24/12/2020, 11:27 | ||||
ӘЛЕУМЕТТІК ЫҚПАЛ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРАДЫ Біз – Аристотель айтқандай, әлеуметтік мақұлықтармыз. Біз басқа адамдардан үйренген сөздерді пайдаланып, соларша ойлап, сөйлейміз. Біз басқалармен қарым-қатынас жасауға, олардың жақыны болуға және құрметті болуға талпынамыз. Бірде Мэл Маттиас және Джеймс Пеннебакер (2005) Техас университетінің студенттеріне таспаға жазатын құрал-жабдық алып жүрулерін өтініп, олардың әлеуметтік мінез-құлқын бақылайды. Жабдық студент сергек күйде болған кезде әрбір 12 минут сайын, байқатпай 30 секунд жазады. Нәтижесінде бақылау тек жұмыс күндерін (сабақ уақытын қоса) қамтыса да, студенттердің уақытының 30 пайызы әңгімелесумен өткенін білді. Бұл – қарым-қатынастың адам өміріндегі маңызы ерекше екенін көрсетеді. Әлеуметтік тіршілік иесі ретінде біз қоршаған ортамызға сай әрекет етеміз. Кейде әлеуметтік жағдаяттың қуаты біздерді ұстанымымзға қарсы әрекет етуге мәжбүрлейді. Шын мәнінде, ерекше негативті жағдаяттар адамдардың ізгілігінен басым түсіп, қатыгездікпен келісу немесе өтірікті қабылдау сезімдерін оятады. Фашизмнің әсерінен көптеген тамаша адамдар Холоксттың қолшоқпарына айналды. Басқа бір жағдаяттар болғанда адамдар жомарт жандардың рахымына бөленеді. Айталық, 2013 жылы Филиппинде болған дауыл апатынан зардап шеккен мемлекеттер қайырымдылық пен көмек жөніндегі ұсыныстардың астында қалды. Жағдаяттың күші сонымен бірге біржынысты қатынастарға байланысты айқын көрінеді. Сіз Африка немесе Таяу Шығыста (ондағы адамдардың басым көпшілігі мұндай қатынасқа қарсы), немесе Батыс Еуропа, Канада, Австралия, немесе Жаңа Зеландияда ма – қайда тұратыңызды айтсаңыз, біз сіздің ұстанымыңызды болжап білеміз. Ал білім деңгейіңізді, достарыңыздың жас шамасын, қай БАҚ-ты қарайтыңызды білсек, онда тіпті дәлірек болжап бере аламыз. Жағдаяттар үлкен маңызға ие. Біздің мәдениетіміз жағдаяттарымызды анықтауға көмектеседі. Айталық, біздің жылдам әрекет етуіміз, киім киісіміз, өзгелермен ашық қатынасымыз – өзіміз өмір сүретін ортаның мәдениетіне байланысты:
Әлеуметтік психолог Хейзел Маркус (2005): «... жалпы алғанда, адамдар көнбіс» деп тұжырымдайды. Басқаша айтқанда, біз өзімізді қоршаған әлеуметтік ортамызға бейімделеміз. Біздің ұстанымымыз бен мінез-құлқымыз сыртқы әлеуметтік ықпалдардың әсерімен қалыптасады. жиған-терген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
| ||||
| ||||
Просмотров: 184 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |