Ғұмырлық ғұрып
13/01/2026, 09:00

ДӘСТҮР – ІЗГІ ҚОҒАМ НЕГІЗІ

Дәм таттыру

Қазақ халқының дәстүрлі тұрмысындағы көршілердің, туған-туыстардың бірін-бірі қонаққа шақыруы, араласуы. Дәм тату адамдар арасындағы татулықты білдіреді.

Дәм таттырудың қоғамдық, әлеуметтік істерде маңызы зор. Біріншіден, әдейі шақырып, дастарқанынан дәм таттыру – ата салт, қазақы әдеп, жол-жоралғы болып табылса, екіншіден, ол – сыйластықтың, құрмет көрсетудің, көңіл бөлудің белгісі. Сондай-ақ қай жерде болмасын, қай уақыттарда болмасын, сыйластықтың, қамқорлықтың, тілектестіктің алғышарты. Халқымыздың дәстүрі бойынша бір-бірінің дастарқанынан дәм ауыз тиген адамдар бір-біріне қиянат жасамайды, жоғалғанын іздеседі, жетістігіне қуанып, қайғысына ортақтасады. Бұл – ғасырлар бойы халқымыздың санасына сіңіп қалған ғибратты салт. Олай болса, біреуге дәм таттыру, өзі дәм тату – адамгершіліктің, достықтың, бірліктің белгісі. Бұл жақсы дәстүр қазақ халқымен бірге өміршең болмақ.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 8 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: