25/01/2021, 10:15 | ||||
«МЕН БІЛІП ЕДІМ» ФЕНОМЕНІ: ӘЛЕУМЕТТІК ПСИХОЛОГИЯ МЕН ПАРАСАТ БІР НӘРСЕ МЕ? Әлбетте, адамның бет әлпеті нені білдіріп тұрғаны, біреуді бір нәрсе істеуге қалай мәжбүрлеу керек және біреуге дос ретінде қарау керек пе – осы туралы ойлану керек. Философтар, жазушылар мен ақындар әлеуметтік мінез-құлықты ертеден-ақ бақылап, сөз етіп келеді. Ендеше әлеуметтік психология дегеніміз қиялдың жемісі ме? Әлеуметтік психологияны бір-біріне өарама-қайшы екі тұрғыдан сынға алады: бірі – онсыз да айқын нәрсені айтатын мылжыңдығы үшін, екіншісі – жетістіктерін адамдарды алдап-арбауға қолдануға болатын қауіптілігі үшін. Әлеуметтік психология немесе басқа да қоғамдық ғылымдар кез келген адам ішкі түйсігімен білетін нәрсеге ресми реңк ғана бере ме? Жазушы Каллен Мерфи (1990): «Әлеуметтік психологтер әлемге күннен-күнге тереңірек енуде. Олар адамның мінез-құлқы тура біз ойлағандай екеніне көз жеткізуде», - дейді. Жарты ғасырдан бұрын Шлезингердің кішісі – тарихшысы Артур Шлезингер (1949) әлеуметтік психологтердің Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі америкалық сарбаздармен жүргізген зерттеулерін әжуалап күлді. Әлеуметтанушы Пауль Лазарсфельд (1949) бұл зерттеулерді қарап шығып, былайша түсініктеме берді:
Сіз осы тұжырымдарды оқығанда олардың, негізінен, парасатты, мағыналы екенімен келісесіз бе? Солай болса, Лазарсфельдтің әрі қарай айтқандарына таңғалуыңыз мүмкін: «Осы әрбір пайым шын өмірде болған жайттарға қарама-қайшы». Шын мәнінде, зерттеу аса білімді емес сарбаздардың жаңа жағдайға бейімделуі өте қиын болатынын көрсетті. Оңтүстік тұрғындары тропикалық климатқа солтүстіктегілерге қарағанда азырақ бейімделген. Афро-америкалықтар ақ нәсілділерге қарағанда қызметте көтерілуге аса ынталы болған. Егер біз зерттеудің нақты нәтижелерін бөліп көрсеткенде, алдыңғы кезекте (ал Шлезингер оларды білді), оқырман осы «анықтарды» белгілейтін еді. Бұл арадағы бір проблема – біз фактілерге олар белгілі болғаннан кейін қараймыз. Оқиғалар болып, өтіп кеткеннен кейін қараймыз. Оқиғалар болып, өтіп кеткеннен кейін ғана «анық», түсінікті болады. Эксперименттің нәтижесін білгенде, адамдарға әп-сәтте оларда таңданарлық ештеңе жоқ сияқты болып көрінеді. Адамдар эксперимент және оның мүмкін нәтижелері жөнінде айтқандарға қарағанда, анағұрлым аз таңғалатынын тәжірибе көрсетеді. Бұл тенденцияны 800-ден аса рет зерттегеннен кейін хайндсайт қателік психологиядағы жақсы тұрақталған феноменнің біріне айналды. жиған-терген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
| ||||
| ||||
Просмотров: 208 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |