетте таң ата көреді. Үшінші түрі – қияли түс. Мұндай түс адам қатты шаршағанда немесе бір нәрсе туралы көп ойлаған кезде енеді. Көрген түсті жорыту немесе өзі жору бар, яғни көрген түсті болжау.

Қазақ халқы түс көруге, түсті дұрыс жоруға өте сақтықпен қараған. Сондықтан да түсті кез келген адамға айтуға және оны жорытуға болмайтындығын ескертеді. Әрі оны қандай жағдай болса да жақсыға жоруға тырысады.

Әбу Қатададан (Алла оған разы болсын) жеткен хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Игі түс (немесе басқа риуаятта «жақсы түс» делінген) – Алладан, ал жаман түс – шайтаннан. Кімде-кім жаман түс көрсе, сол жағына үш рет түкіріп, шайтанның кесірінен Аллаға сыйынамын десін. Осылай істесе, көрген түсінен оған ешқандай да зиян келмейді деп айтты», - делінген.

Қазақ халқы түс көргенде салиқалы, дана, көпті көрген адамдарға айтып жорытады. Егер өзіне жағымсыз әсер еткен болса, бірден «түс құдайысы» деп атап садақа беріп, Алладан жеңілдік сұрау дәстүріне жүгінеді.

Дана халқымы «Жақсы сөз – жарым ырыс», «түстің жақсылығы жорушыдан» деп түсті кім көрінгенге жорытуға болмайтындығына назар аудартады. Сондықтан түске, түс жорытуға мүмкіндігінше сақтықпен қараған жөн.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 1 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: