Түсінік хат Ұсынылып отырған тестілер құрылымы жалпы «Дүние жүзі тарихы» бойынша мектеп бағдарламасына сәйкес. Әр тапсырмаға жауаптың бес нұсқасы беріліп, олардың тек біреуі ғана дұрыс деп саналады. Тапсырмалардың бір бөлігі қысқаша жауапқа есептелген, ал белгілі бір бөлігі тарихи кезендерді, тарихи қайраткерлерді, саяси партиялар мен мемлекет басшылары туралы терең білімді талап етеді. Тест тапсырмаларының соңында оның дұрыс жауаптары енгізілген.
1. Ежелгі Египеттің халық тығыз қоныстанған елге айналған уақыт: A) Б.з.д. IV мыңжылдық. B) Б.з.д. ІІІ мыңжылдық. C) Б.з.д.ІІ мыңжылдық. D) Б.з.д. І мыңжылдық. E) Б.з. І мыңжылдық. 2. Ежелгі Египеттің орналасқан жері: A) Шығыс Африка. B) Оңтүстік Африка. C) Солтүстік-Шығыс Африка. D) Солтүстік Африка. E) Солтүстік-Батыс Африка. 3. Б.з.д. IV мыңжылдықта Египет жерінде мемлекеттердің пайда болуына әсер еткен фактор. A) Еуразия құрлығына іргелес орналасуы. B) Құл иеленушілік құрылыстың қалыптасуы. C) Египет жерінің байлығы. D) Тайпалардың дербестікке ұмтылуы. E) Қалалардың көбеюі. 4. Ежелгі Египет билеушісінің титулы. A) Патша. B) Король. C) Хан. D) Император. E) Перғауын. 5. Ежелгі Египет мемлекетінің алғашқы астанасы. A) Мемфис. B) Каир. C) Александрия. D) Фивы. E) Сиут. 6. Ежелгі Египет жазуында қолданылған иероглифтер саны: A) 150-ге жуық. B) 250. C) 300. D) 650-ге жуық. E) 750-ге жуық. 7. Ежелгі египеттіктер бір жылды : A) 285 күнге бөлді. B) 300 күнге бөлді. C) 325 күнге бөлді. D) 365 күнге бөлді. E) 380 күнге бөлді. 8. Ежелгі Египеттегі Фивы қаласының бас храмында еңбек еткен құлдар саны: A) 10 мың. B) 20 мың. C) 50 мың. D) 70 мың. E) 80 мың. 9. Астрономиялық білім негізінде календарь пайда болған ел: A) Ассирия. B) Урарту. C) Парсы. D) Қытай. E) Египет. 10. Ежелгі Египетте құдайға баланғандар: A) Брахман. B) Абыз. C) Перғауын. D) Құл иеленуші. E) Оқымыстылар. 11. Ежелгі дәуірде бір жылды 12 айға, 365 күнге бөле білген халық: A) Парсылар. B) Сириялықтар. C) Египеттіктер. D) Қытайлар. E) Арабтар. 12. Ежелгі египеттіктердің ойлап тапқан сағаты. A) Су сағаты. B) Құм сағаты. C) Механикалық сағат. D) Күн арқылы болжау. E) Электронды сағат. 13. Ежелгі египеттіктер құдай ретінде елестеткен бейне: A) Адамның басы бар жылқы. B) Бір көзді адам. C) Жануардың басы бар адам. D) Алып адам. E) Әйел адам. 14. Ежелгі египеттіктердің жазуы – таңба суреттің атауы: A) Петроглиф. B) Иероглиф. C) Альфавит. D) Папирус. E) Әріп. 15. Ежелгі египеттіктерде Амон – Ра: A) Су құдайы. B) Ніл өзенінің құдайы. C) Күн құдайы. D) Тас құдайы. E) Ақылдың құдайы. 16. Ежелгі кезде Вавилонның солтүстігінде пайда болған яғни қазіргі Ирак мемлекетінің солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан ежелгі мемлекет. A) Урарту. B) Шумер. C) Аккад. D) Хетт. E) Ассирия. 17. Б.з.д.ІХ ғасырда құрылған, Армения жерінде орналасқан ежелгі мемлекет: A) Ассирия. B) Урарту. C) Хетт. D) Финикия. E) Парсы. 18. Урарту мемлекетінің астанасы болған Тушпа қаласы орналасқан жер: A) Евфрат өзенінің жағасы. B) Тигр өзенінің жағасы. C) Ван көлінің жағасы. D) Арарат тауының маңы. E) Эгей теңізінің жағасы. 19. Урарту патшалығының мықты мемлекетке айналған уақыт: A) Б.з.д. VIII ғасыр. B) Б.з.д. VII ғасыр. C) Б.з.д. VI ғасыр. D) Б.з.д. V ғасыр. E) Б.з.д. ІІІ ғасыр 20. Урарту мемлекетінің астанасы: A) Ниневия. B) Вавилон. C) Тушпа. D) Ганиш. E) Ур. 21. Б.з.д. VII ғасырда көптеген аумақты өзіне бағындырып, аса қуатты әскери мемлекетке Азияның оңтүстік-батысындағы ежелгі ел: A) Хетт патшалығы. B) Урарту. C) Парфия патшалығы. D) Ассирия. E) Финикия. 22. Б.з.д. VII ғасырда орасан күшке ие болған ассириялықтардың жүргізген отаршылдық саясатындағы басты ерекшелік: A) Халықты қырып-жою. B) Өзі діндеріне күшпен кіргізу. C) Бағынышты халықты ата-қонысынан айыру. D) Тұтастай құл ретінде саудалау. E) Халыққа ешқандай қысымшылық жасамау. 23. Ашшурбанипал кітапханасын ұйымдастырды: A) Ассириялықтар. B) Вавилондықтар. C) Аккадтықтар. D) Парсылар. E) Урартулықтар. 24. Қазіргі Түркия жерінде өмір сүрген Оңтүстік-батыс Азияның ежелгі мемлекеті: A) Ассирия. B) Вавилон патшалығы. C) Хетт патшалығы. D) Шумер мемлекеті. E) Парсы мемлекеті. 25. Хетт патшалығын талқандаған мемлекет: A) Вавилон. B) Парсы. C) Ассирия. D) Египет. E) Финикия. 26. Оңтүстік-Батыс Азия жеріндегі ежелгі кеме жасаушылар мен теңізде жүзушілер. A) Ассириялықтар. B) Вавилондықтар. C) Финикиялықтар. D) Парсылар. E) Шумерлер. 27. Финикиялықтар мәдениетінің ірі жетістігі: A) Альфавиттің пайда болуы. B) Бейнелеу өнерінің дамуы. C) Мүсін өнерінің дамуы. D) Әдебиеттің дамуы. E) Ғылымның дамуы. 28. Финикиялықтардың көктем құдайы: A) Телепин. B) Тешуб. C) Хапи. D) Амон. E) Ваал. 29. Парсы патшасы Кирдің жорығын тойтарған Орта Азиядағы тайпа: A) Үйсін. B) Сақ. C) Қаңлы. D) Ғұн. E) Сармат. 30. І Дарий патша парсы мемлекетін: A) 10 аймаққа бөлді. B) 12 аймаққа бөлді. C) 15 аймаққа бөлді. D) 20 аймаққа бөлді. E) 23 аймаққа бөлді. 31. Парсы мемлекетіндегі І Дарий шығарған таза алтын теңге: A) Дирхем. B) Динар. C) Фельс. D) Солид. E) Дарик. 32. «Авеста» шығармасында уағыздалатын діни ағым: A) Манихейлік. B) Иудейлік. C) Заратуштралық. D) Буддалық. E) Несториандық. 33. Заратуштра дініндегі қайырымдылық құдайы: A) Амон-Ра. B) Яхве. C) Телепин. D) Зевс. E) Ахура Мазда. 34. Заратуштра дінінде өлген адамның денесін: A) Жерге көмді. B) Отқа жақты. C) Суға тастады. D) Жабайы құстарға тастады. E) Биік тауға апарып қойды. 35. І Дарийдің кезінде парсылар арасында кең тараған дін: A) Манихей. B) Заратуштра. C) Будда. D) Иудей. E) Тәңіршілдік. 36. Ежелгі Бактрия жерінің көптеген елдерге танылуына себеп болған бағалы тас: A) Нефрит. B) Алтын. C) Күміс. D) Яшма. E) Лазурит. 37. Бактрия мемлекетінің астанасы: A) Вавилон. B) Бактр. C) Тушпа. D) Ниневия. E) Угарит. 38. Азияның орталық бөлігінде қалыптасқан, ежелгі дүниедегі көшпелілер құрған ірі мемлекеттің бірі: A) Кушан мемлекеті. B) Урарту патшалығы. C) Финикия. D) Вавилон. E) Шумер. 39. Парфия патшалығын құрған адам: A) ІІ Диодот. B) Тиридат. C) Арсак. D) І Дарий. E) Сурен. 40. Б.з.д. 53 жылы Қосөзен атырабында римдіктерді талқандағандар. A) Парсылар. B) Сақтар. C) Урартулықтар. D) Парфиялықтар. E) Финикиялықтар. 41. Б.з.д. І мыңжылдықтың соңында Үндістан жеріне солтүстіктен келіп қоныстанған көшпелі тайпа: A) Турлар. B) Парсылар. C) Арийлер. D) Монғолдар. E) Скифтер. 42. Бір орталыққа бағынған Үнді мемлекетін құруды жүзеге асырған патша: A) Чандрагуппа. B) Ашок. C) Маурия. D) Дашарата. E) Ману. 43. Ежелгі Үндістандағы брахмандар – ол: A) Патшалар. B) Жауынгерлер. C) Дінді уағыздаушы, абыздар. D) Құлдар. E) Уәзірлер. 44. Ежелгі Үндістанның «Рамаяна» дастанында суреттелген, үнділіктер табынатын қасиетті маймыл: A) Хануман. B) Равана. C) Рама. D) Сита. E) Ракша. 45. Ежелгі үнділіктердің шаруашылығы, басқару жүйесі, әлеуметтік жағдайы, әдет-ғұрыптары жайында мәлімет беретін тарихи шығарма: A) «Ману заңдары». B) «Махабхарата». C) «Рамаяна». D) Хамуррапи заңдары. E) Авеста. 46. Будда дінінің негізін қалаушы: A) Ашок. B) Ману. C) Сиддхардһа. D) Брахма. E) Дашарата. 47. Буддизм дініндегі нирвана – ол: A) Тозақ. B) Адам жаны. C) Рахат өмір. D) Ажал. E) Құбыжық. 48. Ұлы Қытай қорғанын салдырған патша: A) Шан Ян. B) Чэн Тан. C) Цинь Ши Хуанди. D) У Ди. E) Ван Ман. 49. «Сары орамалдылар» көтерілісі созылды: A) 5 жылға. B) 10 жылға. C) 15 жылға. D) 20 жылға. E) 30 жылға. 50. Қытайлар өндіру тәсілін біраз уақытқа дейін құпия сақтаған тауар. A) Жібек. B) Фарфор. C) Ыдыс. D) Мускус. E) Кашемир. 51. Қытайда қағазға жазу қалыптасты: A) Б.з.д. IV ғасырда. B) Б.з.д. V ғасырда. C) Б.з.д. ІІІ ғасырда. D) Б.з.д. ІІ ғасырда. E) Б.з. І ғасырда. 52. Әлемде компасты алғаш ойлап тапқандар: A) Үнділер. B) Парсылар. C) Арабтар. D) Египеттіктер. E) Қытайлар. 53. Ежелгі Грекиядағы полистер – ол: A) Елдімекендер. B) Өңдейтін жер. C) Қала-мемлекеттер. D) Қамал. E) Порт қала. 54. Афины мемлекетінің құрамына кірген қалалар саны: A) 5. B) 7. C) 9. D) 12. E) 15. 55. Ежелгі Грекиядағы демостар – ол: A) Әскерлер. B) Шонжарлар. C) Қарапайым халық. D) Ақсүйектер. E) Ақсақалдар. 56. Архонт Солонның заңдары негізінде Ежелгі Афиныда пайда болды: A) Олигархия. B) Теократия. C) Автократия. D) Монархия. E) Демократия. 57. Ежелгі Афиныдағы жоғары өкімет билігі: A) Демостар. B) Патша. C) Халық жиналысы. D) Сенат. E) Өкілдер жиналысы. 58. Афины қала мемлекетінің Эллададағы бай және қуатты мемлекетке айналған уақыт: A) Б.з.д.V ғасырдың ортасы. B) Б.з.д. IV ғасыр. C) Б.з.д. ІІІ ғасырдың аяғы. D) Б.з.д. ІІ ғасырдың басы. E) Б.з.д. І ғасыр. 59. Б.з.д. V ғасырдың ортасында өмір сүрген, Афины демосының көсемі, Афины мемлекетінің өрлеуіне ықпал еткен қайраткер: A) Клисфен. B) Солон. C) Демосфен. D) Софокл. E) Перикл. 60. Б.з.д. IV ғасырда Грекияға қауіп төндірген Балкан түбегіндегі ел: A) Сербия. B) Болгария. C) Словения. D) Хорватия. E) Македония. 61. Афинылықтардың Македонияға қарсы тәуелсіздік жолындағы күресін басқарған қайраткер: A) Солон. B) Демосфен. C) Перикл. D) Клисфен. E) Софокл. 62. Македония мен гректердың арасында ең ірі Херонея соғысы өткен жыл: A) Б.з.д. 338 жыл. B) Б.з.д. 330 жыл. C) Б.з.д. 329 жыл. D) Б.з.д. 301 жыл. E) Б.з.д. 300 жыл. 63. Ежелгі Грекиядағы Дионис құдайдың құрметіне жасалған мереке: A) Құлдар мерекесі. B) Аңшылар мерекесі. C) Егіншілер мерекесі. D) Әйелдер мерекесі. E) Жауынгерлер мерекесі. 64. Олимпия ойындары кезінде бүкіл Грекияда тыйым салынды: A) Егін егуге. B) Соғысқа. C) Жиналыс өткізуге. D) Саяхатқа шығуға. E) Сауда жасауға. 65. Ежелгі Грекияда тұңғыш Олимпия ойындары өткен жыл: A) Б.з.д 780 жыл. B) Б.з.д 779 жыл. C) Б.з.д 777 жыл. D) Б.з.д 776 жыл. E) Б.з.д 770 жыл. 66. Ежелгі грек жазушысы Эсхилдің ірі трагедиялық шығармаларының бірі көрсет: A) «Антигона». B) «Бұғауланған Прометей». C) «Бұлт». D) «Құстар». E) «Сона». 67. Ежелгі гректердің наным-сеніміндегі өздері табынған құдайлардың саны: A) 60-ға жуық. B) 50. C) 55. D) 40-ға жуық. E) 30-ға жуық. 68. Ежелгі гректердің нанымындағы ағайынды үш құдай: A) Зевс, Посейдон, Аид. B) Зевс, Афина, Аид. C) Зевс, Деметра, Гера. D) Зевс, Афродита, Дионис. E) Зевс, Посейдон, Афина. 69. Ежелгі гректер нанымындағы сұлулық пен махаббат құдайы: A) Аид. B) Афина. C) Афродита. D) Гера. E) Посейдон. 70. Ежелгі Грекияда сәулет өнерінің барынша қарқынды дамыған уақыты: A) Б.з.д. Х ғасыр. B) Б.з.д VIII ғасыр. C) Б.з.д VI ғасыр. D) Б.з.д. V ғасыр. E) Б.з.д. ІІІ ғасыр. Жауаптары:1-А, 2-Е, 3-В, 4-Е, 5-А, 6-Е, 7-Д, 8-Е, 9-Е, 10-С, 11-С, 12-А, 13-С, 14-В, 15-С, 16-Е, 17-В, 18-С, 19-А, 20-С, 21-Д, 22-С, 23-А, 24-С, 25-С, 26-С, 27-А, 28-Е, 29-В, 30-Д, 31-Е, 32-С, 33-Е, 34-Д, 35-В, 36-Е, 37-В, 38-А, 39-С, 40-Д, 41-С, 42-В, 43-С, 44-А, 45-А, 46-С, 47-С, 48-С, 49-Д, 50-А, 51-Д, 52-Е, 53-С, 54-Д, 55-С, 56-Е, 57-С, 58-А, 59-Е, 60-Е, 61-В, 62-А, 63-С, 64-В, 65-Д, 66-В, 67-Д, 68-А, 69-С, 70-Д.
|