Ғұмырлық ғұрып
23/12/2025, 18:22

ДӘСТҮР – ІЗГІ ҚОҒАМ НЕГІЗІ

Бәсіре

Қазақ халқының қай дәстүрі болмасын адам өміріне пайдасы, өскелең ұрпаққа өнегесі, тәрбиелік мән-мағынасы терең екендігі талас тудырмайды. Ондай ұлттық дәстүрлеріміздің бірі – бәсіре беру. Бәсіре деп қазақ шаңырағында дүниеге ұл бала келгенде, меншіктеп, арнап ен салынған құлын немесе ботаны айтады. Біреуге меншіктеп аталынған, ен салынған мал деп түсіндіріледі энциклопедиялық сөздікте.

Өткен тарихымызға үңілетін болсақ, бұл ертеден келе жатқан дәстүрлердің бірі екендігін аңғарамыз. Мысалы, «Алпамыс батыр» жырында «Бәсірең деп жүз серке, бөліп берді өзіне» деп келтіреді бәсірені. Әдетте бәсіре бала дүниеге келіп, жас ана өз төркініне төркіндеп келген кезде нағашылары нағашылап келген жиеніне бәсіре мал атаған. Сонымен бәсіре – көбінесе, жас балаға, жиен-жұрағатқа аталып ен салынатын мал. Кейде бәсірені сүндет тойының алдында ұл балаға арнап тай немесе құлын атап қою рәсімі деп те түсіндіреді.

Негізі бәсіре берудегі мақсат жас баланың бойында жауапкершілік сезімін қалыптастыру, еңбекке баулу болса керек. Сонымен қатар бала өзіне меншіктеп берілген малды күтіп, баптаумен қатар мініп денесін шынықтырып, ұлтжанды, жанашыр азамат болып өсуіне өз септігін тигізетіндігін ата-бабамыз жақсы білген. халқымыз бұл дәстүрді қазіргі таңда да жалғастырып келе жатыр. дегенмен көптеген адамдар бәсіреге малдың орнына ақшалай немесе шамасы келгендер тіпті көлік мінгізіп те жатады. бұл материалдық тұрғыдан жас балаға берілген қаржы болар, дегенмен де бұл дәстүрдің бастапқы мақсатын ұмытып кетпеген жөн.

бәсіре берудің мұсылманшылық ұстанымдарға кереғар тұсы жоқ. тек астамшылыққа, ысырапшыллыққа жол бермеген жөн.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 8 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: