Лебяжі ауданының бейресми энциклопедиясы
11/07/2011, 17:13 | |
Евилхан Аманбек (1978) / Монғолия Республикасы Баян-Өлгий аймағында дүниеге келді. 1991 жылы атамекені Қазақстан Республикасына қоныс аударып, 1997 жылы Павлодар облысы Ақсу ауданынан 11 сынып бітірген. 1997 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетіне "инженер-механик” мамандығы бойынша оқуға түсіп, білім алды. 2002 жылы Павлодар облысындағы «Мұрагер» пансионатына қабылданып, оны 2005 жылы Түркия Республикасы Стамбул қаласынан араб тілі мамандығы бойынша бітірген. Содан бері бүгінгі таңға дейін Аққу пансионатының директоры болып қызмет атқаруда.
Елубаев Нығмет Елубайұлы / Семей губерниясы Павлодар уезінің оныншы ауылында дүниеге келді. Еңбек жолын 1940 жылы Май ауданының Киров атындағы жетіжылдық мектебінде мұғалім болып бастады. 1978 жылы АКТУ-28 (қазіргі КЛ-28) директордың оқу-тәрбие жұмыстары бойынша орынбасары болып қызмет атқарды. Еңбегі үшін «Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздігі» белгісімен, облыстық ағарту бөлімі және аудандық халық ағарту бөлімінің бірнеше грамотасымен марапатталды.
Егімбаев Арын (1917 – 1941) / Лебяжі ауданы Бәсентиін-Күшік тоғайының баурайында дүниеге келді. Ұлы Отан соғысына қатысушы. Балалық шағы Қарақала ауылында өтті. 1933-1936 ж.ж. Павлодардағы Воровский атындағы педагогикалық училищеде оқып, бастауыш сыныптар мұғалімі мамандығына ие болды. 1937-1940 ж.ж. Алматыдағы Абай атындағы педагогикалық институттың физика-математика факультетін тәмамдады. Оны бітірісімен Лебяжі ауданы Қызыләскер мектебінің мұғалімі әрі оқу ісі меңгерушісі қызметінде болды. 1940 жылы әскер қатарына шақырылып, Қиыр Шығыстағы Байқал маңындағы шекарашылар училищесін аяқтап, 1941 жылы Белоруссияның Брест қамалына әскери борышын өтеуге аттанды. Ұлы Отан соғысы басында Брест қамалын қорғау кезінде ерлікпен қаза тапты.
Ешев Жаскен Каманұлы (1935 – 1983) / Ресей Федерациясы Омбы облысы Шербаксул ауданында дүниеге келді. Алматының байланыс колледжін тәмамдады. Еңбек жолын 1957 жылы Павлодар қаласында байланыстың пошта бөлімінде басшылық қызметтен бастады. 1959 жылы байланыс басқармасының кадр жұмысы бойынша директордың орындасары лауазымына ауысты. 1963-1974 ж.ж. Павлодар байланыс торабының Павлодар аудандық бөлімше басшысының орынбасары, Лебяжі аудандық байланыс торабының басшысы қызметтерін атқарды. 1974-1983 ж.ж. Павлодар байланыс торабының материалдық-техникалық байланыс кеңесінің басшысы болып еңбек етті.
Ерманов Жарылғасын Өтесінұлы (1959) / Гурьев (қазіргі Атырау) облысы Мақат ауданы Доссор поселкесінде дүниеге келді. 1980 жылы Алматы байланыс колледжін электробайланыс технигі мамандығы бойынша тәмамдады. 1993-2001 Лебяжі аудандық телекоммуникация байланыс торабында бас инженердің уақытша қызметін атқарушы, артынша директор қызметтерін атқарды. 2001 жылы Атырау аудандық телекоммуникация торабына ауысты.
Ерғазина Жұмабике Бейсенбіқызы (1966) / Лебяжі ауданы Шарбақты ауылында дүниеге келді. Семейдің селолық кәсіптік техникалық училищесінде оқыды. Еңбек жолын 1985 жылы Лебяжі аудандық байланыс торабынан бастап, қызмет көрсету операторы, есеп-айырысу үстелінің есепшісі қызметтерін атқарды. 1999 жылдан байланыс операторы болып жұмыс істейді. 2008 жылы аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Есім Ғарифолла (1947) / Лебяжі ауданы Аққу ауылында дүниеге келді. Философия ғылымдарының докторы, профессор, көсемсөзші, жазушы және педагог. Орта білімді Лебяжі ауылында, жоғары білімді Семей қаласында алды. 1978 жылы философия ғылымдарының кандидаты, 1994 жылы философи ғылымдарының докторы, 1995 жылы профессор, Ұлттық Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі атанды. 1978-1983 ж.ж. Семей педагогикалық институтында, 1992-1998 ж.ж. Абай атындағы Алматы Мемлекеттік университетінде көркемсурет фаультетінің деканы болып қызмет атқарды. 2001 жылға дейін Абай атындағы Мемлекеттік университетте философия кафедрасының меңгерушісі, философиялық мамандықтар бойынша докторлық диссертациялар қорғау Кеңесінің төрағасы, 2001 жылдан әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің философия және саясаттану факультетінің деканы, Жоғары аттестациялық комитеттің Президиум мүшесі қызметтерін атқарды. 80-жылдары әдеби сын үдерісіне белсенді араласты. Көптеген мақаласы орталық басылымдарда жарық көрді. «Хакім Абай» кітабы бірнеше тілге аударылып, Абайтанудағы көрнекті еңбектер қатарына қосылды. Саясат, мәдениет, қазіргі заман хақында 300-ден астам мақаласы жарық көрді. Қазақстан Журналистер Одағының С.Сәдуақасов атындағы сыйлықтың, Республикалық Абай қорының бірінші бәйгесінің, халықаралық «KATEV» қорының Иассауи атындағы сыйлығының иегері.
Ермеков Жомарт Муканович (1952) / Уроженец села Лебяжье. Ученый, доктор медицинских наук, профессор. В 1975 году окончил Семипалатинский медицинский институт. В 1975-1980 г.г. врач-хирург, нейрохирург Павлодарской городской больницы №1. В 1980-1982 г.г. ординатор, в 1982-1985 г.г. аспирант, в 1986-1991 г.г. главный специалист головного НИИ нейрохирургии Алматинского Государственного института усовершенствования врачей. В 1991-1998 г.г. ассистент, доцент, профессор Алматинского Государственного института. С 1998 года профессор кафедры нервных болезней Акмолинской (Астанинской) медицинской Академии. Автор 60 научных работ и 2-х изобретений.
Ерғазинов Аманжол Ерғазыұлы (1940 – 1991) / Лебяжі ауданы Жабағлы ауылында дүниеге келді. Ерте еңбек етіп, осы ауылдың мал шаруашылық саласында өмірінің соңына дейін еңбек етті. Он алты жасында малдың жайын білген, ірі қара мал, жылқы өсіріп кеңшарға, ауданға аты шыққан малшы болды. Еңбек жолында көптеген мақтау қағаздарымен, бағалы сыйлықтармен, жақсы еңбегі үшін Мәскеуге жолдамамен ынталандырылды. «Еңбек ардагері», «КСРО-ға 50 жыл» медальдарымен марапатталды.
Еркінов Ерсін Еркінұлы (1964) / Лебяжі ауданы Аққу ауылында дүниеге келді. 1990 жылы Павлодар педагогикалық институтын биология және ауыл шаруашылығы негіздері мамандығы бойынша тәмамдады. 1990-1997 ж.ж. Куйбышев орта мектебінде биология және химия мұғалімі, «Сенім» шаруа қожалығында агроном, Аққу ауылындағы №28 кәсіптік мектепте оқытушы болып еңбек етті. 1997-2008 ж.ж. Лебяжі аудандық білім беру бөлімінде жетекші, бас маман, бастық болып қызмет атқарды.
Есім Нәсіполла Ғабдыжаббарұлы (1944) / Лебяжі ауданы Қонысбай қыстауында дүниеге келді. С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті) филология факультетін тәмамдады. Лебяжі аудандық «Ленин жолы» (қазіргі «Аққу үні») газетінен бастап, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстық газеттерінде, теледидарда ширек ғасыр еңбек етті.
| |
| |
Просмотров: 25504 | Загрузок: 0 | Комментарии: 468 | |
Всего комментариев: 63 | 1 2 3 ... 6 7 » | ||||||||||
| |||||||||||
1-10 11-20 21-30 ... 51-60 61-63 | |||||||||||