Лебяжі ауданының бейресми энциклопедиясы
11/07/2011, 17:06 | |
Даржұман Қанат Болатұлы (1937 – 2005) / Лебяжі ауданы Қарақала ауылында дүниеге келді. 1955 жылы Лебяжі орта мектебін бітіргеннен кейін еңбек жолын мұғалім болып бастады. 1958 жылы Лебяжі аудандық комсомол ұйымын басқару сеніп тапсырылды, содан кейін Қазақстан ЛКСМ Павлодар комитетінің хатшысы болып сайланды. 1966 жылы Даржұман Қ.Б. жоғары партиялық білім алып, Ермак (Ақсу) аудандық партия комитетінің хатшысы болып сайланды, 1970-1989 ж.ж. Баянауыл және Қашыр аудандық партия комитеттерінің бірінші хатшысы болып сайланды. Жиырма жыл ішінде облыстың екі ірі ауыл шаруашылығы аймағын басқарды, бұлардың экономикалық және әлеуметтік дамуы үшін көп іс тындырды. 1989 жылы облыстық партия комитетінің партиялық бақылау комиссиясының төрағасы, ал 1991 жылдан халық депутаттары облыстық Кеңесі төрағасының орынбасары лауазымдарында уақыт талабына сай қызмет атқарды. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау және егемен Қазақстан жағдайында жергілікті өкілетті билік органдарын қалыптастыру жөнінде көп жұмыс атқарды. 1995 жылдан өмірінің соңғы күніне дейін Павлодар облысы бойынша Қазақстан халытары Кіші Ассамблеясы төрағасының орынбасары болып, ұлттық-мәдени орталықтарды дамыту мен өңірде ұлтаралық келісімді нығайтуға баға жетпес үлес қосты. Оның белсенді қатысуымен елде бірінші болып ұлттық жаңғыру мектебі құрылды, этникалық ерекшеліктер мен ұлтаралық бірлікті жас ұрпақтың бойына сіңіру дәстүрлері қалыптасты. Даржұман Қ.Б. іскер басшы ретінде танылды. Қағидатшылдық, адалдық және әдептілік, іске шығармашылықпен қарау сияқты қасиеттер тән болды. Еңбегін мемлекет жоғары бағалап, Октябрь төңкерісі, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен және басқа да мадақтамалармен марапатталды. Жоғары парасатты адам, тамаша тәлімгер Қанат Болатұлы Даржұманның жарқын бейнесі халықтың жүрегінде мәңгі сақталады һәм кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге болады.
Дисюпов Аман Айтқалиұлы (1947) / Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Кривинка ауылында дүниеге келді. 1972 жылы Семей құрылыс техникумын гидромелиорация мамандығы бойынша, 1990 жылы Жамбыл гидромелиоративті-құрылыс институтын гидромелиорация мамандығы бойынша тәмамдады. Еңбек жолын 1966 жылы Кривинка кеңшарында түрлі салалы жұмысшыдан бастады. 1972-1993 ж.ж. Шығыс Қазақстан облысындағы Жаңасемейде, Бесқарағай ПЭУ-де инженер, Павлодар облысы Лебяжі ауданы «Бесқарағай» асыл тұқымды қой зауытында инженер-гидротехик, агроном-жалшы, суару учаскесінің бастығы, егін шаруашылығы өнімдерін қайта өндеу бойынша цехтің бастығы қызметтерін атқарды. 1993-2006 ж.ж. Лебяжі ауыл шаруашылығы басқармасында гидротехник, Павлодардың «Фрегат» фирмасының Лебяжі бойынша учаскесінің бастығы, облыстық атқару комитетінің жер қатынастары және жер қалыптасуы бойынша Павлодар облыстық комитетінің Лебяжі аудандық филиалының бас маманы, төрағасы, бастығы болып абыройлы еңбек етті. 1995 жылдан бері жер реформасын іске асыруда белсенділік танытқаны үшін Қазақстан Республикасының жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттіктің Құрмет Грамотасымен марапатталды. 2006-2010 ж.ж. Лебяжі ауданы жер қатынастары бөлімінің меңгерушісі қызметін абыроймен атқарды.
Дүкенбаев Сәбит Дүкенбайұлы (1917 – 1967) / Лебяжі ауданы Қызылқоғам ауылында дүниеге келді. 1932-1934 ж.ж. Павлодар педтехникумында, 1934-1935 ж.ж. Семей педтехникумында оқыды. 1935-1939 ж.ж. Қызыләскер ауылдық кеңесіне қарасты мектепте мұғалім әрі білім бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды. 1939-1946 Кеңес Армиясының сапында әскери борышын атқарды. 1946-1948 ж.ж Майқарағай мектебінің директоры, 1948-1950 ж.ж СОКП 23-съезі атындағы совхоздың (қазіргі Қарақала) мектебі директоры, 1951-1956 ж.ж. Лебяжі ауданының халық ағарту бөлімінің бастығы, 1956-1961 ж.ж. Май орта мектебінің директоры, 1961-1963 ж.ж. Май ауданы халық ағарту бөлімінің бастығы қызметтерін атқарды. «Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ұстазы» атағы берілді.
Дүйсенов Қалы Дүйсенұлы (1922) / Лебяжі ауданы Қаракесек (қазіргі Қызылқоғам) ауылында дүниеге келді. Ұлы Отан соғысына қатысушы. 1936 жылы Павлодар педучилищесіне түсіп, сол жылы Бесқарағай мектебінде мұғалім болып қызмет атқарды. Ұлы Отан соғысы басталған кезде 805-атқыштар полкінде взвод командирі болып тағайындалды. 1946-1948 ж.ж. Лебяжі ауданы Қызыләскер орта мектебінің жанындағы интернаттың меңгерушісі, 1948-1951 ж.ж. осы мектепте әскери жетекші және зертханашы болып еңбек етті. 1951-1953 ж.ж. Тілектес орта мектебінде меңгеруші, 1953-1982 ж.ж. Қызыләскер орта мектебінде бастауыш сыныптар мұғалімі болып қызмет жасады. «Қызыл жұлдыз», «Ұлы Отан соғысының ІІ дәрежелі», «Еңбек Қызыл Ту» ордендерімен, медальдармен, «Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздігі» белгісімен, республикалық, облыстық деңгейдегі грамоталармен марапатталды.
Даржұманов Мұқатай (1901) / Павлодар облысы Май ауданының 9-ауылында дүниеге келді. Ұлы Отан соғысының ардагері. 1942 жылы соғысқа шақырылды. Ауыр жарақаттан соң елге оралып, Тереңкөл ауылдық Кеңесінің төрағасы қызметін атқарды. Кейін бірнеше ұжымшарда төраға болды. Ауыл шаруашылық өндірісінде үздік көрінгенін Даржұманов М. екі рет Мәскеудегі Бүкілодақтық халық шаруашылық көрмесіне (1955, 1957) қатысқандығы дәлелдейді. Ұлы Отан соғысына қатысқаны үшін түрлі медальдармен және басқа да медальдармен, грамоталармен марапатталды.
Досмағамбетов Шейдерхан Қазбекұлы (1956) / Қостанай облысы Федоровка ауданы Пешковка ауылында дүниеге келді. 1973-1978 ж.ж. С.Мұқанов атындағы жастар комсомолдық бригадасында шопан, Арқалық эксплуатациялық-техникалық байланыс торабында электромонтер болып жұмыс істеді. 1984 жылы Ташкенттегі электротехникалық байланыс институтын тәмамдады. 1984-1988 ж.ж. Торғай облыстық өндірістік-техникалық байланыс торабы зертханасының инженері, эксплуатациялық-техникалық байланыс торабында бас инженер, басшы қызметтерін атқарды. 1988 жылы Қостанай эксплуатациялық байланыс торабы Линейный учаскесінің басшысы қызметіне ауысты. 1989-2001 ж.ж. Павлодар облыстық өндірістік байланыс торабы Баянауыл аудандық телекоммуникация байланыс торабының басшысы, 2001 жылдан Лебяжі аудандық телекоммуникация байланыс торабының директоры қызметін атқаруда. 2001 жылы ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл толуына орай Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Құрмет грамотасымен, 2005 жылы «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» медалімен марапатталды. 2004 жылы «Құрметті байланысшы» атағын иемденді.
Досымгожин Бекен (1941 – 2003) / Уроженец села Шарбакты Лебяжинского района. Трудовую деятельность начал в 1957 году табунщиком отделения №3 совхоза Лебяжинский. В 1983 году был переведен скотником отделения №1. за хорошие показатели и отличную работу был награжден орденом Ленина, медалями «За добросовестный труд», «Победитель социалистических соревнований 1976 года», «Ветеран труда», значком «Ударник коммунистического труда».
Дүйсенбаева Баян Зейноллақызы (1952) / Лебяжі ауданы Қызылқоғам ауылында дүниеге келді. 1969-1974 ж.ж. жылы Павлодар педагогикалық институтының химия-биология факультетінде оқыды. Еңбек жолын Жамбыл орта мектебінде бастады. 2001-2004 ж.ж. мектеп директоры болып қызмет жасады. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
Дүйсенов Ержан Құсманұлы (1960) / Лебяжі ауданы Қорт ауылында дүниеге келді. 1989 жылы Алматыдағы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын қазақ мектептеріндегі орыс тілі мұғалімі мамандығы бойынша тәмамдады. Еңбек жолын 1988 жылы Шарбақты ауданы Арбиген орта мектебінен бастады. 1996 жылы Уахатов атындағы орта мектеп директоры қызметін тағайындалды. Облыстық, аудандық деңгейдегі бірнеше мадақтамамен марапатталды.
Досмұхамбетов Мәди (1957) / Екібастұз қаласында дүниеге келді. Тақыр орта білім беретін мектебінің түлегі. Халықаралық деңгейдегі кикбоксинг бойынша спорт шебері, Қазақстан Республикасының бес мәрте чемпионы, облыстың үздік спортшысы деп танылды. Кикбоксингтен әлем чемпионатының қола жүлдегері.
Дәуренбаев Өріспай Әліпұлы (1959) / Шымкент (қазіргі Оңтүстік Қазақстан) облысы Ленгер ауданы Қасқасу ауылында дүниеге келді. 1982 жылы Қазақ химия-технологиялық институтын, 2000-2002 ж.ж. аралығында заңгер мамындығы бойынша Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын тәмамдады. 1983-1985 ж.ж. аралығында темірбетон бұйымдары зауытының жинақтау цехының шебері болып жұмыс істеді. 1985-1987 ж.ж. аралығында Шымкент (Оңтүстік Қазақстан) облысы Ленгер ауданы Абай атындағы ұжымшардың прорабы болды. 1987-1991 ж.ж. аралығында құрылыс материалдары комбинатының шебері болып еңбек етті. 1992-1996 ж.ж. аралығында Лебяжі №28 ауылдық кәсіптік-техникалық училищенің өндірістік оқыту шебері болды. 1996-2010 ж.ж. аралығында Павлодар облысы ішкі істер басқармасының Лебяжі аудандық ішкі істер бастығының орынбасары болып қызмет атқарды. Аудан әкімінің 2010 жылғы 25 наурыздағы №1-46-ө өкімімен Лебяжі ауданы сәулет және қала құрылысы бөлімі бастығының міндетін атқарушы болып тағайындалды.
Дәуренбаев Елубай Әліпұлы (1957) / Оңтүстік Қазақстан облысы Леңгір ауданы Қасқасу ауылында дүниеге келді. Еңбек жолын Абай атындағы ұжымшарды шопан болып бастап, 1978 жылы Қарағанды Мемлекеттік университетінің дайындық курсына түсті. 1979-1984 ж.ж. Қарағанды Мемлекеттік университетінің заң факультетін қызыл дипломмен тәмамдады. Оқудан соң жолдамамен Павлодар облысына қызметке орналасты. Алғашында Павлодар облыстық сотта тәжірибеден өтіп, сонан соң Шарбақты ауданында сот болып қызмет атқарды. 1986-1996 ж.ж. Лебяжі аудандық соттың төрағасы болып қызмет атқарды. 1997-2002 ж.ж. Павлодар аудандық сотының, 2002-2007 ж.ж. Ақсу қалалық сотының төрағасы болса, 2007 жылдан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек аудандық сотының төрағасы қызметін атқаруда. Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының Құрмет грамоталарымен, Алғыс хаттарымен марапатталды.
Данкенов Магаш (1922) / Участник Великой Отечественной войны. В 1941 году был призван в ряды Красной Армии Лебяжинским райвоенкоматом Павлодарской области. Воевал в составе разведгруппы кавалерийского полка на Волховском фронте в Ленинградской области. В годы войны он не раз переходил линию фронта с целью захвата вражеских языков. Имеет три тяжелых пулевых, осколочных ранений, несколько раз находился на лечении в военном госпитале. В послевоенное время работал в селе Лебяжье (Акку). Награжден орденом Великой Отечественной войны, медалями «За Отвагу», «За Победу над Германией», «Георгий Жуков», «Ветеран войны», знаками «Победитель социалистического соревнования», «За долголетний и добросовестный труд».
Дубовицкий Виктор Владимирович (1957) / Уроженец села Черное Лебяжинского района. В 1981 году окончил Красноармейский сельскохозяйственный техникум по специальности техник-механик, в 1994 году окончил Казахстанский институт менеджментов экономики и прогнозирования по специальности социолог. В 1974-1990 г.г. работал механизатором, инженером по эксплуатации машинно-тракторного парка, бригадиром орошаемого участка, председателем кооператива по производству кормов и орошении совхоза имени 23 съезда КПСС (ныне село Черное). В 1994-2001 г.г. был заместителем директора КДСП «Мерей» по коммерческой деятельности, главой администрации Кызыласкерского сельского округа, Акимом Кызыласкерского сельского округа в селе Черное. В 2001-2008 г.г. занимал должность заместителя Акима Лебяжинского района Павлодарской области. В 2008 году был назначен начальником отдела архитектуры и градостроительства Лебяжинского района. Награжден медалью к 10-летию Независимости Республики Казахстан (2001), Благодарственным письмом Акима Павлодарской области (2005), Почетной грамотой Акима Павлодарской области (2007).
Демесінов Хатип Хабиұлы (1924) / Павлодар облысы Железинка ауданы Шөптікөл ауылында дүниеге келді. 1957-1960 ж.ж. халық депутаттары Лебяжі аудандық кеңесі атқару комитетінің төрағасы болып қызмет атқарды. Кейіннен облыстық партия комитетінің хатшысы, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының хатшысы бола жүріп аққулықтарға ақыл-кеңесін бере жүрді. Екі мәрте «Құрмет белгісі», үш мәрте «Еңбек Қызыл Ту», «Халық достығы» ордендерімен марапатталды.
Дүкенбаев Сайлау Хамитұлы (1937) / Лебяжі ауданы Тілектес ауылында дүниеге келді. Педагогика ғылымдарының кандидаты, Қазақ КСР оқу-ағарту ісінің үздігі. 1961 жылы Қарағанды педагогикалық институтын тәмамдады. 1976 жылға дейін сегізжылдық мектепте, облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институтында қызмет етті. Қазақ КСР Оқу министрлігінің шақыруымен 1976 жылы Мектептер басқармасының инспекторы болды. 1988-1992 ж.ж. қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын мектеп-интернаттың директоры, 1992-1995 ж.ж. алматы энергетика институтында аға оқытушы, одан соң осы институттың доценті, қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі болып өнімді еңбек атқарды. Ондаған оқулық, әдістемеліктер мен сөздіктердің авторы.
Дүкенбай Назымбек Сәбитұлы (1948) / Лебяжі ауданы Қарақала ауылында дүниеге келді. Павлодар музыкалық училищесін, Целиноград (қазіргі Астана) педагогикалық институтының музыка факультетін тәмамдады. 1974 жылдан Павлодар педагогикалық училищесінде музыка пәнінің мұғалімі болды. «2-3 сыныптардағы музыка сабақтары» атты оқу құралының авторы. «Арқаның сырлы саздары» жинағын шығарды. «Айналайын-97» республикалық фестивальге «Айналайын елімнен» атты әнмен қатысты.
Дүйсенов Ерсайын Қабидоллаұлы (1966) / Лебяжі ауданы Малыбай ауылында дүниеге келді. 1993 жылы «Ветеринария» мамандығы бойынша Семейдің зоотехникалық-ветеринарлық институтын тәмамдады. Еңбек жолын Лебяжі ауданы Малыбай ауылында мал дәрігері болып бастады. Осы ауылда зоотехник лауазымында қызметін атқарды, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігінің Лебяжі ауданының аймақтық басқармасында мемлекеттік бас маман – ветеринарлық инспекторы, Малыбай ауылдық округінің ветеринарлық инспектор маманы болып қызметін жалғастырды. 2001 жылдан Малыбай, 2009 жылдан Ямышев ауылдық округтерінің әкімі лауазымында еңбек етті. Аудан әкімінің 2010 жылғы 21 мамырдағы № 1-92- ө өкімімен Лебяжі ауданы ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы лауазымына тағайындалды.
Досмухамбетов Асылболат Фёдорович (1981) / Уроженец села Корт Лебяжинского района. Мастер спорта международного класса (2003). В 2002 году окончил машиностроительный факультет Павлодарского Государственного университета имени С.Торайгырова. чемпион Универсиады (2000 г., Тараз). Чемпион Казахстана (2000-2002 г.г., Павлодар, Петропавловск), 2-х кратный финалист чемпионата Казахстана (2002-2003 г.г., Костанай, Семей). Чемпион по профессиональным боям «Россия – Казахстан» (2001 г., Темиртау), бронзовый призер Чемпионата Азии (2002 г., Астана). Вице-чемпион мира (2003 г., Греция, остров Кос), серебряный призер Чемпионата Азии (2003 г.).
Дәмелі гүрті / Бұрынғы ауылдық елді мекен, Қызыләскер ауылдық округінің мал жайылатын жері. Ауылдық округ орталығы Қарақала (Черное) елді мекенінен шығысқа қарай 12 км қашықтықта орналасқан. Тұрғындардың саны 12 адам (1970 жылы) болған. Дәмелі – әйел адамның есімі, гүрті – «қой отары». Дәмелі гүрті – «Дәмелінің қой отары жайылатын (қоныс)» деген мағынада айтылады.
Донала / Бұрынғы ауылдық елді мекен, Майқарағай ауылдық округінің мал жайылатын жері. Ауылдық округ орталығы Майқарағай елді мекенінен 50 км қашықтықта орналасқан. Тұрғындардың саны 6 адам (1970 жылы) болған. Донала атауын донала өсімдігінен алған (фитоним).
Дубровка / Бұрынғы ауылдық елді мекен, Ямышево ауылдық округінің бөлімшесі. Дубровка елді мекенін 1907 жылы қоныс аударушы шаруалар орманды жерде – емен тоғайында алған. 1926 жылғы бүкілодақтық халық санағы бойынша Семей губерниясы Павлодар уезі Крестьянский болысындағы Дубровский ауылдық кеңесінің Дубровка елді мекенінде 76 шаруашылық болған және 429 адам өмір сүрген (соның ішінде 221 ер және 208 әйел адамдар).
| |
| |
Просмотров: 1516 | Загрузок: 0 | |
Всего комментариев: 0 | |