Ғұмырлық ғұрып
Вчера, 16:44

ДӘСТҮР – ІЗГІ ҚОҒАМ НЕГІЗІ

Базарлық

Қазақ халқы – үйіне келген адамды құры қол қайтармаған, барған жеріне құры қол баруды жөн санамаған. Басқа елге, басқа қалаға, тіпті жақын жердегі базарға барған адам үйіне қайтарда базарлық ала келетін әдеті бар. базарлық дегеніміз – алыс сапарға, сауда жолына шыққан адамдардың үйіне, көрші-қолаң, сыйлас адамдарына, жас балаларға, жерлестеріне әкелетін ірілі-ұсақты сыйлықтары, тарту-таралғысы. Базарлық әдетте өз елінде сирек кездесетін таңсық зат, бұйым ретінде болады.

Сүйікті Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сыйлыққа үлкен мән берген. Көптеген хадистерінде сыйлық беру адамдарды бір-біріне жақындастырады, өзара сыйластығын, татулығын, нығайта түсетіндігін баян еткен. Мысалы хадистерде: «Бібіріңізге сыйлық беріңіздер! Өйткені сыйлық сүйіспеншілікті арттырады, жүректі кірбіңнен тазартады»; «Жейтін нәрсе сыйлаңыздар. Бұл несібелеріңізді молайтады»; «Сыйлық алмасыңдар, бір-бірлеріңе деген махаббаттарың артады» деп бір-бірімізге сыйлық беруге ынталандырады. Осы тұрғыдан алғанда «базарлық» ұлттық дәстүріміздің мұсылмандық дүниетаныммен сабақтасып, бір бүтін болып астарласып кеткенін айтуға болады.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 2 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: