Мемлекеттік аралық бақылау - 2010
21/02/2010, 12:17 | |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы «20» қарашадағы № 561 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 30 қарашадағы № 553 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында мемлекеттік аралық бақылауды ұйымдастыру және өткізу ережесі 1.Жалпы ережелер 1. Осы Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында мемлекеттік аралық бақылауды өткізу ережесі (бұдан әрі – Ереже) білім беру ұйымдарында мемлекеттік аралық бақылауды (бұдан әрі - МАБ) өткізуді ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін анықтайды. 2. Ереже меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан білім беру ұйымдарына жүреді. 3. Білім беру ұйымдарындағы МАБ-тың міндеттері: 1) білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауды жүзеге асыру; 2) оқу процесін ұйымдастырудың тиімділігін бағалау; 3) білім беру ұйымдары көрсететін білім беру қызметінің сапасына салыстырмалы талдау болып табылады. 4. МАБ-ты өткізу мерзімін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) белгілейді. 2. Орта білім беру ұйымдарында МАБ-ты өткізу 5. Орта білім беру ұйымдарында МАБ білім беру қызметтерінің сапасын бағалау және бастауыш пен негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын білім алушылардың меңгеру деңгейін анықтау мақсатында жүзеге асырылады. 6. МАБ білім алушылар білім алып жатқан білім беру ұйымдарының базасында өткізіледі. 7. МАБ-ты дайындау және өткізу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру мақсатында әрбір білім беру ұйымдарында мемлекеттік комиссиялар (МК) құрылады. МК құрамына облыстық білім басқармалары немесе аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің, ата-аналар жұртшылығының, мектеп педагогтерінің өкілдері, сондай-ақ білікті педагогтер арасынан тағайындалатын хатшы кіреді. МАБ-ты өткізудің белгіленген тәртібінің және оның технологияларының сақталуына бақылауды жіберілген Министрліктің уәкілетті өкілдері жүзеге асырады. 8. МК-ның төрағасы болып білім беру ұйымының басшысы тағайындалады. Мемлекеттік комиссияның жұмысы туралы ережені Министрлік бекітеді. МК-ның құрамы МАБ-ты өткізу басталғанға дейін 1 айдан кешіктірмей МАБ-ты өткізу кезеңіне облыстық, Астана және Алматы қалаларының білім басқармасы бастықтарының бұйрығымен бекітіледі. 9. МАБ Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы (бұдан әрі - ҰТО) әзірлеген технология бойынша тестілеу нысанында, сондай-ақ Министрлік бекіткен жазбаша тапсырмалар бойынша өткізіледі. МАБ-ты өткізу технологиясын Министрлік бекітеді және Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетімен келісіледі. 10. Тапсырмаларды жалпы білім беретін оқу бағдарламаларының негізінде ҰТО әзірлейді, олардың мазмұны аталған бағдарламалардың шеңберінен шықпауы керек. 11. 9 (10) сыныптарда МАБ рәсімдеріне орыс тілінде оқытатын мектептердің оқушылары үшін - қазақ тілі, қазақ тілінде оқытатын мектептердің оқушылары үшін – орыс тілі және шет тілінің біреуі міндетті түрде енгізіледі. МАБ өткізілетін басқа да оқу пәндерінің тізбесін жыл сайын Министрлік белгілейді. 12. МАБ-ты өткізу үшін әрбір тестілеу пәніне 45 минут беріледі. 13. Әрбір пән бойынша тест тапсырмаларының саны бастауыш білім беру ұйымдарында –20, негізгі орта білім беру ұйымдарында – 30. 14. МАБ-тың нәтижесі әрбір дұрыс жауап 1 балмен бағаланады. 15. МАБ-тың нәтижелері оқушылардың назарына ол аяқталғаннан кейін 10 күнтізбелік күн ішінде жеткізіледі. 16. МАБ-ты тапсыру нәтижелері бойынша оқушылардың білім жетістіктері, егер ол Министрлік белгілеген шекті деңгей жалпы тест тапсырмаларының 30 % дұрыс жауаптарына тең болған жағдайда «игерді» деген белгімен бағаланады. 17. МАБ рәсімдерінің нәтижелері бойынша 7 % білім алушылары шекті деңгейден өте алмаған орта білім беру ұйымдары кезектен тыс мемлекеттік аттестаттауға жатады. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары ағымдағы жылдың соңында кезектен тыс мемлекеттік аттестаттауға жатқан орта білім беру ұйымдарының аттестаттау қорытындылары бойынша ақпаратты Министрлікке береді. | |
| |
Просмотров: 1236 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | |
Всего комментариев: 0 | |