Ғұмырлық ғұрып
19/01/2026, 22:48

ДӘСТҮР – ІЗГІ ҚОҒАМ НЕГІЗІ

Енші беру

Әрбір ата-ана өз баласына барынша жағдай жасауға тырысып бағады. Балаға ас-суын, киім-кешегін берумен қоса баланың имандылығына, тәлім-тәрбиесін, оның білім алуына да мүмкіндігінше қолдау жасағаны абзал. Себебі ата-ана үшін бала Алла Тағала тарапынан берілген аманат. Сондықтан жас кезінде жақсы тәрбие беріп, шамасы келгенше білімді етіп өсіруге барын салады. Ал ер жетіп өзі отау тіккен кезде үйдің үлкендеріне өз еншілерін беріп, бөлек шығарып отырған.

Енші – дәстүрлі қазақы ортада әлеуметтік қатынастардың әртүрлі деңгейін реттеп отыратын ежелден орныққан сан алуан институттарының бірі. Тіршілік қамы жүйесін үйлестіруге қажетті мал-мүлік, қоныс-өріс, жер-су деген ұғымды береді. Яғни, бала жеке үй болып бөлініп шыққанда, ата-ананың бөліп беретін мал-мүлкі, үлесі. Осылайша жеке отау құрып шыққан баласына аздап демеу жасап жіберген ата-ана қара шаңырақта әдетте кенже баланы алып қалады. Енші берген кезде халқымыздың даналығы бойынша көлік болсын деп жылқы, басы көбейіп өсіп-өнсін деп қой, аузы сүтке жетсін деп сиыр малын беруді жөн көрген.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 14 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: