| 16/03/2026, 17:44 | |
ДӘСТҮР – ІЗГІ ҚОҒАМ НЕГІЗІ Өлі-тірі беру Қазақ дәстүрлерінің бірі – өлі-тірі беру. Екі жақ келісімі нығайған соң күйеу жағынан құдаларына бір білікті адамды бас етіп «өлі-тірі», яғни кәделі мал-жылқы беріп жіберіледі. «Өлі-тірі» деген – «өлі мен тірі арасында адалмыз, құдай қосқан құдалығымыз ақиқат» деген ұлттық ұлағатты ұғымды білдіреді. Бұл үлкен кәделі әрі маңызды жол-жоралғы, құдалық бекіді деген сөз. «Өлі-тірі» өткен соң өлген күйеу жатпайды» деп бұдан кейін күйеу қалыңдығына «ұрын» баруына жол ашылады. «Өлі-тірі» - құрбандыққа мал шалу. Ондай мал қонды, лайықты болғаны жөн. Өйткені мал тұрмысқа шыққан қыздың бақилық болған ата-бабаларына, туыстарына арнап сойылады. Құран бағышталады. Қазақтың дәстүрі бойынша Құдай разылығынан үміт етеді. Өлтіріге әкелінген мал осы уәдеге бола атап сойылады. Өлтіріні қыздың үйі соймайды. Бөгде біреу алып сояды. Мұның да өзіндік сыры бар. Екі жақтың анты үшін куәгер керек. Ол келісімнің заңды болуына кепіл болады. Өлі-тірі рәсімі өз деңгейінде орындалғаны дұрыс, яғни малды мұсылмандық шарттарды сақтап мал сойып, мүшелеп, дәстүр бойынша табақ тартылғаны жөн. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы | |
|
| |
| Просмотров: 10 | Загрузок: 0 | | |
| Всего комментариев: 0 | |
