Лебяжі ауданының бейресми энциклопедиясы
15/07/2011, 17:47
Холодько Зинаида Савовна (1947) / Украинаның Львов қаласында дүниеге келді. 1955 жылы ата-анасымен тың игеруге Павлодар облысы Лебяжі ауданы Подпуск ауылына келді. Бесқарағай орта мектебін бітіріп, Павлодар педагогикалық училищесіне оқуға түсті. Педучилище бітіргеннен кейін Лебяжі орта мектебіне жіберілді, онда 1 жыл жұмыс істегеннен кейін, Бесқарағай орта мектебіне ауыстырылды. 1974 жылы Павлодар педагогикалық институтын биология мамандығы бойынша бітірді. Бесқарағай мектебінде 42 жыл бойы ұстаздық етіп келеді. 1984 жылы аға мұғалім атағы берілді. 1994 жылдан бастап жоғары санатты ұстаз.
 
Хасенов Неғмат Хасенұлы (1929) / Павлодар облысы Шарбақты ауданында дүниеге келді. Еңбек жолын қатардағы колхозшыдан бастап, шаруашылық, Кеңес, партия ұйымдарында қызмет атқарды. Қарағанды қаласындағы Кеңес партия мектебін, Алматының ауылшаруашылық институтының агрономия факультетін тәмамдады. 1979-1989 жылдары Лебяжі ауданы Бесқарағай ұжымшарында партия комитетінің хатшысы болып қызмет етті. «Еңбек Қызыл Ту» орденімен, «Ұлы Отан соғысы жылдарында үздік еңбегі үшін» медальдарымен марапатталды. «Өнегелі хикая» атты хроникалық хикаяттың, «Өткеннен – ұлағат, үмбетке – мұрағат» мемуарлық кітаптардың авторы.
 
Хасенов Уахит (1937) / Лебяжі ауданы Қызылқоғам ауылында дүниеге келді. Қызыләскер мектебінде оқып білім алды. Ұжымшар жұмысында еңбек жолын бастады. 1954 жылы тың және тыңайған жерлерді игеруге қатысып, «Тың жерлерді игергені үшін» медалімен марапатталған. 1956-1959 ж.ж. аралығында әскер қатарына шақырылып, азаматтық борышын атқарды. 1961 жылдан бастап мал шаруашылығында еңбек етті. Осы жолда атқарған ерен еңбегі үшін «Коммунистік еңбектің екпіндісі», «Облыстың озат шопаны» атақтары берілді.
 
Хажанова Сағила (1927) / Қызылқоғам ауылында дүниеге келді. Сол мекеннің мектебінде оқып жүрген кезінде Ұлы Отан соғысы басталып кетті. Сұрапыл күндер кезінде ұжымшаршылардың астық бригадасының есепшісі болды. Соғыс кезіндегі ерен еңбегі үшін «Ерен еңбегі үшін» медалімен, 1980 жылы «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды.
 
Хасенов Нәзір Рахатайұлы / 1957 жылы Семей қаласындағы Н.К.Крупская атындағы педагогикалық институтты тәмамдағаннан кейін Қызыләскер орта мектебіне математика мұғалімі болып орналасты. 1962 жылы Қазантай орта мектебінің директоры, 1969 жылы Ленин атындағы сегізжылдық мектебінің директоры, 1977 жылы Қазы орта мектебінде оқу ісінің меңгерушісі қызметтерін атқарды. Ерен еңбегі үшін «Халық ағарту ісінің оқыз қызметкері», «Социалистік жарыстың жеңімпазы» белгілерімен, «Еңбектегі жетістігі үшін», «Еңбек ардагері» медальдарымен марапатталды.
 
Хайсин Еслям (1930) / Лебяжі ауданы Қарақала ауылында дүниеге келді. Еңбек жолын Қызылқоғам ұжымшарында жүк машинасының жүргізушісі болып бастады. 1965 жылдан бастап Қызылқоғам ауылында шопан болып қызмет етті. 1967, 1971 ж.ж. Мәскеудегі ХШЖК (ВДНХ) қатысып, 1972 жылы ерен еңбегі үшін қола және күміс медальдармен марапатталды. 1973 жылы «Облыстың ең үздік шопаны» атағы берілсе, сол жылы «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды.
 
Хамзина Бибігүл Қабдешқызы (1965) / Лебяжі ауданы Аққу ауылында дүниеге келді. Қазақ құқық және халықаралық қатынастар институтының Павлодар қаласындағы филиалын заңгер-бакалавр мамандығы бойынша тәмамдады. Еңбек жолын №193 Лебяжі ауылдық кәсіптік-техникалық училищесінде бастауыш комсомол ұйымының хатшысы болып бастады. 1992-2005 ж.ж. Лебяжі аудандық АХАЖ бөлімінің меңгерушісі болды. 2005 жылдан аудандық Әділет басқармасының бастығы лауазымында еңбек етуде. Павлодар облыстық Әділет департаментінің Алғыс хатымен, Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
 
Хайсина Клара Қалықызы (1962) / Лебяжі ауданы Қызылқоғам ауылында дүниеге келді. 1978-1982 ж.ж. Павлодар педагогикалық училищесін тәмамдады. Туған ауылына келіп, бастауыш сынып мұғалімі болып еңбек етті. 1989 жылы Семей педагогикалық институтын бітірді. 2003 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хатымен және облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
 
Хасенов Нәзір Рахатайұлы / 1957 жылы Семейдегі Н.К.Крупская атындағы педагогикалық институтты тәмамдап, Қызыләскер орта мектебіне математика мұғалімі болып орналасты. 1969 жылы Ленин мектебінде директор болып қызмет атқарды. «Социалистік жарыстар жеңімпазы» белгісімен марапатталды.
 
Ходневич Петр Григорьевич (1925) / Уроженец села Заречное Зареченского района Ровненской области Украины. Участник Великой Отечественной войны. В 1942 году ушел в партизанский отряд имени Суворова. В 1944 году попал в госпиталь. В июне месяце мобилизовался в ряды Советской Армии на Белорусский фронт, где пробыл до окончания войны. Победу встретил 9 мая 1945 года в Берлине. В феврале 1949 года поступил в органы внутренних дел милиции, где проработал пять лет. В 1954-1958 г.г. был председателем колхоза имени Молотова. В 1963 году переехал в Казахстан в село Ямышево Лебяжинского района, где до 1985 года, до выхода на пенсию, работал в животноводстве. Является передовиком сельского хозяйства, ветераном труда. Награжден медалями «За отвагу», «За Врашаву», «За Победу над Германией» и многими юбилейными медалями.
 
Хамитов Мейрам Хамитұлы (1938) / Лебяжі ауданы Қызылқоғам ауылында дүниеге келді. Мектепті бітірісімен Алматыдағы Қазақ Мемлекеттік университетінің физика-математика факультетіне түсіп, 1961 жылы тәмамдады. Республика Жоғары және арнаулы оқу Министрлігінің жолдамасымен Қарағанды политехникалық институтының жоғары математика кафедрасына келіп, оқытушы, аға оқытушы, доцент болып, 1978 жылға дейін ұстаздық жасады. 1969 жылы Қазақ КСР Ғылым Академиясының математика және механика институтының аспирантурасына түсті. 1973 жылы кандидаттық диссертация қорғады. 1978-1994 ж.ж. Павлодар индустриалды институтында (қазіргі С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік университеті) деканның орынбасары, декан, институттың тәрбие істері проректоры қызметтерін атқарды. 1994 жылдан бері Қ.Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институтының физика-математика кафедрасының меңгерушісі болып қызмет істеп келеді. Физика-математика ғылымдарының докторы, профессор. Қырықтан астам ғылыми мақала, оқулықтар авторы. Көптеген мадақтаумен марапатталды.
 
Хамзин Хадыр Хамзинович (1913 – 1975) / Уроженец Жангалинского района Западно-Казахстанской области. Актер, режиссер, Заслуженный работник культуры Казахской ССР (1967). Участник Великой Отечественной войны. В 1932-1937 г.г. учился в Московском институте иностранных языков. В 1937 окончил специальную театральную студию в Уральске и в 1939 году высшие режиссерские курсы в Москве. Был актером, режиссером в Уральском музыкальном драматическом театре, в 1938-1942 г.г. режиссером в Казахском Государственном театре в Алматы, в Павлодарском городском театре. В 1946-1955 г.г. работал главным режиссером казахской труппы при Павлодарском областном драматическом театре, инспектором областного управления культуры, в 1957-1960 г.г. художественным руководителем областного концертно-эстрадного бюро, в 1960-1975 г.г. главным методистом областного научно-методического центра (в то время Дом творчества), в 1965-1975 г.г. был главным режиссером и основателем Лебяжинского народного театра. За более чем 30-ти летнюю актерскую и режиссерскую работу поставил около сотни постановок и сыграл на сцене более 100 различных ролей в спектаклях. Награжден боевыми и трудовыми наградами.
 
Хамзин Серик (1968 – 1987) / Уроженец села Лебяжье (ныне Акку) Лебяжинского района. Воин-интернационалист. Учился в школе ровно, отличался прилежанием. В детской спортивной школе занимался вольной борьбой. Защищал честь школы и района в соревнованиях разного уровня, занимал в них разные призовые места. В 1985 году окончил Лебяжинскую среднюю школу и осенью того же года поступил в Лебяжинское сельское профессиональное училище №28, получил специальность ветеринарного техника. До службы ему оставалось не более четырех-пяти месяцев, и он потупил на временную работу в пожарную команду и до призыва проработал там бойцом. Его призвали в армию 18 апреля 1986 года. Первоначальные навыки военной службы он получил в учебной части в Новороссийске. Здесь в течение четырех месяцев его научили владеть разными видами боевого оружия. Он изучил армейские уставы и наставления, прошел курс по владению приемами рукопашного боя. И тут кстати пришлись прежние занятия вольной борьбы. В учебной части Серик был определен в группу, где готовили механиков-водителей БТР. Помогли навыки езды при СПТУ и пожарной команде. В сохранившихся в семейном архиве письмах, присланных из Афганистана, где Серик прослужил ровно год, он пишет, что их воинская часть располагается в маленьком городке Рухи, а службу он несет на боевом охранении в кишлаке Пабак. Эти населенные пункты находятся на юге Афганистана, вблизи границы с Пакистаном, в печально известном районе Панджшер, где располагались основные хранилища оружия, боеприпасов и военной техники душманов, здесь дислоцировались главные штабы и управления моджахедов. Все девять лет войны здесь не прекращались боевые действия и без сомнения во многих операциях в составе своего полка или подразделения участвовал и Серик Хамзин. Награжден медалью «За боевые заслуги» и удостоен нагрудного знака «Отличник Советской Армии». Серик был дисциплинированным и исполнительным солдатом, хорошо знал и в исправном состоянии содержал боевую мащину. Сослуживцы уважали его за товарищескую помощь в походах, а командиры считали лучшим бойцом, на которого можно положиться в сложной обстановке. Последнее письмо Серика датировано 13 августа 1987 года (за семь дней до смерти). Оно пришло позже, чем похоронное сообщение от воинской части. Похоронен Серик Хамзин в селе Акку. Над его могилой возведен памятник. Его именем в селе Акку названа улица. О нем созданы экспозиции в районном музее и в средней школе, где он учился. На призы его имени в районе проводятся спортивные мероприятия. Земляки не забыли о Серике Хамзине, хранят память о нем.
 
Халемов Серік Темкенұлы (1959) / Лебяжі ауданы Жабағылы ауылында дүниеге келді. 1994 жылы «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығы бойынша Ақмоланың (қазіргі Астана) ауыл шаруашылық институтын тәмамдады. 1979-2007 ж.ж. Павлодар автотрестінде №2565 автоколоннасының техник-операторы, Целинная темір жолындағы Павлодар-Северный пойыздарын құраушының көмекшісі, Павлодар облысының Ішкі істер басқармасындағы мемлекеттік авто инспекциясында жол қызметінің инспекторы, Лебяжі ауданының ауыл шаруашылық басқармасында еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша бас инженері, Лебяжі №28 ауылдық кәсіптік-техникалық училищесінде арнайы тәртіптер ұстазы қызметтерін атқарды. 2007-2010 ж.ж. Лебяжі ауылдық округінің әкімі болып еңбек етті. Аудан әкімінің 2010 жылғы 7 шілдедегі № 1-120-ө өкімімен Лебяжі ауданы ішкі саясат бөлімінің бастығы болып тағайындалды.
Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 1125 | Загрузок: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: