Ғұмырлық ғұрып
11/11/2025, 08:54

ДӘСТҮР – ІЗГІ ҚОҒАМ НЕГІЗІ

Ақсарбас атау

Ақсарбас – бұл ислам дініне дейінгі біздің көне заманғы наным-сенімге негізделген құрбандық шалу ғұрпы. Негізі Жаратқанға арнап құрбандық шалудың тарихы тереңге тартатыны белгілі. «Құрбан» сөзінің түпкі ағынасы Аллаға жақындау дегенді аңғартады.

Ақсарбас құдайы – ақсарбас айтты (шалды). Тәңірге жалбарына айтылатын тілек, құрбандық деп түсіндіріледі.

Қазақ ұғымында ақсарбас бозқасқа (қой), көкқасқа (жылқы) және қызылқасқа (сиыр( деп үш түрлі аталған. Сондай-ақ ежелден құрбандық шалудың өзіндік тәртібі мен жол жоралғысы болғандығы байқалады. Мысалы, құрбандыққа шалынатын қойдың түсі ақ, басы мен мойыны сары болуын жақсы ырымға баласа, малдың жас болуы, тұла бойы түгел, маңдайы ақжолақ болып келуін жақсылықтың нышаны деп, құрбандық қаыл болады деп ырымдаған.

Ертеректе бір адам қауіп-қатерге ұшырағанда, ауырғанда, жаны қысылғанда Алла атымен «ақсарбас» деп үш рет айтатын болған. Осы айтылғаннан кейін аман қалған адам ел-жұртты шақырып, құдайы ас беріп, шүкіршілік еткен. Алас сапарға кеткен адамның амандығы үшін арналған малды да метафоралық образбен ақсарбас атадым дейді. Осындайда «А, Құдай, оң жолыңа баста, пәледен сақта, жолыңа ақсарбас айттым!» деп Аллаға тәубе ететін болған. Халықтың дәстүрлі нанымында адамның жолына айтылған ақсарбас ол ауылдан ұзақта, жырақта, қауіп-қатердің шебінде жүрген кезде «айтылған иесіне тілекші болып, оның амандық-саулығына себепші болады» деп ырымдаған. Мұнан бөлек жаңа босанған әйелге ақсарбас қой сойып, ақ тілеу айтып, қалжа жегізген.

Түйіндеп айтқанда, құрбандық шалудағы басты ниет – Алла Тағаланың разылығын табу. Ислам тарихында құрбан шалу сонау Ибраһим пайғамбардың заманына барып тіреледі. Жаратқан Иенің Ибраһим пайғамбарға түсінде аян беріп, өз ұлы Исмаилді (ғ.с.) құрбандыққа шалуға бұйыруы сынақ үшін болатын. Сынақтан сүрінбей өтіп, Ибраһим пайғамбар (ғ.с.) Жаратушының разылығы үшін өз ұлы Исмаилді құрбандыққа шалуға дейін барғанда оның орнына Алла Тағала көктен қошқар түсіргені белгілі. Бұл оқиға сенімі берік иманжүзді жандарға ғибратты өнеге.

Алла Тағала негізі еш нәрсеге мұқтаж емес. Біз құрбандық шалу арқылы Жаратқанға жақындаймыз. Құрбандық шалудың мәні мен маңызы ерекше. Атап айтар болсақ, құрбандық шалу – Жаратқан Иені еске алу әрі Оған шүкіршілік, тәубе ету, ізгі дұға тілектердің қабыл болуын тілеу.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 3 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: