14/12/2020, 16:02 | ||||
ӘЛЕУМЕТТІК ИНТУИЦИЯ КҮШТІ БОЛҒАНМЕН, КЕЙДЕ ҚАУІПТІ Біздің бір сәттік интуицияларымыз – ішкі үрейімізді (Ұшу қорқынышты ма?), сенімімізді (Оған сене аламын ба?) және қарым-қатынасымызды (Ол мені ұната ма?) қалыптастырады. Дағдарыс кезінде – президент, шешуші сәтте – құмарпаз ойыншылар, үкім шығарар кезде – билер алқасы, қызметке адам алар кезде мамандар бөлімінің бастығын интуицияға иек артады. Мұндай интуициялар – қалыпты феномен. Шышында да, психология ғалымы Фрейд ешқашан айтпған өте қызықты әлемді – сана түкпірінде жатқан интуициялы бейсана әлемін ашады. Осы уақытқа дейін психологтер «ойлау сөз арқылы өрнектеледі, сөздің ар жағында ой жатады» деп түсінген. Ойлау, жады және ұстанымдар – екі деңгейде жұмыс істейді: олардың бірі – саналы және әдейі, ал екіншісі – бейсана және автоматты түрде (дағдылы). Қазіргі зерттеушілер мұны «қосарлы өңдеу» деп атайды. Біз білетінімізден де көп білетінімізді білеміз. Біз екі – «интуициялы» және «саналы» деңгейде ойлаймыз, кейбіреулер мұны «1-жүйе» және «2-жүйе» деп те атайды. Интуицияның мүмкіндігі орасан, бірақ сонымен қатар ол қауіпті. Айталық, біз өмірде көбінесе «автопилот режимінде» тағдырдың айдауымен келе жатып, бір нәрсенің болу-болмау мүмкіндігін есімізге оңай түскен ойлар арқылы пайымдаймыз. Біз әуе апатын санамызда оп-оңай елестете аламыз. Сондықтан көптеген адамдар жерүсті көлігімен жолаушылардан гөрі ұшақпен ұшудан қорқады. Сөйтіп, әуедегі қауіп-қатерден аулақ болу үшін үлкен қашықтықты жерүсті көлігімен жүріп өтуді жөн көреді. Ал, шындығында, ұшақтар автокөлікке қарағанда әлдеқайда қауіпсіз. Интуициямыз өзімізге қатысты жайларда да жиі қателеседі. Біз интуициялық деңгейде жадымызға шамадан тыс көп сенеміз. Санаға салмақ салмаймыз; эксперименттерде бір нәрселердің ықпалына түсіп жатқанымызды мойындамаймыз. Біз сезімдерімізді бағындыра алмаймыз: жұмыссыз қалсақ немесе сүйген адамымызбен ара-қатынасымыз бұзылса, бір жылдан кейін өзімізді қалай сезінетінімізді білмейміз; ал мемлекеттік лотереяны ұтып алсақ, жадырап сала береміз. Сондай-ақ біз өз болашағымызды дұрыс болжай алмаймыз. Орта жасқа таяған адамдар киім сатып аларда жас кезіндегідей қынама бел, денеге жабысып тұратын киімді таңдайды (бірнеше келіге дейін арықтайын деп жүрмін); «Маған кеңдеу киім сатып алған дұрыс, менің жасымдағы адамдар семіздікке бейім» деп, шындыққа тура қарайтын адамдар сирек кездеседі. Сондықтан біздің әлеуметтік интуицияларымыз жіті назар аударуды қажет етеді. Әлеуметтік психологтер интуициялық қабілеттеріміз бен жасырын кедергілерді анықтай отырып, ойлау қабілетімізді нығайтуға талпынады. Көп жағдайда «тез де үстіртін» қысқа пайымдарымыз бізге көбіне жақсы жағына көңіл аудартады. Бірақ дәлдік қажет болатын басқа жағдайларда, мысалы, неден қорқу, неден қорықпау керек екенімізді шешерде немесе күш-қуатымызды ақылмен жұмсау туралы ойлану қажет болғанда, импульсивті интуициямызды сыни тұрғыда қабылдай бастаймыз. Біздің интуицияларымыз бен бейсаналы ақпаратты өңдеу дағдымыз әдетте күшті, ал кейде қауіпті. жиған-терген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
| ||||
| ||||
Просмотров: 218 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |