| 17/02/2026, 18:07 | |
ДӘСТҮР – ІЗГІ ҚОҒАМ НЕГІЗІ Құдайы Құдайы – құдай жолына берілетін қайыр-садақа. Дәлірек айтқанда, адамдар қандай да бір қауіп-қатерден, қатты науқастықтан аман қалған кезде беретін тағамды, асты құдайы деп атайды. Ел ішінде құдайы берді, құдайы ас таратты, құдайы шалды деп айтыла береді. әдетте құдайыға кісілер бір малды құрбандыққа шалып, етін таратып береді. немесе бір мал сойып, көршілерін, ауыл адамдарын үйіне шақырып, оларға құдайы тамақ ұсынады. келген адамдар Құран оқып, ізгі тілек, баталарын береді. кейде шай қайнатып, жеті күлше нан пісіріп те құдайыға шақырады. кейбір жерде жағымсыз түс көрсе де жеті күлше құдайы таратады. Құдайы таратудың артықшылығы, пайдасы туралы Абай атамыз: Құдайдан болғай деп емі, Құдайыны мол бердім... – деп өлең жолдарына қосқан болатын. Алла Тағала қасиетті Құран кәрімде: «Жақсы көрген нәрселеріңді Алла жолында жұмсамайынша, әсте жақсылыққа жете алмайсыңдар. Не берсеңдер де Алла оны толық біледі» («Әли-Имран» сүресі, 92-аят), - деген мағынадағы аят кездеседі. Бұл аяттан садақа, құдайы беру арқылы жақсылыққа жетуге болатынын аңғаруға болады. Осы орайда ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Исламда ең қайырлы іс – құдайы тамақ беру және танысаң да, танымасаң да адамдарға сәлем беру», - деген хадисін де айтуға болады. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Просмотров: 3 | Загрузок: 0 | | |
| Всего комментариев: 0 | |
