| 05/05/2026, 09:04 | |
ДӘСТҮР – ІЗГІ ҚОҒАМ НЕГІЗІ Төс қою Қазақ халқында «Пайғамбар да күйеу баласын сыйлаған» деген сөз бар. бұл Мұхаммед пайғамбардың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) күйеу баласы Әлиге (Алла оған разы болсын) деген құрметімен байланысты айтылады. Осыны негізге ала отырып қазақ халқы күйеу баласын бір кісідей сыйлайды. Әдетте «күйеу бала қайын жұртына келгенде тартылатын табақтың ішінде міндетті түрде төстің болуы әрі оны күйеу бала мүжіп жеуі керек» деген дәстүр бар. күйеу балаға төсті берудегі мақсаттың түпкі мағынасы қойдың төсі – барлық қабырғалардың аса шеберлікпен қиюын тауып, әрқайсысы өзінің орнымен бір төстікте бас қосқан жері. Сол мағынадан алғанда, күйеу үлйенгеннен кейін «татулығы мың жылға созылатын екі жақтағы құдалардың арасын татуластырушы, жалғаушы, бір отауда бас қостыратын берекенің шаңырағы бол» деген үлкен мағына жатқаны белгілі. Мұнан бөлек қазір төс майының құрамында ер адамның ағзасына қажетті дәрумендердің мол болатындығы айтылып жүр. Бұл да ата-бабаларымыздың көргендігіне бірден бір дәлел болса керек. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Просмотров: 6 | Загрузок: 0 | | |
| Всего комментариев: 0 | |
