Лебяжі ауданының бейресми энциклопедиясы
15/07/2011, 17:20 | |
Сыздықов Жанпейіс (1895 – 1979) / Павлодар облысы Лебяжі ауданы Бесқарағай ауылында дүниеге келді. Бала кезінен помещик Сереминнің қолында жұмыс істеді. Мал бағу мен күтудің қыр-сырын ерте үйреніп, мол тәжірибе жинаған Ж..Сыздықов ұзақ жылдар «Бесқарағай асыл тұқымды қой зауытында» шопан болып жұмыс істеді. Асыл тұқымды солтүстік қазақ мериносын өсіруге сүбелі үлес қосты, жүн қырқудан, төл алудан бірнеше мәрте аудан, облыс жеңімпазы атанды, Республиканың танымал шопандарының бірі болды. Солтүстік қазақ мериносы биязы жүнді асыл тұқымды қой өсіруге еңбегі сіңді. Еңбегі бағаланып, 1958 жылы КСРО Жоғары Кеңесінің Жарлығымен Социалистік Еңбек Ері атанып, Ленин ордені және Алтын Жұлдызбен марапатталды.
Садвакасова Роза (1942) / Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Ақжар ауылында дүниеге келді. 1965 жылы Өскемен мемлекеттік педагогикалық институтын бітірді. 1965 жылдан 1995 жылға дейін Лебяжі ауданының мектептерінде, 1995-98 жылға дейін Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында неміс тілі пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарды. Аудандық оқу бөлімінің облыстық кәсіподақ комитетінің мақтау грамоталарымен марапатталған. "Қазақстан Республикасы ағарту ісінің үздігі” белгісінің иегері. Қазір Алматы қаласы «Ақ әжелер» ансамбілінің көркемдік жетекшісі. Алматы қаласы Әуезов аудандық зейнеткерлер советінің мүшесі.
Сыздықова Камал Байкенқызы (1936 – 1987) / Шарбақты ауданы Арбиген ауылыныда дүниеге келді. Педагогикалық училищені бітіріп, 1957 жылдан бастап Жаңа ауыл мектебінде ұстаздық еңбегін бастады. 1980 жылы Лебяжі ауданының Восточный совхозының ІІІ бөлімшесінде мұғалімдік қызметін атқарды. 1987 жылы зейнеткерлікке шықты. «Қазақ КСР ағарту ісінің озық қызметкері» атағының иегері. «Ерен еңбегі» үшін медалімен марапатталды.
Сәкенов Жантемір (1930) / Лебяжі ауданы Жаңатаң ауылында дүниеге келді. 1945-1951 ж.ж. Шәкәрім интернатында тәрбиеленді. 1955-1958 ж.ж. Қызыләскер, Лебяжі орта мектептерінде ұстаздық етті. 1984 жылы Қазақ КСР Оқу Министрлігінің «Құрмет грамотасымен», 1986 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 1990 жылы «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды.
Сәрсенбекқызы Қайыркеш (1927) / Лебяжі ауданы Қаракесек ауылында дүниеге келді. 1946-1952 ж.ж. Қызыләскер орта мектебінде, 1952-1954 ж.ж. СОКП №23-съезі кеңшарының (қазіргі Қарақала) жетіжылдық мектебінде, 1954-1956 ж.ж. Шарбақты жетіжылдық мектебінде, 1956-1984 ж.ж. Лебяжі орта мектебінде бастауыш сыныптар мұғалімі болып қызмет атқарды. 1964 жылы «Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздігі» белгісімен, 1976 жылы «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды.
Сыдықова Рабхан Алдабергенқызы (1935) / Алматы облысы Жамбыл ауданы Жангелдин ұжымшарында (Бесмойнақ ауылы) дүниеге келді. 1959 жылы Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік институтының филология-тарих факультетін тәмамдады. Еңбек жолын сол жылы Лебяжі орта мектебінен бастап, зейнеткерлікке шыққанша ұстаздық жұмыспен айналысты. 1971 жылы «Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздігі» белгісімен, ерен еңбегі үшін «Еңбек ардагері» медалімен және көптеген құрмет грамоталармен марапатталды.
Сәдіров Еркін Шәмкенұлы (1933) / Павлодар облысы Ертіс ауданы Октябрь ұжымшарында дүниеге келді. Еңбек жолын 1954 жылы Алматының мұғалімдер институтын тәмамдағаннан соң Лебяжі орта мектебінде қатардағы ұстаздықтан бастап, директордың оқу ісі бойынша орынбасарына дейін көтерілді. 1974-1986 ж.ж. аудандық халықтық бақылау комитетінің төрағасы болды. 1986-1990 ж.ж. аудандық мемлекеттік сақтандыру инспекциясының бастығы болса, 1990-1993 ж.ж. агроөнеркәсіп кешені қызметкерлері кәсіподақ комитетінің хатшысы, аудандық кәсіподақ ұйымында қызметтер атқарды. 1978 жылы Республиканың Халықтық бақылау органдарының жұмыстарына белсенді атсалысқаны үшін Құрмет грамотасымен, кейіннен басқа грамоталармен, адал еңбегі үшін «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды.
Серебренникова Людмила Васильевна (1938) / Новосибирск облысының Искитим қаласында дүниеге келді. 1955-1960 ж.ж. Семей қаласының Крупская атындағы педагогикалық институтының химия-биология факультетінде оқыды. Сол жылы жолдамамен Павлодар облысының Лебяжі орта мектебіне өз мамандығы бойынша мұғалім болып орналасты. 1961-1993 ж.ж. сол мектепте оқу бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. Ерен еңбегі үшін «Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздігі» белгісімен, Ленин медалімен, Қазақ КСР Білім беру Министрлігінің мақтау грамотасымен, «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды.
Серебренников Геннадий Викторович (1936) / Лебяжі ауданы Аққу ауылында дүниеге келді. 1953-1955 ж.ж. Петропавл ауылшарушылықты механикаландыру мен электрлендіру техникумының техник-механик мамандығын игеріп шықты. 1956-1960 ж.ж. Лебяжі ауданы Жамбыл ауылында механик болып жұмыс жасады. 1961-2004 ж.ж. аралығында Лебяжі орта мектебінде технология сабағынан дәріс беріп, «С» санатты көлік жүргізушілерді оқыту ісімен айналысты. Ерен еңбегі үшін «Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздігі» белгісімен, Қазақ КСР Білім беру Министрлігінің мақтау грамотасымен, «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды.
Сатыбалдин Сәдуақас (1888 – 1935) / Лебяжі ауданы Қаракесек (қазіргі Қызылқоғам) ауылында дүниеге келді. Троицк қаласында Расулия медресесінде діни тәрбие алып, хазрет атағын иемденді. 1907 жылы ауылда медресе салып, онда хазрет Сәдуақас ұстаздық жолын бастады. Кеңес Өкіметінің орнауымен медреселер мектептерге айналып, халықты сауаттандыру, қараңғы адамдардың көзін ашып, білімге құштарлығын дамыту мақсатымен ауыл балаларын оқыта бастады. Өз білімін тереңдетуде Семей қаласының екі жылдық педагогикалық курстарын оқып, коммуна мектебінің әрі білім бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. 1930 жылы ата-анасыз қалған балаларға арнайы ұйымдастырған «Қазучкомбинатының» диреткоры болып тағайындалды. Кейін Бесқарағай ауданында білім бөлімінің меңгерушісі болып қызмет етті.
Сағындықова Айғаным Сейілқызы (1950) / Қостанай облысы Мендікере ауданында дүниеге келді. 1967-1971 ж.ж. Павлодар педагогикалық институтының математика факультетінде оқыды. 1971-1983 ж.ж. Потанин, Қазы, Шақа, Жаңатаң мектептерінде мұғалім болып еңбек жасады. 1984 жылдан бері Лебяжі орта мектебінде ұстаздық жасап келеді. Жоғарғы санатты ұстаз.
Смағұлов Ғазиз Ғалымұлы (1916 – 1968) / Семей қаласында дүниеге келді. Ұлы Отан соғысына қатысушы. 1960 жылдан бастап Восточный ауылында №558 ПМК шеберханасында жұмысшылар кооперативінің қойма меңгерушісі болып еңбек етті. «Ленинградты жаудан босатқаны үшін», «Жеңіске 20 жыл» медальдарымен марапатталды.
Смағұлов Арыстан Омарбекұлы (1939 – 1990) / Семей (қазіргі Шығыс Қазақстан) облысы Бесқарағай ауданы Семияр ауылында дүниеге келді. 1957 жылы мектепті бітіріп, бір жылдық ауылшаруашылық мектебінде оқыды. Отбасы жағдайымен 1959 жылы Лебяжі ауданы Шарбақты ауылына көшіп келіп, 1959-1962 ж.ж. жем-азық дайындайтын трактор бригадасында есеп жүргізуші, 1963-1964 ж.ж. комсомол хатшысы қызметтерін атқарды. 1965-1969 ж.ж. Лебяжі аудандық партия комитетінің аппаратында нұсқаушы, бөлімше басқарушысы, кеңшар директорының өндіріс жөніндегі орынбасары міндеттерін атқарды. 1967-1970 ж.ж. Красноармейка ауылшаруашылық техникумында оқыды. 1979-1985 ж.ж. Семейдің зооветеринарлық институтын сыртта й оқып тәмамдады. «Ерен еңбегі үшін», «Еңбек ардагері» медальдарымен, «Социалистік жарыстың жеңімпазы» белгісімен марапатталды.
Сабағатов Қалимолла (1917) / Лебяжі ауданы Жабағылы ауылында дүниеге келді. Ұлы отан соғысына қатысушы. Соғыстан кейін ауылында еңбек етті. 1954 жылы механизаторлар училищесін бітірді. Ұлы Отан соғысының орденімен, «1941-1945 ж.ж. Ұлы отан соғысында Германияны жеңгені үшін» және басқа да Жеңістің мерейгерлік медальдарымен, «Тың жерлерді игергені үшін» және өзге де медальдармен марапатталды.
Садықов Тоқмұхамед Сәлменұлы (1940) / 1964 жылы Қазақтың С.М.Киров атындағы Мемлекеттік университетін (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті) бітіріп, Алматы құрылыс техникумына оқытушы болып орналасты. Мәскеудің Ломоносов атындағы Мемлекеттік университетінің аспирантурасынан соң 1973 жылы кандидаттық, 1983 жылы сол жоғары оқу орнында докторлық диссертация қорғады. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтында (Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университет) аға оқытушы, Қазақ КСР Министрлер Кеңесі Төрағасы орынбасарының көмекшісі, Алматы шет тілдер институтының партком хатшысы, Алматы зооветеринарлық институтының кафедра меңгерушісі, Қазақ КСР Жоғары және арнаулы орта білім министрінің орынбасары болып қызмет етті. 1987 жылдан Алматының Абай атындағы Мемлекеттік университетінің ректоры. Садықов Т. 66 ғылым кандидатын, 12 ғылым докторын даярлады. 300-ден астам ғылыми еңбектің, 12 монографияның авторы. 1988 жылы КСРО педагогика ғылымдары академиясының мүше-корреспонденті, 1995 жылы Жоғары мектептер халықаралық ғылым академиясының академигі болып сайланды. 9 халықаралық университеттің Құрметті профессоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері. «Парасат» орденімен, Гете институтының «Гете» халықаралық медалімен марапатталды. 2002 жылы Франция өнеркәсіпшілері Одағының Алтын медаліне ие болды.
Садықов Айтжан (1951) / Лебяжі ауданы Майқарағай ауылында дүниеге келді. Семей Мемлекеттік медициналық институтын тәмамдаған соң, Павлодар облысы бойынша денсаулық сақтау жүйесінде жұмыс жасады. Кейіннен Лебяжі ауданы әкімінің орынбасары қызметінде болды. Артынша Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты болып сайланды. Қазіргі уақытта ҚР Денсаулық сақтау Министрлігінің фармакология комитетінде еңбек етуде.
Садықов Жеңіс Айтмұқанұлы (1945 – 1997) / 1969 жылы Семей Мемлекеттік медициналық институтын үздік тәмамдап, 1972 жылы сондағы аспирантураны аяқтады. Сол жылы кандидаттық диссертация қорғап, патология-физиология кафедрасында ұстаздық қызметпен айналысты. Кейіннен патология бойынша ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары, Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университеті медициналық факультетінің деканы қызметтерін атқарды. Шығыс Қазақстандағы «Невада-Семей» ярдолық сынақтарға қарсы қозғалысын басқарып, осы қозғалыстың көшбасшысы О.Сүлейменовтің жақтасы болды. Көптеген ғылыми жобалардың авторы.
Солтан Базан Рамазанұлы (1936) / Ресей Федерациясы Алтай өлкесі Ребриха ауылында дүниеге келді. 1954 жылы тракторшылар курсынан соң Павлодар облысы Галкино ауданына тың игеруге келді. 1957-1978 ж.ж. тракторшы, астық қабылдау пунктінде механик болып қызмет атқарды. 1978-1992 ж.ж. Малыбай кеңшарында директордың орынбасары болып қызмет атқарды. 2004 жылы Павлодардағы Мәшһүр Жүсіп атындағы орталық мешіттің құран оқу курсын аяқтап, 2006 жылы қажылыққа барды. Қазіргі уақытта Малыбай ауылының имамы. «Ерен еңбегі үшін» медальмен, Мақтау қағаздармен марапатталды.
Сүлейменов Жантемір (1932) / Лебяжі ауданы Төсағаш ауылында дүниеге келді. 1956 жылы Семей педагогикалық институтының физика-математика факультетін тәмамдады. 1967 жылы Жабағылы сегізжылдық мектебіне директор болып тағайындалды. Еңбек жолы бағаланып, «Ерен еңбегі үшін» мерейгерлік медальмен және бірнеше Алғыс хатпен марапатталды.
Сейілханов Сабырхан Сейілханұлы (1906) / Лебяжі ауданы Жабағылы ауылында дүниеге келді. Ұжымдастыру кезінде ортаға мал салысып, Жабағылы ұжымшарын құрылуына өз үлесін қосқандардың бірі болды. Ұлы Отан соғысына қатысушы. Майданда жаяу әскер қатарында шайқасты. Ауыр жарақат алып, 194 жылы елге оралып, тылдағы еңбеккерлермен қажырлы жұмыс жасап, Жеңіске қайталанбас үлесін қосты. Бірнеше медальмен және мадақтамамен марапатталды.
Староверова Галина Николаевна (1935) / Ресей Федерациясының Горький облысының Лысковск ауылында дүниеге келді. 1954 жылы Лысковск педагогикалық училищесін тәмамдады. 1954 жылдан бастап Лебяжі ауданы Бесқарағай орта мектебіне бастауыш сыныптар мұғалімі болып жұмыс атқарды. «Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздігі» медалімен марапатталды.
Староверов Николай Николаевич (1936) / Ресей Федерациясы Горький облысының Чернухинск ауданы Льготский ауылында дүниеге келді. 1954 жылы Лысовск педагогикалық училищесін тәмамдады. Артынан сырттай Семей педагогикалық институтын бітірді. 1970 жылға дейін Бесқарағай орта мектебінде, содан соң Ямышев орта мектебінде ұстаздық жасады. «Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздігі» медалімен марапатталды.
Сембин Ерқанат Әбдразақұлы (1958) / Павлодар облысы Баянауыл ауданы Майқайың ауылында дүниеге келді. 1984 жылы Павлодар педагогикалық институтын аяқтады. 1986 жылдан бастап Ішкі істер қызметінде. Қарағанды жоғары милиция мектебін тәмамдады. Павлодар облысы ішкі істер департаментінің криминалды полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі. «Құқық тәртібін қамтамасыз етуде үздік шыққаны үшін» медалімен, «Ішкі істер министрлігіндегі үздік қызметі үшін» белгісімен, бінеше мәрте департамент басшылығының Алғысымен марапатталды.
Сапаров Қуат Табылдыұлы (1967) / Лебяжі ауданы Қорт ауылында дүниеге келді. 1993 жылы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің жаратылыстану-география факультетін география мамандығы бойынша тәмамдады. 1994-1999 ж.ж. Павлодар қаласындағы Абай атындағы №10 лицей-мектебінде, қазақ-түрік ер балалар лицейінде қызмет атқарды. 1999 жылдан бастап С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік университетінде еңбек етуде. 2006 жылдан география кафедрасының меңгерушісі. «Қазақ географиялық қоғамы» Павлодар облыстық филиалының төрағасы, ПМУ-дің доценті, география ғылымдарының кандидаты. 60-тан астам ғылыми еңбектің авторы болып табылады.
Сағындықова Лиза Балталықызы (1966) / Қарағанды облысы Жезқазған елді мекенінде дүниеге келді. 1991 жылы Қарағанды педагогикалық институтын педагогика және психология мамандығы бойынша тәмамдады. 2008 жылдан бастап Павлодар облысы мемлекеттік мұрағатының Лебяжі бөлімінің бастығы қызметін атқаруда.
Соколов Сергей Алексеевич (1968) / Родился в селе Жамбыл Лебяжинского района. Воин-интернационалист. В 1986 году был призван в ряды Вооруженных сил СССР. С 10 апреля 1987 года по август 1988 года проходил действительную слкжбу в Демократической Республике Афганистан. Награжден медалью «Благодарность афганского народа», медалью «За воинское отличие II степени», медалью «15-летие вывода войск из Афганистана».
Смағұлов Хакім (Қабдылхакім) (1914) / Ұлы Отан соғысына қатысушы. 1938 жылы В.В.Воровский атындағы Павлодар педагогикалық училищені тәмамдады. Ұзақ жылдар бойы Лебяжі ауданы Абай орта білім беретін мектепте еңбек сіңірген ардагер мұғалім болды. ІІІ дәрежелі Даңқ орденімен, «Қызыл жұлдыз» орденімен марапатталды.
Серғазин Сейітжан Серғазыұлы (1923) / Ұлы Отан соғысына қатысушы. 1954 жылы Халық ағарту саласындағы көп жылғы табысты еңбегі ескеріліп, «Қазақ КСР халық ағарту ісінің озық қызметкері» белгісімен марапатталды. 1961 жылы Абай атындағы Алматы педагогикалық институтының қзақ тілі мен әдебиеті факультетін тәмамдады. 1976-1982 ж.ж. Лебяжі ауданы Абай орта мектебінде директор қызметін атқарды. ІІ дәрежелі Ұлы Отан соғысы орденімен марапатталды.
Сабитов Мурат Сабитович (1938) / Уроженец села Жамбыл Лебяжинского района. Доктор философских наук (1990), профессор, член-корреспондент Академии социальных наук, лауреат Государственной премии по науке и технике (1984). В 1961 году окончил физический факультет Казахского Государственного университета. В 1955-1956 г.г. работал учителем физики и немецкого языка. С 1961 года работал в институте философии и права АН Казахской ССР, младшим научным сотрудником, старшим научным сотрудником, главным научным сотрудником . В 1963-1966 г.г. обучался в аспирантуре. В 1984-1987 г.г. был заместителем директора по науке. В 1994-1995 г.г. заместителем академика-секретаря Отделения общественных наук НАН РК. С 1996 года заведующий отделом диалектики и теории познания, заведующий кафедры Казахской Государственной архитектурно-строительной Академии. Автор нескольких книг.
Сагитов Сайткен Сагитович (1923) / Уроженец села Кызылкогам Лебяжинского района. Участник Великой Отечественной войны. Почетный сотрудник госбезопасности СССР, полковник в отставке. После окончания школы с 1941 по 1942 г.г. работал секретарем председателя колхоза, учетчиком полевой бригады. В 1942 году был призван в ряды Советской Армии, в состав 1-гвардейской воздушно-десантной бригады. В составе данного полка Северо-Западного фронта участвовал в боях под Ленинградом (ныне Санкт-Петербург). С 1943 года в должности наводчика артдивизиона 328-гвардейского парашютно-десантного полка принимал участие в боях по освобождению Австрии, Венгрии, участник штурма города Вена. В апреле 1947 года был демобилизован и до 1949 года работал учителем в Лебяжинском района Павлодарской области. В 1949-1983 г.г. работал в органах МГБ-КГБ СССР. Награжден орденом Славы III степени, медалью «Ветеран Вооруженных Сил СССР».
Святов Аманжол (1925 – 2001) / Уроженец села Тосагаш Лебяжинского района. Профсоюзный деятель, персональный пенсионер «За особые заслуги перед РК». Окончил Республиканскую партийную школу при ЦК Компартии Казахстана и высшую партийную школу при ЦК КПСС. Трудовую деятельность начал в колхозе Зор-Октябрь Лебяжинского района в 1940 году. В 1941-1945 г.г. работал на военном заводе в Алматы. С 1945 по 1965 г.г. был заместителем председателя райисполкомов Лебяжинского, Ермаковского (ныне Аксуского) районов и города Екибастуз, председателем исполкома в Ермаковском, Краснокутском (ныне Актогайский) районах, вторым секретарем Лебяжинского и Павлодарского райкомов партии. В 1965-1985 г.г. бессменным секретарем Павлодарского облсовпрома. После ухода на пенсию возглавлял областной совет по туризму и экскурсиям, а с 1991 года был председателем фонда «Оздоровление и спорт». Награжден двумя орденами Трудового Красного Знамени, медалями. В доме, где жил Святов А., что по улице Академика Сатпаева, 172 в Павлодаре, установлена мемориальная доска.
Сеитова Рауза Асылбековна (1923 – 1994) / Уроженка села Лебяжье Лебяжинского района. Заслуженный учитель Казахской ССР (1982), учитель-методист, новатор обучения, отличник народного образования. Окончила Казахский женский институт. В 1941-1945 г.г. работала учителем начальных классов школы в селе Лебяжье, в 1945-1947 г.г. преподавала в школе №1 города Павлодар, в 1947-1959 г.г. работала в школе №5 города Акмола (ныне Астана), с 1959 года и до выхода на заслуженный отдых преподавал в школе №69 города Алматы.
Сыздыков Серым Уахапович (1952) / Уроженец села Ямышево Лебяжинского района. В 1976 окончил Семипалатинский медицинский институт. В 1977-1980 г.г. был хирургом-травматологом в поликлинике №5 города Павлодар, в 1980-1991 г.г. врачом-травматологом в областной больнице. В 1991 году работал заведующим травматологического отделения и выполнял обязанности главного внештатного травматолога департамента здравоохранения области. С апреля 1999 года является главным врачом областной больницы.
Сатыбалдина Мунира Садуакасовна (1918 – 1983) / Родилась в селе Каракесек Лебяжинского района. Первая женщина-казашка в области, награжденная знаком 2Отличник народного образования Казахской ССР» (1957). Звеньевая звена высшего урожая в годы Великой Отечественной войны. В 1935-1941 г.г. работала учителем Кызыласкерской средней школы Лебяжинского района, в 1941-1957 г.г. была завучем, директором данной школы. В 1957-1962 г.г. работала секретарем Лебяжинского райкома партии. В 1962-1975 г.г. была воспитателем, старшим воспитателем, завучем школы-интерната №3 города Павлодар. Была депутатом местных органов власти.
Столбов Геннадий Яковлевич (1936) / Уроженец города Семипалатинск. В 1958-1963 г.г. учился на факультете ветеринарии Семипалатинского зооветеринарного института. В 1963 году был направлен на работу в Лебяжинский район Павлодарской области заведующим участковой ветеринарной лечебницы. В 1965-1971 г.г. был главным врачом Лебяжинского районного управления сельского хозяйства, в 1971-1976 г.г. заместителем начальника Лебяжинского управления сельского хозяйства. В 1976-1980 г.г. занимал должность директора совхоза Кызылкогамский Лебяжинского района. В 1980-1989 г.г. работал начальником управления сельского хозяйства Майского района Павлодарской области. В 1989-1991 г.г. председателем исполкома Лебяжинского Совета народных депутатов. В 1991-1992 г.г. первым заместителем главы администрации по промышленности, строительству, транспорту и связи. Награжден орденом «Знак Почета» (1971), медалью «За трудовое отличие» (1966), медалью «За доблестный труд» (1970), Почетными грамотами Верховного Совета Казахской ССР.
Сәбитов Рәшит Сәбитұлы (1939) / Лебяжі ауданы Жаңатаң ауылында дүниеге келді. 1959 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің журналистика факультетін тәмамдады. 1959-1968 ж.ж. Ермак (қазіргі Ақсу), Май аудандық газеттері редакторының орынбасары болып қызмет жасады. 1970 жылы алматы жоғары партия мектебін бітірген соң, Павлодар облыстық «Қызыл Ту» (қазіргі «Сарыарқа самалы») газетінің аға әдеби сыншы қызметін атқарды. Бұдан кейінгі жиырма жылда Қазақстан Компартиясының Орталық Комитеті жанындағы партия тарихы институтының аға ғылыми редакторы болып еңбек етті. 1972-1992 ж.ж. республикалық дәрежедегі дербес зейнетке шыққанға дейін ҚР Сыртқы істер Министрлігінде бірінші хатшы, сектор, бөлім меңгерушісі, кеңесші болып қызмет көрсеткені үшін Екінші хатшы дипломатиялық дәрежесі берілді. Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі. «Тың және тыңайған жерлерді игердің 10 жылдығы», «Еңбек ардагері» медальдарымен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталды. «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері» құрметті атағы берілді. Танымал ақынның топтама өлеңдері «Жас жүрек» (1956), «Тақпақ айтып ән шырқайық» (1961) ұжымдық жинақтарында жарияланды. «Толқын» атты өлеңдер жинағы 1978 жылы «Жалын» баспасынан жарық көрді.
Сагитов Аспандияр Ешмуратович / Уроженец Лебяжинского района. Окончил Семипалатинский педагогический институт имени Н.К.Крупской. трудовую деятельность начал учителей истории в Лебяжинской средней школе. Работал в государственных органах Лебяжинского райкома партии, заведующим организационным отделом, секретарем партийного комитета совхоза Кызылкогам. В 1979-1997 г.г. занимал должность директора Жамбылской средней школы. Награжден знаком «Отличник просвещения», правительственными наградами.
Сүлейменов Сәрсенбай (1915) / Лебяжі ауданы Тереңкөл ауылында дүниеге келді. Ұлы Отан соғысына қатысушы. Соғыстан кейін туған ауылына қайтып келіп, басқарушы болып жұмыс істеді. «Қызыл жұлдыз», ІІІ дәрежелі «Даңқ», ІІ дәрежелі «Ұлы Отан соғысы» ордендерімен, екі мәрте «Жауынгерлігі үшін», «Еңбек ардагері» медальдарымен, «КСРО ХШЖК-нің» қола медалімен марапатталды.
Сидоренко Людмила Васильевна (1967) / Уроженка села Черное Лебяжинского района. В 1984-1985 г.г. окончила Омское училище радио и связи №5 по специальности телефонист. По окончании училища вернулась в село Черное, где работала секретарем-машинисткой в центральной конторе совхоза имени XXIII съезда КПСС. Позже работала секретарем-машинисткой в АТП «Агропромтранс» в селе Лебяжье. С июня 1995 года была принята в Лебяжинский РУТ на должность техника АТС. В 1999 году переведена на должность кассира, затем оператора ЭВМ. С декабря 2007 года работает начальником участка продаж Лебяжинского РУТ. Награждена Благодарственным письмом к 10-летию акционерного общества «Казахтелеком».
Султангазин Александр Захарович (1924) / Уроженец села Вылково Тюменского района Алтайского края Российской Федерации. Участник Великой войны. В мае 1942 года был призван в ряды Советской Армии. Был в 239-гвардейском артиллерийском полку в Красноярске, где проходил военную подготовку. Летом 1943 года был переведен в Омск в 119-стрелковый запасной полк. Имеет награды и благодарности главного командующего маршала И.В.Сталина (за участие в боях под Будапештом, за взятие Девичера, за участие в форсировании реки Раба, за взятие города Самбатель, за взятие города Глаггнитц, за взятие Вены). Был демобилизован в 1946 году. В 1950 году переехал в село Черное Лебяжинского района Павлодарской области.
Сидоренко Николай Максимович (1927) / Уроженец села Полуямки Ключевского района Алтайского района Российской Федерации. Участник Великой Отечественной войны. В 1931 году приехал в Казахстан в село Бескарагай Лебяжинского района Павлодарской области. На фронт ушел в декабре 1944 года. Участвовал в разгроме милитаристов в Монголии. С войны вернулся в 1948 году. В мирное время долго проработал водителем в селе Бескарагай Лебяжинского района Павлодарской области. Награжден медалью «За Победу над Японией», юбилейными медалями.
Сагалов Берик Курманович (1959) / Уроженец села Жамбыл Лебяжинского района. Подполковник полиции. В 1983 году окончил Шымкентскую специальную среднюю школу МВР СССР. В 1996 году окончил Алматинскую высшую школу милиции МВД РК по специальности юрист. В 1976-1977 г.г. работал в комсомольско-молодежной бригаде совхоза Жамбыл Лебяжинского района. С 1979 по 2000 г.г. работал в органах внутренних дел, занимая различные должностные посты: милиционера взвода милиции, отдельной роты ППС, инспектора, участкового инспектора, оперуполномоченного, начальника ОУР и другие Лебяжинского РОВД. Имеет награды.
Серикбаев Ербол Ауталипович (1972) / Уроженец села Узынкамыс Железинского района Павлодарской области. В 2001 году окончил Костанайский юридический институт по специальности юрист-правовед, в 2005 году окончил магистратуру Карагандинского юридического института имени Б.Бейсенова. с 1994 по 2007 г.г. занимал различные должностные посты в органах внутренних дел городов Павлодар, Екибастуз. С 2007 года занимает пост начальника ОВД Лебяжинского района Павлодарской области.
Соколов Сергей Алексеевич (1968) / Уроженец села Жамблы Лебяжинского района. Воин-интернационалист. В 1975-1985 г.г. учился в Жамбылской средней школе. В 1986 году был призван в ряды Вооруженных Сил СССР. Шесть месяцев проходил учебу в станции Отар. С 10 апреля 1987 года по август 1988 года проходил действительную службу в Демократической Республике Афганистан, выполнив интернациональный долг. Награжден медалями.
Сембин Жанат Кызылтанович (1960) / Уроженец Лебяжинского района. Воин-интернационалист. После окончания восьмого класса, учился в профессональном-техническом училище в райцентре. Затем поступил на курсы по опдготовке шоферов при автомобильном отряде №5, получил свидетельство водителя. Весной 1979 года был призван в армию. Прибыл в пограничный город Термез, попал в автоматизированный батальон. Перед ним была поставлена задача доставить из СССР в расположенные в Афганистане советские воинские подразделения строительные материалы в города Кандагар, Кабул, Джалалабад. Домой вернулся в августе 1981 года. Устроился на работу водителем подстанции. Затем шофером в кинотеатре. Имеет награды.
Садықова Гүлнәр Нығметоллақызы (1958) / Лебяжі ауданы Қарақала ауылында дүниеге келді. 1975 жылы Лебяжі ауданы Потанин орта мектебін бітірді. 1975-1983 ж.ж. Семей Мемлекеттік медициналық институтының педиатрия факультетін тәмамдады. Еңбек жолын 1983 жылы Лебяжі ауданы Қарақала ауылының Қызыләскер учаскелік ауруханасында бастады. 1985-1993 ж.ж. Лебяжі ауданы Бесқарағай ауылдық амбулаториясының бас дәрігері қызметін атқарды. 1993-1999 ж.ж. аудандық орталық аурухана бас дәрігерінің емдеу жұмысы бойынша орынбасары лауазымында болды. 1999-2003 ж.ж. аудандық денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі болып аянбай еңбек етті. 2008 жылға дейін аудандық орталық аурухананың бас дәрігері қызметін атқарды. Павлодар облыстық мәслихаты депутаты болды. Денсаулық жылы қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің Алғыс хатымен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтойлық белгісімен марапатталды. Семей ядролық полигоны мәселелері бойынша Халықаралық конференциясына Лебяжі ауданы өкілі ретінде қатысты.
Садықова Мүгүлсім Жанғалиқызы (1947) / Лебяжі ауданы Қаракесек ауылында дүниеге келді. 1962-1966 ж.ж. Павлодар педагогикалық училищесін тәмамдады. 1966-1983 ж.ж. Лебяжі ауданы Майқарағай орта мектебінде еңбек етті. 1983-1988 ж.ж. Лебяжі бала бақшасындағы даярлық топтың тәрбиешісі қызметін атқарды. 1988 жылдан бастап Лебяжі орта мектебінде бастауыш сыныптар мұғалімі болып жұмыс істеп келеді. Қазақ КСР халыққа білім беру Министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
Сакенов Жанат Жантемирович (1963) / Уроженец села Лебяжье Лебяжинского района. В 1981 году закончил Лебяжинскую среднюю школу. В 1982 году окончил Лебяжинское СПТУ-194. в 1982-1987 г.г. обучался на факультете естествознания Павлодарского педагогического института. В 1987-1990 г.г. работал учителем биологии и химии в Тлектесской неполной средней школе, методистом Лебяжинского районного отдела образования, директором Жанатанской неполной средней школы. В 1990 году поступил работать на кафедру педагогики Павлодарского педагогического института. С 1991 по 1994 г.г. обучался в очной аспирантуре при кафедре педагогики Алматинского Государственного университета имени Абая. В октябре 1994 года досрочно защитил диссертацию по специальности теория и история педагогики, этнопедагогики на соискание ученой степени кандидата педагогических наук. В 1994-2002 г.г. работал деканом факультета начальных классов Павлодарского педагогического института, деканом факультета педагогики и методики начального обучения Экибастузского филиала УПУП Павлодарского педагогического института, ЭВПК Павлодарского Государственного университета имени С.Торайгырова, заведующим кафедры психологии при институте естествознания ПГУ имени С.Торайгырова. с октября 2002 года работает в должности старшего научного сотрудника ПГУ имени С.Торайгырова. Автор 52-х научных работ (статьи, методические указания, учебно-методические пособия, словарь, хрестоматия, монография и т.д.).
Сагынбаев Асхат Катбекович (1977) / Уроженец села Лебяжье (Акку) Лебяжинского района. В 194-1998 г.г. окончил физико-математический факультет Павлодарского Государственного университета имени С.Торайгырова по специальности математика и информатика, получил квалификацию учителя математики и информатики. в 2001-2004 г.г. закончил магистратуру математики ПГУ имени С.Торайгырова, получил академическую степень магистра математики. За время учебы выпустил три научные статьи. Выпустил электронный учебный курс «Показательная и логарифмическая функция». В 1998-2006 г.г. работал в Бескарагайской средней школе Лебяжинского района учителем математики и информатики, заместителем директора школы по учебной части. Награжден грамотой областных педагогических чтений (2003), обладатель второго места на областном смотре-конкурсе прикладного программного обеспечения и учебно-методических пособий по информатике (2004).
Сағындықова Роза Айдарханқызы (1960) / Қостанай облысы Наурызым ауданы Комсомолькое ауылында дүниеге келді. Мектеп бітірісімен бір жыл пошта бөлімшесінде телефоншы қызметін атқарды. 1978-1981 ж.ж. Рудный қаласындағы педагогикалық училищені бастауыш сынытарп мұғалімі мамандығы бойынша тәмамдады. 1981-1982 ж.ж. Қостанай облысының Мереке орта мектебінде музыка мұғалімі болды. 1982-1983 ж.ж. Павлодар облысы Лебяжі ауданы Жамбыл кеңшарындағы балабақшада әдіскер болып еңбек етті. 1983-1991 ж.ж. Лебяжі аудандық мәдениет бөлімінде хатшы қызметін атқарды. 1991-2005 ж.ж. Лебяжі орта мектебінде бастауыш сыныптар мұғалімі болды. 2002-2005 ж.ж. жоғары оқу орнында оқып, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі мамандығына ие болды. 2005 жылдан бастап Лебяжі орта мектебі директорының оқу істері бойынша орынбасары қызметін атқарып келеді. Білім беру саласындағы ерекше еңбегің үшін «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» белігісімен (2002), көптеген облыстық, аудандық деңгейдегі мадақтаумен марапатталды.
Садықов Бақытжан (1948) / Лебяжі ауданы Майқарағай ауылында дүниеге келді. 1965-1970 ж.ж. Павлодар индустриалды институтының (қазіргі С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік университеті) энергетика факультетін тәмамдады. Лебяжі аудандық ауылшаруашылық басқармасында инженер-электрик, артынша Лебяжінің аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, Семейдегі «Қазақкабель» зауытында бөлім бастығы қызметтерін атқарды. 1979-1993 ж.ж. Лебяжі аудандық «Агропромэнерго» кәсіпорынның директоры болды.
Смағұлов Мұратбек Әбуұлы (1946) / Лебяжі ауданы Аққу ауылында дүниеге келді. 1970 жылы Қарағанды кооперативті институтын бухгалтер-экономис мамандығы бойынша тәмамдады. 1970-1972 ж.ж. Павлодар облысы Шарбақты аудандық тұтынушылар одағында бас бухгалтер болып еңбек етті. Әскерден босағаннан соң Лебяжі аудандық комсомол комитетінің нұсқаушысы, бөлім меңгерушісі, Лебяжі аудандық тұтынушылар одағында төрағаның орынбасары, аудандық партия комитетінде нұсқаушы, ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды. Лебяжі аужанжық тұтынушылар одағында басқарма төрағасы, 1988-1992 ж.ж. аудандық статистика бөлімінің бастығы, 192-1999 ж.ж. Лебяжі ауданы бойынша Салық комитетінің төрағасы болды. 1999 жылдан бастап Лебяжі аудандық мәслихат хатшысы қызметін атқарып келеді. Аудандық мәслихаттың ІІ, ІІІ, IV шақырылымдарының депутаты болып сайланды. «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» мерейгерлік медальдармен марапатталды.
Смағұлова Айтжамал Ахметбекқызы (1948) / Павлодар облысы Шарбақты ауданы Орловка ауылында дүниеге келді. 1966 жылы Лебяжі орта мектебін бітірді. 1975 жылы Павлодар есептік-экономикалық техникумын бухгалтер мамандығы бойынша, 2004 жылы академик Қ.И.Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институтын экономис мамандығы бойынша тәмамдады. Еңбек жолын 1966 жылы «Райсельхозтехникада» кассир, бас бухгалтедің орынбасары, экономис ретінде бастады. 1983-1986 ж.ж. «Иртышсовхозстройда» бас бухгалтер болып, канал және тұрғын үйлер құрылысына ат салысты. 1986-1993 ж.ж. «Транссельхозтехника» АТП-де бас бухгалтер болып еңбек етті. 1994 жылдан Лебяжі аудандық қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің меңгерушісі болып абыройлы қызмет атқарды.
Садырұлы Шәмкен (1895) / 1925 жылы «Қосшы» ұйымының төрағасы болды. Лебяжі ауданына 1943 жылы аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары болып келді. Осы орында тоғыз жыл еңбек етті. Құрметті демалысқа ауданның әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бастығы қызметінен шықты.
Сыздықов Тито Уахапұлы (1949) / Лебяжі орта мектебінің түлегі. Семейдің зоотехникалық-ветеринарлық институтын тәмамдаған соң облыс шаруашылықтарында басшы қызметтерде болды. Кеңшар директорынан аудан әкіміне дейін көтерілді. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты болып табылады.
Садуов Ғазиз Сыздықұлы / Полиция полковнигі, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің басқарма бастығы. Павлодар (қазіргі кезде Мемлекеттік) педагогикалық институтының дене шынықтыру факультетін тәмамдап, Лебяжі ауданы Жамбыл орта мектебінде ұстаздық етті. Содан кейін Лебяжі аудандық ішкі істер бөліміне қызметке келді. Павлодар облысы Шарбақты аудандық, Екібастұз қалалық, Павлодар облыстық ішкі істер бөлімдерінде жауапты қызметтер атқарды.
Сағандықов Нұрболат Озыханұлы (1964) / Павлодар облысы Баянауыл ауданының Баянауыл ауылында дүниеге келді. 1971 жылдан 1981 жылға дейін Октябрь орта мектебінде оқыды. 1985 жылдан 1986 жылға дейін Кеңестік Әскер қатарында борышын өтеді. 1986 жылдан 1988 жылға дейін Жаңатас ауылында АҚ штабының бастығы, 1988 жылдан 1993 жылға дейін Жаңа жол, Баянауыл №2 орта мектептерінде дене шынықтырудың мұғалімі болып жұмыс істеді. 1994 жылы «Дене шынықтыру» мамандығы бойынша Қарағанды педагогикалық институтын тәмамдады. 1993 жылдан 1994 жылға дейін ауылдық Кеңес төрағасының орынбасары, Баянауыл ауданы әкімі аппаратының ішкі және әлеуметтік саясат бөлімінің меңгерушісі, 1994 жылдан 2000 жылға дейін Лекер, Торайғыр селолық округтерінің әкімі болып қызмет етті. 2000-2002 ж.ж. Павлодар ауданы әкімінің аппаратында өндірістік-коммуналдық саласы бойынша бөлімнің төтенше жағдайлар бойынша маманы, Павлодар қаласының тұрғындарды жұмыспен қамту басқармасында белсенді жұмыспен қамту бөлімінің меңгерушісі болып қызмет етті. 2001 жылы Халықаралық дамыту бойынша АҚШ агенттігі қаржыландырған «Қазақстандағы жергілікті Басқаруды дамытудың» жобасы аясында «Менеджменттік өзгерістер» курсы бойынша оқытуды сәтті аяқтады. 2005 жылы Қазақстан Республикасы Парламентінің 10 жылдығына медальмен марапатталды. 2002 жылдың мамырынан Лебяжі ауданы әкімінің орынбасары лауазымдық қызметін атқарып келеді.
Сыздыков Уахап Бекович (1924-1992) / Политический, хозяйственный и общественный деятель КазССР, участник Великой Отечественной войны, ветеран труда, персональный пенсионер республиканского значения Казахстана. Долгое время занимал должности председателя райисполкома в Павлодарском, Успенском, Лебяжинском и Иртышском районах Павлодарской области, дважды избирался первым секретарем райкомов партии. Родился в селе Тлектес Лебяжинского района Павлодарской области. По окончании девятого класса школы сам начал учить детей. В сентябре 1942 года, после военных курсов, младший лейтенант отправился на Брянский фронт, стал командиром взвода 235-й стрелковой дивизии. Был дважды ранен, за боевые заслуги награжден медалью «За отвагу». Прошел с боями Украину, Белоруссию и Польшу. После демобилизации работал в школе, заочно учился, был избран секретарем парторганизации колхоза, председателем. Далее был отправлен на целину, где был, выдвинут в руководители из-за своей инициативности. Работал председателем райисполкома в Павлодарском, Успенском, Лебяжинском и Иртышском районах, дважды избирался первым секретарем райкомов партии. В Майском районе под руководством Уахапа Сыздыкова была разработана и применена высокопродуктивная агротехника возделывания проса, успешно развивалось животноводство. Райцентр за несколько лет превратился в благоустроенный поселок. Ушёл на пенсию, имея за плечами почти полувековой трудовой стаж. Заслуги У. Сыздыкова отмечены орденами Октябрьской Революции, «Знак Почета», Отечественной войны, тремя орденами Трудового Красного Знамени и многими медалями.
Сазқұдық / Бұрынғы ауылдық елді мекен, Жамбыл ауылдық округінің бөлімшесі болған. Сазқұдық – «сазды жердегі құдығы бар (қоныс)». Самарбет / Бұрынғы ауылдық елді мекен, Жамбыл ауылдық округі. Жамбыл елді мекенінен 19 км қашықтықта орналасқан. Халқының саны 10 адамды (1970 жылы) құраған. Самарбет – «қазан тәрізді жер бедері бар қоныс». Самарбет – антропоним, «Самардың беті» мағынасына сәйкес келеді.
Сарыөзек / Бұрынғы ауылдық елді мекен, Майқарағай ауылдық округінің бөлімшесі болған. Ауылдық округ орталығы Майқарағай елді мекенінен 30 км қашықтықта орналасқан. Тұрғындардың саны 140 адам (1970 жылы) болған. Сарыөзек дәлме-дәл «сары (тұнбалы) өзен (ағын)» деген мағынада айтылады.
Сасыққұдық / Лебяжі ауылдық округінің бұрынғы ауылдық елді мекені. Сасыққұдық – «иісі жаман құдығы бар (қоныс), суы тұрып қалған құдық». 1938 жылы елді мекенде «Игілік» ұжымшары құрылған, ол 1944 жылы Жамбыл атындағы ұжымшар болып өзгертілген. 1939 жылға дейін елді мекен, ұжымшар Бесқарағай ауданына қараған.
Сасықоба / Бұрынғы ауылдық елді мекен, Майқарағай округінің мал жайылатын жері. Ауылдық округ орталығы Майқарағай ауылынан 16 км қашықтықта орналасқан. Тұрғындардың саны 10 адам (1970 жылы) болған. Сасықоба – «иісі жаман мола орналасқан (қоныс)» деген мағынада айтылады. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, осы жерде эпизоотия (жұқпалы ауру) ауруынан өлген үй жануарларын көмген.
Сенбі / Бұрынғы ауылдық елді мекен, Қазы ауылдық округінің қонысы. Қазы елді мекенінен 18 км қашықтықта орналасқан. Халқының саны 13 адам (1970 жылы) болған. Сенбі – «сенбі, яғни аптаның сенбі күні», ер адам есімі. Сенбі – «Сенбінің (қоныс)» мағынада айтылады.
Серікбазы / Бұрынғы ауылдық елді мекен, Жамбыл ауылдық округі орталығынан 12 км қашықтықта орналасқан. Халқының саны 8 адам (1970 жылы) болған. Серікбазы – «Серіктің базасы (ауласы)» мағынада айтылады.
Солнечный / Бұрынғы ауылдық елді мекен, Баймолдин ауылдық округінің қонысы. Семей облысы Павлодар уезінің Крестьянский болысында 1914 жылы қоныс аударушы шаруалар Солнечный ауылының негізін қалады. 1926 жылы Бүкілодақтық халық санағының мәліметтері бойынша Романов ауылдық кеңесінің Солнечный ауылында 35 шаруашылық болып, 183 адам тұрған (оның ішінде 88 ер адам, 95 әйел адам). Елді мекеннің қазіргі атауы Тақыр болып өзгертілді.
Солтүстік бозалаң / Бұрынғы ауылдық елді мекен, Шақа ауылдық округі «Бесқарағай» орман шаруашылығының бөлімшесі болған. Ауылдық кеңес орталығы Шақа елді мекенінен 42 км қашықтықта орналасқан. Тұрғындардың саны 91 адам (1970 жылы) болған. Солтүстік бозалаң – «боз (селеудің бір түрі) өсетін алаң, далалы қоныс» деген мағынада айтылады. Қазір Шарбақты ауданы Шалдай ауылдық округіне қарайды.
Стахан / Бұрынғы ауылдық елді мекен, Жамбыл ауылдық округінің бөлімшесі болған. Жамбыл елді мекенінен 15 км қашықтықта орналасқан. Халқының саны 7 адамды (1970 жылы) құраған.
Сүбәтілова Үміт Ахтанқызы / Лебяжі ауданы Майқарағай ауылына қарасты Жаңаауыл қонысында дүниеге келді. Бүкіл облысқа және одан да тыс жерлерге танымал халық емшісі. Оның алдынан жүздеген науқас сауығып қайтты. 1990 жылдан ресми түрде облыстық халық емшілері орталығында тіркелген экстрасенс-емші Павлодар ауданының Жамбыл ауылында тұтастай бір емдеу кешенінің иесі, аруақ дарыған шипагер болды. Осынау дәрежеге жету жолында дүрбелеңге толы заманына қарай бірталай қиындықты басынан өткерді. Жанжары Рахметолла Сүлейменұлымен қол ұстаса жүріп Алтай өлкесінің де дәмін татты. Соңында Павлодар ауданына табан тіреді.
Сәбитова Әлия (1945) / Лебяжі ауданы Жаңатаң ауылында дүниеге келді. Жоғары санатты дәрігер-стоматолог, КСРО денсаулық сақтау ісінің үздігі. Алматы Мемлекеттік медицина институтының стоматология факультетін тәмамдады. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Іскер басқармасы медицина орталығының тірек ауруханасында қызмет етеді.
Смағұлов Әбу / Лебяжі ауданында дүниеге келді. Ұлы Отан соғысына қатысушы, еңбек рдагері, Лебяжі ауданының Құометті азаматы. ХХ ғасырдың 30-жылдары басындағы ашаршылық кезінде сол кезде Бесқарағай ауданына қарасты болған «Зори Октября» ұжымшарында еңбек етіп, қарапайым халықты аман алып қалуға жанын салды. 1937-1940 ж.ж. Лебяжі аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, кейінірек хатшысы қызметтерін абыроймен атқарды. Ел азаматтары қатарында Ұлы Отан соғысы кезінде майданда арпалысты. Батальон командирінің саяси хатшысы болды. 1946 жылы елге оралып, соғыстан күйреген елді көтеруге араласып кетті.
Санатханов Қайролла (1922) / Лебяжі ауданы Қорт ауылында дүниеге келді. Ұлы Отан соғысына қатысушы. Еңбек ардагері. 1942 жылы 1 қаңтарда әскер қатарына шақырылды. Семей қаласында үш ай әскери тактикалық жаттығуда 1 сәуірге дейін болды. 9 маусымда Ресейдің Брянск бағытындағы №казаков қаласында соғыс қимылдарына кірді. Бұнда жаяу әскер құрамы 229 полктің 3-батальонының 8-ротасында үлкен ерлік көрсетіп, бірге болған жерлестерінің көбі ерлікпен қаза тауып, Қайролла осы ұрыста басынан қатты жарақат алды. Тамбов қаласында госпитальде екі ай емделгеннен кейін қайтадан майданға аттанды. Калинин майданы бағытында Владимировка қаласындағы танкі бригадасының құрамында, Новосокольск, Великие Луки қалаларында болған ұрыстарға қатысып, ауыр жараланып, Сташка қаласындағы госпитальге жатқызылды. 1943 жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында Горький қаласындағы ауруханада емделді. І дәрежелі «Отан соғысы», «Қызыл жұлдыз» ордендерімен, «Ерлігі үшін» және басқа да медальмен марапатталды. Соғыстан кейінгі бейбіт шақта он бес жылдай Лебяжі ауданы Майқарағай ұжымшар-кеңшарында ауылдық кеңесте, бөлімшеде басшылық, есепшілік қызметте болды.
| |
| |
Просмотров: 2918 | Загрузок: 0 | Комментарии: 13 | |
Всего комментариев: 0 | |