Ғұмырлық ғұрып
10/02/2026, 09:20

ДӘСТҮР – ІЗГІ ҚОҒАМ НЕГІЗІ

Көрісу дәстүрі

Көрісудің бірнеше түрі бар. мысалы, көрісу көктем мезгілінің басында, нақтырақ айтқанда наурыздың 14-інде амал мерекесі ретінде өтетіндігі белгілі. Көрісу – Наурыз мейрамының қарсаңында туған-туысқандардың, дос-жаран, көрші-көлем ауылдартардың бір-бірімен төс қағыстырып амандасуы. Бұл күн – «пенденің аузы аққа, мал аузы көкке тиді» деп адамның адаммен, жылдың жылмен көрісетін күні ретінде дәстүр болып қалыптасқан. Бұл күннің тағы бір йтарлық ерекшелігі бұрын-соңды бір-біріне өкпе-назы бар ағайын-туыс арасындағы азды-көпті араздастықты жойып, татуласып, табысу, қайта жарасу дәстүрі.

Түйіндеп айтқанда, туған-туыс, ағайын-бауыр бірін-бірімен төс қағыстырып, қал-жағдай, мал-жанының амандығын сұрасып, қытсан аман-есен шыққандықтарына тәубе етеді. Бір-бірімен жүздесіп, қуанышқа бөленеді. Көрісу туралы Хакім Абайдың «Жазғытұрым» өлеңінде:

Қырдағы ел ойдағы елмен араласып,

Күлімдесіп, көрісіп, құшақтасып.

Шаруа қуған жастардың мойыны босап,

Сыбырласып, сырласып, мауқын басып», - деп сипатталады.

Наурыз айындағы көрісу дәстүрін адамдардың қыстан аман шыққандары үшін Аллаға шүкіршілік етіп, үлкендермен амандасып, батасын алуға жасалған тағы да жақсы қадам ретінде қарастыруға болады. Осы орайда айта кететін бір мәселе көрісу – жалпыға ортақ жағымды, құпталатын дәстүр болғанымен сақталуы керек әдептері бар. нақтырақ айтсақ, ер адамдар бір-бірімен төс қағыстырып, құақтасып көріссе, әйелдер қауымы ер адамдармен бұлай жасамайды. Тек екі алақанын өз кеудесіне қойып, иіліп қана ілтипат көрсетеді. Жас келіндер әдептілік сақтап, ұзақтан сәлемін салып көріскені шариғатымызға, ұлттық дәстүрімізге сай болады.

Көрісудің тағы бір түрі ет жақын туыстардың қайтыс болған адамды жоқтап, ұзатылатын қыздың төркін жұртымен қоштасып жылауы, дауыс етуі түрінде көрініс табады. Сондай-ақ, көрісу – қазақ ғұрпында дауыс шығарып келген адамдар мен қаза иелерінің құшақтасып жыласу, көңіл айту рәсімі ретінде қарастырылады.

Әдетте қайтыс болған кісінің ет жақын туыстарына мұсылмандық дәстүріміз бойынша: «Алла сабыр берсін», «иманды болсын», «иманы серік болсын», «топырағы торқа, жатқан жері жайлы болсын», «амал дәптері оң жағынан ашылсын», «Алла алдынан жарылқасын», «жаны жәннатта болсын», «Алла мейірім-шапағатына бөлесін», «қазаның арты қайыр болсын» деген сөздерді қолданып көңіл айтылады. Нәресте шетінеп кетсе, ата-анасына «шапағатшы болсын» делінеді. Қазақ мақалдары арасында «Өлмейтін адам жоқ, сынбайтын темір жоқ», «Өкпеге қиса да, өлімге қимайтын ағайын», «Өлімнен ұят күшті», «Торқалы той, топырақты өлімде кешірмейтін өкпе жоқ» деген сияқты мән-мағынасы терең, тағылымы мол мақал-мәтелдер саны аз емес.

Қорытынды ретінде айтарымыз, қазалы жағдайдағы көрісу, жоқтау айту дәстүрін мұсылмандығымыздың шегінен шықпауына көңіл аударғанымыз жөн.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 9 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: