Лебяжі ауданының бейресми энциклопедиясы
15/07/2011, 17:58 | |
Шотова Сәуле Шотқызы (1948) / Павлодар облысы Лебяжі ауданы Төсағаш ауылында дүниеге келді. Білімі жоғары. 1994 жылы Алматы қаласының Қазақ ауылшаруашылық институтын тәмамдады. 1977 жылдан Қызылағаш селолық кеңесінің хатшысы, 1997 жылдан бастан 2008 жылға дейін Қызылағаш селолық округінің әкімі қызметін абыроймен атқарды. 2000 жылы "Ерен еңбегі үшін” медалімен марапатталды.
Шарбақбаева Күләйім (1911) / Павлодар облысының Ермак (қазіргі Ақсу) ауданында дүниеге келді.1933-1943 ж.ж. Май ауданындағы «Қазақстанның 10 жылдығы» ұжымшарында, кейін Павлодар қаласында ұн зауытында істеді, 1952 жылдан 1967 жылға дейін Лебяжі ауданының №23 кеңшарында (қазіргі Қарақала) аға шопан болды. Жыл сайын Күләйім жаңа табысқа жетіп отырды. 1955 жылдың өзінде-ақ оның шопандар бригадасы әрбір ісектен орта есеппен алты килограмнан сапалы жүн алды. 1956 жылы жүн қырқуды 6,4 килеге дейін жеткізді. Ал 1957 жылдың көрсеткіш бәрінен де асып кетті. Отарындағы әрбір ісектен алынған жүннің салмағы 6,85 килограмға жетті. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиуымының 1958 жылғы 29 наурыздағы Жарлығымен Күләйім Шарбақбаеваға социалистік Еңбек Ері атағы берілді. 1958 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаттығына сайланды. Арада бес ай өткенде қой өсірушінің еңбегі тағы дажоғары бағаланып, Шарбақбаева К. Қазақ КСР мал шаруашылығының еңбегі сіңген шебері деген құрметті атақ берілді.
Шарбақбаев Қабдылнәсір Ерғалиұлы (1937) / Павлодар қаласында дүниеге келді. Еңбек жолын Лебяжі ауданына қарасты №23 кеңшарында (қазіргі Қарақала) бастады. Социалистік Еңбек Ері атанған анасы Шарбақбаева К. бригадасында жұмыс істеп жүріп, 1964 жылы қозыларды өсірумен айналысатын шопандар бригадасын басқарды. Сонда қызмет жасап жүріп, қыс мезгілінде қой төлдету жұмысын жолға қойды, жас төлдерді сапалы күтумен аянбай айналысты. Абыройлы еңбегі жоғары бағаланып, Социалистік Еңбек Ері атағымен бірге, Алтын жұлдыз және Ленин орденімен марапатталды.
Шоманов Жаңабай Шоманұлы (1939) / Шақа ауылында дүниеге келді. Орман ғылымының маманы. Ауылшаруашылық ғылымының кандидаты. Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің профессоры. Шаймарданов Ғұбайдолла Айтқалиұлы (1936 – 2004) / Шоқтал ауылында дүниеге келді. Медицина ғылымдарының кандидаты. Семей медициналық академиясының профессоры.
Шақарманов Анатолий Байболатұлы (1958) / Алтай өлкесі Михайловка ауданы Николаевка ауылында дүниеге келді. Павлодар есеп-экономика техникумын ауылшаруашылық есепшісі, Қазақ Ұлттық аграрлық университетін бухгалтерлік есеп және аудит мамандығы бойынша тәмамдады. 1981-2003 ж.ж. Майқарағай асыл тұқымды мал кеңшарында, Ермак (қазіргі Ақсу) ауданы Ермак асыл тұқымды қой кеңшарында аға есепші, Семей облысындағы ҚР Қорғаныс Министрлігіне қарасты әскери кеңшарда, Лебяжі су шаруашылығы жүйесі басқармасында бас есепші, аудандық салық басқармасының Лебяжі аудандық бөлімінің аға тексеруші-ревизоры, Шақа селолық округінде бас маман, әкім қызметтерін атқарды. 2003-2007 ж.ж. аралығында аудандық мәслихаттың Шақа сайлау округі бойынша депутаты болды. Қазіргі уақытта «Ертіс орманы» МОТР ММ Бесқарағай филиалында техникалық қауіпсіздендіру және еңбек қорғау инженері болып қызмет жасауда.
Шаймарданов Ескендір Шағмарланұлы (1916 – 1983) / Лебяжі ауданы Төсағаш ауылында дүниеге келді. Ұлы Отан соғысына қатысушы. Майданда темір жол жөндеу әскер қатарында болды. Соғыстың қанды арпалысынан соң жүріп отырып, Белоруссия, Украина, Польша, Гермения жерлерінің темір жол тораптарын жөндеп, Берлинге жетті. 1948 жылы елге оралды. Соғыстан соң да кең-байтақ еліміздің темір жолдарын жөндеуге өз үлесін қосып, сонау Читаға дейін де барып қайтты. Мал шаруашылығында еңбек етті. Көптеген медальмен және мадақтамамен марапатталды.
Шишкин Виктор Иванович (1949) / Уроженец села Лебяжье. Трудовую деятельность начал монтером связи. В 1969 году окончил Алматинский техникум связи. С 1970 по 1975 г.г. работал инженером районного узла связи. С 1975 года инструктором организационного отдела райкома партии. В 1983 году окончил Алматинскую высшую партийную школу. После окончания был избран секретарем партийного аппарата Акима района. С 2005 года работает матросом-мотористом Республиканского государственного казенного предприятия Павлодарских водных путей. Имеет юбилейные правительственные награды.
Шишкин Иван Алексеевич (1911 – 1986) / Участник Великой Отечественной войны. Более 35 лет работал в селе Лебяжье старшим путевым рабочим Верхнее-Иртышского бассейного управления пути. Награжден орденом Великой Отечественной войны II степени, медалями «За отвагу», «За победу над Германией» и юбилейными медалями.
Шаймардан Айтжан Қинаятұлы (1959 – 2006) / Лебяжі ауданы Қарақала ауылында дүниеге келді. 1976-1980 ж.ж. Павлодар педагогикалық институтын физика-математика мұғалімі мамандығы бойынша тәмамдады. Еңбек жолын Потанин орта мектебінде физика және математика пәнінің мұғалімі болып бастады. Бұл пәндермен шектелмей информатика пәнін өз еркінше терең меңгеріп, оқушыларға дәріс үйретті. 25 жыл бойы жасаған қажырлы еңбегі бағаланып, облыстық, аудандық, ауылдық, мектептік деңгейдегі Құрмет грамоталармен марапатталды.
Шокыбасулы Бижан (1871 – 1931) / Уроженец села Ямышево Лебяжинского района. Скотопромышленник, меценат. Работал писарем и переводчиком у купца Сорокина. Усвоив азы торговой деятельности, создал свое предпринимательское хозяйство на территории нынешнего села Шакат. Долгое время занимался благотворительной деятельностью. В 1923 году построил мечеть в городе Павлодар, которая действовала до 1991 года (с перерывом в 1928-1948 г.г.). в 20-е годы, в период кампании по ликвидации байства, весь свой скот передал колхозу Жетекши и переехал в город Карасук Алтайского края. В 1931 году был арестован и репрессирован.
Шакенов Аскар Кайроллинович (1966) / Уроженец села Майкарагай Лебяжинского района Павлодарской области. В 1990 году окончил Семипалатинский зооветеринарный институт по специальности зооинженер. В 1990-1992 г.г. работал оперуполномоченным БХСС ОВД Лебяжинского райисполкома Павлодарской области. В 1992-1993 г.г. был начальником ПЦО отделения охраны при Лебяжинском РОВД. В 1993-1997 г.г. начальником отделения охраны при Лебяжинском РОВД. С июня 1997 года является заместителем начальника по воспитательной и кадровой работе Лебяжинского РОВД ДВД Павлодарской области.
Шарапиденов Темірболат / 1965 жылы Лебяжі аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болып сайланып, осы қызметті он төрт жыл абыроймен атқарды. Бірнеше мәрте «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды. Шәкенов Қайролла / 1960 жылы Семейдің зоотехникаылқ-ветеринарлық институтын тәмамдап, еңбек жолын Лебяжі ауданы Майқарағай кеңшарында бастады. Биязы жүнді қой және қазақтың ақбас ірі қара мал тұқымын өсіруге қомақты үлес қосты. Лебяжі кеңшарында директор, аудандық ветерианрлық стансасында бастық қызметтерін атқарды.
Шаймарданов Нұрлан Ғұбайдоллаұлы (1966) / Лебяжі ауданы Шоқтал ауылында дүниеге келді. Медицина ғылымдарының докторы. Семей медицина академиясының профессоры.
Шарбақты ауылдық округі / Округ Жабағылы, Төсағаш, Шарбақты, Керей ауылдарын қамтиды. Округтің орталығы – Шарбақты ауылы. Аққу ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 40 километр жерде, қарайғайдың бауырында, Шарбақты көлінің жағасында (көлдің аумағы 6,8 шаршы километр) орналасқан. 1999 жылғы мәлімет бойынша 1461 адам тұрды. Ауылға таяу көлемі 400 гектар Лебяжі табиғи заказнигі бар. Осында балалардың жазғы демалыс лагері жұмыс іседі. Ұжымдастыру басталғанда мұнда «Алтын аспан», кейінірек «Жас еңбек» ұжымшары құрылды. 1957 жылы «Зори Октября», «Жас еңбек», «Қазантай», «Жаңа ауыл» ұжымшарлары және Лебяжі машина-тарктор стансасы біріктіріліп, қой өсіруге маманданған «Лебяжі» кеңшары құрылды. Шарбақты осы кеңшардың орталығы болды. 1960 жылы оның құрамынан «Майқарағай» кеңшары бөлініп шықты. Шарбақтыға таяу Тілеуберді көлінің жағасында аудандағы тұңғыш балық артелі құрылып, 50-жылдардың басына дейін жұмыс істеді. Жабағылы – бұрынғы Майқарағай кеңшарының бөлімшесі әрі Бесқарағай орман шаруашылығының кардоны. 300-ден астам адам, түгелдей дерлік қазақтар тұрады (2002). Мектепте сабақ қазақ тілінде жүреді. Төсағаш – Шарбақтыдан 32 километр, бұрын кеңшар бөлімшесі, 1999 жылығы есеп бойынша 362 адам тұрады. Халқының 99 пайызы жергілікті ұлт өкілдері. Керей ауылы – қазақтардың осы өлкеге қоныстануы тарихының өзінше бір беті. «... в то же время с северо-запада устремились сюда керей, спустя 50 лет по приходе рода уак, в 1975 году пришли к ним керейцы из рода Кудайберды, которого мы находим в Кызылагачевском и Теренгульском волостях» - міне, осы аталар бұл жерді мекен етіп, тарихта атын қалдырған. Бірақ бұл жерде айқындай түсетін бір мәселе бар. Жазушы Сәбит Мұқанов өзінің арғы атасын тарата келе Сибан, Көшебе, Тарышыны бір атаның балалары деп көрсетін, уақтардың бұйдалыны ноқтағысы (көш бастаушы) санағаны тәрізді, Сибанды ноқтағасы деп көрсетеді. Осыған байланысты ел аузында «Көшебе Керей – көр Керей, көше алмайды Сибансыз, Тарышыға жан беріп, Көшебе өлді имансыз» деген қаңқу сөз де қалған. Бірақ ол Көшебені жерлеуден туған сөз емес, керісінше мадақ деп түсінген орынды: ағайынды үш адам енші бөлісіне келгенде аға Тарышы інісіне күмән кельітірп, ортақ үлестен қақпайлаған соң, Көшебе батыр қазақтың ескі ғұрпымен кепілдікке жүреді, «жан береді». Рәсім бойынша терең ор қазып, үстін киізбен жауып, көзін байлап, ордан жүйрік атпен қарғып өтуге тиісті болады. Өтсе – сөзінің шындығы, орға жығылса – күмәнді іс. Шын ерлердің ғана бел шеше алатын дәстүрі. Көшебе батыр ордан орғып өтіп барып, арғы жағында аты сүрініп кетіп, мойын омыртқасы үзіліп мерт болған дейді шежіре. Осы оқиғадан соң Тарышылардың жал қарағайды қуалай көшуі ойға сыйымды. Тарышыдан Күрсәрі, одан Есенәлі, одан Құдайқұл, одан жоғарыда сөз болып отырған Құдайберді тарайды. Құдайбердіден – Оразымбет, Жәдік, Берлібай, Балапан, Жанбай, Тілеубай, Танабай, Қойлыбай, Айымбет, Кенжебай, Ысқақ. Ал Керей ауылының тумасы әнші Темірболат Арғынбайұлы – Ақсары керей – Күрсарымен аталас. Бұдан шығатын түйін – Лебяжі ауданының аумағына керейлердің өзге рулардан да және «Ведомосторда» көрсетілген уақыттан озықтау келіп, қоныс тебуі ықтимал. Қазан төңкерісінен соң Керейде мойынсерік (ТОЗ), кейінірек ұжымшар ұйымдасты, соңынан «Лебяжі» кеңшарының бөлімшесі болды.
Шақа ауылдық округі / Шақа мен Бәйімбет ауылдары енеді. Барлық тұрғын халқының саны 800-ден сәл астам адамды құрайды (1999). Екі ауыл да қарағайлы орман ішінде орналасқан. Округте жалпы көлемі 126 мың шаршы километр табиғи заказник бар. Сирек кездесетін аң-құсқа, дәрілік өсімдік түрлеріне бай. Бәйімбет – Бәсентиін руының бір тармағының атымен аталған. Шақа атауы туралы нақтылы дерек жоқ.
Шабар / Ауылдық елді мекен, Қызыләскер ауылдық округінің бөлімшесі. Ауылдық округтің орталығы Қарақала (Черное) елді мекенінен 12 км қашықтықта орналасқан. Тұрғындардың саны 389 адам (1999 жылы) болған, көпшілігі – қазақтар – 383 адам. Елді мекен «сазды (батпақты) қоныс» деген мағынада айтылған Шабар қонысының атауымен аталған. Шабар – адам аты, антропонимнен туындаған.
Шақа / Елді мекен, ауылдық округ орталығы. Елді мекен Павлодар қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 180 км және Аққу ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 115 км қашықтықта орналасқан. Тұрғындардың саны 726 адам (1999 жылы) болған. Басым көпшілігі қазақтар болып келеді (648 адам). Елді мекен қарағайлы орман арасында орналасқан. 1996 жылға дейін орыс тілінде Чека түрінде қате жазылып, қазіргі кезде елді мекен Шақа атауына ие болды. 1938 жылы Шақа ауылында «Третья Пятилетка» ұжымшары құрылды. 1944 жылы ұжымшар Галкин ауданына қараған. 1957 жылы Лебяжі ауданына қайтарылып берілді. Шақа адам аты да болуы мүмкін. Ғылыми тұрғыдан алғанда «шақатты жер» мағынасына саяды.
Шарбақты / Елді мекен, ауылдық округ орталығы. Елді мекен Павлодар қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 152 км және Аққу ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 40 км қашықтықта орналасқан. Тұрғындардың саны 1461 адам (1999) болған. Басым көпшілігі қазақтар болып келеді, олардың саны 1213 адам. Елді мекен «шарбақпен қоршалған қоныс» деген мағынаны білдіретін Шарбақты көлінің атауымен аталған. 1930 жылы Шарбақты елді мекенінде «Жас Еңбек» ұжымшары құрылды. 1939 жылға дейін елді мекен Бесқарағай ауданына қарады. 1957 жылы орталық мекені Шарбақты ауылы болып келетін қой өсіру кеңшары құрылды. 1963-1964 ж.ж. аралығында кеңшар Павлодар ауданының құрамында болды.
Шәмші / Ауылдық елді мекен, Қызыләскер ауылдық округінің бөлімшесі. Ауылдық округ орталығы Қарақала (Черное) елді мекенінен 6 км қашықтықта орналасқан. Тұрғындардың саны 378 адам (1999 жылы) болған, олардың көбі – қазақтар – 372 адам. Шәмші – антропоним, адам есімінен туындаған.
Шелекқалған / Бұрынғы ауылдық елді мекен, Шарбақты ауылдық округі, Шарбақты елді мекенінен 60 км қашықтықта орналасқан. Халқының саны 7 адам (1970 жылы) болған. Шелекқалған – «шелек қалып қойған қоныс» мағынасында айтылады.
Широкое (Шүрегей) / Ауылдық елді мекен, Жамбыл ауылдық округінің бөлімшесі. Ауылдық аймақтың орталығы Жамбыл елді мекенінен 3 км қашықтықта орналасқан. Тұрғындардың саны 290 адам (1999 жылы) болған, олардың көпшілігі – қазақтар – 197 адам. Елді мекен Шүрегей қонысында орналасқан көл атауымен аталған. Көлдің маңында шүрегей үйректері мекендегендіктен атауын алған. Жергілікті тұрғындардың айтуы бойынша, «Шүрегей» сөзі орыс тілінде бұрмаланып «Широкое» түрінде өзгеріске ұшыраған.
Шоқтал / Ауылдық елді мекен, Шақа ауылдық округінің бөлімшесі. Ауылдық округ орталығы Шақа елді мекенінен 9 км қашықтықта орналасқан. Тұрғындардың саны 340 адам (1999 жылы) болған, олардың көпшілігі – қазақтар – 340 адам. Шоқтал – «шоқ» – «шоқталдар өскен тоған» деген мағынада айтылады. 1941 жылы Шоқтал ауылында Амангелді атындағы ұжымшар құрылды. 1944 жылға дейін Шоқтал Лебяжі ауданының құрамында, 1944-1957 ж.ж. аралығында Галкин ауданының құрамында болып, 1957 жылы қайта Лебяжі ауданына енгізілді.
Шоқша / Бұрынғы ауылдық елді мекен, Қазы ауылдық округінен 16 км қашықтықта орналасқан. Халқының саны 4 адам (1970 жылы) болған. Жергілікті тұрғындар үлкен емес пішіндегі қоныстың ерекшелігіне байланысты атаған. Генонимнен туындаған атау.
Шолаққарасу / Ленино (Әйтей) ауылдық кеңесінің бұрынғы қонысы. Шолаққарасу «қысқа (үлкен емес( өзен. 1931 жылы елді мекенде «Жаңатаң» (1917 жылғы Қазан төңкерісінен кейін) ұжымшар құрылды. 1939 жылға дейін елді мекен мен ұжымшар Кагановский ауданының құрамында болды. Жамбыл ауылдық округіне қарайды.
Шөптікөл / Бұрынғы ауылдық елді мекен, Жамбыл ауылдық округінің орталығы Жамбыл елді мекенінен 18 км қашықтықта орналасқан. Халқының саны 2 адам (1970 жылы) болған. Шөптікөл – «шөп мол өсетін көл».
Шұбыртпалы / Бұрынғы елді мекен, Шақа ауылдық округі «Бесқарағай» орман шаруашылығының тұрағы. Шақа елді мекенінен 20 км қашықтықта орналасқан. Халқының саны 74 адам (1970 жылы) болған. Шұбыртпалы – геноним, Арғын тайпасы Қаракесек руының бір тармағының атауы.
Шыңырау / Бұрынғы ауылдық елі мекен, Шарбақты ауылдық округінен 35 км қашықтықта орналасқан. Халқының саны 5 адам (1970 жылы) болған. Шыңырау – «терең құдық» мағынасында айтылады.
| |
| |
Просмотров: 1660 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | |
Всего комментариев: 0 | |