Ғұмырлық ғұрып
05/03/2026, 21:31

ДӘСТҮР – ІЗГІ ҚОҒАМ НЕГІЗІ

Омыртқа, шеке, сыбаға беру

Қазақтың ерекше салтының бірі – табақ тарту. Ата-бабамыз мал шаруашылығымен айналысқандықтан қазақ халқының құрметті  асы ретінде еттің орны бөлек болған. Үйіне қонақ келгенде халқымыз бір қойын сойып қазан асқан. Қонақтың санына қарай кейде қой етін толықтай қазанға салып жіберетін кездері де аз емес. Піскен етті астауға салып, әр қонақтың орнына, мәртебесіне қарай тартатын. Табаққа салынған сүйектің өзіне тән мән-мағынасы болған. Бұрындары табаққа салынатын сүйектің орны ауысып кететін болса ақсақалдар, билер өз реніштерін білдіріп жататын. Дегенмен де бұл ренішті олардың асқа ренжігені немесе тоймай қалғаны деп түсінуге болмайды, осындай ескертулер арқылы дана қариялар дәстүрдің ұмытылып қалмауын қадағалаған болса керек. Бұл дәстүрден де қазақтың өз қонағын қалай құрметтегенін байқауға болады. Ең құрметті деген қонақтарға бас табақ әзірленген. Бұл табаққа міндетті түрде жамбас салынады. Бас табақ үлкендерге тартылатындықтан, жанына тағы да бір кәделі жілік салынады. Екінші табаққа ортан жілік, қабырға, омыртқа, сүбе, құйрық май салынады. Үшінші табаққа жауырын, омыртқа, сүбесі, құйрық майымен салынады. Ал төртінші табаққа асықты жілік. Егер күйеу болса төсін қосады. Егер ірі мал сойылған болса, басты тұтастай аспайды, оны үшке бөліп шекесін тартады.

Қадірменді, сыйлы адамға арнайы сақтаған соғым еті, мүшеленіп сыбаға сақталады. Ол қазақтың ежелден келе жатқан сыйластықтың белгісі. Соғым кезінде ауыл адамдары бір-бірін құрметтеп, сыбаға береді, шақырады немесе табақ көтеріп апарады. Көбінесе жасы үлкендерге сыбаға қалдырады.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 5 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: