Лебяжі ауданының бейресми энциклопедиясы
15/07/2011, 18:05
Яловенко Нина Петровна (1960) / Уроженка совхоза Авангард Павлодарского района Павлодарской области. Окончила Павлодарский учетно-экономический техникум по специальности бухгалтер. Трудовую деятельность начала в совхозе Кызылкогамский бухгалтером материального стола, затем была заместителем главного бухгалтера и главным бухгалтером. С 1996 года открыла свою индивидуальную предпринимательскую деятельность в городе. Большой вклад вложила для развития села Ямышево Лебяжинского района. Является постоянным спонсором во всех проводимых мероприятиях села, района. Проводит благотворительную акцию для пенсионеров, малообеспеченных семей.
 
Яценко Иван Макарович / В 1954 году по комсомольской путевке был направлен в Казахстан на освоение целинных и залежных земель. По распределению попал в Лебяжинский район Павлодарской области. В первое целинное лето работал на тракторе ДТ-54. Выполнял различную работу: поднимал целину, сеял, убирал хлеб. В 1956 году как один из лучших механизаторов-первоцелинников был направлен в Москву для участия в совещании комсомольцев и молодежи. В 1981 году закончил курсы бригадиров, и в этом же году был избран председателем рабочего комитета совхоза Лебяжинский, где проработал в течении 17-и лет. Удостоен высоких государственных наград, не раз был участником ВДНХ.
 
Ямышев ауылдық округі / Ямышев, Қызылқоғам, Тілектес ауылдары кіреді. Орталығы – Ямышев ауылы. Павлодар-Семей автомобиль жолының бойында, аудан орталығынан 56 километр жерде, теңіз деңгейінен 144 метр биік қыратта орналасқан. 1999 жылғы санақ бойынша халқының саны – 1509 адам, қазақ және орыс ұлттарының ара салмағы шамамен тең. Қазақтар оны көнеден «Тұзқала» деп атаған. Ямыш атауының шығуы туралы бірнеше жорамал бар: монғолдың «ям» – «пошта» деген сөзінен, тереңде жатқан көл дегеннен шығуы ықтимал саналады. Ал көне картада – Еміш деп көрсетіледі. Яғни «жеміс» сөзінен шығуы мүмкіндігі де жоқ емес. Қашан салынған туралы дерек таласты. 1715 жылдан 1838 жылға дейін Ертіс әскери шебінің бекінісі, 1838 жылдан 1854 жылға дейін казактар поселкесі, 1868 жылдан Семей облысы Павлодар уезі Ямышев болысының орталығы. 1928 жылдан шаруа болысы құрамында, 1928-1939 ж.ж. Павлодар ауданына қарады, 1939 жылдан Лебяжі ауданының құрамында. Мұнда 1920 жылы тұңғыш коммуна орнады да, соңынан коммуна негізінде «Красный луч» ұжымшары құрылды. 1930 жылы Лебяжі машина-трактор стансасы құрылып, ол 1957 жылы техника жөндеу стансасы болып өзгертілді. 1961 жылы оның қызметі «Казсельхозтехника» бірлестігіне берілді. 1957 жылы Лебяжі машина-трактор стансасы мен «Қызылқоғам» ұжымшарының негізінде қой өсіруге маманданған «Қызылқоғам» кеңшары ұйымдасып, шаруашылықтың орталық мекеніне айналды. 1994 жылы кеңшар У.Сыздықов атындағы акционерлік қоғам болып қайта құрылды. 1971 жылы Ямышев тұсында Ертіс жағасында «Вечерние зори» демалыс үйі салынды. Ямышев округі тұрғындарының жалпы саны – 2349 адам (1999). Ямышевта Орта Азия мен Сібірді зерттеуші, этнограф және ауыз әдебиетін зерттеуші ғалым Григорий Николаевич Потанин туған. Ямышев тұсында Ертіс жағасынан палеонтологтар көне замандарда болған Стенон жылқысының, көне сайғақтың, хазар жылқысының сүйектерін тапты. Тілектесте 1939 жылы мойынсерік (ТОЗ) ұйымдасты. Бір жылдан соң «Тілектес» ұжымшары болып қайта құрылды. «Қызылқоғам» кеңшарының бөлімшесі, артынша мұнда У.Сыздықов атындағы жауапкершілігі шектеулі серіктестік орналасты. 300-ге тарта адам тұрады (1999). Көне атауы – «Қарауыл ауылы» (ру аты Арғыннан – Қуандық, одан Атығай, Қарауыл. Атығай Көкшені мекендейді. Қарауыл руы, тарихи деректерге қарағанда, Ертістің оң қапталына XVIII ғасырда қоныстана бастаған). Қызылқоғам (тарихи атауы Қаракесек ауылы) – Павлодар-Семей тас жолы бойындағы көне мекендердің бірі. 500-ден астам тұрғыны бар (1999). Бұл ауыл туралы сөз болғанда ауызға ең алдымен Қызыләскер мектебі ілінеді. Ол мектеп 1928 жылы салынды. 60-жылдардың ортасына дейін ана тілінде дәріс беретін аудандағы бірден-бір оқу орны болды. Осыдан Қызыләскер мектебінің тарихын ауданда оқу-ағарту ісін ұйымдастыру тарихы десе д боларлық.
Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 1150 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 1.0/1
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: