Лебяжі ауданының бейресми энциклопедиясы
15/07/2011, 17:36
Темиров Ертай (1935) / Уроженец села Шарбакты Лебяжинского района. Трудовую деятельность в 1959 году начал механизатором и водителем в селе Тосагаш. Награжден орденами Трудовой Славы II и III степени, медалью «За долголетний и добросовестный труд».
 
Түсіпов Құсайын / 1950-1954 ж.ж. Шарбақты ауылындағы МЖС-те бөлімше механигі болып жұмыс істеді. 1954 жылы тың игеру жұмысына қатысты. 1960-1988 ж.ж. Лебяжі кеңшарында инженер болып қызмет атқарды. «Тың жерлерді игергені үшін», «Еңбек даңқы үшін», «Еңбектегі озаттығы үшін» медальдармен, «Социалистік жарыстар жеңімпазы» белгісімен марапатталды.
 
Тасымов Жұмағали (1935) / Лебяжі ауданы Жабағылы ауылында дүниеге келді. 1955-1956 ж.ж. Алтай өлкесінің Құлынды ауданында алғашқы ұстаздық жолын бастады. 1956-1957 ж.ж. Лебяжі ауданы Төсағаш ауылындағы Зор-Октябрь орталау мектебінде еңбек жолын жалғастырды. 1966-19723 ж.ж. Семейдің Н.К.Крупская атындағы педагогикалық институтының қазақ тілі мен әдебиеті факультетін тәмамдады. 1973-1985 ж.ж. мектеп директорының оқу істері бойынша орынбасары, 1985-1986 ж.ж. және 1992-1994 ж.ж. мектеп директоры болды. «Еңбек ардагері», «Ерен еңбегі үшін» медальдарымен, «1976 жылғы социалистік жарыстардың жеңімпазы» белгісімен, көптеген Құрмет грамотамен марапатталды.
 
Толешова Райхан Дәулетқызы (1958) / Лебяжі ауданы Күзеу ауылында дүниеге келді. 1980 жылы Павлодар педагогикалық институтын тәмамдады. Еңбек жолын Малыбай орта мектебінде бастады. 1991-2001 ж.ж. Майқарағай орта мектебінің директоры қызметінде болды. Қазіргі уақытта Майқарағай орта мектебі директорының тәрбие істері бойынша орынбасары болып қызмет атқаруда. Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
 
Тілеубай Мұқажан Тілеубайұлы (1947) / 1965-1969 ж.ж. Алматының Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі мамандығы бойынша тәмамдады. Еңбек жолын Алтай өлкесі Бөрілі ауданы Бигелді орта мектебінде бастады. 2000-2010 ж.ж. аралығында Лебяжі орта мектебінің директоры болып қызмет етті. «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі» белгісімен, ҚР білім және ғылым Министрлігінің, облыстық білім басқармасының, Құрмет грамоталарымен, Мақтау қағаздарымен марапатталды. Жоғары санатты ұстаз.
 
Топилина Валентина Николаевна (1947) / Уроженка села Херсонка Омской области Российской Федерации. В 1959 году переехала в Казахстан в село Степное Кызылтуского района Кокчетавской области. С 1964 года начала трудовую деятельность учителем начальных классов. С 1971 по 1999 г.г. работала учителем начальных классов в средней школе имени А.Баймульдина Лебяжинского района. Награждена значком «Победитель социалистического соревнования 1976 года» от имени Министерства образования СССР и ЦК профсоюза работников просвещения, значком «Отличник народного просвещения Казахской ССР», медалью «Ветеран труда».
 
Төлембаева Жаңылқан Қонышпайқызы (1960) / Шығыс Қазақстан облысы Большенарым ауданы, Хайрузовка ауылында дүниеге келді. 1984 жылы Семей медициналық институтын тәмәмдады. 1985 жылы Павлодар облыстық ауруханасында интернатурадан өтіп, 1986 жылдан бастап Лебяжі ауданы Бесқарағай ауылында дәрігер болып қызмет етуде. 1993 жылдан бастап Бесқарағай дәрігерлік амбулаториясының аға дәрігері. Аудан әкімінің грамоталарымен марапатталды.
 
Төлеуов Қайрат (1941) / Павлодар облысы Май ауданы Жалтыр ауылында дүниеге келді. 1965 жылы Өскемен мемлекеттік педагогикалық институтын биология және ауыл шаруашылық негіздері мамандығы бойынша тәмамдады. Еңбек жолында Лебяжі орта мектебінің директоры, Лебяжі аудандық оқу бөлімінің инспекторы, кешкі мектептің директоры, спорт мектебі директорының оқу істері бойынша орынбасары, Малыбай орта мектебінің директоры, аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы, аудандық әкімшіліктің аппарат жетекшісі қызметтерімен абыроймен атқарды.
 
Түсіпова Қанипа Досжанқызы (1950) / Лебяжі ауданы Бесқарағай ауылында дүниеге келді. Филология ғылымдарының кандидаты, доцент. 1967 жылы Лебяжі орта мектебін бітіріп, 1970 жылы Семейдің педагогикалық институтына оқуға түсіп, 1975 жылы қызыл дипломмен бітіріп шықты. 1975-1989 ж.ж. Бесқарағай ауылындағы орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі қызметін атқарды, 1989 жылдан қазіргі уақытқа дейін С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің қазақ тілі мен әдебиет кафедрасында әдістемеден студенттерге дәріс береді. «Әдіскер-мұғалім» белгісімен, көптеген мадақтаумен марапатталды. Көптеген ғылыми мақалалардың, бірнеше оқулықтың авторы.
 
Тапалчинов Бекболат Титайұлы (1937 – 2004) / Ресей Федерациясы Алтай өлкесі Благовещенск ауданы Сарыкөл ауылында дүниеге келді. 1954 жылы Баужансор жетіжылдық мектебін тәмәмдап, сол жылы В.В.Воровский Павлодар педагогикалық училищесіне түсті. Еңбек жолы 1958 жылы Шарбақты ауданында ұстаздық қызметпен басталды. 1960-1965 ж.ж. Семейдің Н.К.Крупская атындағы педагогикалық институтында оқыды. 1965-1993 ж.ж. Лебяжі ауданы Тақыр ауылында мектеп директоры болып қызмет атқарды. Қажырлы еңбегі бағаланып, еліміздің жоғары марапаттарымен марапатталды.
 
Тұрсынбеков Ақылжан Тұрсынбекұлы (1947) / Павлодар облысы Май ауданында дүниеге келді. Еңбек жолын Май автобазасында жүргізуші болып бастады. 1979 жылы Қарағанды Мемлекеттік университетінің заң факультетін үздік тәмамдап, Павлодар облысы Лебяжі аудандық сотының төрағасы болып бекітіледі. 1987-1992 ж.ж. Ақсу аудандық сотының төрағасы, 1992-1999 ж.ж. Павлодар облыстық әділет басқармасының бастығы болып еңбек етті. 1999 жылдан бастап Павлодар қалалық сотының төрағасы қызметінде. Облыстық атқару комитетінің, облыс мәслихатының Құрмет грамоталарымен, Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің, КСРО Әділет Министрлігінің Алғыс хаттарымен, «Астана», «Қазақстан Республикасы Конституциясына – 10 жыл» мерекелік медальдармен, ҚР Жоғарғы Сотының және Павлодар облысы Әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
 
Теміргаухов Қапай Теміршотұлы (1964 – 2001) / Павлодар облысы Баянауыл ауданында дүниеге келді. 1987 жылы Қарағанды медициналық институтының санитарлық-гигиеналық факультетін тәмамдады. 1987-1992 ж.ж. Железинка ауданының аудандық санитарлық-эпидемиологиялық стансасының санитарлық бөлімінің меңгерушісі, 1992-2001 ж.ж. Лебяжі аудандық санитарлық-эпидемиологиялық стансасының бас дәрігері болып қызмет атқарды.
 
Талипов Қуат Әділбекұлы (1965) / Жамбыл облысы Луговой ауданы Қайыңды ауылында дүниеге келді. 1988 жылы Қарағанды медициналық институтының санитарлық-гигиеналық факультетін тәмамдады. Еңбек жолын Павлодар облысы Ақтоғай ауданының санитарлық-эпидемиологиялық стансасында санитарлық дәрігер болып бастады. 1990-1992 ж.ж. Лебяжі аудандық санитарлық-эпидемиологиялық стансасының бас дәрігері, 1992-1996 ж.ж. Лебяжі аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері болып еңбек етті. 1997 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау Комитеті Павлодар облыстық санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығының радиологиялық зертханасының бастығы, ұйымның кәсіподақ комитетінің төрағасы болып табылады. Жоғары санатты маман. Екі рет Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің Құрмет грамотасымен, облыстық денсаулық сақтау департаментінің, медицина қызметкерлерінің облыстық кәсіподақ комитетінің Құрмет грамоталарымен, Алғыс хаттарымен марапатталды.
 
Теміржанова Майдания Сыздыққызы (1943) / Лебяжі ауданы Зор-Октябрь ауылында дүниеге келді. 1964 жылы Семей педагогикалық институтының физика-математика факультетіне оқуға түсті де, сол жылы Лебяжі ауданы мектебіне жіберіліп, ұстаздық қызметін бастады. 1966 жылы Потанин орта мектебінде, 1969 жылы Жамбыл орта мектебінде, 1972 жылы Тілектес орта мектебінде, 1975 жылы Қазы орта мектебінде, 1983 жылдан бері Лебяжі орта мектебінде ұзақ ұстаздық қызметпен айналысты. Өзінің еңбексүйгіштігі арқасында Лебяжі ауданының ең үздік математика мұғалімдері қатарына кірді. Алғыс хаттармен, Мақтау қағаздармен марапатталды.
 
Тілеуғабылова Балхаш Андреевна (1962) / Ресей Федерациясы Алтай өлкесі Романов ауданы Сидоровка ауылында дүниеге келді. 1965 жылы отбасымен Қазақстанға көшіп келді. Павлодар есептік-экономикалық техникумын, Қарағандының экономикалық университетін бухгалтерлік есеи және аудит мамандығы бойынша тәмамдады. Еңбек жолын 1981 жылы Лебяжі аудандық тұрмыстық комбинатта есепші болып бастады. 1992 жылдан қазіргі уақытқа дейін аудандық телекоммуникация байланыс торабында есепші қызметін атқаруда. 2008 жылы аудандық мәслихаттың Құрмет грамотасымен марапатталды.
 
Тілеукенов Садритен Қабдығалыұлы (1951) / Лебяжі ауданы Шоқтал ауылында дүниеге келді. Физика-математика ғылымдарының докторы, профессор. Новосібір физика-математика мектебін, Қазақ Ұлттық университетінің физика факультетін тәмамдады. Үлкен қолданбалы маңызы бар әр қилы орталар механикасы туралы еңбектері Ресейде, АҚШ-та және басқа да елде жарық көрді. Қазіргі уақытта С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік университетінде физика кафедрасының меңгерушісі болып табылады.
 
Тілеукенов Нығметолла Қабдығалыұлы (1957) / Лебяжі ауданы Лесохим (Шақа) ауылында дүниеге келді. Еңбек жолын 1975 жылы механикаландырылған Бесқарағай орман шаруашылығында бастады. Қарағанды Мемлекеттік университетінің заң факультетін тәмамдады. 2003 жылдан қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігі ҚР Қауіпсіздік кеңесі хатшылығы секторының меңгерушісі қызметінде. Үкіметтік марапаттаулары бар. Ішкі істер бөлімінің полковнигі, ішкі қауіпсіздік жөнінен Президенттің кеңесшісі.
 
Тілеукенов Михаил Максимович (1947) / Лебяжі ауданы Лесохим (Шақа) ауылында дүниеге келді. Алматы Қазақ Мемлекеттік университетін, Қарағанды Мемлекеттік университетін тәмамдады. Полиция полковнигі, Әділет басқармасының аға кеңесшісі. Үкіметтік марапаттаулары бар.
 
Тұрғанбек Сағат Олжабекұлы (1964) / Павлодар облысы Баянауыл ауданы Егіндібұлақ ауылында дүниеге келді. С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік университетінің қазақ тілі мен әдебиеті факультетін тәмамдады. Еңбек жолын Егіндібұлақ орта мектебінен бастады. Лебяжі ауданына қарасты Шарбақты орта мектебінде оқытушы, Қазантай, Зор-Октябрь, Ленин, Шақа мектептерінің директоры қызметтерін атқарды. Қазіргі уақытта Шарбақты орта мектебінің директоры болып табылады.
 
Тастанбеков Серик Рустемханович (1942) / Родился в отделении №3 совхоза имени XXIII съезда КПСС (Черное) Лебяжинского района. В 1960-1967 г.г. работал шофером, до 1972 года работал на строительном участке старшим рабочим. В 1973 году с отличием окончил Павлодарский совхоз-техникум. С 1972 года работал управляющим отделения №2. С 1990 года был директором совхоза Лебяжинский6 затем директором совхоза имени XXIII съезда КПСС. Отличник социалистического соревнования работников сельского хозяйства. Был членом Республиканского Совета агропромышленного комплекса Казахской ССР, ударник коммунистического труда, депутат областного Совета народных депутатов Казахской ССР, участник совещаний работников овцеводства Казахстана. Участник Республиканского смотра племенного скота и птицы в ВДНХ. Награжден орденом «Знак Почета», орденом Трудового Красного Знамени, орденом Дружбы народов.
 
Таглимов Талап Ганиевич (1958 – 2008) / Родился в селе Корт Лебяжинского района. В 1982 году окончил Красноармейский сельскохозяйственный техникум по специальности техник. В 1976-1982 г.г. был секретарем комсомольской организации молодежной бригады «Тулпар» совхоза Жамбыл, в 1984-1992 г.г работал инженером по технике безопасности движения Лебяжинского райспецхозобъединения села Малыбай, в 1992-1993 г.г. был председателем профкома Лебяжинского райспецхозобъединения села Малыбай, в 1993-1994 г.г. работал председателем Малыбайского сельского Совета народных депутатов, в 1994-1995 г.г. был временным уполномоченным главой районной администрации по Малыбайскому сельскому округу, в 1995-2001 г.г. был Главой администрации Малыбайского сельского округа, в 2001-2006 г.г. был Акимом Малыбайского сельского округа, Акимом Шарбактинского сельского округа, в 2006-2008 г.г. работал Акимом Кызыласкерского сельского округа.
 
Теміржанов Қалел Теміржанұлы / Лебяжі ауданы Стаханов ауылында дүниеге келді. 1957-1961 ж.ж. Семейдің Н.К.Крупская атындағы педагогикалық институтын тәмамдады. Еңбек жолын Потанин орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімі болып бастады. Бастауыш сыныптар мұғалімдерінің меңгерушісі, 1967-1976 ж.ж. мектеп директорының оқу істері бойынша орынбасары қызметтерін атқарды. 1976-1995 ж.ж. Потанин орта мектебінің директоры болды. «Қазақ КСР үздік мұғалімі» белгісімен, түрлі сатыдағы грамоталармен, медальдармен марапатталды.
 
Тыртыкаева Шарбану Жунусовна (1939) / Уроженка села Черное Лебяжинского района. Заслуженный учитель Казахской ССР (1978). В 1957 году окончила Павлодарское педагогическое училище имени В.В.Воровского, в 1962 году Казахский Государственный университет имени С.М.Кирова. в 1962-1966 г.г. работала в Жамбылской средней школе Ермаковского (ныне Аксуского) района Павлодарской области, а затем завучем. В 1966 году переведена на работу в Ермаковский райком партии заведующей кабинетом политического просвещения. В 1967-1994 г.г. была в должности заместителя директора по воспитательной работе Ермаковского ГПТУ №164.
 
Ташимов Каят Сайфуллинович (1928) / Уроженец села Кызылкогам Лебяжинского района. В 1950-1955 г.г. учился на факультете механизации сельского хозяйства Казахского Ордена Трудового Красного Знамени сельскохозяйственного института. После окончания вуза работал заведующим мастерской Бескарагайского госплезавода, затем главным инженером совхозов Жолкудук (ныне К.Камзина) и Екибастузский. С 1959 года работал директором Харьковской РТС, одновременно директором Краснокутского (ныне Актогайского) СПТУ-2, затем Екибастузского совхоза. В 1964-1969 г.г. был заместителем начальника Краснокутского райсельхозуправления. С сентября 1969 года Министерством сельского хозяйства направлен директором Шарбактинского техникума механизации и электрофикации сельского хозяйства. С июня 1971 года был избран председателем исполкома Шарбактинского районного Совета народных депутатов трудящихся. С июня 1978 года переведен на работу первым секретарем Лебяжинского райкома Компартии Казахстана Павлодарской области. В 1969-1973 г.г. заочно обучался в аспирантуре при Казахском ОТКЗ сельскохозяйственном институте на кафедре механизации животноводства. В 1975 году защитил ученую степень кандидата технических наук. Награжден тремя орденами 2Знак Почета», медалями «За освоение целинных и залежных земель», «За доблестный труд», юбилейными медалями, знаком «Отличник народного просвещения Казахской ССР», бронзовой медалью ВДНХ СССР за разработку конструкции «Конвейерной купальной установки для овец и коз» во время участия в конкурсе сельских изобретателей.
 
Төлеуов Байтен (1934) / Лебяжі ауданы Жаңаауыл ауылында дүниеге келді. Ұлы Отан соғысы кезіндегі тыл еңбеккері. Соғыстан кейін механизаторлар курсын тәмамдап, Лебяжі ауданы Майқарағай кеңшарында тракторшы болып жұмыс істеді. 1954 жылы тың игеру науқанына белсенді қатысты. «Тың жерлерді игергені үшін», «Еңбек ардагері» және басқа да мерейгерлік медальмен, «1975 жылғы социалистік жарыстың жеңімпазы» белгісімен марапатталды.
 
Темірәлі Болат Нығматұлы (1939) / Лебяжі ауданы Зор-Октябрь ауылында дүниеге келді. Білімі жоғары. Педагогикалық еңбек жолын 1962 жылы Лебяжі ауданы Малыбай ауылында бастады. 1973-1999 ж.ж. математика мұғалімі болса, 1973 жылы – ұйымдастырушы, 1980-1985 ж.ж. оқу ісінің меңгерушісі қызметін атқарды. 1970 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесінің Президиумы атынан «Қажырлы еңбек» мерекелік медалімен, 1990 жылы Павлодар облысы Кеңесінің халық депутаттарының атқарушы комитетінің шешімі негізінде «Еңбек ардагері» медалімен, 2001 жылы аудан әкімі атынан Құрмет грамотасымен марапатталды.
 
Ташимова Шарбан Исмаилқызы (1931) / Павлодар облысы Май ауданы Ақжар ауылында дүниеге келді. 1951-1955 ж.ж. Алматының қыздар педагогикалық институтын тәмамдады. Еңбек жолын Лебяжі ауданы Бесқарағай орта мектебінде физика-математика мұғалімі болып бастады. 1969 жылға дейін Ақсу ауданы Жолқұдық орта мектебінде, Екібастұз ауданы Екібастұз орта мектебінде, Ақтоғай орта мектебінде мұғалім болып еңбек етті. 1969-1978 ж.ж. Шарбақты ауданының техникумында физика мұғалімі болса, 1978-1986 ж.ж. Лебяжі орта мектебінде қызмет атқарды. Қазақ КСР халық ағарту Министрлігінің «Халық ағарту ісінің үздігі» белгісімен (1984) және басқа да мадақтаумен марапатталды.
 
Тілеуғабылов Жұматай (1919) / Лебяжі ауданы Қорт ауылында дүниеге келді. Ұлы Отан соғысына қатысушы. Сталинград ұрысына, Ленинградты қорғауға қатысты. Польшаны, Чехословакияны азат етуге ат салысты. Кеңес-жапон соғысында болды. қызы жұлдыз, Отан соғысы ордендерімен, «Соғыстағы жетістіктері үшін», «Ерлігі үшін» медальдармен, Бас қолбасшы И.В.Сталиннің Алғыс хатымен және атақты генерал Г.К.Жуковтың атаулы қаруымен марапатталды. 1946-1969 ж.ж. Лебяжә аудандық ішкі істер бөлімінде абыройлы қызмет атқарды.
 
Тағлымов Болат Ғаниұлы (1940) / Лебяжі ауданы Майқарағай кеңшарының Қорт ауылында дүниеге келді. Еңбек жолын Лебяжі аудандық оқу бөлімінде автокөлік жүргізушісі болып бастады. 1978-1980 ж.ж. Май ауданының №194 кәсіптік-техникалық училищесінде директордың шаруашылық бойынша орынбасары болып еңбек етті. 1986-1988 ж.ж. Лебяжі аудандық атқару комитетінің ауыл шаруашылық басқармасының әдістемелік-оқу дәрісханасының меңгерушісі болып жұмыс жасады. 1988-1995 ж.ж. №14 кәсіптік өрт сөндіру бөліміне аға автокөлік жүргізушісі ретінде қабылданып, 1991 жылы қарауыл бастығы болып тағайындалды. 2003-2006 ж.ж. Лебяжі селолық округінің ардагерлер Кеңесінің төрағасы болып істеді. 2005 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі мерекесіне орай Лебяжі ауданы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
 
Тастамбеков Рысбек Серікұлы (1963) / Лебяжі ауданы Қарақала ауылында дүниеге келді. 1992 жылы Жамбыл гидромелиоративті-құрылыс институтын экономика және су шаруашылығын ұйымдастыру мамандығы бойынша тәмамдады. Еңбек жолын 1979 жылы СОКП ХХІІІ съезі атындағы кеңшардың (қазіргі Қарақала ауылы) №2 бөлімшесінде қатардағы жұмысшыдан бастады. 1981-2001 ж.ж. кеңшарда трактор жүргізуші, қаржы есептік орталықта аға қаржыгер, «Ырыс» шағын кәсіпорында коммерциялық істер бойынша директордың орынбасары, «Мерей» КСП-де аға экономис, Лебяжі әлеуметтік қорғау бөлімінде зейнетақыны жеткізуші, Потанин орта мектебінде экономика мұғалімі болып еңбек етті. 2001-2006 ж.ж. Қызыләскер ауылдық округінде әкім, ауыл шаруашылық және жер қатынастары бөлімінде меңгеруші болып абыройлы қызмет атқарды. Аудан әкімінің 2006 жылғы 4 қаңтардағы №1-12-Ө өкімімен Лебяжі ауданы ауыл шаруашылық бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.
 
Тәсімов Ерболат Жамсапұлы (1952) / Ресей Федерациясы Алтай өлкесі Романово ауылында дүниеге келді. 1978 жылы Павлодар индустриалды институтын (қазіргі С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік университеті) өндірістік және азаматтық құрылыс мамандығы бойынша тәмамдады. Еңбек жолын 1970 жылы Павлодар облысы Май ауданы Чапаев атындағы кеңшарда (қазіргі Саты ауылы) қатардағы жұмысшыдан бастады. 1978-1999 ж.ж. Май ауданы Жалтыр кеңшарында капиталды құрылыс шебері, Лебяжі ауданы «Бесқарағай» мемлекеттік асыл тұқымды қой зауытында құрылыс учаскесінің шебер-прорабы, Павлодар УОС «Кубань» ПОЭДМ-де учаске бастығы, су шаруашылығы жүйелерінің Лебяжі өндірістік-эксплуатациялық басқармасында бастық, «Бесқарағай асыл тұқымды қой зауыты» акционерлік қоғамында прораб, кәсіподақ төрағасы, «Бек» ЖШС өндіріс бойынша төраға орынбасары болып еңбек етті. 1999-2006 ж.ж. өндірістік-коммуналды сфера бөлімінде маман, меңгеруші, аудан әкімі аппаратында бас маман, құрылыс, тұрғын-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобильді жолдар бөлімінде меңгеруші болып абыройлы қызмет атқарды. Аудан әкімінің 2006 жылғы 4 қаңтардағы № 1-05-Ө өкімімен Лебяжі ауданы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.
 
Тілеуғабыл Қуандық Жұматайұлы (1959) / Лебяжі ауданы Аққу ауылында дүниеге келді. 1980-1985 ж.ж. Семей зоотехникалық-ветеринарлық институтында оқыды. Еңбек жолын Лебяжі ауданы Қазы кеңшарына қарсты №2 Қызыл тұз бөлімшесінде ветеринарлық дәрігер болып бастады. 1987-1999 ж.ж. аудандық ветеринарлық стансасында түрлі қызметтерді, зертхана директоры және ветстанса бастығы болып еңбек етті. 2004 жылдың қыркүйегінен бастап «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы Лебяжі аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызмет атқаруда. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Алғыс хатымен марапатталды.
 
Тасбаев Казбек Тасбаевич (1907) / Уроженец №4 аула Караталской волости Кустанайского уезда (ныне село Маяк Урицкого района Костанайской области). В 1925 году вступил в первую комсомольскую ячейку в ауле №4. в 1930 году закончив на отлично курсы трактористов, был направлен на работу в Федоровский зерносовхоз Костанайской области. В 1935 году получил направление на работу заместителем начальника Карагандинской областной школы механизации и одновременно работал секретарем партийной организации. В 1936-1939 г.г. работал третьим секретарем Полудинского райкома партии Северо-Казахстанской области, вторым и первым секретарем Кокшетауского райкома партии. В 1940-1946г.г был в должности заведующего организационным отделом, заведующим сельскохозяйственным отделом обкома партии Кызылординской области, заместителем начальника политуправления наркома Казахской ССР, секретарем по кадрам Актобенского обкома КП Казахстана. В 1951 году окончил высшую партийную школу при ЦК КПСС и избирается вторым секретарем Восточно-Казахстанского обкома партии. С 1953 года работает на должности председателя исполкома Акмолинского областного Совета депутатов трудящихся. В конце 1954 года по направлению ЦК КП Казахстана был направлен на работу в город Павлодар. В 1958-1961 г.г. был секретарем Лебяжинского райкома партии Павлодарской области. С 1961 года до выхода на заслуженный отдых работал первым заместителем начальника Павлодарского областного управления хлебопродуктов. Награжден двумя орденами «Трудового Красного Знамени», двумя орденами «Знак Почета», медалями «За доблестный труд в Великой Отечественной войне 1941-1945 г.г.», «За освоение целинных земель», «За трудовую доблесть», «Ветеран труда», Малой золотой медалью ВСХВ, юбилейными медалями, Почетными грамотами.
 
Табұлова Дарико Абаққызы (1978) / Лебяжі ауданы Бесқарағай ауылында дүниеге келді. 1997 жылы Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжін бастауыш сыныптар мұғалімі мамандығы бойынша, 2008 жылы Инновациялық Еуразиялық университетін мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша тәмамдады. Еңбек жолын 1996 жылы Павлодар қаласының облыстық мұғалімдердің білімін жетілдіру институтында әдіскерліктен бастады. 1998-2006 ж.ж. Павлодар Қашыр ауданы Бобровский орта мектебінде қазақ тілі мұғалімі, Лебяжі ауданы Потанин орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі, Лебяжі ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде бас маман, Лебяжі ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-кадр бөлімінде бас маман болып еңбек етті. Соңғы уақытта Лебяжі аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы қызметін атқарды. Аудан әкімінің 2009 жылғы 12 қаңтардағы №1-06-ө өкімімен Лебяжі ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы болып тағайындалды.
 
Тілеукенов Қабдылқақ Қабдығалыұлы / Лебяжі ауданы Шақа ауылында дүниеге келді. Алматыдағы Қазақ Мемлекеттік университетін, Қарағанды Мемлекеттік университетін тәмамдады. Полиция полковнигі, әділет аға кеңесшісі дәрежесіне көтерілді.
 
Тәшімов Қаят Сейфоллаұлы / Лебяжі ауданы Тілектес ауылында дүниеге келді. Техника ғылымдарының кандидаты. 1978-1986 ж.ж. Лебяжі аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болды.
 
Тайбағар / Бұрынғы ауылдық елді мекен. Тайбағар (Арғын-Бәсентиін ішіндегі ру атасы), адам атымен аталған қоныс. 1935 жылы елді мекенде «Бәйімбет» ұжымшары құрылды, ол 1941 жылы Амангелді атындағы ұжымшар болып өзгертілді. Шақа ауылдық округіне қарады.
 
Тақыр / Ауылдық елді мекен, Баймолдин ауылдық округінің бұрынғы бөлімшесі. Ауылдық аймақтың орталығы Баймолдин елді мекенінен 6 км қашықтықта орналасқан. Тұрғындардың саны 432 адам (1999 жылы) болған. Көбі – қазақтар – 310 адам. Тақыр – «сазды, өсімдіктер нашар өсетін жер». Бұрынғы атауы – Солнечный. 1929 жылы Тақыр ауылында Тельман атындағы ұжымшар, 1935 жылы «ҚазКСР 15 жылдығы» атындағы ұжымшар құрылды. 1944 жылға дейін елді мекен Цюрупин, 1944-1957 ж.ж. аралығында Галкин ауданының құрамында болды.
 
Талдықұдық / Бұрынғы ауылдық елді мекен, Шақа ауылдық округі «Бесқарағай» орман шаруашылығының кордоны. Шақа ауылынан 40 км қашықтықта орналасқан елді мекен болған. Халқының саны 2 адамды (1970 жылы) құрағана. Талдықұдық – «талды жердегі құдық (тал бұталарының арасындағы құдық)».
 
Тарақты / Бұрынғы ауылдық елді мекен, Шақа ауылдық округіне қараған. Тарақты – геноним, тура мағынада «тарақ сияқты» тарақ түріндегі таңбасы бар Орта жүз руының атауы.
 
Тасболат / Бұрынғы ауылдық елді мекен, Майқарағай ауылдық округінің Майқарағай елді мекенінен 8 км қашықтықта орналасқан. Халқының саны 6 адам (1970 жылы) болған. Тасболат – антропоним, ер адам есімі.
 
Тегістік / Бұрынғы ауылдық елді мекен, Қызылағаш ауылдық округінің «Бесқарағай» асыл тұқымды қой зауытының бөлімшесі болған. Ауылдық округ орталығы Бесқарағай елді мекенінен 25 км қашықтықта орналасқан. Тұрғындардың саны 72 адам (1970 жылы) болған. Елді мекен «Тегістік» ұжымшарынң атауымен аталған. Бұл 1917 жылғы Қазан төңкерісінен кейін пайда болған және «өмірдің жаңаруын» бейнелейтін идеологиялық атаулардың бірі.
 
Тельман / Бұрынғы ауылдық елді мекен, Жамбыл атындағы кеңшардың бөлімшесі болған. Халқының саны 15 адамды (1970 жылы) құраған. Елді мекен атауы халықаралық коммунистік қозғалыс көсемі, неміс қайраткері Эрнст Тельман (1886-1944) құрметіне байланысты қойылған. Қазіргі уақытта жойылып кеткен атау.
 
Тереңкөл / Ауылдық елді мекен, Баймолдин ауылдық округінің бөлімшесі. Ауылдық округ орталығы Баймолдин елді мекенінен 24 км қашықтықта орналасқан. Тұрғындардың саны 110 адам (1999 жылы) болған, тегіс – қазақтар. ХІХ ғасырдың ортасынан 1928 жылға дейін Тереңкөл Семей облысындағы Павлодар уезінің Тереңкөл көшпелі болысының орталығы болған. Елді мекен 1933 жылға дейін Бесқарағай, 1933-1940 ж.ж. аралығында Цюрупин, 1940 жылдан бастап Лебяжі ауданының құрамында болды. ХХ ғасырдың 30-50 ж.ж. Тереңкөл ауылдық кеңесінің К.Маркс атындағы ұжымшардың орталық мекені болған. Тереңкөл дәлме-дәл «терең көл» дегенді білдіреді.
 
Тереңқұдық / Бұрынғы ауылдық елді мекен, Қызылағаш ауылдық округінің «Бесқарағай» асыл тұқымды қой зауытының бөлімшесі болған. Ауылдық округ орталығы Бесқарағай елді мекенінен 7 км қашықтықта орналасқан. Тереңқұдық дәлме-дәл «терең құдық» дегенді білдіреді.
 
Тоғызқұдық / Бұрынғы ауылдық елді мекен, Баймолдин ауылдық округінің бөлімшесі. Баймолдин елді мекенінен 5 км қашықтықта орналасқан. Халқының саны 103 адам (1970 жылы) болған. Тоғызқұдық – «тоғыз құдығы бар қоныс», «су қоры мол» дегенді білдіреді.
 
Тоғызқұдық / Бұрынғы ауылдық елді мекен, Майқарағай ауылдық округінің қонысы. Халқының саны 8 адам (1970 жылы) болған. Тоғызқұдық – «ттоғыз құдығы бар қоныс», «су қоры мол» дегенді білдіреді.
 
Төртсары / Бұрынғы ауылдық елді мекен, Майқарағай ауылдық округінің қонысы. Халқының саны 15 адам (1970 жылы) болған. Төртсары тура мағынада «төрт сары» – геноним, Арғын тайпасының Бәсентиін ішіндегі ру тармағы.
 
Төсағаш / Ауылдық елді мекен. Округ орталығы Шарбақты ауылынан 32 км қашықтықта орналасқан. Тұрғындар саны 362 адам (1999 жылы) болған, көбі – қазақтар – 359 адам. Төсағаш атауы қарағай орманы баурайында орналасып, жер бетінің ерекшелігін сипаттайды. Қарағай төсінде орналасқан ұғымға сәйкес келеді. 1929 жылы Төсағаш ауылында Төсағаш ауылдық әкімшіліктің «Зори Октября» ұжымшары құрылды. 1940 жылға дейін ұжымшар Бесқарағай ауданына қараған.
 
Тілектес / Ауылдық елді мекен, Ямышево ауылдық округі «Қызылқоғам» кеңшарының бұрынғы бөлімшесі. Ауылдық округ орталығы Ямышево елді мекенінен 11 км қашықтықта орналасқан. Тұрғындардың саны 308 адам (1999 жылы) болған, көбі – қазақтар – 244 адам. Елді мекен өз атауын бұрынғы «Тілектес» ұжымшарынан алған.
 
Тілеуберді / Бұрынғы ауылдық елді мекен, Шарбақты ауылдық округінің бөлімшесі, халқының саны 20 адам (1970 жылы) болған. Тілеуберді – патроним, геноним (Бұлтын-Қыпшақ-Сүйіндік-Арғындардың бір тармағы). Антропонимнен туындаған.
 
 
Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 2019 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 1.0/1
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: