Ғұмырлық ғұрып
07/04/2026, 21:49

ДӘСТҮР – ІЗГІ ҚОҒАМ НЕГІЗІ

Тәбәрік  

Тәбәрік сөзін кейбір өңірлерде теберік деп те атайды. Негізі «тәбәрік» сөзі бізге араб тілінен енген. Мағынасы «береке тілеу» деген мағынаны білдіреді. Әр-Рабиғ әл-Әсфәһани былай дейді: «Береке бір нәрседе иләһи жақсылықтың тұрақталғанын аңғартады». Ибн Манзур: «Береке – өсу, арттыру деген мағынада. Тәбәрік – адамға немесе басқа нәрсеге береке тілеп, дұға ету», - деген. Ал қазақ тіліндегі «тәбәрік» сөзінің мағынасын: қайтыс болған үлкен жастағы адамның құдайы асы кезінде алынатын затқа айтылады. Әдебиеттерде: атамның көйлегін жұрт тәбәрікке үлестіріп әкетті. Олжа, үлес, сыйлық. Қыз бұйымы – жігітке тәбәрік (мақал), естелік үшін алынатын не пайдаланатын қастерлі зат – деп түсіндіреді.

Кейде тәбәрік тойдан да, бәйге, жарыстан жеңген қуанышты сәттерде де алынады. Тәбәрікті кейде сұрап алуға да болады.

Қазақ халқы әдетте тәбәрікті көп жасап, салиқалы ғұмыр кешіп, немере-шөбере көріп қайтыс болған егде жастағы қария кісінің жерлеуінен кейін естелік ретінде, өзі де сол кісі сияқты ұзақ жасауды, өсіп-өнуді тілеп ырымдап алады. Тәбәрік қайтыс болған кісінің киген киімдерінене немесе арнайы жыртыстардан беріледі.

Қазақ халқы тәбәрік сөзін дүниеден өткен кісінің киімдеріне қолданған. Алла елшісінің шапанын себепкер етіп Алладан дұға тілеу сахабалар мен табиғиндердің заманында көрініс тапқандықтан қазақ жұртының бұл дәстүрін жоққа шығара алмаймыз. Бұл дәстүр мұсылмандық дүниетаным жоққа шығара алмаймыз. Бұл дәстүр мұсылмандық дүниетаным негіздерімен сабақтасып, мәндесіп жатқандығы талас тудырмайды. Қысқаша айта кетер болсақ, дінімізде ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) шашын, қолданған ыдыстарын, киімдерін ұстау, сүю, сүрту арқылы тәбәрік жасауға рұқсат етіледі. Бұл істі сахабалар сүйікті Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) көзі тірісінде жасаған. Алла Елшісі мұндай іске тыйым салмаған. Себебі ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) денесі, киген киімі, пайдаланған ыдыс-аяқтары берекелі саналады. Бұл мәселе жайында ислам ғұламалары арасында ешқандай кереғар пікір, келіспеушілік жоқ.

Умму Атиядан жеткен бір риуаятта Алла елшісі (оған алланың салауаты мен сәлемі болсын) қызын жуындырып жатқан әйелдерге «изәрін» (жамылғы, жамылғыш) беріп:

«Оған мынаны жабыңдар», - деген. Жамылғыны жабудың негізгі мақсаты тәбәрік ету болған. Асмә бинт Әбу Бәкірден жеткен мына бір риуаятта:

«Бұл Алла елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) шапаны. Ол қайтыс болғанша Айшаның қолында болды. Ол Алланың рақымына қауышқанда менің қолыма өтті. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) киген шапанын біз жуып, суын ауру адамдарға шипа ретінде қолданатын едік», - делінеді. Бұл Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қатысты дүниелермен тәбәрік ету мәселесі екендігі ақиқат. Ал салиқалы ізгі құлдарға келсек, жоғарыдағы дәлелдердің барлығы салиқалы адамдардың да киімімен, ыдыс-аяқтарымен т.б. тәбәрік етудің болатындығын қамтиды. Бұны имам Науауи, Ибн Хажар т.б. мухаддис ғалымдар құптаған.

Имам Нәуауи (Алла оны рақымына алсын) пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) шапанымен шипа тлеу хадисінің соңынан: «Бұл хадис салиқалы адамдардың киімдерімен т.б. тәбәрік ету сауапты іс екендігінен дәлел болады», - дейді.

Түйіндеп айтқанда, Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) және салиқалы жандардың киімдерімен, ыдыс-аяқтарымен т.б. тәбәрік етуге рұқсат етіледі. Осыны негізге алып, қазақ халқының дәстүрінде жасы үлкен қария ата, әже дүние салғанда оның бір затын тәбәрік ретінде алу түсінігі қалыптасқан.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 12 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: