Лебяжі ауданының бейресми энциклопедиясы
12/07/2011, 13:17 | |
Жанғожин Жұмабек (1931 – 1988) / Лебяжі ауданы Бесқарағай ауылында дүниеге келді. Еңбек жолын 1947 жылы «Бесқарағай асыл тұқымды қой зауытында» шопанның көмекшісі болудан бастады. 1961 жылдан бастап осы шаруашылықтың аға шопаны болды.1962-1965 жылдары Жанғожин Жұмабек әрбір 100 саулықтан орта есеппен 111 қозыдан алып, әр қойдан 6,3 килограмнан 8,37 кг дейін жүн қырықты. Қажырлы еңбегі бағаланып, КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1966 жылғы 22 наурыздағы жарлығымен Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Есімі Қазақ КСР Құрмет Кітабына жазылды. Солтүстік қазақ меринос қойының тұқымын шығаруға айтарлықтай ат салысты.
Жанпеисов Зейнолла (1926) / Лебяжі ауданы Бесқарағай ауылында дүниеге келді. Ұлы Отан соғысына қатысушы. 1934 жылы ауылдағы мектепке барып, 1942 жылы 8 жылдық мектепті бітірген. 1944 жылы әскер қатарына шақырылып, Алматы қаласының маңында «Тастақ» деген жерде әскери міндетін атқарып жүрген жерден, соғысқа аттанады. Германия жерінде Росток, Магдебург, Франкбург қалаларында, Эльба өзенінде жанкешті шайқастарға қатысты. 1946 жарақаттанып, туған еліне оралды. Көп жыл бойында Бесқарағай совхозында есепші (бухгалтер) қызметін атқарған. 2-дәрежелі Ұлы Отан Соғысының Орденімен, медальдармен марапатталған. 1986 зейнеткерлік демалысқа шыққаннан кейін, 10 жыл ауылдың имамы болды.
Жанпеисова Майраш (1922 – 2007) / Лебяжі ауданы Бесқарағай ауылында дүниеге келді. Бесқарағай жұмысшылар кооперативінде көп жылдары сатушы болып еңбек етті. Тыл және еңбек ардагері. «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының 50 жылдығы», «Еңбек ардагері», «Жеңіске – 60 жыл» медальдарымен марапатталды.
Жүнісов Сенбі (1907 – 1995) / Лебяжі ауданы Қызылқоғам ауылында дүниеге келді. Ұлы Отан соғысына қатысушы. Туған ауылында соғыс басталарға дейін қызмет атқарып, 1942 жылы майданға шақырылып, 1944 жылға дейін 194-атқыштар дивизиясында ерлік көрсетті. 1944 жылы шілде айында 4-ші Украинаның майданында жараланып, майданнан босатылды. Соғыстан соң ұсталық еңбекпен айналысты. «Сталинградты қорғағаны үшін» және «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен, «І дәрежелі Ұлы Отан соғысы» орденімен марапатталған.
Жапаров Казбек (1928) / Родился в колхозе Стаханов (село Черное) Лебяжинского района. Трудовая биография началась в 14 лет. Он являлся пионером в возделывании кукурузы в Павлодарском Прииртышье. Изучив и применив у себя на практике опыт передовых кукурузоводов страны Жапаров Казбек добился высоких результатов. В 1960 году звено Жапарова Казбека со 110 га земли получила 650 центнеров кукурузы, высота достигла 2-2,10 м. В 1961 году был участником совещании передовиков сельского хозяйства, которое проходило в Целинограде (ныне Астана). В 1962 году за получение высоких урожаев кукурузы хозяйству было присуждено переходящее Красное Знамя. Имя Жапарова Казбека записано в Золотую Книгу Почета КазССР и награжден орденом «Знак Почета», грамотой Верховного Совета КазССР. Был депутатом Верховного Совета СССР, делегатом XXII съезда КПСС.
Жумабаев Хамза (1925 – 1992) / Родился в селе Кызылкогам Лебяжинского района. Участник Великой Очественной войны. По окончании средней школы в 1943 году сразу же был мобилизован в ряды действующей армии, в которой находился до января 1950 года. За храбрость и отвагу проявленные в годы войны был награжден орденом Отечественной войны 2-степени и медалями. Свою трудовую деятельность Х.Жумабаев начал в 1950 году заведующим избойчитальней Кызыласкерского сельского Совета. Долгие годы Х.Жумабаев работал в комсомольских, хозяйственных, советских и партийных органах. А с ноября 1968 года по август 1985 года работал председателем профсоюзного комитета совхоза имени XXIII съезда КПСС (ныне Черное).
Жүсіпов Совет Данабекұлы (1938) / Лебяжі ауданы Қарақала ауылында дүниеге келді. Ауыл шаруашылығының еңбек сіңірген қызметкері. Жастайынан еңбекке араласқан еңбегі бағаланып, «Құрмет белгісі» орденімен, ХШЖК (ВДНХ) медалімен, көптеген грамоталармен марапатталды. Қарақала ауылының бір көшісіне есімі берілді.
Жоламанов Сулеймен (1915) / Родился в селе Черное Лебяжинского района. С 1927 по 1935 г.г. обучался в Кызылкогамской казахской школе, где получил шестилетнее образование. В этом же году он уехал в Алматы, где устроился на работу и одновременно получил полное среднее образование, обучаясь при Казахском Государственном университете имени Кирова. В данном вузе он продолжил учебу, поступив в химический факультет. По призыву компартии специальным набором 1937 года со 2-курса он был направлен в Иркутское военное авиационное училище, который окончил с отличием в 1939 году. В этом же году направляется на службу в звании лейтенанта в 243-гвардейский штурмовой авиационный полк города Воронежа. В годы Великой Отечественной войны Сулемймен Жоламанов принимал участие в боях на Северо-Западном, Западном, Юго-Западном, Сталинградском и а Сталинградско-Донском фронтах. За его плечами 112 боевых вылетов на Юго-Западном фронте в 1941 году, 106 вылетов в 1942 году на Сталинградском фронте, за что был представлен к правительсвенной награде – медали «За оборону Сталинграда». После Победы, в апреле 1946 года, был демобилизован по состоянию здоровья. С 1947 по 1958 г.г. работал заведующим отделов Лебяжинского, Кагановического райкома партии, председателем райплана Бескарагайского района. С 1958 по 1975 г.г. работал председателем райплана Лебяжинского райисполкома, экономистом совхоза имени XXIII съезда КПСС (ныне Черное), главным экономистом совхоза Малыбай. За боевые заслуги перед Отечеством Сулеймен Жоламанов награжден орденами Великой Отечественной войны II и III степени, медалями «За Победу над Германией», «За участие в Великой Отечественной войне», «За оборону Сталинграда».
Жабагин Мұқан (1899) / Семей (қазіргі Шығыс Қазақстан) облысы Арықтөбе ауылында дүниеге келді. Ұлы Отан соғысына қатысушы. 1930 жылы Голощекин атындағы қой кеңшарында жұмыскер болып орналасты. 1942 жылға дейін осы кеңшардың бірінші бөлімшесінде бригадир, басшы болып жұмыс атқарды. 1942-1943 ж.ж. соғыс қимылдарына қатысты. Майданда ауыр жарақат алып, елге оралды. Келісімен №23 совхоздың бірінші бөлімшесінде басқарушылық қызметін атқарды. 1962 жылы Қызыләскер селолық Кеңесінің төрағасы болып тағайындалды. Соғыс жылдарынан зейнеткерлікке шыққанға дейінгі уақыттарда атқарған еңбектері үшін бірнеше медальдармен және грамоталармен марапатталды.
Жұмабаев Қабдолла Қажымұқанұлы (1962) / Лебяжі ауданы Шарбақты ауылында дүниеге келді. 1980-1982 ж.ж. Ауғанстан Демократиялық Республикасына интернационалдық көмек көрсету үшін құрылған Кеңес әскерінің қатарында азаматтық борышын өтеді. 1988 жылы КСРО Жоғарғы Кеңес Президиумының «Ауғанстан Республикасына интернационалдық міндетін өтеуде ерлігі мен жауынгерлік айбынын танытқаны үшін» Грамотасымен, 1995 жылы ҚР Президентінің Үкімімен «1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысының Жеңісіне 50 жыл» медальдарымен марапатталды.
Жаркин Бекеш Досұлы (1926) / Ұлы Отан соғысына қатысушы. 1958-1964 ж.ж. Лебяжі ауданы Тақыр ауылында тұрып, сатушы, есепші қызметтерін атқарды. 1964 жылы Ресей Федерациясының Краснодар өлкесіне қоныс аударды. Жауынгерлік ерлігі үшін ордендер мен медальдармен марапатталды.
Жүсіпова Мейірбике Ғарифоллақызы (1955) / Павлодар облысы Шарбақты ауданы Галкин ауылының Арбиген бөлімшесінде дүниеге келді. 1976 жылы Қарағанды Мемлекеттік университетінің экономика факультетін қаржы және несие мамандығы бойынша сырттай тәмамдады. Еңбек жолын 1973 жылы Галкин ауылына қарасты Ботабас бөлімшесінде мұғалім болып бастады. 1983-1996 ж.ж. Лебяжі аудан бойынша Мемлекеттік банкте маман, аға маман, экономист қызметтерін, «Игілікбанк» акционерлік қоғамының директоры лауазымын атқарды. 1997-2009 ж.ж. Лебяжі ауданы бойынша Мемлекеттік зейнетақы және жәрдемақы төлеу орталығының бастығы болып жұмыс істеді.
Жұмабеков Сали (1919) / 1934 жылы Павлодар қаласының В.В.Воровский атындағы педагогикалық училищесін тәмамдады. Ұлы Отан соғысына қатысушы. Еңбек жолын лебяжі ауданы Қызылқоғам ауылында мұғалім болып бастады. Төсағаш мектебінде, Қазантай сегізжылдық мектебінде еңбек етті. «ІІ дәрежелі Ұлы Отан соғысы» орденімен, «Германияны жеңгені үшін», «Жауынгерлік ерлігі үшін», «Еңбек ардагері» және басқа да мерекелік медальдармен, Қазақ КСР Оқу министрлігінің «Қазақ КСР халық ағарту ісінің озық қызметкері» белгісімен, Алғыс хаттармен марапатталды.
Жапарханов Өкеш (1922) / Лебяжі ауданы Жаңаауыл ауылында дүниеге келді. Ұлы Отан соғысына қатысушы. Бейбіт заманда есепші, бригадир болып еңбек етті. 1958 жылдан бастап Лебяжі ауданының Қазантай ауылында байланыс бөлімшесінің бастығы қызмет атқарды. «І дәрежелі Ұлы Отан соғысы» орденімен, «Германияны жеңгені үшін», «Ерлігі үшін» және басқа да мерекелік медальдармен марапатталды.
Жиеналин Ермек Құдайбергенұлы (1938) / Павлодар облысы Шарбақты ауданы Шідерті ауылында дүниеге келді. Еңбек жолын Павлодар қаласындағы автокөлік жүргізушілерді дайындайтын автокомбинатта нұсқаушылықтан бастады. Зейнеткерлікке шыққанша дейін Лебяжі ауданындағы оқу комбинатының меңгерушісі болып еңбек етті. «Ерен еңбегі үшін» медальмен, бірнеше Құрмет грамотамен марапатталды.
Жаутыков Темкен Мукашевич (1932) / Уроженец села Тосагаш Лебяжинского района. В 1955 году окончил Карагандинский политехнический институт. В 1955-1962 г.г. был геологом и начальником геологической группы, до 1970 года являлся районным геологом Управления при Министерстве геологии. В 1970-1973 г.г. был заведующим Алтайского отдела института геологических наук имени К.И.Сатпаева. в 1977-1982 г.г. заведовал лабораторией золорудных формаций. В 1988-1994 г.г. был главным научным сотрудником. В 1994 году за работу «Золото Казахстана» стал лауреатом Государственной премии Республики Казахстан в области науки и техники. Доктор геолого-минералогических наук, член-корреспондент Международной Академии минеральных ресурсов.
Жумабаев Ерганат Толеуович (1961) / Уроженец села Шарбакты Лебяжинского района. После окончания курса Павлодарского учебного комбината с 1978 по 1990 г.г. работал электромонтером в совхозе Лебяжинский. В 1990-1994 г.г. в том же совхозе, который был переименован в КДСХП «Жас енбек», работал в качестве инженера-электрика. В 1995-1998 г.г. работал в КХ «Уйымдас» электриком. С 1998 года занимается предпринимательской деятельностью. С 2000 года является индивидуальным предпринимателем в сфере общественного питания. Неоднократно оказывал спонсорскую помощь Шарбактинской средней школе, мечетям сел Шарбакты, Малыбай, Дому культуры села Черное. Проводит благотворительные обеды.
Желдыбаев Әсет Төлегенұлы (1980) / Лебяжі ауданы Шарбақты ауылында дүниеге келді. 2002 жылы «Саясаттану» мамандығы бойынша «Болашақ» көкейкесті білім беретін Қарағандының институтын тәмамдады. 2003 жылдан 2007 жылға дейін Лебяжі ауданы Қазы селолық округі әкімінің аппаратында бас маман, Лебяжі ауданының ішкі саясат бөлімінде жетекші маман болып қызмет етті. Аудан әкімінің 2007 жылғы 28 қазандағы №1-105-ө өкімімен Лебяжі ауданы Шарбақты селолық округінің әкімі болып тағайындалды.
Жабагина Райхан Мағжанқызы (1960) / Лебяжі ауданы Қарақала ауылында дүниеге келді. 1982 жылы Семей Мемлекеттік педагогикалық институтын тәмамдап, Потанин орта мектебінде мұғалім болып қызмет жасады. 1996 жылы осы мектептің директоры болып тағайындалды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің, облыстық, аудандық білім бөлімдерінің Құрмет грамоталарымен марапатталды.
Жумагулов Токбай (1882 – 1964) / Уроженец села Корт Лебяжинского района. Певец, музыкант, инструменталист. С малых лет был популярным певцом своего края. Виртуозная игра на многих инструментах поражала публику. Наряду с песнями известных народных композиторов Биржан сала, Ахан серэ, Естая, исполнял русские, татарские песни. Виртуозно исполнял на балалайке русские песни, пляски «Камаринская», «Подгорная», «Светит месяц», украинский «Гопак», польские, татарские, чешские песни и танцы. Особенно большой восторг вызывали у слушателей песни «Шама», «Еки жирен», «Галия бану». В 1937 году выступал с концертом по радио Улан-Удэ.
Жумабаев Съезд Хамзинович (1961) / Уроженец села Шарбакты Лебяжинского района. В 1984 году получил математическое образование в Карагандинском Государственном университете. Работал учителем математкик, завучем в Жамбылской средней школе. В 1987 году был принят методистом в методический кабинет районного отдела образования, позже был переведен директором Ленинской неполной средней школы. Спустя два года переводится в Павлодарский информационно-вычислительный центр оператором ЭВМ в отдел обработки оперативной информации, затем переводят на должность инженера-программиста, начальника отдела ИВЦ. В этом же году проходит подготовку как лучший программист области во Всесоюзном межотраслевом научно-учебном центре в Москве. С 1992 года был переведен в комитет по экономике при Павлодарской областной администрации главным специалистом группы информационного обеспечения. В 1993 году был принят в Агропромбанк главным экономистом отдела информаткик. С 1994 года переведен на должность начальника отдела информатики. С 197 года перевелся на работу в Жилстройбанк менеджером-программистом. В этом же году окончил Карагандинский Государственный университет имени Букетова по специальности финансы и кредит. С 1998 года принят в Темирбанк ведущим специалистом отдела информационных технологий. В 2002 году перевелся в банк «ТуранАлем». С 2005 года работает в «Евразийском банке». Награжден Почетными грамотами, Благодарственными письмами, дипломами.
Жумабаев Сарсен Жумабаевич (1920) / Уроженец села Тлектес Лебяжинского района. В 1939 году окончил Павлодарское педагогическое училище имени В.В.Воровского. в 1951 году окончил заочно полный курс Семипалатинского Государственного учительского института имени Н.К.Крупской по специальности казахский язык и литература. В 1939-1940 г.г. работал учителем истории и биологии Атчаиканской неполной средней школы Бескарагайского РОНО, в 1940-1941 г.г. учителем химии-биологии Башкульской неполной средней школы Бескарагайского РОНО, в 1941-1942 г.г. был учителем Кызыласкерской средней школы Лебяжинского РОНО, в 1942-1943 г.г. назначен заведующим начальной школы 15 лет КазССР Лебяжинского РОНО, в 1943-1947 г.г. работал заведующим начальной школы отделения №3 села Черное Лебяжинского РОНО, в 1947-1948 г.г. был директором средней школы села Черное, в 1948-1949 г.г. назначен инспектором РОНО, в 1949-1951 г.г. был назначен заведующим Тлектесской неполной средней школы, в 1951-1952 г.г. был директором Сталинской семилетней школы, в 1952-1955 г.г. работал заместителем предисполкома Лебяжинского района. В 1955-1982 г.г был в должности директора Сталинской неполной средней школы. Награжден медалями «Ветеран труда», «50 лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 г.г.», Почетными грамотами республиканского, областного, районного значения. Отличник просвещения народного образования Казахской ССР (1978).
Жақсыбаева Галина Алексеевна (1945) / Ресей Федерациясы Алтай өлкесі Шарчинский ауданының Усть-Мосих ауылында дүниеге келді. 1965 жылы Қазақстанға көшіп келгеннен кейін, Лебяжі ауданы Қазы ауылында сауыншы болып жұмыс істеді. ІІІ дәрежелі «Еңбек атағы» медалімен, көп жылғы адал еңбегі үшін «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды.
Жаймагамбетов Боранбай (1916) / села Актуба Павлодарского района Павлодарской области. Капитан милиции. В 1931-1937 г.г. работал счетоводом в сельпо имени Р.Люксембург, которое входило в систему Павлодарского райпотребсоюза, секретарем колхоза «Социал», счетоводом колхоза «Толубай». С октября 1937 года по ноябрь 1940 года служил во многих кавалерийских полках Средне-Азиатского, Забайкальского, Орловского военных округов, в Монгольской Народной Республике. После демобилизации с 1941 года по 1962 г.г. проработал в органах МВД Лебяжинского, Майского, Павлодарского, Ермаковского (ныне Аксуского) районных отделов, где занимал различные посты: оперуполномоченный, заместитель начальник, начальник. Имеет награды.
Жунусов Кабдрахман Касенович (1935) / Уроженец села Ушколь Лозовского района Павлодарской области. Подполковник милиции. В 1954-1956 г.г. обучался в Ташкентской школе милиции МВД СССР, в 1966 году окончил Карагандинскую высшую школу МВД СССР. С 1956 по 1982 г.г. работал в органах внутренних дел, где занимал различные должностные посты: старший оперуполномоченный различных РОВД, заместителем начальника, начальником Лебяжинского РОВД и другие. Имеет награды.
Жақыпбек Мұратбек Жақыпбекұлы (1950) / Шығыс-Қазақстан облысы Абай ауданы Қарауыл ауылында дүниеге келді. 1967-1973 ж.ж. Семей Мемлекеттік медицина институтының пдиатрия факультетін тәмамдады. 1974-1977 ж.ж. Павлодар қаласындағы туберкулезге қарсы облыстық диспансерде фтизиопедиатрия бойынша интернатурадан өтті. Содан соң Павлодар облысы Лебяжі орталық аудандық ауруханасына жолдама алды. 1974-1975 ж.ж. Лебяжі аудандық туберкулезге қарсы диспансерде дәрігер, 1975-1983 ж.ж. бас дәрігер қызметтерін атқарды. 1983-1985 ж.ж. туберкулезге қарсы кабинетте фтизиатр және медицина қызметкерлері аудандық кәсіподағы төрағасы болып еңбек етті. 1985-1991 ж.ж. аудандық орталық ауруханада бас дәрігердің емдеу жұмысы бойынша орынбасары, халыққа медициналық қызмет көрсету бойынша бас дәрігердің орынбасары және фтизиатр дәрігерлікті қоса атқарды. 1992-2000 ж.ж. туберкулезге қарсы кабинетте дәрігер фтизиатр болып жұмыс істеді. 2000-2002 ж.ж. облыстық туберкулезге қарсы диспансердің Лебяжі ауданы елді мекендеріне қызмет атқаратын дәрігер фтизиатр болды. 2002 жылдан бастап Лебяжі ауданында қайта ашылған туберкулез ауруханасының бас дәрігері болып қызмет атқаруда. «Денсаулық сақтау үздігі» төсбелгісімен (1989) марапатталды.
Жақыпбек Ырысалды Аюбайқызы (1952) / Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Қарауыл ауылында дүниеге келді. 1969-1974 ж.ж. Алматының Абай атындағы Мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының физика-математика факультетінің физика бөлімін тәмамдап, физика пәнінің мұғалімі мамандығын алды. Еңбек жолын Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Абай ауылында 1974 жылы бастап, 1976 жылға дейін еңбек етті. 1976-1995 ж.ж. Павлодар облысы Лебяжі орта мектебінде физика, математика мұғалімі болып қызмет атқарды. 1995 жылдан бастап Лебяжі аудандық оқу бөлімінде әдістеме дәрісханасының меңгерушісі лауазымдық қызметін абыроймен атқаруда. Қоғамдық қызметтерді (учаскелік сайлау комиссиясының төрайымы, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы) үлкен жауапкершілікпен атқарды. «Қазақстан Республикасы оқу ісінің үздігі» төсбелгісімен (1995), Қазақ КСР оқу Министрінің Құрмет грамотасымен (1984), облыстық және аудандық деңгейдегі көптеген мадақтаумен марапатталды.
Жәлелов Абзал Ермекұлы (1972) / Павлодар облысы Баянауыл ауданында дүниеге келді. Қарағанды Мемлекеттік медициналық Академиясын гигиена дәрігері-эпидемиолог мамандығы бойынша тәмамдады. 2000-2002 ж.ж. Павлодар қалалық санитарлық-эпидемиологиялық стансасында еңбек гигиенасы бөлімінде санитарлық дәрігер болып қызмет жасады. 2002 жылдың сәуірінен бастап Лебяжі ауданының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері болып қызмет атқарды. 2009 жылдың қаңтарынан бастап Мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық бақылау Басқармасының Лебяжі ауданы бойынша бастығы болып тағайындалды.
Жоламанов Куаныш Уакасович (1945) / Уроженец села Черное Лебяжинского района. В 1964 году окончил Потанинскую среднюю школу. В 1969 году обучался в Павлодарском индустриальном институте (ныне Павлодарский Государственный университет имени С.Торайгырова), где получил специальность инженер-механик автомобиля и транспорта. Трудовой путь начал в 1969 году инженером по новой технике в «Райсельхозтехнике» Лебяжинского района Павлодарской области. В 1980 году был назначен на должность управляющего «Райсельхозтехники». В 1986-1992 г.г. работал заместителем председателя районного агропромышленного предприятия, главным инженером Управления сельского хозяйства. В 1992-1995 г.г. занимал должность директора совхоза имени Баймолдина Лебяжинского района. В 1995 году работал главным инженером департамента сельского хозяйства. С 1997 года занимает должность управляющего Лебяжинского филиала Центра недвижимости.
Жаппаров Сарсенбай Баймендинович / Уроженец Агадырского района Жезказганской области. После окончания юридического факультета Карагандинского Государственного университета работал в правоохранительных органах Жезказганской и Карагандинской области. С 2004 года работал в следственном департаменте Генеральной прокуратуры, откуда в 2006 году был назначен прокурором Лебяжинского района Павлодарской области. Награжден знаком отличия «Прокуратура озаты» ІІ степени.
Жанпейісова Раушан Зейноллақызы (1966) / Лебяжі ауданы Бесқарағай ауылында дүниеге келді. 1986 жылы Павлодар есептік-эконмикалық техникумын бухгалтерлік есеп мамандығы бойынша, 2003 жылы Шәкәрім атындағы Семей Мемлекеттік университетін қаржы және несие мамандығы бойынша тәмамдады. Еңбек жолын 1986 жылы Павлодар облысы Лебяжі ауданы «Бесқарағай» асыл тұқымды қой зауытында материалдық бөлімнің бухгалтері болып бастады. 1990-1999 ж.ж. Май аудандық ветеринарлық стансасында бас бухгалтер, Май ауданы қаржы бөлімінде бас бухгалтердің орынбасары, Лебяжі ауданы қаржы бөлімінде бюджет бойынша маман, Лебяжі аудандық телекоммуникация желісінде тұтынушылармен есептеу бойынша оператор, Лебяжі ауданы әкімі аппаратында бас бухгалтер болып еңбек етті. 1999-2008 ж.ж. Лебяжі ауданы әкімі аппаратында бухгалтерлік есеп және есептесу бөлімінің, Лебяжі ауданы қаржы бөлімінің меңгерушісі, «Ел-инвест» акционерлік қоғамында қаржы бөлімінің маманы ретінде абыройлы қызмет атқарды. Аудан әкімінің 2008 жылғы 1 шілдедегі №1-72-ө өкімімен Лебяжі ауданы экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі бастығы болып тағайындалды.
Жомартов Қаратай Қайырбайұлы (1950) / Лебяжі ауданы Қазантай ауылында дүниеге келді. Павлодар индустриалды институтының (қазіргі С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік университеті) құрылыс факультетін тәмамдады. 1987 жылы Лебяжі өндірістік жол учаскесіне басшы болып тағайындалды. «Лебяжі жолдары» жауапкершілігі шектеулі серіктестік құрды.
Жүнісов Серік Еренбекұлы / Лебяжі ауданы Қарақала ауылында дүниеге келді. Полиция подполковнигі. 1990 жылы Целиноград (қазіргі Астана) инженерлік-құрылыс институтын тәмамдап, Павлодар облыстық жол полициясына қызметке орналасты. 2001 жылы Павлодар облыстық жол полициясы басқармасының бастығы болып тағайындалды.
Жүсіпов Әжібек Сембіұлы (1932) / С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университеті (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті) филология факультетінің журналистика бөлімін тәмамдап, Павлодар облысы Лебяжі аудандық «Ленин жолы» (қазіргі «Аққу үні») газетіне жұмысқа орналасып, аталмыш бұқаралық ақпарат құралдың редакторлығына дейін көтерілді. Тың игеру жылдары Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінде біраз жыл қызмет етіп, журналистикаға қайтып оралды. Павлодар облыстық «Қызыл ту» (қазіргі «Сарыарқа самалы») газеті редакторының орынбасары қызметінен зейнеткерлікке шықты.
Жамбыл ауылдық округі / 1957 жылы Сталин, Стахановшы, Жамбыл атындағы және «Жаңа таң» ұжымшарлары Жамбыл атындағы қой кеңшарына бірікті. 1963 жылы оның құрамына «Қызыл балықшы» артелі қосылды. Жамбыл ауылдық округі осылай құрылды. Орталығы – Жамбыл ауылы. Халқының саны – 2084 адам (1999). «Жамбыл» сөзі монғол тілінен «бекет, қорған» мағынасында тәржімаланады. Бірақ ол осы елді мекенге қатыссыз. Бетінгі тарихқа дейін бұл жер аталмайды. Ауыл әйгілі жыр алыбы, жүз жасаған ақын Жамбылдың есімін алған. Дегенмен ауыл көне тарихқа басқа жағынан еніп отыр: 1972 жылы осы ауылдың оңтүстік-батысындағы құлама жардан жақсы сақталған алып мүйізді бұғының қаңқасы табылды. Шоқтығы облысымыздан табылған зілден (мамонттан) сәл аласа, мүйізінің ені 3 метр бұл алып жануардың қаңқасы Г.Н.Потанин атындағы тарихи-өлкетану мұражайының аса құнды экспонаттарның бірі. Жаңа таң – округ орталығынан алты шақырым жерде. Ертісті бойлай орналасқан елді мекен. 550 адам тұрады (1999). Тұрғындарының басымы – жергілікті ұлт өкілдері. 60-жылдары Уфа мен Қазаннан келіп қоныстанған тың игерушілердің ұрпақтары көп. Ауылдың тарихи атауы ұмытылған, жаңа атауы – идологиялық сипатта, Қазан төңкерісінің санадағы таңбасы. Ленин (Сталин, қазіргі Әйтей батыр) – бұрынғы Жамбыл атындағы кеңшардың бөлімшесі, бес жүзге тарта адам тұрады (1999), халқының 87 пайызы жергілікті ұлт өкілдері. Ауылда 1967 жылы жаңа қазақ орта мектебі ашылды. 2001-2002 оқу жылында 96 шәкірт білім алды. Широкое ауылының аты туралы екі түрлі таласты пікір бар. Бірі – Аққу ауылымен екі ортадағы көлге қарап «Широкое» деп аталған деген пікір. Мұның таластығы – көне жәдігерліктерге қарағанда бұл жерд орыс поселениесі болмаған. П.С.Паллас, Г.Н.Потанин, Ш.Уәлиханов та мұнда елді мекен болғанын көрсетпейді. Ертістің қос қапталындағы он шақырымдық «бейтарап» (шын мәнісінде казактардың иелігіндегі) жерлер туралы заңға босаңшылық енген кезде ХІХ ғасырдың аяғын ала Қиық (Сергеев) жәрмеңкесіне таяу келіп Малыбай болысына қарасты Уақ руының Құттыбай тарауы қоныстана бастаған. Бұл осы рудан шыққан, болыстықты бір-бірінен мирас етіп отырған Қарсон, Ысқақ, Қабдолла сияқты қазақ зиялылары мен Қиық казактарының сауда қатынасы мүддесі арқасында мүмкін болған деп шамалауға негіз бар. Бірақ, Қазан төңкерісіне дейін ол тұрақты қоныс бола алған жоқ, түсіп аттанатын бекет қызметін атқарды. Бұлай болған жағдайда қазақтардың оны орысша «Широкое» атауы неғайбыл дүние. Осыдан ауыл табанындағы көлде ұшып-қонған шүрегей атымен аталуы жорамалына көбірек ден қоялық. Қазір мұнда үш жүзге тарта адам бар (1999). Олардың басымы Монғолиядан келген бауырларымыз.
Жазитов Болат Қидауұлы (1970) / Лебяжі ауданы Қазы ауылында дүниеге келді. 1992 жылы «Өндірістік және азаматтық құрылыс» мамандығы бойынша Павлодар индустриалдық институтын (қазіргі С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік университеті) тәмамдады. 1992-1998 ж.ж. Қазы ауылындағы құрылыс учаскесінде жұмысшы, Қазы орта мектебінде дене шынықтырудың мұғалімі болып жұмыс істеді. 1998-2004 ж.ж. «Батрачин» жеке кәсіпкердің жанар-жағармай стансасының операторы болды. Аудан әкімінің 2005 жылғы 17 ақпандағы өкімімен Лебяжі ауданы Қазы селолық округінің әкімі болып тағайындалды.
Жабағылы / Шарбақты ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 42 км қашықтықта орналасқан қоныс. Жабағылы қонысы – Жабағылыдан Қоянбайға шыға берген алаңда жеті жабағы адасып жүргендіктен Жабағылы жер деп аталып кетеді.
Жамбыл / Елді мекен. Аққу ауылынан солтүстік-батысқа қарай 5 км қашықтықта орналасқан, ауылдық округ орталығы. Қоныс атауы халық ауыз поэзиясының өкілі, қазақ ақыны Жамбыл Жабаевтың (1846-1945) құрметіне байланысты қойылған.
Жанғон / Бұрынғы ауылдық елді мекен, Қызыләскер ауылдық округінің мал жайылатын жері. Ауылдық округ орталығы Қарақала елді мекенінен 11 км қашықтықта орналасқан. Тұрғындардың саны 7 адам (1970 жылы) болған. Жанғон атауы қонысқа тұрақтап қонғаннан хабар береді.
Жаңаауыл / Бұрынғы ауылдық елді мекен, Майқарағай ауылдық округінің мал жайылатын жері. Қорт ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 6 км қашықтықта орналасқан. 1930 жылы Жаңаауыл, сталин ұжымшарлары ұйымдастырылып, кейін Қорт атауы пайда болды. Жаңаауыл – «жаңа (революцияшыл) ауыл» деген мағынада. Бұл 1917 жылы пайда болған идеологиялық атау, «революциядан кейін өмірдің жаңаруын» сипаттайды. Осыдан басқа Ямышево ауылдық округінде Жаңаауыл қоныс атауы бар.
Жаңабаза / Бұрынғы ауылдық елді мекен, Қызылағаш ауылдық округінің «Бесқарағай» асыл тұқымды қой зауытының мал жайылатын жері. Ауылдық округ орталығы Бесқарағай елді мекенінен 23 км қашықтықта орналасқан. Тұрғындардың саны 6 адам (1970 жылы) болған. Мал ұстау үшін жаңа базалар салғаны елді мекеннің атауында көрініс тапты.
Жаңабаза / Бұрынғы ауылдық елді мекен, Ямышево ауылдық округінің мал жайылатын жері. Ауылдық округ орталығы Ямышево елді мекенінен 23 км қашықтықта орналасқан. Тұрғындардың саны 17 адам (1970 жылы) болған. Мал ұстау үшін жаңа базалар салғаны елді мекеннің атауында көрініс тапты.
Жарымқамыс / Бұрынғы ауылдық елді мекен, Шарбақты ауылдық округінің мал жайылымдық учаскесі. Ауылдық округ орталығы Шарбақты елді мекенінен 19 км қашықтықта орналасқан. Тұрғындардың саны 9 адам (1970 жылы) болған. Жарымқамыс – «биік құрақ өсетін (қоныс)» деген мағынада айтылады.
Жәлел базы / Бұрынғы елді мекен, Майқарағай ауылдық округіне қарасты қоныс атауы. Қорт ауылынан оңтүстікке қарай 5 км жерде қарағай баурайында орналасқан қоныс атауы.
Жүзқарағай / Қоныс атауы. Жүзқарағай дәлме-дәл – «жүз қарағай», «қарағайлы тоғай» деген мағынаны білдіреді. Жүзқарағай – «жазықта орналасқан қарағай (қарағайлы орман)». Шарбақты ауылдық округінде орналасқан.
| |
| |
Просмотров: 1638 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | |
Всего комментариев: 0 | |