Ғұмырлық ғұрып
17/11/2025, 23:55

ДӘСТҮР – ІЗГІ ҚОҒАМ НЕГІЗІ

Ақы киім

Ақы киім (киімін беру) – кісі қаза болған кезде оның атынан берілетін сыйлы киім. Әдетте ақы киімін мәйітті жууға қатысқан үш адамға береді. Мәйіттің басына түскенге тымақ, ортасына түсушіге белбеу, аяқ жағына түсушіге етік беріп, әрқайсысына сырт киімдік ақша немесе дайын шапан, жейде (ақтық пұл) қосады. Сондай-ақ төртінші адам мәйітке су құйып берген адамға бір шаршы ақтық беріледі. Жақын жанашыры болғандықтан су құйған адамға ақы киім берілмейді.

Киім әдетте мәйіттің жетісіне арналған құдайы ас беру кезінде Құран аяттары оқылып, мәйітке арнап дұға-тілек жасалған соң барып таратылады.

Бұл дәстүр діни ұстанымдарға кереғар емес, дүние салған марқұмға сауап болып тие берсін деген ниетпен орындауға болады.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 2 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: