01/12/2020, 23:26 | ||||
КІРІСПЕ ОРНЫНА Ертеде бір кісі болыпты. Оның екінші әйелі тәкаппар да өзімшіл жан екен. Әйелмен еріп келген екі қыз да – өркөкірек әрі қарақан басының ғана қамын ойлайтын мейірімсіз болып, шешелерінен аумай қалыпты. Ал әлгі кісінің өз қызы – Күлбикеш болса, қарапайым, мінезі жібектей жан екен. Ол шайпау әпкелерінің айтқанын екі етпей, көрсеткен зәбіріне шыдап, үнсіз жүре береді. Бірде Күлбикеш перизат «анасының» көмегімен үйден сытылып шығып, король сарайындағы балға қатысады. Сол жерде оған сымбатты ханзаданың көзі түседі. Жүректе тұтанған ғашықтықтың жетегімен Күлбикешті үйіне іздеп барға ханзада сүйіктісін әуелде танымай қалды. Адам нанғысыз ба? Бірақ осы ертегі бізді жағдаяттың құдіретіне сендіреді. Адуын өгей шешесінің жанында Күлбикеш көнбіс те қарапайым кейіп танытуға мәжбүр болды. Ал король сарайында құлпырып, күлімдеген кеш аруына айналды. Бірінші жағдайда сұлуымыз теперіш көрді. Екінші жағдайда сымбатты жігіттің жүрегін жаулады. Француз жазушысы, пәлсапашы Жан-Поль сартр (1946) «Күлбикеш эффектісін» оңай түсіндіріп еді. «адам болмысы жағдаятқа байланысты, - деп жазды ол. – Бізді айналамызда қалыптасқан хал-ахуалдан бөліп қарауға болмайды, өйткені жағдай бізді қалыптастырады және мүмкіндіктерімізді анықтайды». Әлбетте, әлеуметтік жантану – біздің өмірімізге жағдаяттардың әсерін зерттеп, бір-бірімізге қалай қарап, қалай ықпал ететінімізге ерекше назар аударатын ғылым. Нақтырақ айтқанда, бұл – адамдардың бір-бірі туралы не ойлайтыны, бір-біріне қалай әсер ететіні һәм қарым-қатынасқа қалай түсетіні жөніндегі ғылым. Сонымен бірге ол – жантану мен әлеуметтанудың шегінде дамып отыр. Оның топтар мен қоғамдағы адамдарды зерттейтін әлеуметтанудан айырмашылығы – әлеуметтік жантану, негізінен, жекелеген адамдардың болмысын қарастырады һәм экспериментке жиі жүгінеді. Тұлға жантануынан айырмашылығы – әлеуметтік жантану индивидтердің айырмашылығына онша көңіл аудармай, жұрттың, жалпы, бір-біріне қалай қарайтынын және әсер ететінін зерттейді. Негізінде, әлеуметтік жантану – жас ғылым. Бұл саладағы алғашқы тәжірибелер ғасырдан астам уақыт бұрын жарияланып, ал оқулықтар шамамен 1900 жылдары жарық көрді. Әлеуметтік жантанудың қазіргі пішіні 1930 жылдары ғана қалыптасты. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін бүгінгідей айқын ғылыми-тәжірибелік алаң қалыптаса бастады. Те 1970 жылдардан бастап әлеуметтік жантану қарқынды дамудың жемісін көрді: ол Азияда – алдымен Үндістанда, сосын Гонконг пен Жапонияда, соңғы кездері Қытай мен Тайландта жедел дамып келеді. Әлеуметтік жантану – адамның ойлауын, өзара ықпалын, қарым-қатынастарын – бәрімізді қызықтыратын сауалдар қоя отырып зерттейді. Айталық:
Бұл сұрақтардың барлығы – адамдар бірін-бірі қалай қабылдайды және бір-біріне қалай ықпал етеді деген мәселе төңірегінде шоғырланған. Әлеуметтік жантану осындай сауалдарға жауап беруге тырысады. Әлеуметтік психологтер қарым-қатынас пен сенімді, ымырашылдық пен тәуелсіздікті, жақсы көру мен жек көруді зерттейді. жиған-терген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
| ||||
| ||||
Просмотров: 219 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |