Ғұмырлық ғұрып
31/03/2026, 09:12

ДӘСТҮР – ІЗГІ ҚОҒАМ НЕГІЗІ

Сыйыт

Сыйыт – жерлеу кезінде таратылатын киім. Ол ысқаттың бір бөлігі болып есептеледі. Ысқат малы деп аталатын осы мүлік үш құрамнан тұрады. Біріншісі – хал үстінде жатқан адамның басы-қасында болып, кейін жаназасын шығарған молдаға берілетін мал, екіншісі – дәуір айналдыруға қатысқан адамдарға берілетін мал, үшіншісі – жерленгеннен кейін рубасы, үлкен ақсақалдарға киім түрінде берілетін осы сыйыт.

Көптеген үлкен кісілер пайғамбар жасынан асқан соң о дүниелік өміріне дайындық шарасын қамдап, алдын ала иман киізін, ысқат малын белгілеп қоюы, сондай-ақ өзін кімдер арулайтынын, жаназаны кім шығаруы керек екендігіне қатысты өсиет етіп жатады.

Сыйытттың тағы бір түрі ол үйлену тойы барысында жасалатын алыс-берістердің киіт ретіндегі түрі. Халық арасында «киіт киітте қайтады, сыйыт сыйытта қайтады» немесе «киітпен келген сыйытпен қайтады» деген мақалдар қалыптасқан.

Осы тұста айта кететін бір жайт кісі қайтыс болған соң оның мәйітін арулағандарға, сүйекке түскендерге берілетін киім басқа. Ол ақы киім немесе киім тарату деп аталады. Жерлеу кезінде алған осы аталған киімдердің барлығын басқа біреуге беруге болмайды деген ырым бар.

Сыйыт көбіне марқұмды жерлеп келген соң оның атынан таратылады. Алдын ала әзірленіп, әр атаның ақсақалдарынан атын атап шақырып ұсынатын дәстүр қалыптасқан.

Мұндай дәстүр мұсылманшылық ұстанымдарға керағар емес, сауап ретінде мәйттің атынан адамдарға киім таратып, садақа беру деп түсінуге болады.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 6 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: