Лебяжі ауданының бейресми энциклопедиясы
12/07/2011, 18:35 | |
Оспанов Балғабай (1924 – 1978) / Лебяжі ауданы Бесқарағай ауылында дүниеге келді. 1942 жылдан «Бесқарағай асыл тұқымды қой зауытында» алғашқыда шопан, ал 1956 жылдан аға шопан болып жұмыс істеді. 1944-1946 ж.ж. Ермак ауылшаруашылық мектебін бітірді. Биязы жүнді асыл тұқымды қойды өсірудің озат әдістерін қолдана отырып, жоғары жетістіктерге жетті. 1961 жылы әр жүз саулықтан 108 қозы алынып, әрбір қойдан 6,8 килограмм жүн қырқылды. Келесі жылы Оспанов Балғабай тұңғыш рет әр 100 саулықтан 131 қозы өсіріп, қой басынан 7,1 килограмм жүн қырықты. 1963 жылы әр 100 саулықтан 132 қозы, әр қойдан 7,8 кг жүн өндірді. Еңбегі бағаланып, 1963 жылдың сәуірінде оның есімі Қазақ КСР Құрмет кітабына жазылды, КСРО Жоғары Кеңесі Президиумының 1964 жылғы 18 ақпандағы Жарлығымен Балғабай Оспановқа Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Оспанов Балғабай Ленин, Октябрь төңкерісі, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен және көптеген медальдармен марапатталды.
Оспанова Күлшән (1924) / Павлодар облысы Ертіс ауданы Рассвет ауылында дүниеге келді. 1944 жылы Балғабай Оспановпен отау құрып, Лебяжі ауданы Бесқарағай ауылына келді. Социалистік Еңбек Ері атанған жары Балғабай Оспановпен бірге шопан көмекшісі болып жұмыс істеп, солтүстік қазақ мериносы қойын сұрыптап шығаруда көп үлес қосты. ХШЖК (ВДНХ) көрмесіне қатысып, күміс медальмен марапатталды. 1970 жылы Мәскеуде өткен кәсіподақ съезіне қатысты. «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
Оспанов Айтмухамбет (1947 – 2010) / Павлодар облысы Шарбақты ауданы Шалдай ауылында дүниеге келді. 1953 жылы Екібастұз қаласында мектепке барды. 1961 жылы Лебяжі ауданының Бесқарағай ауылына келді. Бесқарағай мектебінің 9 сыныбын бітіріп, механизация училищесінде 1 жыл оқыды. 1966 жылы әскер қатарына шақырылып, 3 жыл Архангельск қаласында азаматтық борышын атқарды. 1969 жылы Бесқарағай ауылына оралып, жұмыс істеді. 1978 жылы Тольятти қаласына көшіп, автобус жүргізушісі болып жұмыс істеді. 1986 жылы қыркүйек- қазан айларында әскери комиссариат шақыруымен, Украина мекеніндегі Чернобыль атом стансасындағы апат зардаптарын жоюға қатысты.
Оспанов Ануарбек Шаймарданұлы (1965) / Лебяжі ауданы Қарақала ауылында дүниеге келді.1972 жылы Потанин орта мектебіне қабылданып, 1982 жылы Лебяжі орта мектебін тәмамдап, осы жылы Қарағанды мемлекеттік университетіне оқуға түскен. 1983-85 жылдары аралығында Кеңес армиясында азаматтық борышын атқарып келіп, 1989 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірді. Осы жылы Шарбақты ауданының ішкі істер бөлімінде тергеуші болып қызметке орналасады. 1991 жылы Лебяжі ауданының прокурорының көмекшісі, 1997 жылы Лебяжі аудандық сот төрағасы, 2003 жылы Ақтоғай аудандық сот төрағасы қызметтерін атқарды. 2005 жылы Астана қаласындағы соттардың республикалық съезінің делагаты болып тағайындалды.
Оспанова Мәскен (1926) / Лебяжі ауданы Қызылқоғам ауылында дүниеге келді. Ұлы Отан соғысы жылдары өз ауылында есепші болды. «1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысы кезіндегі ерен еңбегі үшін», Жеңістің мерейгерлік медальдарымен, «1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысы ардагері» белгісімен марапатталды.
Оспанов Темірболат Ыдырысұлы (1919) / Лебяжі ауданы Тереңкөл ауылында дүниеге келді. Ұлы Отан соғысына қатысушы. 1946 жылы елге оралды. «Жауынгерік еңбегі үшін», «Ерлік үшін» медальдармен марапатталды.
Оспанов Қанатбек Раупкерұлы (1956) / Павлодар облысы Май ауданы Қаратерек ауылында дүниеге келді. 1973-1974 ж.ж. Лебяжі ауданындағы №28 кәсіптік мектеп тракторист-машинист мамандығы бойынша білім алды. Еңбек жолын 1988 жылы Лебяжі аудандық телекоммуникация байланыс торабында 4 разрядты электромонтерден бастап, бүгінге дейін 6 тарифтік разрядты электромонтер болып жұмыс істеуде. 2008 жылы Қазақстан Республикасы Премьер-министрі кабинетінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
Олжабаева Әлфия Рашидқызы (1965) / Лебяжі ауданы Аққу ауылында дүниеге келді. 1991 жылы Семей Мемлекеттік медициналық институтын емдеуші дәрігер мамандығы бойынша тәмамдады. Еңбек жолын 1991 жылы Лебяжі аудандық орталық ауруханасында биохимик-дәрігер болып бастады. 1995 жылы аудандық санитарлық-эпидемиологиялық стансасында дәрігер-бактериолог, зертхана меңгерушісі қызметінде болды. 2004 жылдан Лебяжі ауданы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығының меңгерушісі қызметінде. Бірінші санатты дәрігер-бактериолог атанды.
Оспанова Дәметкен Шаймарданқызы (1939) / 1961 жылы Өскемен кооперативтік техникумын, 1974 жылы Новосибирск кооперавтивтік институтын тәмамдады. 1957-1988 ж.ж. аудандық тұтынушылар одағында бухгалтер, аға бухгалтер, бас бухгалтер қызметтерін атқарды. 198-19997 ж.ж. аудандық кеңестің шешімі бойынша әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. «Кеңестік тұтынушылар кооперациясының үздігі» белгісімен, мерейтойлық медальдармен, социалистік жарыстар белгілерімен, грамоталармен марапатталды. Еңбек ардегі.
Одинцова Галина Васильевна (1939) / Лебяжі ауданы Аққу ауылында дүниеге келді. 1963 жылы Семейдің Н.К.Крупская атындағы педагогикалық институтын бастауыш сыныптар мұғалімі мамандығы бойынша сырттай тәмамдады. Еңбек жолын 1956 жылы Лебяжі орта мектебінде бастады. «Тың жерлерді игергені үшін», «Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздігі» медальдарымен марапатталды.
Оразбаев Елемес Оразбайұлы (1947) / Лебяжі ауданы Шарбақты ауылында дүниеге келді. Еңбек жолын 1966 жылы Лебяжі орта мектебінде тарих және география мұғалімі болып бастады. 1969 жылы Семей педагогикалық институтының тарих факультетін сырттай тәмамдады. 1967 жылдан бастап Малыбай орта мектебінде ұстаздық жасап келеді. Бірнеше рет облыстық, аудандық деңгейдегі мадақтамамен марапатталды.
Оспанов Ілияс Оспанұлы (1923) / Лебяжі ауданы Қаракесек ауылында дүниеге келді. Ұлы Отан соғысына қатысушы. Майданға он сегіз жасында шақырылды. Соғысты 1945 жылы Чехословакияда аяқтады. 1952-1955 ж.ж. Семйдің Н.К.Крупская атындағы педагогикалық институтын қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша тәмамдады. Еңбек жолында қатардағы мұғалім де, мектеп директоры да болды. 3 жауынгерлік орденмен, 20 медальмен марапатталды.
Омаров Рүстембек Бейсенұлы (1919 – 1988) / Лебяжі ауданы Шарбақты ауылында дүниеге келді. Күйші-домбырашы, Қазақстанның халық әртісі (1976). Ұлы Отан соғысына қатысушы. 1937-1939 ж.ж. Ленинград (қазіргі Санкт-Петербор) қаласындағы музыкалық училищеде оқыды. 1951 жылы Алматы консерваториясын (қазіргі Қазақ Ұлттық консерваториясы) тәмамдады. Домбыра тартуды әкесінен үйренді. 1934 жылдан Қазақ халық аспаптар оркестрінде домбырашы, кейіннен домбыра тобының концертмейстері және жеке домбырашы қызметін атқарды. 1936 жылы Мәскеу қаласында өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысты. Оркестр құрамында КСРО-ның көптеген қаласында, шет елдерде болып, өнер көрсетті. Р.Омаров қазақ халқының күй мұрасын, әсіресе Құрманғазы күйлерін, оның орындаушылық дәстүрін жете меңгерді. Репертуарында Құрманғазының «Қайран шешім», «Машина», Тәттімбеттің «Саржайлау», Мәменнің «Сәнәу», Динаның «Тойбастары» т.б. күйлер бар.
Омаров Уайда (1907) / Лебяжі ауданы Тереңкөл ауылында дүниеге келді. Ұлы Отан соғысына қатысушы. 1941 жылы әскер қатарына шақырылды. Атты артиллерия құрамында соғыс қимылдарына қатысты. Украинаның Харьков қаласын қорғағандардың қатарында болды. Ауыр жарақат алып, 1943 жылы туған ауылына қайтып оралды. 1965 жылы депутат болып сайланды. ІІ дәрежелі Ұлы Отан соғысы орденімен, «Жуков», «Еңбек ардагері» медальдарымен марапатталды.
Оспанов Амантай Турсынбекович (1973) / Уроженец села Жангельды Западно-Казахстанской области. В 1988-1991 г.г. окончил Жангельдинский ПТУ-2 по специальности тракторист-машинист широкого профиля. В 1996-1997 г.г. работал электромехаником в Торгайском районном узле связи, в 1997-2001 г.г. был электромонтером на участке Майкаин Баянаульского районного узла связи Павлодарской области, с 2001 года работает в должности кабельщика-спайщика в Лебяжинском районном узле телекоммуникаций. Награжден Почетной грамотой к 10-летию акционерного общества «Казахтелеком».
Оспанов Нәдір Қайроллаұлы (1955) / Лебяжі ауданы Қорт ауылында дүниеге келді. 1974 жылы Лебяжі ауданы Жамбыл орта мектебін бітірді. 1976 жылы Ермак (қазіргі Ақсу) дене шынықтыру техникумын тәмамдады. Еңбек жолын Ленин мектебінде мұғалімдіктен бастады. 1979-1996 ж.ж. аудандық «Қайрат» спорттық қоғамның төрағасы болды. 1997-2001 ж.ж. коммерциялық құрылымда жұмыс істеді. 2001 жылдан аудандық спорт бойынша бас маман болып қызмет атқаруда. Облыстық және аудандық деңгейдегі спорттық жетістері бар.
Оразалинов Нурлан Кабыкенович (1947) / Уроженец села Лебяжье (Акку) Лебяжинского райна. Заслуженный тренер Республики Казахстан по вольной борьбе, отличник народного просвещения Казахской ССР. В 1966 году окончил Павлодарский педагогический институт по специальности физическая культура и спорт. За время учебы в институте занимался вольной борьбой. В 1968 году стал чемпионом Республики по вольной борьбе, а в 1969 году по казахша курес. Был принят в сборную Казахской ССР, участвовал в различных соревнованиях, проходивших в СССР, неоднократно был призером. В 1970-1979 г.г. работал учителем физической культуры Жамбылской средней школы Лебяжинского района . Впервые в школе открыл секцию по вольной борьбе. За этот период подготовил 2-х мастеров спорта СССР, был назначен председателем спорткомитета Лебяжинского района. На областных молодежных играх по всем видам спорта наш район занял общекомандное первое место и награжден Кубком области. До 1984 года подготовил 6-х мастеров спорта СССР, 24-х кандидатов в мастера спорта и более 60-и первого спортивного разряда. В 1984-1997 г.г. стал штатным тренером детско-юношеской спортивной школы села Лебяжье (Акку), за этот период подготовил 16 мастеров спорта СССР и Республики Казахстан, 48 кандидатов в мастера спорта и более100 первого спортивного разряда. В 1992 году приказом спорткомитета Казахстана был назначен старшим тренером сборной команды Казахстана и занимал эту должность до 1996 года. За этот период его воспитанники участвовали и занимали призовые места в международных состязаниях, проходивших в таких зарубежных странах, как США, Чехословакия (ныне Чехия и Словакия), Болгария, Индия, Монголия, Иран, Турция, Канада, Германия, Франция, Россия. За подготовку чемпиона СССР тренер был награжден «Золотой медалью чемпиона СССР». Имеет почетное звание «Почетный деятель спорта Республики Казахстан». С 1997 года работает в должности директора КККП «Детско-юнешоской спортивной школы» в селе Лебяжье (Акку) Управления физической культуры и спорта Павлодарской области7 является тренером высшей категорий, а также членом федерации Греко-римской и вольной борьбы Павлодарской области.
Оспанова Зұлқия Қабдоллақызы (1960) / Павлодар облысы Шарбақты ауданы Шарбақты ауылында дүниеге келді. 1982 жылы «Бухгалтерлік есеп» мамандығы бойынша Павлодар оқу комбинатын, 2005 жылы Шәкәрім атындағы Семей Мемлекеттік университетін «Финанстар және несие» мамандығы бойынша тәмамдады. Еңбек жолын 1979 жылы сауда саласынан бастады. 1980-2006 ж.ж. материалдық есепші, Лебяжі аудандық ауруханасының есеп беру бухгалтері, бас есепші, мемлекеттік санитарлы-эпидемиологиялық қадағалау мекемесінің қаржы жөніндегі бас маманы, экономика және кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің бас маманы, Лебяжі ауданының қаржы және жоспарлау бөлімінің жетекші маманы қызметін атқарды. Соңғы уақытта Лебяжі ауданының кәсіпкерлік бөлімінің бастығы лауазымын иеленді. Аудан әкімінің 2008 жылғы 17 қарашадағы №1-126-ө өкімімен Лебяжі ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы лауазымына тағайындалды.
Оспанов Олег Шәйхісләмұлы / Лебяжі ауданы Қарақала ауылындағы Потанин орта мектебінің түлегі. Техника ғылымдарының кандидаты. Мәскеудің Бауман атындағы жоғары техникалық училищесін тәмамдады. Мәскеу түбіндегі атом орталығында қызмет атқарады.
Омаров Қайрат Сартайұлы (1964) / Павлодар облысы Шарбақты ауданының Шарбақты ауылында дүниеге келді. 1983 жылы «Кәсіпорындық электр құрылғылары» мамандығы бойынша Павлодар қаласының №55 техникалық училищесін, 2006 жылы «Өндірістік кәсіпорындарды электрмен жабдықтау» мамандығы бойынша С.Торайыров атындағы Павлодар Мемлекеттік университетін тәмамдады. 1985-1998 ж.ж. Шарбақтының автокөлік кәсіпорнының жүргізуші, жұмысшы болып жұмыс істеді. 1998-2002 ж.ж. жеке қызметпен айналысты. 2002-2006 ж.ж. Лебяжі ауданы Восточный селолық округі әкімі аппаратының маманы болып жұмыс істеді. Аудан әкімінің 2007 жылғы 18 маусымдағы өкімімен Лебяжі ауданы Восточный селолық округінің әкімі болып тағайындалды.
Ойнақ / Бұрынғы ауылдық елді мекен, Шарбақты ауылдық округінің бөлімшесі мен мал жайылымдық жері. Тұрғындардың саны 7 адам (1970 жылы) болған. Ойнақ дәлме-дәл «рйын-сауық үшін ашыұ жер» дегенді білдіреді. Жергілікті тұрғындар осы жерде құрлардың ойындары өтті деп те айтады.
Октябрь / Бұрынғы ауылдық елді мекен, Шақа ауылдық округінің «Бесқарағай» орман шаруашылығының кордон тұрағы. Шақа елді мекенінен 45 км қашықтықта орналасқан. Халқының саны 10 адам (1970 жылы) болған. Елді мекен Ресейдегі 1917 жылғы Қазан төңкерісіне байланысты аталған. Октябрь – Юлиан күнтізбесі бойынша күнтізбенің 10-айының атауы. Ежелгі Рим күнтізбесінде жыл наурыз айының бірінші күнінен басталып, сегізінші ай октябрь болған.
Орловка / Бұрынғы ауылдық елді мекен, Шақа ауылдық кеңесінің «Победа» ұжымшарының (Шарбақты ауданы) жеке тұрағы болған. Ауылдық округ орталығы Шақа елді мекенінен 27 км қашықтықта орналасқан. Тұрғындарының саны 110 адам (1970 жылы) болған. Елді мекен өз атауын Орлов тегінен алған.
Ортақұдық / Бұрынғы ауылдық елді мекен, Шарбақты ауылдық округі Шарбақты елді мекенінен 15 км қашықтықта орналасқан елді мекен. Халқының саны 11 адам (1970 жылы) болған. Ортақұдық – «орта құдық», суы аз дегенді білдіреді.
| |
| |
Просмотров: 1347 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | |
Всего комментариев: 0 | |