Лебяжі ауданының бейресми энциклопедиясы
15/07/2011, 17:39 | |
Уахатов Бекмұрат (1932) / Лебяжі ауданы Қорт ауылында дүниеге келді. 1954 жылы Қазақ Мемлекеттік университетін тәмамдады. 1954-1957 ж.ж. осы университеттің аспирантурасын аяқтады. 1957-1958 ж.ж. республикалық «Қазақ әдебиеті» газетінде жұмыс атқарды. 1959-1984 ж.ж. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым Академиясы әдебиет және өнер институтында қызмет атқарды. Әдебиет зерттеушісі, сыншы, филология ғылымдарының докторы, профессор, ірі фольклоршы-ғалым, қазақ әндерін зерттеуші. 1975 жылы «Қазақтың халық өлеңдері» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. Б.Уахатовтың есімі туған ауылындағы орта мектепке берілді.
Уәлихан / Бұрынғы ауылдық елді мекен, Қызыләскер ауылдық округінің мал жайылатын жері. Қарақала (Черное) елді мекенінен 15 км жерде орналасқан. Халқының саны 6 адам (1970 жылы) болған. Уәлихан – антропоним, ер адамның есімі.
Уызбай / Бұрынғы ауылдық елді мекен, Жамбыл ауылдық округінің бөлімшесі болған. Уызбай – антропоним, ер адам есімі. 1936 жылы елді мекенде Стаханов атындағы ұжымшар құрылды. 1939 жылға дейін елді мекен мен ұжымшар Кагановский ауданының құрамында болды.
Үшінші Бесжылдық / Ауылдық елді мекен, Майқарағай ауылдық округінің «Майқарағай» кеңшарының бұрынғы бөлімшесі. Ауылдық округ орталығы Майқарағай елді мекенінен 28 км қашықтықта орналасқан. Тұрғындардың саны 8 адам (1999 жылы) болған. 1938 жылы қазақтардың 10-15 жанұясы Алтайдан оралып (30-жылдары басталған ашаршылық кезінде Алтай өлкесіне көшуге мәжбүр болған), Ежов атындағы ұжымшарды құрады. Ежовты «халықтың жауы» деп жариялағаннан кейін ұжымшарға «Третья Пятилетка» («Үшінші Бесжылдық») деген атау берген.
| |
| |
Просмотров: 1089 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | |
Всего комментариев: 0 | |