Лебяжі ауданының бейресми энциклопедиясы
12/07/2011, 18:16
Майоров Александр Прокопьевич (1965) / Уроженец села Жамбыл Лебяжинского района. Воин-интернационалист. С 1971 по 1981 г.г. работал старшим вожатым в Жамбылской средней школе. В 1983-1985 г.г. проходил действительную службу в рядах Советской Армии, где выполнил интернациональный долг в Демократической Республике Афганистан. С 1992 года работает учителем географии и истории в Жамбылской средней школе. Учитель высшей категории. Имеет достижения и успехи.
 
Молдакаримов Самат Болатович (1968) / Родился в городе Павлодар. В 1985 году окончил Шарбактинскую среднюю школу с золотой медалью и в тот же год поступил в Казахский Государственный университет в Алматы. В 1988-1995 г.г. окончил Новосибирский Государственный университет по специальности физик-теоретик. В 1996 году начал работать преподавателем в университете на кафедре физики в городе Караганда. В 1998-2001 г.г. окончил аспирантуру при Карагандинском Государственном университете, после чего сразу же защитил диссертацию при Московском Государственном университете в институте полимерных материалов и технологии. В 2001-2002 г.г. работал научным сотрудником во Франции. В 2002-2006 г.г. был научным сотрудником Питсбургского университета в США. С 2006 года является научным сотрудником Калифорнийского университета города Сан-Диего штата Калифорния США.
 
Молдакаримов Садат Болатович (1975) / Уроженец села Шарбакты Лебяжинского района. В 1992 году окончил Шарбактинскую среднюю школу с золотой медалью. С 1992 по 1996 г.г. обучался в Павлодарском Государственном университете имени С.Торайгырова. в 1996-1998 г.г. работал учителем физической культуры в Шарбактинской средней школе. В 1997-1999 г.г. окончил факультет экономики Карагандиского Государственного университета. В 2002-2003 г.г. работал в институте естествознания Павлодарского Государственного университета имени С.Торайгырова. с 2003 по 2006 г.г. обучался в аспирантуре при институте физиологии человека и животных Министерства образования и науки РК, где начал работать младшим научным сотрудником лаборатории физиологии мембран при институте физиологии челова и животных Министерства образования и науки РК. В 2007 году защитил кандидатскую диссертацию и получил ученую степень кандидата биологических наук.
 
Молдажанов Тумырза (1910 – 1992) / Лебяжі ауданы Төсағаш ауылында дүниеге келді. Ұлы Отан соғысына қатысушы. 1932-1935 ж.ж. Семейдің мұғалімдер даярлайтын техникумында оқыды да, Бесқарағай ауданының Атшапқан ауылындағы мектепте мұғалім болып қызмет атқарды. 1940 жылы әскер қатарына алынып, ұшқыш-бортинженер дайындайтын курсті бітіріп, Таганрог қаласында бес жыл бортинженер болды және сол авиация ұйымында бастауыш партия хатшысы болып қызмет атқарды. 1945 жылы елге оралып, Лебяжі ауданы Бесқарағай ауылына қарасты Подпуск бөлімшесіндегі 1 Мамыр жеті жылдық мектебінде география мұғалімі және оқу ісінің меңгерушісі болып қызмет атқарды. 1947-1950 ж.ж. Сарыөзек және Керей бастауыш мектептерінде мұғалім болды. 1950-1957 ж.ж. «Жас еңбек» ұжымшарындағы жылқы фермасын басқарды және сол ұжымшардың бастауыш партия ұйымының хатшысы болды. 1957-1975 ж.ж. Лебяжі кеңшарының жылқы шаруашылығында қажырлы еңбек жасады. Ленин орденімен және бірнеше медальмен марапатталды.
 
Маляренко Лидия Ивановна (1924) / Уроженка Полтавской области Украины. В 1937 году поступила в фармацевтический техникум города Полтава. До 1943 года работала в сельском хозяйстве. Долгое время проработала учителем в Бескарагайской средней школе. За время работы была награждена значком «Отличник народного просвещения» и другими грамотами.
 
Молдакәрімов Мұрат Қаркенұлы (1956) / Лебяжі ауданы Аққу ауылында дүниеге келді. 1979 жылы Алматының Мемлекеттік политехникалық институтын тәмамдады. 1981-1982 ж.ж. Лебяжі ауданының бас архитекторы, 1983-1997 ж.ж. Ямышев ауылындағы ПМК-да инженер-құрылысшы, Лебяжі кеңшарының прорабы, 1998-1999 ж.ж. Шарбақты ауылдық округінің әкімі болып қызмет атқарды. Қазіргі уақытта ақсу қаласының коммуналды шаруашылығында қызмет атқарады.
 
Момынжанов Досым Владимирович (1983) / Лебяжі ауданы Қарақала ауылында дүниеге келді. Павлодар экономикалық колледжін қаржы және несие мамандығы бойынша, Қарағанды экономикалық университетін қаржы және несие мамандығы бойынша, Қазақ гуманитарлық-заңгерлік университетін тәмамдады.2006 жылдан бастап «Тамыр» несие қауымдастығы ЖШС басқармасының төрағасы болып табылады. 2005 жылы салық қызметі саласында еңбегі үшін Құрмет грамотамен, ауданның ауыл шаруашылығын өркендетуге қосқан үлесі үшін аудан әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
 
Малютина Ольга Ивановна (1927) / Уроженка Украины. В 1948 году окончила Житомирскую фельдшерско-акушерскую школу, где решением государственной комиссии получила квалификацию фельдшера. С 1948 по 1952 г.г. по специальности работала в Кемеровской области. В 1952 году вышла замуж и с мужем выехала на его родину в Казахстан. С 1953 по 1957 г.г. работала заведующей ФП села Бескарагай Лебяжинского района Павлодарской области. С 1957 года была переведена заведующим Шарбактинского участка. С 1961 по 1993 г.г. проработала фельдшером села Шарбакты. За время трудовой деятельности была награждена юблейными медалями «За доблестный труд», «Ветеран тыла 1941-1945 г.г.», медалью «Ветеран труда», медалью «Красный крест», Почетными грамотами Министерства здравоохранения КазССР, областного значения.
 
Молдакәрімова Майкен Жұмабекқызы (1947) / Екібастұз қаласында дүниеге келді. 1969 жылы Павлодар педагогикалық институтын физика мұғалімі мамандығы бойынша тәмамдады. 1969-1986 ж.ж. Шарбақты орта мектебінде директордың оқу ісі бойынша орынбасары, 1986-1990 ж.ж. Шарбақты ауылдық кеңестің төрайымы қызметтерін атқарды. 1990 жылдан бастап Шарбақты орта мектебінің директоры болып табылады. Аудандық мәслихаттың барлық шақырылымдарына депутат болып сайланды. «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне – 10 жыл» мерейгерлік медалімен, «Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігінің Құрмет грамотасымен», «ҚР Конституцисына – 10 жыл» Құрмет грамотасымен марапатталды.
 
Мүлікбаев Уайхан Мүлікбайұлы (1933) / Лебяжі ауданы Төсағаш ауылының Жабағылы бөлімшесінде дүниеге келді. 1953-1958 ж.ж. Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік педагогикалық институтының физика-математика факультетін тәмамдады. Еңбек жолын Қызыләскер орта мектебінде бастады. 1961-1962 ж.ж. мектеп директорының оқу істері бойынша орынбасары, 1962-1985 ж.ж. мектеп директоры, 1985-1993 ж.ж. физика-математика мұғалімі болып еңбек етті. «Еңбек ардагері» медалімен, «Қазақ КСР халық ағарту ісінің озық қызметкері» белгісімен, «1973 жылғы социалистік жарыстардың жеңімпазы» белгісімен, бірнеше Құрмет грамотамен марапатталды.
 
Мырзабеков Ораз Мырзабекұлы (1934) / Лебяжі ауданы Төсағаш ауылында дүниеге келді. 1955-1959 ж.ж. Қарағанды Мемлекеттік педагогикалық институтының жаратылыстану факультетін тәмамдады. Еңбек жолын Қызыләскер орта мектебінде химия пәні мұғалімі болып бастады. 1981-1992 ж.ж. майқарағай орта мектебінің директоры болды. "Халық ағарту ісінің үздігі» белгісімен, көптеген мемлекеттік марапаттармен марапатталды.
 
Мұқанов Жәнібек Нұртазаұлы (1954) / Лебяжі ауданы Шақа ауылында дүниеге келді. 1973 жылы Семейдің автомобильді-механикалық техникумын «Техникалық қызмет көрсету және автомобильдерді жөндеу» мамандығы бойынша, 1978 жылы Семейдің зоотехникалық-ветеринарлық институтын «Ветеринария» мамандығын бойынша тәмамдады. Еңбек жолын 1972 жылы Лебяжі ауданы Шақа ауылы Бесқарағай мехорман шаруашылығының автотрактор саябағында жүргізуші болудан бастады. 1978-1997 ж.ж. Лебяжі аудандық ветеринарлық стансасының эпизоожасағының ветеринарлық фельдшері, аудандық комсомол комитетінің нұсқаушысы, Майқарағай кеңшарының бас ветеринар-дәрігері, Екібастұз аудандық ветеринарлық станса бастығының орынбасары болып жұмыс істеді. 1986-2004 ж.ж. Комсомол, Баймолдин ауылдарының бас ветеринар дәрігері, Восточное селолық округінің әкімі, ҚР ауыл шаруашылығы Министрлігінің аумақтық аудандық инспекциясындағы Лебяжі аудандық ветеринарлық қадағалау бөлімінің бастығы, ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің аумақтық аудандық инспекциясындағы ветеринарлық қадағалау бөлімінің бас маман-мемлекеттік ветеринар инспектор болып қызмет етті. Соңғы уақытта Павлодар балық инспекциясында бас маман-инспектор қызметін атқарды. Аудан әкімінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі №1-53-ө өкімімен Лебяжі ауданы Қызылағаш селолық округінің әкімі болып тағайындалды.
 
Молдажанова Жания Тұмарқызы (1933) / Лебяжі ауданы Шарбақты ауылында дүниеге келді. 1953 жылы Май ауданы Қызыл еңбек ауылындағы қазақ орта мектебін бітіріп, Семейдің Н.К.Крупская атындағы педагогикалық институтының физика-математика факультетіне оқуға түседі. 1957 жылы аталмыш оқу орнын ойдағыдай тәмамдап, Лебяжі аудына Шарбақты ауылында ұстаздық еңбек жолын бастады. 1965 жылдан бастап 13 жыл Лебяжі орта мектебінде, одан кейінгі жылдары Бесқарағай және Қазы орта мектептерінде қызмет атқарып, 1985 жылы құрметті демалысқа шықты. Атқарған нәтижелі еңбектерінің арқасында «Қазақ КСР оқу ағарту ісінің үздігі» белгісімен марапатталды.
 
Мұсаипов Қабиден (1923) / Лебяжі ауданы Тереңкөл ауылында дүниеге келді. Ұлы Отан соғысына қатысушы. Тереңкөл ауылдық мектебінде 7-сыныпты бітіріп, 1941 жылы әскери комиссариаттың шақыруымен Кеңес Армиясы қатарына шақырылды. 1942 жылы Калинин майданында 830-полкта атқыштар дивизиясында болды. 1943 жылы қолына жарақат алып, госпитальде жатып шықты. Бойындағы ерік жігері мен қайсарлықтың арқасында майданға қайта оралып, байланысшы міндетін атқарды. Осы кезде тағы ауыр жарақатқа ұшыраған азамат госпитальге түсіп, 1943 жылы мамыр айында елге оралды. Елге келісімен 40 жылдан астам уақыт мал дәрігерлік қызметін атқарып жүріп, зейнеткерлікке шықты. «ІІ дәрежелі Ұлы Отан соғысы» орденімен, «Кеңес Одағының маршалы Г.К.Жуков» медалімен, «Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медалімен және "Ұлы Отан соғысы Жеңісінің елу жылдығын мерекелеу” медалімен марапатталды.
 
Молдағалиев Арман Ерлікұлы (1976) / Павлодар қаласында дүниеге келді. 1995 жылы Павлодар өнеркәсіптік техникумын бухгалтерлік есеп, бақылау және шаруашылық қызметті талдау мамандығы бойынша, 2000 жылы Е.А.Букетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетін қаржы және несие мамандығы бойынша тәмамдады. Еңбек жолын 1997 жылы Павлодар облыстық Бюджеттік банк басқармасының маманы ретінде бастады. 1998-2004 ж.ж. Павлодар облыстық Қазынашылық басқармасында маман, жетекші маман және бас маман болып істеді. 2004 жылы Павлодар облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Ақтоғай аудандық Қазынашылық бөлімі бастығының орынбасары лауазымына тағайындалды. 2007 жылдан Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Қазынашылық комитетінің бұйрығымен Павлодар облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Лебяжі аудандық Қазынашылық бөлімінің бастығы болып тағайындалды. 2007 жылдың желтоқсанында лауазымдық міндеттемелерін үлгілі орындағаны және мемлекеттік қызметті тиянақты істегені үшін Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Қазынашылық Комитетінің Мақтау қағазымен марапатталды.
 
Мұсаев Оразғали Айдарханұлы (1926 – 1999) / Павлодар облысы Бесқарағай ауданы Қыстаутерек ауылында дүниеге келді. Ұлы Отан соғысына қатысушы. 1944 жылдың сәуір айында майданға алынды. Жапония, Корея және Владивосток ұрыстарына қатысты. Ұлы Отан соғысының ІІ дәрежелі орденімен, «Жапония түбіндегі жеңіс», «Германия түбіндегі жеңіс», «Кореяны азат еткені үшін», «КСРО Маршалы Г.К.Жуков», «Еңбек ардагері» медальдарымен және басқа да мерекелік медальмен марапатталды.
 
Мұсаев Қасымхан Оразғалиұлы (1962) / Лебяжі ауданы Шақа ауылында дүниеге келді. Жауынгер-интернационалист. Ауғанстан Демократиялық Республикасында болған соғысқа қатысушы. «Ауған халқынан жауынгер-интернационалистке алғыспен» медалімен марапатталды.
 
Молдажанов Зайзолла Қажығалиұлы (1924) / Лебяжі ауданы Малыбай ауылының Қазантай бөлімшесінде дүниеге келді. Ұлы Отан соғысына қатысушы. 1942 жылы Ключевск ауданынан соғысқа шақырылды. Ұлы Отан соғысының ІІ дәрежелі орденімен, «1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медальмен марапатталды.
 
Мұсаев Мұхтархан Оразғалыұлы (1956) / Семей (қазіргі Шығыс Қазақстан) облысы Бесқарағай ауданы Атчанкан ауылында дүниеге келді. 1978 жылы «Инженер-механик» мамандығы бойынша Қазақтың Еңбек Қызыл Ту орденді ауылшарушылық институтын тәмамдады. Еңбек жолын 1978 жылы инженер-механик ретінде Бесқарағай механикаландырылған орман шаруашылығында бастады. Одан кейін Лебяжі ауданы «Бесқарағай» кеңшарында директордың орынбасары, Шақа орта мектебінде ұстаз, Бесқарағай механикаландырылған орман шаруашылығында бас инженер-механик, бас механик, «Ертіс орманы» МОТР-да орман шебері қызметтерінде жұмыс істеді. 2007 жылдан Лебяжі ауданы Шақа ауылдық округінің әкімі болып еңбек етті. Аудан әкімінің 2010 жылдағы 16 маусымдағы № 1-105-ө өкімімен Лебяжі ауданы Ямышев ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды.
 
Макина Маржан Төлеубайқызы (1973) / Лебяжі ауданы Аққу ауылында дүниеге келді. Алматы байланыс колледжіне техник-экономист мамандығы бойынша оқуға түсті. 2003 жылы Алматы энергетика және байланыс институтын электробайланыстың инженері мамандығы бойынша сырттай оқып тәмамдады. Еңбек жолын 1997 жылы Лебяжі аудандық байланыс телекоммуникация торабында бастап, бүгінде байланыстың электромеханигі болып қызметін жалғастыруда. «Қазақтелеком» АҚ-ның дамуына қосқан үлесі және мінсіз еңбегі үшін Құрмет грамотамен марапатталды.
 
Мұзафаров Сафар (1938) / Түрікменстан Республикасы Душанбе облысы Пархар ауданы Путь Ильича селосында дүниеге келді. 1960 жылы комсомолдық жолдамамен Қарағанды облысы Шет ауданы Нұротал кеңшарына тың игеруге жіберілді. Өнім жинаған соң Павлодар облысы Лебяжі ауданы Майқарағай кеңшарына қоныс аударды. 1960-1994 ж.ж. аталмыш ауылдық мекеннің байланыс торабында үзбей отыз төрт жыл қызмет етті. «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды.
 
Мұқанов Қанатбек Нұртазыұлы (1967) / 1989 жылы Семей Мемлекеттік медицина институтын бітірісімен, адам анатомиясы кафедрасына ассистент болып жұмысқа алынды. 1993 жылы медицина ғылымдарының кандидаты болса, 1999 жылы ғылым докторы атағын қорғап шықты. 2001 жылы медицина ғылымын дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасының талантты жас ғалымдары үшін тағайындалған Мемлекеттік ғылыми стипендияның лауреаты атанды. Қазіргі уақытта Семей Мемлекеттік медицина Академиясының бірінші проректоры. 3 монографияның, 100-ге тарта ғылыми еңбектің, 2 өнертабыстың, 9 жаңашыл ұсыныстың, 4 оқулық құралдың авторы.
 
Мұқанов Ғафур (1932) / 1954 жылы Қазақ Мемлекеттік университеттің физика-математика факультетін, 1958 жылы Орал университеті жанындағы аспирантураны тәмамдады. 1954-1959 ж.ж. А.С.Пушкин атындағы Орал Мемлекеттік институтының жоғары математика кафедрасының ассиетенті, аға оқытушысы болды. 1959-1960 ж.ж. Павлодар облысы Шарбақты ауданы Галкин орта мектебінің директорының оқу істері бойынша орынбасары қызметін атқарды. 1960-1964 ж.ж. Павлодар индустриалды институтының (қазіргі С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік университеті) жоғары математика кафедрасының оқытушысы, меңгерушісінің міндетін атқарушы, 1964-1996 ж.ж. физика-математика факультетінің оқытушысы, деканы, математика кфедрасының меңгерушісі қызметтерін абыроймен атқарды. 1996 жылдан бері ПМУ-дің арнайы математикалық дисциплиналар кафедрасының доценті, профессоры болып табылады. Физика-математика ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы білім саласының Құрметті қызметкері, С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік университеті профессоры. 30-ға тарта ғылыми жұмыстың авторы. Көптеген медальмен және белгімен марапатталды.
 
Малютина Надежда Антоновна (1941) / Уроженка города Хмельницк Украины. В 1960 году в октябре месяце переехали в Казахстан в село Лебяжье. В декабре 1960 года поступила на работу в Лебяжинский райпотребсоюз секретарем-машинисткой, где проработала до января 1965 года. В тот же год поступила на работу в Лебяжинский Госстрах главным бухгалтером, где проработала до 1970 года. В 1965-1967 г.г. окончила бюджетное отделение Целиноградского (Астана) финансово-экономического техникума по специальности финансиста. В 1970 году была переведена в райфинотдел на должность главного бухгалтера, где проработала до 1998 года. За период своей работы в финансовой системе района была неоднократно награждена грамотами, значком «Победителя социалистического соревнования» по итогам года.
 
Мұстафина Күлбағира Нығметқызы (1939) / Семей облысы Жаңасемей ауданы Маралды ауылында дүниеге келді. 1961 жылы Семейдің Н.К.Крупская атындағы педагогикалық институтының бастауыш сыныптар әдістемесі факультетін тәмамдады. Ұзақ жылдар бойы Потанин орта мектебінде қазақ тілі мен әдебеиті пәнінің мұғалімі болып қызмет етті. 1983 жылы «Аға мұғалім» атағымен марапатталды.
 
Молдабекова Разия Аскаровна (1925 – 1996) / Уроженка села Корт Лебяжинского района. Отличник народного просвещения Казахской ССР (1950), Заслуженный учитель Казахской ССР (1968). В 1946 году окончила филологический факультет Казахского педагогического института имени Абая. Трудовую деятельность начала в 1946 году в Павлодарском педагогическом училище, позже перешла на работу в среднюю школу №10 имени Абая преподавателем казахского языка и литературы и завучем, где проработала до 1956 года. В 1956-1957 г.г. была завучем в Краснокусткой средней школе. Затем вновь стала завучем в СШ №10 города Павлодар. В доме, где жила Молдабекова Р.А. по улице Фрунзе, 104, в 1997 году установлена мемориальная доска.
 
Муканшаитова Кульбану Балтабековна (1947) / Уроженка Семипалатинской области (ныне Восточно-Казахстанская область). Окончила Семипалатинское педагогическое училище имени М.Ауезова и Семипалатинский педагогический институт имени Н.К.Крупской. Педагогическую деятельность в 1977 году начала в селе Ленино Лебяжинского района. С 1978 года и до выхода на заслуженный отдых работала учителем начальных классов в Жамбылской средней школе Лебяжинского района. Награждена Почетными грамотами. Имеет звание «Учитель-методист».
 
Майорова Галина Александровна (1951) / Уроженка села Семеновка Бескарагайского района Восточно-Казахстанской области. В 1958-1968 г.г. получила среднее образование в Лебяжинской средней школе. Трудовую деятельность начала в 1971 году в Лебяжинском районном узле связи (РУС) в должности телеграфиста, с ноября 1987 года переведена телеграфистом 3-класса. После реорганизации РУС в РУТ продолжила работать в должности телеграфиста 3-класса. В октябре 1995 года переведена на должность телефониста 5-рязряда Междугородной телефонной станции. Награждена Почетной грамотой к 10-летию акционерного общества «Казахтелеком».
 
Маслаков Константин Алексеевич (1968) / Уроженец села Лебяжье Лебяжинского района. В 1983-1986 г.г. окончил Лебяжинский СПТУ-28 по специальности тракторист-машинист широкого профиля с правом вождения автомобиля категории С. Трудовая деятельность началась в 1992 году в Лебяжинском районном узле связи (РУС), позже РУТ, в должности электромеханика ЛАЗ. в 1997-2000 г.г. окончил Алматинский колледж связи по специальности система связи и система коммутаций. В авгутсе 2001 года был переведен на должность инженера 9-разряда. В 2002-2006 г.г. окончил Алматинский институт энергетики и связи по специальности система связи и система коммутаций. В мае 2005 года заступил на должность главного инженера Лебяжинского РУТ. Награжден грамотой Лебяжинского райкома ЛКСМ Казахстана, Почетной грамотой к 10-летию акционерного общества «Казахтелеком».
 
Мукин Дошай (1920 – 2007) / Лебяжі ауданы Жабағылы ауылында дүниеге келді.Ұлы Отан соғысына қатысушы. Жабағылы ауылында соғысқа дейін мал шаруашылығында еңбек етіп, 1941 жылы майданға аттанды. 1945 жылы соғыстан аман-есен оралып, еңбек жолын мал шаруашылығында жалғастырды. Соғыста ерлігі үшін алған ордендері, медальдары бар. Еңбек жолында да алған мадақтамалары бар.
 
Молоков Степан Анисимович (1921) / Уроженец села Северка Кепочевского района Алтайского края Российской Федерации. Участник Великой Отечественной войны. В 1934 году приехал в Казахстан. Трудовую деятельность начал в 1937 году учителем Бескарагайской школы Лебяжинского района. В 1940 году был призван в ряды Советской Армии. Служил в Монголии. К началу войны окончил полковую школу. В начале октября 1941 года вступил в состав 82-дивизии. В тот же год был ранен. Пролежал пять месяцев в госпитале. В марте 1942 года вернулся домой. В 1942-1952 г.г. работал учителем Бескарагайской школы. В 1952-1959 г.г. переехал в село Белокаменка Семипалатинской области. В1959 году опять переехал в село Бескарагай Лебяжинского района. В 1959-1976 г.г. проработал в Бескарагайской средней школе. Награжден орденом Великой Отечественной войны ІІ степени, медалью «Маршала СССР Г.К.Жукова», медалью «За Победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945г.г.».
 
Молдажанов Еркеболат Тумурзинович (1951 – 2010) / Уроженец села Керей Лебяжинского района. Майор полции. После службы в армии в марте 1972 года был принят на службу в должности милиционера отдела вневедомственной охраны при Лебяжинском РОВД. В 1972-1976 г.г. занимал должность участкового инспектора ОВД Лебяжинского райисполкома. В 1977-1983 г.г. проработал инспектором ОБХСС Лебяжинского РОВД. В 1983-1987 г.г. был старшим оперуполномоченным ОБХСС того же отдела. В 1987-1992 г.г. был заместителем начальника Лебяжинского РОВД. В 1992-1999 г.г. работла начальником Лебяжинского РОВД, в 1999-2001 г.г. был начальником ОВД города Аксу Павлодарской области.
 
Мысник Владимир Григорьевич (1949) / Уроженец поселка Шарбакты Павлодарской области. В 1979 году окончил Шарбактинский сельскохозяйственный техникум. В 1988 году окончил Карагандинскую высшую школу МВД СССР. На службу в органы МВД СССР был принят по направлению Шарбактинского РК КП Казахстана. С 1978 по 1995 г.г. работал в органах внутренних дел, где занимал различные должностные посты: оперуполномоченный, старший оперуполномоченный Качирского РОВД, заместитель начальника Баянаульского РОВД, начальником Лебяжинского РОВД, начальником ОБЭП Аксуского РОВД. Имеет награды.
 
Мекішев Мұхтар Нәбиұлы (1957) / Шығыс-Қазақстан облысы Абай ауданы Мұқұр ауылында дүниеге келді. 1974-1980 ж.ж. Семей Мемлекеттік медицина институтының емдеу факультетінде оқыды. Интернатураны аяқтаған соң 1981 жылдан 2004 жылға дейін Лебяжі ауданы Майқарғай ауылдық учаскелік ауруханасында, дәрігерлік амбулаториясында акушер-гинеколог, бас және аға дәрігер болып еңбек етті. 2004-2005 ж.ж. Лебяжі аудандық денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. 2005-2007 ж.ж. Павлодар облысы денсаулық сақтау департаментінің бас маманы, Лебяжі ауданы бойынша өкілі болды. 2007 жылдан бастап Лебяжі орталық аудандық ауруханасында емхана меңгерушісі, бас дәрігердің орынбасары болып жұмыс атқаруда. Лебяжі аудандық мәслихатының І және ІІІ шақырылымдарының депутаты болып сайланды. Павлодар облысы әкімінің, Лебяжі ауданы әкімінің және Павлодар облысы денсаулық сақтау департаменті директорының Мақтау грамоталарымен марапатталды.
 
Миррахимова Әдиба Мерсейітқызы (1934) / Тарбағатай өлкесінің Шәуешек қаласында дүниеге келді. 1950-1954 ж.ж. Қытай Халық Республикасының Үрімші қаласындағы Шыңжан ұлттар университетінің химия факультетін тәмамдап, Шәуешек қаласындағы қазақ орта мектебінде химия пәнінен дәріс берді. 1955 жылы тың игерушілер қатарында Қазақстанның Павлодар облысы Лебяжі ауданы Қарақала ауылына көшіп келді. Облыстық білім бөлімінің жолдамасы бойынша Қызыләскер орта мектебіне химия пәні мұғалімі болып 1955-1957 ж.ж. жұмыс істеді. 1957-1986 ж.ж. Лебяжі орта мектебінде ұстаздық қызмет атқарды. Қазақ КСР Оқу Министрлігінің «Халық ағарту ісінің үздігі» белгісімен (1968), «Еңбек ардагері» медалімен (1987), Құрмет грамоталармен марапатталды.
 
Майкенов Аманжол Әубәкірұлы (1941) / Лебяжі ауданында дүниеге келді. Павлодар педагогикалық институтының физика-математика факультетін тәмамдады. Еңбек жолын Қызыләскер мектебін бітіргеннен соң дене тәрбиесі және тарих мұғалімі, 1962 жылы Лебяжі орта мектебінде физика-математика мұғалімі ретінде бастады. Ұзақ жылғы ебңтек өтілі үдерісінде Потанин, Жамбыл, Тілектес, Қазы, Лебяжі орта мектептерінде директор қызметін абыроймен атқарды. Бірнеше мәрте аудандық депутаттары кеңесіне депутат болып сайланды. Ұзақ жылдар партиялық ұйымның бюросында мүше болды. «Қазақстан Республикасы ағарту ісінің үздігі» белгісімен, облыстық және аудандық деңгейдегі Құрмет грамоталармен марапатталды.
 
Мақбаева Бақыт Қайдарқызы (1946) / Ресей Федерациясы Новосібір облысы Қарасуық ауданы Қарасарт ауылында дүниеге келді. 1965-1969 ж.ж. Қарағанды педагогикалық институтының физика-математика факультетінде білім алды. 1969-1970 ж.ж. Павлодар қаласының №3 мектеп-интернатында математика мұғалімі болып еңбек етті. 1970-1973 ж.ж. Ресейдің Алтай өлкесінің Дальненск сегізжылдық мектебінде мамандығы бойынша мұғалім болды. 1973-1975 ж.ж. Павлодар облысы Қашыр ауданында еңбек етті. 1978 жылдан бері Павлодар облысы Лебяжі орта мектебінде мамандығы бойынша қызмет атқарып келеді. «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі» белгісімен (1996), өнімді еңбегі үшін көптеген мадақтаумен марапатталды.
 
Мүстімов Қайке (1930) / Лебяжі ауданы Жамбыл ауылының Сталин ұжымшарында (қазіргі Әйтей батыр ауылы) дүниеге келді. Ұлы Отан соғығы кезіндегі тыл еңбеккері. Соғыс жылдарында ұжымшарда әр түрлі жұмыс істеді. 1950 жылы Қарағандының фабрикалық-зауыттық кәсіпке оқытатын мектебін төртінші разрядты тас қалаушы мамандығы бойынша тәмамдады. 1951-1954 ж.ж. Горбачев атындағы 8/9 шахтада, 1954-1989 ж.ж. Лебяжінің нан қабылдау кәсіпорынында, кейіннен, құрметті демалысқа шыққанша дейін, Лебяжінің жол жөндеу бөлімінде қызметтер атқарды. «Еңбек ардагері» (1984), Ұлы Жеңістің көптеген мерейгерлік медальдарымен, бірнеше Құрмет грамотамен, Алғыс қағазбен марапатталды.
 
Мұқанов Қайкен (1940) / Лебяжі ауданы Лебяжі (Аққу) ауылында дүниеге келді. 1960 жылдан бастап мектепті бітіргеннен соң Лебяжі нан қабылдау пунктінде жұмыс істеді. 1963 жылы «Қазнанөнімдері» бірлестігінің Павлодар облыстық курсын бидайды өндеу бойынша шебер мамандығы бойынша тәмамдады. 1964 жылы нан қабылдау кәсіпорындарының электригі мамандығы бойынша Республикалық стационарлық курстарында оқыды. 1965 жылы бидайды кептіру аппаратын іске қосу автоматшысы мамандығы бойынша Целиноградтық стационарлық курстарын тәмамдады. 1966 жылы үлескі шебері мамандығы бойынша Целиноградтық стационарлық курстарды оқып бітірді. 1967 жылы Қазақ КСР нан өнімдері және жем өндірісі Министрлігінің басқарушы кадрларын дайындау бойынша Республикалық біржылдық мектебін тәмамдады. 1976 жылы электрик мамандығы бойынша басқарушы кадрлады дайындау бағытындағы Республикалық біржылдық мектепті бітірді. «Тың және тыңайған жерледрі игергені үшін» медальмен (1964), Қазақ КСР нан өнімдері Министрлігінің Құрмет грамотасымен (1987), облыстық және аудандық кәсіподақтың грамоталарымен марапатталды.
 
Магалов Ерболат Маратұлы (1966) / Лебяжі ауданы Жамбыл ауылында дүниеге келді. 1990 жылы Семей зоотехникалық-ветеринарлық институтының ветеринария факультетін, 2001 жылы Қарағанды экономикалық университетін бухгалтерлік есеп және аудит мамандығы бойынша тәмамдады. 1990-1997 ж.ж. Лебяжі ауданы Жамбыл кеңшарында ветеринарлық дәрігер болып еңбек етті. 2002-2004 ж.ж. Лебяжі ауданы ауыл шаруашылық басқармасында бас маман болды. 2004 жылдан Лебяжі РУПС-інде бастық қызметін атқарды. 2008 жылы Павлодар облысы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
 
Малыбай ауылдық округі / Қазантай және Малыбай ауылдарын қамтиды. Қазантай ауылы 1928-1935 ж.ж. Цюрупа, 1935-1940 ж.ж. Бесқарағай ауданына қарады. 1940 жылы Лебяжі ауданының құрамына берілді. Социалистік Еңбек ері, Лениногор полиметалл комбинатының металлургі Бике Айдарханов (1918) осы ауылдың тумасы. 1999 жылғы есеп бойынша ауылда 440 адам тұрды. Тұрғылықты халық негізінен қазақтарды (97,2 пайыз) құрайды. Ертістің оң қапталына XVIII ғасырда өтіп қоныстанған Уақ-Бәсентиін ұрпақтары. «Қазантай» атының шығуы туралы бірегей дерек жоқ. Облыстық өлкетану мұражайынан алынған құжатта «қазан іспеттес қоныс» деген түсінік беріледі. Бұл – жаңсақ, ұшқары түсінік. Қазантайдың тұрған жері – қарағайға сұғына енген жазық. Екі түрлі жорамалға тоқталайық: қазақта «қазан ат» деген ұғым бар. Ол бестігінде тарттырылып, әбден бабына келіп, белі қатқан, жорыққа мінетін жылқы. Бұл жорамалдың осал тұсы – қазақ тайды атқа теңеп әспеттемесе керек-ті, ұқсатып айтпаса. Екіншісі – Қазантай сөзі инверсия нәтижесінде пайда болуы ықтимал. Бұл біздің тілімізде ұшырасатын құбылыс. Қараңыз: кей ғалымдар «қазақ» сөзінің этимологиясын ақ қаздан (тотем) шығарады: ақ қаз – қазақ. Олай болса Қазантайдың қазақтың ұлттық діліне тән қонақжай мол қолдығына, жомарттығына қатысты «тай қазаннан» шығуы да негізсіз емес. Осы ауылда он шақты отбасы Жомартовтар тұрады. Дұрысы олар Елубаевтар болу керек-ті. Көнекөз қариялардың айтуында Елубай-Жомарттың үлкен әжесі (Қонысбайдың шешесі) Бөшек тайқазаны оттан түспейтін мол қолдылығы үшін ел арасында Майкемпір атанып кетіпті. «Қилы-қилы заман болды, қарағай басын шортан шалды», ата-бабамыз осы жерге келіп сонау XVII ғасырда қоныс тепкенімен аласапыран аштық жайлаған заманда бас сауғалап Алтайдың Родин ауданына төңкерілген екен аталарымыз. Мен сол жақта тусам керек-ті. Бірақ ат қоныстан қол үзген оны тәркі қылғанмен тең нәрсе ғой, әкеміз Қайырбай өзінің кіндік қаны тамған жерге бүкіл туысымызды үдере көшіп алып келді. Сонда айтатын: тай қазаны оттан түспеген анамыздың атымен аталған жұрт осы деп. Бәлкім қиястау да шығар, бірақ Қазантай атауына менің өзге жорамалым жоқ». Ақиқатында, Сатыбалды Жомартұлының бұл сөздерін теріске шығаратын да, растайтын да да нақты дерек жоқ. Малыбай – ауылдық округтің орталығы. Мұнда 1958 жылы «Малыбай» мал бордақылау кеңшары ұйымдасты. Ол 1976 жылы «Лебяжі» аудандық ауыл шаруашылығы бірлестігі болып қайта құрылды. Ауыл Малыбай көлінің (көлемі 12,4 шаршы километр) жағасында орналасқан. Округте жиыны 1128 адам тұрады (1999). 1984 жылы ашылған Малыбай қазақ орта мектебінде 2001-2002 оқу жылынд 159 шәкірт білім алды. Бұл – Малыбайдың бергі тарихы. Ал арғысы қазақтардың Ертістің оң қапталына өтіп, қазіргі Лебяжі ауданы аумағына қоныстана бастаған кездерге тереңдейді. Тарихи деректерге қарағанда Малыбайды ертеде керейлер мекендеген. Бұл туралы ел аузында мынадай аңыз сақталған: Малыбай деген батыр бастаған керейдің бір ауылы осы жерге келіп қос тігеді. Жері шүйгін болғанымен мал судан таршылық көрген соң Малыбай үлкен ойпаттың ортасынан құдық қазуға жарлық етеді. Қанша қазғанмен су шыға қоймаған соң батыр қарағайдың бір басын үшкірлеп, жерге қағуға бұйырады. Қанша адам жабылып оны кері суырып ала алмаған соң батырдың өзі түсіп, ырғап-ырғап, жұлып алғанда атқып шыққан суға тұншығып батыр қаза табады. Су тез жайылып, көлге айналған екен. Содан көлдің аты Малыбай аталған. Осы аңызымен қабат Малыбайдың ақиқаты – Ертістің оң қапталында XVIII ғасырдың соңын ала бірінші қоныс салған Уақ-Бәсентиін ұрпақтары өз алдарына шаңырақ көтеріп, көсем сайлап, қарадан хан көтерген. Бірақ оның ғұмыры ұзақ болмаған. Байбөрі батыр Кенебайұлы жылға жетпей дүние салған. Сол кездердің ескерткіші – Байбөрінің бейіті осы Малыбайдан 3-4 шақырымдай, ертеректе Шоқша аталған жердегі ескі қорымда жатыр. Жазуы әбден өшкен гранит құлпытас қана осы жерде атаулы бір адам жатыр-ау деп нұсқайды. Байбөрінің бесінші ұрпағы Еркін Садуов осы Малыбайда 80-жылдары кеңшар директоры болды. еркіннің інісі полковник Ғазиз Садуов Солтүстік Қазақстан облысында Ішкі істер басқармасының бастығы болды. Қазір Республика Ішкі істер министрлігінің басқарма бастығы.
 
Майқарағай ауылдық округі / Майқарағай, Қорт, «Үшінші бесжылдық», Шоқтал ауылдары кіреді. Орталығы – Майқарағай ауылы. Тұрғындарының жиын саны – 1811 адам (1999). Ауылдық округ 1957 жылы құрылды. 1960 жылы «Лебяжі» кеңшарының құрамынан бөлініп шығып, негізінен қой өсіруге бағытталған «Майқарағай» кеңшары құрылды. Ол 1978 жылы асыл тұқымды қой өсіретін зауыт болып өзгерді. Кеңшарда қазақтың ақбас ірі қара мал табынын қалыптастыруға бағыт алынды. Үшінші бесжылдық – Майқарағайдан оңтүстік-шығысқа қарай 28 километр жерде жатқан шағын ауыл. 1999 жылы мұнда бірнеше шағын шаңырақ қана болды. 1938 жылы ашаршылық кезінде ішке ауған он-он бес отбасы оралып, осында Ежов атындағы ұжымшар ұйымдастырды. Ежовтың халық жауы деп жариялануына байланысты ұжымшар «Үшінші бесжылдық» атын алды. (КСРО халық шаруашылығын дамытудың 1938-1942 ж.ж. арналған үшінші бесжылдық жоспары 1937 жылы қабылданып, бекітілген). Кейін ұжымшар таратылып, кардон болып қалды. Шоқтал – ауылдық округ орталығынан 20 километр жерде, 340 адам (1999), тегіс қазақтар тұратын ауыл. 50-жылдары «Путь к коммунизму» орман шаруашылығы болды. Шоқтал ауылы – қазақтардың Ертістің оң қапталына өткен кездерінде ірге тепкен, екі ғасыр шамасы тарихы бар елді мекен. Оның іргесін салған Уақтың Жансары руы мен Бәсентиіннің Көшен, Шүрек-Сағынай рулары. Кеңестер заманында мұнда Амангелді атындағы ұжымшар болды. бұл ауылдан Қазан төңкерісіне дейін қажылыққа көп адам сапар жасаған. Мешіт-медресе ұстаған, ғылымға ұмтылған. Жақсының соңы – орта дәрежелі діни білімді, кейіннен Абай атындағы ұжымшар төрағасы болып, елге қызмет еткен Шоман Тоқсанбайұлы ақсақал еді. Осы үдеріс қазірге дейін жалғасып келеді. Жалғыз Шоқталдан 11 ғалым шыққан. Қорт (Мерғалым ауылы) – ХІХ ғасырдан белгілі аудандағы көне елді мекендердің бірі. Уақтың Жансары руы ішіндегі Қорт атасының атымен қойылған (патроним). Өткен ғасырдың 30-жылдарында мұнда Сталин атындағы ұжымшар болды. Кеңшарластыру кезінде – Майқарағайдың бөлімшесі болды. 1999 жылғы санақ бойынша мұнда 539 адам тұрды. Тегістей дерлік жергілікті ұлт өкілдері. Қорт Қазақстан ғылымына үш есім қосты. Қорт ауылының атын Ертістің Павлодарға қарасты өңірінен шығып, республикаға мәшһүр еткендер: сынықшы Мерғалым Мұқтарханұлы Ғабдуллин (1935-1985), экстрасенс емші Үміт Ахтанқызы Сүбәтілова. Майқарағай / Ауылдық елді мекен, 1957 жылдан бастап ауылдық округтің орталығы. Елді мекен Аққу ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 100 км және Павлодардан оңтүстік-шығысқа қарай 165 км қашықтықта орналасқан. Халқының саны 607 адам (1999 жылы) болған. Елді мекендегі басым ұлт – қазақтар – 520 адам. Майқарағай атауын қарағай орманы арасында Майқарағай көлі, қонысына байланысты алған. Тура мағынада «майлы қарағай» мағынасында айтылады. 1960 жылы «Лебяжі» кеңшарынан бөлініп шықты. Ол 1978 жылы асыл тұқымды қой өсірумен шұғылданатын зауытына өзгертілді. 1960 жылы «Майқарағай» (асыл тұқымды қой зауыты) кеңшары құрылды.
 
Майқы / Ауылдық елді мекен, Майқарағай ауылдық округі елді мекенінен 36 км қашықтықта орналасқан. Халық саны 8 адам (1970 жылы) болған. Майқы – (Керей-Абақтардың бір тармағы) генонимнен туындаған.
 
Малиновка / Бұрынғы ауылдық елді мекен, Жамбыл ауылдық округінің қонысы. Ауылдық округ орталығы Жамбыл елді мекенінен 15 км қашықтықта орналасқан. Малиновка елді мекені 1914 жылы Украинадан қоныс аударушылардың Млиновка селосы атауы негізінде пайда болған деген жорамал бар.
 
Малсоры / Бұрынғы ауылдық кеңесіндегі «Бесқарағай» кеңшарының бөлімшесі. Бесқарағай елді мекенінен 15 км қашықтықта орналасқан. Халқының саны 16 адам (1970 жылы) болған. Малсоры – «батпақтанған сортаңда жайылып жүрген малы бар қоныс».
 
Малыбай / Ауылдық елді мекен, округ орталығы. Елді мекен Павлодар қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 126 км қашықтықта және Аққу ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 60 км қашықтықта орналасқан. Тұрғындардың саны 688 адам (1999 жылы) болған. Көбі – қазақтар – 606 адам. Елді мекен жабайы жануарлар мен балыққа бай Малыбай көлі мен Малыбай қонысының атауымен аталған. Сөзбе-сөз Малыбай атауы «малға бай» дегенді білдіреді. Малыбай ауылы – ер адамның есімі, геноним (Керей тайпасының тармағы). Малыбай 1958 жылы құрылған.
 
Маралды / Бұрынғы ауылдық елді мекен, Шарбақты ауылдық округінің бөлімшесі болған. Шарбақты елді мекенінен 12 км қашықтықта орналасқан. Халқының саны 24 адам (1970 жылы) болған. Маралды – бұрын осы маңда марал жануарының болғандығын дәлелдейтін географиялық атау. Бұл жерде көл және қарағай орманы бар. Көлдің жағасында кезінде пионер лагері де орналасқан еді.
 
Мырзатал / Бұрынғы ауылдық елді мекен, Шақа ауылдық округі «Бесқарағай» орман шаруашылығының тұрағы. Шақа елді мекенінен 30 км қашықтықта орналасқан. Халқының саны 6 адамды (1970 жылы) құраған. Мырзатал – «қалың тал бұталарға бай (қоныс)».
 
Махамбетқызы Тоқташ (1946) / Лебяжі ауданы Қазантай ауылында дүниеге келді. 1971 жылы Алматыдағы әйелдер педагогикалық институтының музыка факультетін тәмамдады. 1965-1967 және 1971-1991 ж.ж. ұстаздық қызметте болды. 1991 жылы республикалық шығыс және қазіргі заманғы медицина ғылыми-тәжірибе орталығында сыннан өтіп, «Халық емшісі» атын алды. Осы орталықта жұмыс істеді. Тәжірибесінде өсімдіктен даярланған дәрі-дәрімектерді кең қолданды.
Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 2815 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: