Лебяжі ауданының бейресми энциклопедиясы
12/07/2011, 13:48 | |
Канашев Қалияр Қанашұлы (1916 – 1991) / Лебяжі ауданы Тереңкөл ауылында дүниеге келді. Ұлы Отан соғысына қатысушы. Әскер қатарына 1939 жылы алынып, 1941 жылы 310-атқыштар дивизиясында жаяу әскер қатарындағы жауынгер болды. Ленинград үшін күрес майданына қатысып, «Қызыл жұлдыз» орденімен марапатталды. Мергендік қозғалысын көрсеткен Г.К.Жуков басқарған майданға қатысып, бірінші болып Берлинге кіргендердің бірі болды. 1945 жылы Жеңіс күнін Берлинде қарсы алып, қаланы фашис басқыншыларынан азат етіп, 1946 жылы елге оралды. Бейбіт өмір кезеңінде туған ауылында еңбек жолын шопандық, бригадирлік, кәсіподақ бағытындағы жұмыстарды атқарумен болды. «Германияны жеңгені үшін», «Ерлік үшін», көптеген мерейгерлік медальдармен марапатталды.
Камзина Шәйзат (1919 – 2009) / Қарағанды облысы Егіндібұлақ ауылында дүниеге келді. 1932 жылы отбасын құрып, Павлодар облысына келген. Сол жылдан бастап Қызылағаш ұжымшарының түйе, тауық фермасының меңгерушісі, жұмысшысы қызметттерін атқарған. Көп жылдар ауылшаруашылығында әртүрлі жұмыстар атқарды.1945 жылдың шілде айында партияға қабылданды. Тыл ардагері. «1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысы Жеңісіне – 40 жыл» және басқа мерейгерлік медальдармен , «1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысы кезінде тылда жұмыс істегені үшін», «Ерен еңбегі үшін» медальдармен марапатталды.
Капанова Зура Нагмановна (1947) / Ресей Федерациясы Кемерово қаласында дүниеге келді. 1954 жылы Кемерово қаласында мектепке барды. 1958 жылы ата-анасымен Қазақстанның Павлодар облысы Лебяжі ауылына көшіп келді. 1965 жылы Лебяжі орта мектебін бітіріп, Павлодар қаласында математика пәнінен айлық қурсын бітіріп, Лебяжі ауданының Подпуск ауылында бастауыш сыныптар мұғалімі болып жұмыс істеді. 1971 жылы Павлодар педагогикалық институтының физика-математика факультетін бітірді.1968 жылдан бастап Бесқарағай орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарды. 1978 жылы Білім министрінің Құрмет грамотасымен марапатталды. 1984 жылы әдіскер-мұғалім атағы берілді.
Кусманова Баян Нурахметовна (1960). Индивидуальный предприниматель, грамотный организатор. Организовала свое производство на несколько рабочих мест. Оказывает спонсорскую помощь в виде продуктовой корзины одиноко проживающим пенсионерам, инвалидам. Также оказывает спонсорскую помощь в организации горячего питания Потанинской средней общеобразовательной школе.
Кенжин Айтжан Сотанұлы (1949) / Лебяжі ауданы Тілектес ауылында дүниеге келді. Мектепті аяқтағаннан соң Ермак (қазіргі Ақсу) дене тәрбиесі техникумында оқыды. 1973 жылдан бастап Ямышев орта мектебінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарды. 2005 жылы ҚР БҒМ Құрмет грамотасымен, 2007 жылы ҚРБҒМ дене тәрбиесінің ұлттық орталығының Құрмет белгісімен және облыстық білім басқармасының бірнеше грамоталарымен марапатталды.
Карбаева Сәуле Иманғалиқызы (1955) / Лебяжі ауданы Бесқарағай ауылында дүниеге келді. 1972-1977 ж.ж. тігінші болып еңбек етті. 1977 жылы сатушылар даярлайтын курсты аяқтап, Лебяжі аудандық кеңшар кооперативіне жұмыс орналасты. Павлодар кооперативтік техникумын сауда меңгерушісі мамандығы бойынша сырттай тәмамдады. 1994 жылы Алматы қаласныда өткен Қазақстан тұтынушылар қоғамы қызметкерлерінің съезіне делегат болып сайланды. «Тұтынушылар кооперациясының үздігі» белгісімен марапатталды. 2005 жылдан бастап жеке кәсіпкерлікпен айналысады.
Кәкішев Қыдырбай Аюбайұлы (1956) / Ресей Федерациясы Новосибирь облысы Чулыш ауданы Кокошин ауылында дүниеге келді. Целиноград (қазіргі Астана) ауыл шаруашылығы институтын агроном мамандығы бойынша тәмамдады. Новосибирь облысы Кубань кеңшарында агроном, Лебяжінің №28 кәсіптік училищесінде директор, 1996-1999 ж.ж. Баймолдин атындағы ұжымдық үлестік кәсіпорынның директоры болып қызмет етті. «Бала Тақыр» ЖШС басшысы, жеке кәсіпкер. 2004-2007 ж.ж. аудандық мәслихаттың депутаты болды. «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен марапатталды.
Кашев Құбайдолла (1926 – 2003) / Лебяжі ауданы Шарбақты ауылында дүниеге келді. Ұлы Отан соғысына қатысушы. 1944 жылы Кеңес Армиясының қатарына шақырылды. Жеңістен кейін, 1945-1947 ж.ж., Германияда, 1947-1950 ж.ж. Калининград қаласындағы Прибалтикалық әскери округте қызметте болып, елге оралды. Бейбіт уақытта Шарбақты ауылдық Кеңесте хатшы, Лебяжі АІІБ, Малыбай ХПП директоры, ПМК-567 бас бухгалтер қызметтерін атқарды. Ұлы Отан соғысының орденімен, «Германияны жеңгені үшін» және басқа да мерейгерлік медальдармен марапатталды.
Колмаков Леонид Александрович (1935) / С 1964 по 1991 г.г. работал директором Бескарагайского лесхоза. Построил Шакинскую среднюю школу, все производственные помещения, а также две улицы в селе Шака. Награжден орденом «Знак Почета».
Кәрім Серік Садықұлы (1958) / Лебяжі ауданы Шарбақты ауылында дүниеге келді. 1981 жылы Павлодар педагогикалық институтын орыс тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша тәмамдады. 1981-1999 ж.ж. Лебяжі, Шарбақты орта мектептерінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, аудандық «Ленин жолы» газеті редакциясында әдеби қызметкер, аудандық «Білім» қоғамдық ұйымында хатшы, аудандық «Аққу үні» газеті редакторының орынбасары болып қызметтер атқарды. 1999-2009 ж.ж. аудан әкімінің кеңесшісі болды. Қазіргі уақытта аудандық «Аққу үні» газеті редакторының орынбасары.
Кауметова Магфура Аубакировна / Лебяжі ауданы Жамбыл орта мектебінің түлегі. Еңбек жолын 1978 жылы аға тәрбиеші (вожатая) болып бастады. 1984 жылы Павлодар педагогикалық институтын тәмамдап, туған мектебіне қайта оралды. 2007 жылдан бастап Жамбыл орта мектебінің директоры болып қызмет атқаруда. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, облыстық білім департаментінің грамоталарымен марапатталды.
Кенжина Лидия Қалижанқызы (1951) / Ресей Федерациясының Алтай өлкесі Шаталовка ауылында дүниеге келді. 1974 жылы Павлодар педагогикалық институтын математика мұғалімі мамандығы бойынша тәмамдады. Еңбек жолын 1974 жылы Ямышев орта мектебінде математика мұғалімі болып бастады. 1987 жылдан мектеп директоры болып қызмет жасауда. «Қазқстан Республикасы білім үздігі» медалімен марапатталды.
Кащеев Илья Кузьмич (1914) / Уроженец Курской области Российской Федерации. Участник Великой Отечественной войны. В мае 1955 года переехал в село Восточное Лебяжинского района, где проработал механизатором, бригадиром механизаторов, печником в строительном участке. Награжден орденом Знак Почета, медалями «За освоение целины», «Ветеран труда».
Ковалева Любовь Никифоровна (1925) / Уроженка села Иваново Качирского района Павлодарской области. Трудовую деятельность начала в 1943 году в качестве учителя физики и математики в Байгунусской школе. В 1958 году переезжает в совхоз Восточный, где устраивается учителем физики и математики в среднюю школу имени Баймульдина. Награждена значком «Отличник народного просвещения Казахской ССР», медалью «Ветеран труда».
Костин Ефим Константинович (1914) / Уроженец деревни Селенур Уржумского района Кировской области Российской Федерации. Участник Великой Отечественной войны. С 1960 года работал плотником-столяром в совхозе Восточное. Награжден орденом Великой Отечественной войны, орденом Трудового Красного Знамени, медалями.
Коновалова Светлана Валентиновна (1960) / Родилась в совхозе Кирова Майского района Павлодарской области. В 1969 году переехала с родителями в совхоз Кызылкогам Лебяжинского района. В 1975-1979 г.г. окончила Павлодарское педагогическое училище по специальности учитель начальных классов. По направлению была принята на работу в Тлектесскую среднюю школу. В 1986 году окончила Усть-Каменогорский педагогический институт по специальности педагогика и методика начального обучения. В августе 1982 года переведена на комсомольскую работу. Избрана секретарем-заведующим отдела молодежи и пионеров Лебяжинского райкома ЛКСМ Казахстана. В ноябре 1986 года избрана первым секретарем Лебяжинского райкома ЛКСМ Казахстана, избиралась членом бюро райкома партии, депутатом районного Совета народных депутатов Лебяжинского района, членом Павлодарского обкома комсомола. В 1987 году будучи делегатом участвовала в работе XVI съезда ЛКСМ Казахстана. В августе 1989 года поступила в Алматинскую высшую партийную школу на очное отделение, получила дополнительную специальность политолог. В 1991 году избрана и утверждена секретарем партийного комитета Шарбактинской птицефабрики. Затем работала на различных должностях, в том числе начальником отдела внутренней политики Шарбактинского района Павлодарской области.
Камысов Рыспек Жантемирович (1967) / Уроженец села Шака Лебяжинского района. Воин-интернационалист. Окончил Алматинский народнохозяйственный институт по специальности экономист. Выполнил интернациональный долг в Демократической Республике Афганистан. Имеет боевые награды.
Кащапов Мұхамедсапа Ыбырайұлы (1924 – 1985) / Лебяжі ауданы Тереңкөл ауылында дүниеге келді. Алматы ауылшаруашылық техникумын бітірген. Тереңкөл ауылында 1962-1983 ж.ж. басқарушы болып жұмыс істеді. «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды.
Көпбаев Қинаят Қалымұлы (1941) / Лебяжі ауданы Тереңкөл ауылында дүниеге келді. 1995 жылға дейін Тереңкөл ауылында шабан болып жұмыс істеді. 1996 жылдан «Малай сары» шаруа қожалығының бастығы болды. 1986 жылы «КСРО ХШЖК-нің» күміс медалімен марапатталды. 2006 жылдан Тереңкөл ауылы С.Торайғыров атындағы ПМУ-дің «Агробиолог» стансасының бастығы қызметін атқаруда.
Куватова Бахытжан Ерсаиновна (1961) / Уроженка села Кривинка Бескарагайского района Восточно-Казахстанской области. В 1968-1977 г.г. окончила Семипалатинский ГПТУ-118 по специальности штукатур, облицовщик-плиточник. В 1985 году работала учеником телеграфиста 3-разряда в Лебяжинском районном узле связи, в феврале 1986 года стала учеником электромеханика ЛАЗ, затем перевелась на должность электромеханика ЛАЗ. В 1993 году работала телеграфистом Лебяжинского районного узла телекоммуникаций, с 1995 года телефонистом, в 2007 году переведена на должность оператора связи участка продаж. Награждена Благодарственными письмами акима района и Лебяжинского районног маслихата.
Козинский Дмитрий Андреевич (1925) / Уроженец села Сосновка Бескарагайского района Павлодарской области. Участник Великой Отечественной войны. Участвовал в боях с Японией в составе 24-стрелкового полка в 1945 году, где был командиром отделения. После войны долгое время работал столяром в селе Жамбыл Лебяжинского района. Награжден орденом Великой Отечественной войны ІІ степени, медалью «За Победу над Японией», медалью «Г.К.Жукова», многими юбилейными медалями.
Калиев Сембай Калиевич (1916 – 1972) / Уроженец села Казы Лебяжинского района Павлодарской области. Участник Великой Отечественной войны. В 1932-1933 г.г. учился в Кызыласкерской средней школе, окончил 4 класса. В 1933-1934 г.г. учился в межсовхозной школе при совхозе №23, окончил курсы овцевода. В 1934-1935 г.г. учился в межсовхозной школе при совхозе Северный Иртышского района, где окончил 6 классов и курсы по подготовке мастеров маслозавода. В 1936-1937 г.г. работал в совхозе №23 в качестве учетчика тракторной бригады. В 1937-1940 г.г. был в рядах Советской Армии, служил на Дальнем Востоке, где в 1938 году окончил годичные курсы младших командиров. С 1940 года по июль 1941 года работал инспектором военного дела Лебяжинского района. С июля 1941 года по июль 1946 года был в рядах Советской Армии и прошел боевой путь в составе 7-гвардейской Черкасской Краснознаменной ордена Богдана Хмельницкого воздушно-десантной дивизии от города Раменское, что в 45-и километрах от Москвы, где формировалась дивизия, до реки Иббс, которая находится в 140-х километрах западнее австрийской столицы города Вена, где советские войска встретились с англо-американскими союзными войсками. Всю войну прошел в качестве командира орудия, а с 1943 года по 1946 год был парторгом батареи. После демобилизации с 1946 года по 1951 год работал инструктором Лебяжинского райкома КП Казахстана. В 1951-1953 г.г. работал председателем колхоза Жанаауыл. В 1953-1956 г.г. повышал квалификацию в Алматинской сельскохозяйственной школе по подготовке председателей колхоза. В 1956 году возвратился председателем колхоза Жанаауыл. В 1957-1961 г.г. работал управляющим отделения, зоотехником в совхозах Лебяжинский, Майкарагайский. С 1962 года по сентябрь 1972 года работал агрономом в совхозе Жамбыл. Награжден двумя орденами «Красной Звезды», орденом Великой Отечественной войны І степени, двумя медалями «За отвагу», медалью «За освобождение Вены», медалью «За взятие Будапешта», медалью «За Победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 г.г.».
Кабиденов Шахмардан Кабиденович (1952) / Уроженец села Шарбакты Лебяжинского район. Майор юстиции. В 1970-1971 г.г. окончил курсы трактористов. В 1973-1976 г.г. окончил Павлодарский совхоз-техникум по специальности ветеринарный фельдшер. По направлению коллектива совхоза Жамбыл поступил на работу милиционером Лебяжинского РОВД. С 1983 по 1994 г.г. был старшим инспектором, а затем начальником уголовного розыска Лебяжинского РОВД. В 1994-1997 г.г. был заместителем начальника Шарбактинского РОВД, начальником ОГСК по Шарбактинскому району. В 1997-1998 г.г. работал начальником ОВД Успенского района. Имеет награды.
Кымызкенов Саттар Утебаевич (1926) / Уроженец села Жанаауыл Павлодарского района Павлодарской области. Майор милиции. В 1947 году окончил Алматинскую специальную среднюю школу милиции, в 1969 году окончил Московсукую высшую школу МВД СССР, в 1971 году прошел курсы повышения квалификации при Карагандинской высшей школе МВД СССР. С 1949 по 1983 г.г. работал в органах внутренних дел СССР, где занимал должностные посты в различных РОВД. В 1983 году был начальником отдела внутренних дел Лебяжинского райисполкома Павлодарской области. Имеет награды.
Кудайбергенов Абай Урдабаевич (1965) / Уроженец села Иртышск Павлодарской области. В 1997 году окончил Алматинскую высшую школу ГСК РК по специальности юрист, в 2003 году окончил факультет №1 Академии МВД РК и получил степень магистра делового администрирования. С 1991 года работает в органах внутренних дел различных РОВД, где занимал различные должностные посты. С октября 2003 года является первым заместителем начальника ОВД Лебяжинского района Павлодарской области.
Кошанова Дәметкен Шаймарданқызы (1961) / Лебяжі ауданы Лебяжі ауылында дүниеге келді. 1978-1983 ж.ж. Павлодар педагогикалық институтының физика-математика факультетін тәмамдады. 1983-1987 ж.ж. Лебяжі ауданы Жамбыл орта мектебінде физика-математика мұғаліиі болып еңбек етті. 1987-1997 ж.ж. Аққудағы №28 кәсіптік мектепте мұғалімдік қызмет атқарды. 1997 жылдан бастап Лебяжі орта мектебінде еңбек етуде. Қазақстан Республикасы білім Министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
Кенжегалиев Токтамыс Жаныбекович (1959) / Уроженец Лебяжинского района. Методист по спорту высшей категории Лебяжинского районного отдела образования. Победитель областного конкурса «Технологическое мастерство-2008», автор проекта «Развитие детского спорта Лебяжинского района Павлодарской области», автор проекта Детского научно-просветительского института «Воспитание, обучение на основе Физической культуры, ЗОЖ», докладчик Республиканского семинар-совещания директоров региональных центров Физической культуры Республики Казахстан-2007 год, докладчик Республиканской научно-методической конференции по актуальным проблемам Физического воспитание в современных условиях-2009 год, участник II Международной конференции «Теории и практики физической культуры и спорта». Обладатель грамот РОО, акима района, Регионального Учебно-практического центра Физической культуры Павлодарской области, грамоты областного управления образования, обладатель нагрудного знака Национального Научно-практического Центра Физической культуры Министерства образования и науки РК за подготовку спортивного резерва РК. Почетный работник образования РК. Кандидат в мастера спорта СССР по вольной борьбе.
Кенжегалиев Жуматай Жаныбекович (1966) / Уроженец Лебяжинского района. Мастер спорта СССР по вольной борьбе. Неоднократный чемпион Казахстана, чемпион Всесоюзных турниров, призер первенства СССР, неоднократный чемпион знаменитого общества «Спартак», член сборной команды СССР, КазССР, призер международного турнира в Индии, призер первенства Вооруженных Сил СССР. Подготовил чемпионов СССР, СНГ, участников чемпионата мира в США, Канаде, участников, призеров международных турниров в Иране, Турции, Германии, Франции. Судья национальной категории.
Кенжегалиев Досбек Жаныбекович (1971) / Уроженец Лебяжинского района. Мастер спорта СССР по вольной борьбе. Неоднократный чемпион Всесоюзных турниров, призер Кубка Казахстана, призер Казахстана и Средней Азии. Подготовил мастеров спорта Казахстана, чемпионов, призеров Казахстана. Преподаватель Аксуского колледжа физической культуры.
Кәрібаева Зайра Аманбекқызы / Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Қарауыл ауылында дүниеге келді. Жоғары санатты дәрігер-терапевт. 1959-1965 ж.ж. Семей Мемлекеттік медицина институтын емдеу ісі мамандығы бойынша тәмамдады. 1965-1982 ж.ж. Лебяжі орталық аудандық ауруханасында терапевт, терапия бөлімінің меңгерушісі және бір уақытта аудандық терапевт міндетін қоса атқарды. 1982-1984 ж.ж. Павлодар облыстық ауруханасының ревмокардиология бөлімінде еңбек етті. 1984 жылдан осы аурухананың (қазіргі Г.Сұлтанов атындағы облыстық клиникалық аурухана) қабылдау бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарып келеді. 1984 жылдан 1991 жылға дейін Санитарлық авиацияның дәрігер-терапевті қызметін қоса атқарды. «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» белгісімен, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің және облыстық денсаулық сақтау Департаментінің Құрмет грамотасымен бірнеше рет, облыстық Мәслихаттың Құрмет грамотасымен марапатталды.
Кәрібаев Шыңғыс Кәрібайұлы (1942) / Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында дүниеге келді. 1959-1965 ж.ж. Семей Мемлекеттік медицина институтын емдеу ісі мамандығы бойынша тәмамдады. Дәрігерлік еңбек жолы 1964 жылы Семейдің №2 қалалық ауруханасында дәрігер-хирург ретінде басталды. 1965-1973 ж.ж. Лебяжі орталық аудандық ауруханасында дәрігер-хирург, 1973-1981 ж.ж. бас дәрігер, 1981-1984 ж.ж. Павлодар облыстық ауруханасының Санитарлық авиация меңгерушісі, 1984-1986 ж.ж. Павлодар трактор зауытының медикосанитарлық бөлімінің бас дәрігері, 1986-1998 ж.ж. облыстық оноклогиялық диспансердің меңгерушісі, 2005 жылға дейін онокдиспансердің хирургі қызметтерін атқарды. 2005 жылдан бастап Павлодар аудандық емханасында дәрігер-онколог болып еңбек етуде. КСРО-ның денсаулық сақтау ісінің үздігі (1975), Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісінің үздігі (2003). «Еңбек ардагері» медалімен, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің және облыстық денсаулық сақтау Департаментінің, облыстық Мәслихаттың Құрмет грамотасымен бірнеше рет марапатталды.
Кольберт Лилия Ивановна / В 1955 году приехала с семьей в Казахстан. Долгое время работала в совхозе Лебяжинский Лебяжинского района Павлодарской области дояркой, секретарем в конторе, заведующей складом в МТМ. Награждена медалями «Освоение целины», «За долголетний добросовестный труд», «Ветеран труда».
Кадырбаев Ермурат Шайманович (1946) / Уроженец села Майский Павлодарской области. В 1964 году окончил Лебяжинскую среднюю школу. Трудовую деятельность начал слесарем Лебяжинского хлебоприемного пункта, где проработал с 1961 по 1965 г.г. в 1965-1970 г.г. обучался в Казахском Государственном сельскохозяйственном институте в Алматы, по окончании которого получил квалификацию инженера-механика. В 1970-1972 г.г. работал в Бескарагайском Государственном племенном заводе Лебяжинского района инженером-механиком по трудоемким процессам. В 1972 году приехал на строительство Павлодарского химического завода (ПХЗ) по вызову руководства, откуда был направлен в химическое училище мастером производственного обучения. В 1979 году был назначен заместителем директора по учебной работе вновь созданного Павлодарского химико-механического техникума по подготовке кадров для Павлодарского нефтеперерабатывающего завода и ПХЗ. С 1991 года занимал должность директора учебно-консультационного пункта Карагандинского экономического университета в Павлодаре, который в 2000 году был преобразован в филиал. С 2007 года назначен заместителем директора Павлодарского представительства «Центр дистанционного обучения» Карагандинского экономического университета Казпотребсоюза.
Калиаскаров Леонид Михайлович (1945) / Уроженец села Усть-Мосиха Ребрихинского района Алтайского края Российской Федерации. В 1969 году окончил Павлодарский индустриальный институт (ныне Павлодарский Государственный университете имени С.Торайгырова) по специальности инженер-строитель. В 1971-1975 г.г. был мастером СУ-2 «Трест Павлодаржилстрой», СУ совхоза Жамбыл Лебяжинского района, райпотребсоюза. В 1975-1977 г.г. был начальником ПТО ПМК-567. В 1977-1995 г.г. работал главным инженером ПМК-567, инструктором организационного отдела райкома партии, директором СПТУ-28, главным инженером Лебяжинской ПМК арендный терст «Павлодар Агропромстрой №2». В 2000-2006 г.г. работал ведущим специалистом, главным специалистом отдела организационно-кадровой работы аппарата Акима Лебяжинского района. В 2006 году был назначен заведующим отделом архитектуры и градостроительства.
Кабиденов Кибат Кусаинович (1948) / Уроженец села Жамбыл Лебяжинского района. В 1974 году окончил Семипалатинский зооветеринарный институт по специальности ветеринарный врач. В 1966-1967 г.г. был рабочим Лебяжинского дорожно-эксплуатационного строительного участка №426. В 1974-1979 г.г. работал ветврачом-эпизоотологом Лебяжинской райветстанции, инструктором организационного отдела Лебяжинского райкома партии, секретарем парткома совхоза Лебяжинский. В 1980-1992 г.г. был заведующим отделом пропаганды и агитации Лебяжинского райкома партии, сельхозотделом Лебяжинского райкома партии, заместителем председателя Лебяжинского РАПО, районного испольнительного комитета. В 1992-2004 г.г. занимал должность первого заместителя главы Лебяжинской районной администрации, начальника управления сельского хозяйства Лебяжинского района, директора КДСП «Майкарагай», главы КХ «Ал-Сан-Ас» в селе Акку. В 2004-2006 г.г. работал Акимом Лебяжинского сельского окргуа. С 2007 года является депутатом Лебяжинского районного маслихата четвертого созыва. Награжден медалью «Доблестный труд».
Көбайдаров Төлеубай / Ұлы Отан соғысы кезінде Ресей Федерациясының Кемерово металлургия зауытында жұмыс істеді. Соғыс біткен соң елге оралып, еңбекке араласты. Тың игеру жылдарында ерен еңбек етті. Лебяжі ауданы Майқарағай кеңшарында ақбас ірі қара мал тұқымын өсіру қолға алынғанда тәжірибелі бақташы болды. екі мәрте «Еңбек Қызыл Ту» орденімен марапатталды.
Кабдуллин Мергалым Мухтариханулы (1935 – 1986) / Уроженец села Корт Лебяжинского района. Народный лекарь-знахарь. С 7 лет в нем начинают проявляться дар предвидения и знахарские способности. С 12 лет он начинает заниматься лечебным делом (костоправ). Заранее узнавал о причинах болезни и путях выздоровления. Обладал даром предчувствия. За 40 лет практики через его руки прошло много людей. Его имя приобрело известность не только в республике, но и в постсоветском пространстве. Его дар передался по наследству старшему сыну Каршыге.
Керат / Бұрынғы ауылдық елді мекен, Қызыләскер ауылық округінің шалғай учаскесі. Қарақала (Черное) елді мекенінен 12 км қашықтықта орналасқан. Халқының саны 11 адам (1970 жылы) болған.
Керей / Бұрынғы ауылдық елді мекен, Шарбақты ауылдық округінің бөлімшесі. Ауылдық округ орталығы Шарбақты ауылынан 16 км қашықтықта орналасқан. Тұрғындардың саны 50 адам (1999) болған. Елді мекен өз атауын Керей қонысынан алған. Керей өкілдері – Павлодар уезі аймағында өмір сүрген Орт жүздің алты тайпасының бірі. 1934 жылы елді мекенде «Ұйымдас» ұжымшары құрылды және 1940 жылға дейін Керей қонысы мен елді мекені Бесқарағай ауданына қарасты болған.
Кетік / Лебяжі ауданындағы бұрынғы ауылдық елді мекен, Шарбақты ауылдық округінің шалғай учаскесі. Шарбақты елді мекенінен 19 км қашықтықта орналасқан. Халқының саны 15 адамды (1970 жылы) құраған. Кетіктің суы таза, тұщы болғандықтан «тәтті» құдық деп аталған.
Киров / Лебяжі ауданындағы бұрынғы ауылдық елді мекен, Майқарағай ауылдық округінің шалғай жатқан учаскесі. Майқарағай елді мекенінен 10 км қашықтықта орналасқан. Халқының саны 2 адам (1970 жылы) болған. Елді мекен Коммунистік партия мен Кеңес Одағының көрнекті саяси қайраткері С.М.Киров (Костриков) (1888-1934) құрметіне байланысты аталған. Киров тегі грек тілінен аударғанда – «қожайын, ие» дегенді білдіретін Кир есімінен өрбіген.
Киров / Лебяжі ауданындағы бұрынғы ауылдық елді мекен, Қызылағаш ауылдық округінің шалғай учаскесі. Бесқарағай елді мекенінен 20 км қашықтықта орналасқан. Халқының саны 53 адам (1970 жылы) болған. Елді мекен Кеңес Үкіметі қайраткері С.М.Киров (Костриков) (1886-1934) құрметіне байланысты аталған. Киров тегі грек тілінен аударғанда – «қожайын, ие» дегенді білдіретін Кир есімінен өрбіген.
Көкжал / Лебяжі ауданындағы бұрынғы ауылдық елді мекен, Шақа ауылдық округінің «Бесқарағай» орман шаруашылығының жайлауы. Шақа елді мекенінен 30 км қашықтықта орналасқан. Халқының саны 47 адамды (1970 жылы) құраған. Көкжал тура мағынада «жалы көк» жайылымдық жер дегенді білдіреді. Жергілікті ақсақалдар Көкжал – қасқыр атауымен де байланыстарды.
Көлібай / Бұрынғы ауылдық елді мекен, Қызыләскер ауылдық округінің шалғай учаскесі. Қарақала (Черное) елді мекенінен 12 км қашықтықта орналасқан. Халқының саны 20 адам (1970 жылы) болған. Көлібай – «көлге бай (қоныс)». Көлібай – ер адам есімі, геноним (Қыпшақ тайпасының Бұлтын руы, Арғын тайпасының Қанжығалы және сүйіндік руларында кездеседі).
Красный рыбак / Лебяжі ауданындағы бұрынғы ауылдық елді мекен, Шарбақты ауылдық округіне қараған. Елді мекен бұрынғы «Красный рыбак» артелі бойынша аталған. Мұндағы «қызыл» сөзінің мағынасы «жаңа, революцияшыл» дегенді білдіреді.
| |
| |
Просмотров: 2374 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | |
Всего комментариев: 0 | |