Әлеуметтік жантану
11/01/2021, 10:52

ӘЛЕУМЕТТІК ПСИХОЛОГИЯ ҰСТАНЫМДАРЫН КҮНДЕЛІКТІ ӨМІРДЕ ҚОЛДАНУ

Әлеуметтік жантану ойыңыз бен әрекетіңізді бағыттатйын көзге көрінбейтін ықпалдарға ие. Бұл ғылым саласы сізге өміріңіздің мәнін түсіндіреді. Ол сонымен қатар өзіңізді өзіңіз тануыңызға көмектеседі, сондай-ақ дос табуға һәм адамдарға ықпал етуге үйретеді, жұмылған жұдырықты жылы құшаққа айналдырудың жолын көрсетеді.

Ғалымдар әлеуметті психологиялық инсайттарды да қолданады. Әлеуметтік ой, әлеуметтік ықпал, әлеуметтік қарым-қатынас принциптері – адамдардың денсаулығы мен амандығы үшін, сот залы отырысындағы сот рәсімі мен алқабилер шешімі үшін, ал жалпы адамзаттың болашағы үшін, экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін тәртіпке ықпал ету үшін тірек бола алады.

Адамзаттың тіршілігі жөнінде көзқарас әртүрлі болғандықтан, психология ғылымы да өмірдің жай сұрақтарына біртекті жауап бере алмайды. Өмірдің мәні неде? Біздің мақсатымыз қандай болу керек? Ақырымыз қандай болады? Бірақ әлеуметтік психология кейбір аса маңызды және қызықты сұрақтарға жауап табу әдістерін ұсынады. Әлеуметтік психология – бұл барлық тұрмыс-тіршілік: іздің өміріңіз, сеніміңіз, көзқарасыңыз және өзара қарым-қатынасыңыз жайлы ғылым.

Сайып келгенде, әлеуметтік жантану – бұл адамдардың әркім туралы не ойлайтыны, өзара қалай ықпал ететіні һәм бір-біріне қалай қарайтыны жөніндегі ғылым. Оның негізгі тақырыптары:

  1. Біз әлеуметтік әлемді қалай түсіндіреміз / түсінеміз.
  2. Әлеуметтік интуицияларымыз бізге бірде жол көрсетеді, ал кейде адастырады.
  3. Біздің әлеуметтік мінез-құлқымыз өзге адамдар арқылы, ұстанымдарымыз, жеке ерекшелігіміз жәе биологиялық болмысымыз тұрғысынан қалыптасады.
  4. Әлеуметтік психология принциптерінің күнделікті өмірімізге, ғылым-білімнің басқа да салаларына ықпалы.
 
 
 

жиған-терген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

  

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 188 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: