Лебяжі ауданының бейресми энциклопедиясы
11/07/2011, 16:45
Балағазинов Жагор (Молдахмет) Абдрахманұлы (1896 – 1980) / Семей (қазіргі Шығыс Қазақстан) облысы Бесқарағай ауданы Тюшкасовка ауылында дүниеге келді. Азамат соғысына, Ұлы Отан соғысына қатысушы. Майданда атты әскер қатарында болды. Соғыстан кейін Алтай өлкесіндегі М.И.Калинин атындағы трактор зауытының көмекші шаруашылығында малшы болып жұмыс істеді. 1963 жылы Жабағылы ауылына көшіп келді. Ұлы Жеңістің бірнеше мерейгерлік медалімен марапатталды.
 
Бәденов Ескен Бәденұлы (1940) / Лебяжі ауданы Жаңаауыл ауылында дүниеге келді. Семей педагогикалық институтының химия-биология факультетін үздік аяқтағаннан соң, Павлодар ауданы Красноармейка орта мектебінде химия-биология пәндерінің мұғалімі, директордың оқу-тәрбие істері бойынша орынбасары болып қызмет атқарды. 1965 жылдан бастап Павлодар педагогикалық институтының оқытушысы, кейін химия кафедрасының меңгерушісі болды. 1968 жылы химия ғылымдары институтының аспирантурасына түсті. 1969 жылы жаңадан ұйымдастырылған Қазақ КСР Ғылым Академиясына ауысады. Осы ғылыми зерттеу институтында Социалистік Еңбек Ері, химия ғылымдарының докторы, Қазақ КСР ҒА академигі Д.В.Сокльскийдің және химия ғылымдарының докторы, Қазақ КСР ҒА корреспондент-мүшесі К.А.Жұбановтың жетекшілігімен «Конкурирующее гидрирование некоторых органических соединении на паллади и никеле» тақырыбында кандидаттық диссертациясын жазып, оны 1972 жылы қорғады. Сол жылы Е.Бәденов Павлодар педагогикалық институтының химия-биология кафедрасына қайтып оралды. 1973 жылдан бастап 16 жыл бойы Павлодар педагоикалық институтының, кейіннен С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік университетінің меңгерушісі болып келді. 1978 жылы Ескен Бәденұлына доцент ғылыми атағы берілді. 1999 жылдан Инновациялық Еуразия университетінде декан және проректор болды. 2001 жылдан сырттай оқу бөлімінің деканы. «Кинетика нидрирования в растворах» атты 200 беттік монография дайындады. 2001 жылы ИнЕУ профессоры ғылыми атағы берілді. Қазақ КСР ағарту ісі Министрлігінің Құрмет грамотасымен, Алғыс хаттармен, «Қазақ КСР ағарту ісінің үздігі» белгісімен марапатталды.
 
Биболов Серғазы Досмұхамбетұлы (1948) / Ресей Федерациясы Алтай өлкесі Родинский ауданы Шаталовка ауылында дүниеге келді. 1968 жылы Славгород ауылшаруашылық техникумын зоотехния мамандығы бойынша тәмамдады. Еңбек жолын Алтай өлкесі Суетский кеңшарынң мал шаруашылығында бригадир болып бастады. 1970-1987 ж.ж. Лебяжі ауданы Майқарағай кеңшарының құрылыс бөлімшесінде жұмысшы, Шоқтал бөлімшесінің зоотехнигі, сол бөлімшенің басқарушысы болып қызмет атқарды. 1987-1994 ж.ж. Майқарағай селолық Кеңесінің төрағасы, Майқарағай кеңшары директорының өндіріс істері бойынша орынбасары болды. 1995-1996 ж.ж. «Наурыз-Сәби» шаруа қожалығының басшысы, 1996-1997 ж.ж. «Майқарағай» ұжымдық-үлестік ауыл шаруашылығы кәсіпорнының директоры, 1998-2006 ж.ж. Майқарағай селолық округінің әкімі болып қызмет атқарды. Қазіргі уақытта Майқарағай орман шаруашылығының шебері болып қызмет атқарады. «Қазақстан Республикасы Егемендігіне – 10 жыл» мерекелік медалімен, көптеген Құрмет грамотамен және алғыс хатпен марапатталды.
 
Бикеев Доскен Мұхаметқалыұлы (1933) / Ресей Федерациясы Алтай өлкесі Завяловка ауданы Харитон ауылында дүниеге келді. Еңбек жолын 1950 жылы жұмысшы болып бастады. 1956-1964 ж.ж. тракторшы, 1964-1993 ж.ж. шопан болып еңбек етті. Көп жылғы еңбегі үшін «Құрмет белгісі» орденімен, «Облыстың үздік шопаны», «Республиканың үздік шопаны» белгілерімен, көптеген медальмен марапатталды.
 
Байтурсынов Диас Мадиевич (1940) / Уроженец города Семей. Внук Богежаева Байтурсына – первого председателя колхоза Зор-Октябрь Лебяжинского района. Доктор технических наук, профессор. С 1957 по 1958 г.г. проходил обучение в Шымкентском индустриальном техникуме по специальности промышленное и гражданское строительство. С 1958 по 1965 г.г. преподавал на кафедре «Строительные конструкции» КазХТИ в городе Шымкент. С 1965 по 1968 г.г. был аспирантом на кафедре «Металлические конструкции» Московского инженерно-строительного института имени В.В. Куйбышева. В 1968-1995 г.г. работал старшим преподавателем, доцентом, профессором кафедры «Строительные конструкции» Жамбылского гидромелиоративно-строительного института. Заведовал кафедрой «Строительные конструкции», был деканом инженерно-строительного факультета ЖГМСИ. В 1995 году переводом перешел профессором кафедры «Технологии строительного производства», затем стал работать академическим профессором факультета общего строительства Казахской головной архитектурно-строительной Академии. В 1974 году получил ученую степень кандидата технических наук, а в 2008 году стал доктором технических наук. Защитил кандидатскую диссертацию на тему «Анализ показателей массы каркасных алюминиевых и сталеалюминевых кровельных панелей», докторскую диссертацию на тему «Исследование, разработка и внедрение металлотентовых сооружений высокой степени мобильности и долговечности (для отгонного овцеводства)». Является автором одного учебника, двух пособий, одной монографии, более шестидесяти научных статей, шести изобретений. Внедрил научные разработки «Сборно-разборные складывающиеся металлотентовые сооружения многоцелевого назначения» в виде овчарни, птичники, ангары, торговые и общественные центры и т.д. в Республике Казахстан, Киргизской Республике, Узбекистане, России. Награжден в 2007 году медалью имени А.Байтурсынова за написанные учебники, монографии и пособий, дипломом в номинации «Лучший ученый» в 2006 году КазГАСА, Почетными грамотами, дипломами I, II степени Министерства образования и науки РК, Министерства индустрии и торговли РК, Ассоциации строителей РК. Удостоен в 2006 году государственным грантом как «Лучший преподаватель ВУЗов».
 
Баталов Октябрь (Тұрсынхан) Тәшімұлы (1937 – 2004) / Ресей Федерациясы Алтай өлкесінің Новочиха ауданында дүниеге келді. 1963 жылы Жабағылы ауылына көшіп келді де, осы ауылда шаруашылық саласында отыз жылдан астам еңбек етті. 70-80 ж.ж. бүкіл Қазақстан ел қамбасына мол астық тапсырғанда, Баталов Т. Қостанай, Көкшетау облыстарында егін жинауға қатысып, өз үлесін қосып қайтты. Бірінші орын алып, Мақтау қағаздарға ие болды. Көп жылдық еңбегі үшін «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды.
 
Батырбек Ақбөпе Кенжеғалиқызы (1958) / Қостанай облысы Әулиекөл ауданында дүниеге келді. 1975-1980 ж.ж. Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының филология факультетін тәмамдады. 1986-1992 ж.ж. және 1995-2002 ж.ж. Лебяжі ауданы Зор-Октябрь орта мектебінің директоры болды. Қазіргі уақытта осы мектептің «Ұлағатты ұстаздары» қатарындағы орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі болып табылады.
 
Балқиянов Ерғазы Балқиянұлы (1922 – 1986) / Лебяжі ауданы Қызылтұз ауылында дүниеге келді. Ұлы Отан соғысына қатысушы. 1941 жылы Кеңес Армиясы қатарында соғысқа аттанды. Майданда әуе атқышы болып, аға сержант шеніне дейін көтерілді. 1956 жылы Қазантай орта мектебіне мұғалім болып орналасты. 1960-1979 ж.ж. Қызыләскер орта мектебінде қазақ тілі мұғалімі болып еңбек етті.
 
Байтілеуов Шоқан (1932 – 2010) / Павлодар облысы Май ауданы Қызыл еңбек ауылында дүниеге келді. 1951-1955 ж.ж. Семей педагогикалық институтын тәмамдады. 1955 жылдан бастап Лебяжі аудандық білім бөлімінің инспекторы, 1957 жылы Жаңаауыл орталау мектебінің (Қорт ауылы), 1 Мамыр сегізжылдық мектептерінің (Бесқарағай ауылының Подпуск бөлімшесі) директоры болып қызмет атқарды. «Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері» белгісімен, «1941-1945 ж.ж. тылда жұмыс істегені үшін», «Ерен еңбегі үшін» медальдарымен, 1970 жылы «За доблестный труд в ознаменование 100- летия со дня рождения В.И. Ленина» медалімен, 2005 жылы «1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 60 жыл» медалімен марапатталды. Тыл ардагері.
 
Быковская Людмила Абрамовна (1943) / Ресей Федерациясы Алтай өлкесі Горноалтайск қаласында дүниеге келді. 1954 жылы ата-анасымен Қазақстанға тың игеруге көшіп келді. Мектепті Павлодар облысы Иртышск ауылында күміс медальмен бітірді. Мектептен кейін Семей педагогика институтының физика-математика факультетін тәмамдады. 1966 жылдан бастап 33 жыл Лебяжі ауданы Бесқарағай орта мектебінде математика пәнінің мұғалімі, мектеп директорының орынбасары қызметтерін атқарған. 1986 жылы «Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері» белгісімен, аудандық, облыстық білім бөлімдерінің, облыстық депутаттар кеңесі атқару комитетінің Құрмет грамоталарымен марапатталды.
 
Байсалов Тасыбек Байсалұлы (1935) / Лебяжі ауданы Қазантай ауылында дүниеге келді. 1957 жылы Семейдің педагогикалық институтын физика-математика факультетін тәмамдады. Еңбек жолын Қызыләскер орта мектебінде бастады. 1958 жылдан Қазантай жетіжылдық мектебінде мұғалім, директорың оқу істері бойынша орынбасары, директор болып еңбек етті. 1982 жылы «Халыққа білім беру ісінің үздігі» атағына ие болды. Облыстық, аудандық деңгейдегі және облыстық кәсіподақтың көптеген Мақтау қағазымен марапатталды.
 
Брикман Иосиф Иванович (1929) / Уроженец села Довсун Орджоникидзевского района Ставропольского края Российской Федерации. В 1941 году был репрессировн с семьей, работал в трудартели на лесозаготовках. Затем работал механизатором, бригадиром полеводческой бригады в селе Бескарагай Лебяжинского района. Был участником ВДНХ как рационализатор и передовик. С создания и до самой пенсии работал в совхозе Жамбыл. Награжден орденом «Знак Почета», знаком «Победитель социалистического соревнования», медалями «За освоение целинных земель», «Ветеран труда» и другими. Имеет правительственные награды.
 
Бажакова Фазилат Қасенқызы (1947) / Семей (ШығысҚазақстан) облысы Шар ауданында дүниеге келді. 1965 жылы Семейдің қаржы-экономикалық техникумының мемлекеттік бюджет бөлімін үздік тәмамдады. Еңбек жолын 1965 жылы Лебяжі аудандық қаржы бөлімінде аға есепші болып бастады. 1968-1975 ж.ж. қаржы бөлімінің кірістер бөлімінің аға инспекторы, 1975-1080 ж.ж. аталмыш бөлімнің бастығы, одан әрі аудандық қаржы бөлімі басшысының орынбасары қызметтерін атқарды. 1985 жылы Жинақ банкінің меңгерушісі, 1989 жылдан зейнеткерлікке шыққанша аудандық жұмыспен қамту бөлімінің басшысы болды. 2002 жылдан аудандық ардагерлер кеңесінің төрайымы болып табылады. «Еңбек ардагері» медалімен, әр дәрежедегі Құрмет грамоталармен марапатталды.
 
Байжанов Бейімбет Таңатұлы (1967) / Лебяжі ауданы Ленин ауылында (қазіргі Әйтей батыр ауылы) дүниеге келді. 1984 жылы Павлодар облысы Лебяжі ауданындағы Жамбыл орта мектебін аяқтады. 1993 жылы «Зоотехния» мамандығы бойынша Алматы зоотехникалық-ветеринарлық институтын, 2008 жылы «Мененджмент» мамандығы бойынша Алматы экономика және статистика академиясын тәмамдады. Еңбек жолын 1984 жылы Лебяжі ауданы Жамбыл атындағы кеңшардың бригадирі болып бастады. 1993-2008 ж.ж. аралығында Лебяжі аудандық төтенше жағдайлар және жұмылдыру дайындығы жөніндегі бөлімнің меңгерушісі, агроөнеркәсіптік кешеніндегі жұмыскерлер кәсіподағы Лебяжі аудандық комитетінің төрағасы, Лебяжі аудандық статистика бөлімінің бастығы, ауыл шаруашылық бөлімінің меңгерушісі, ауыл шаруашылық басқарма бастығы, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің меңгерушісі, Лебяжі ауданы әкімі аппаратының басшысы болып қызмет атқарды. 2001 жылы халықаралық даму жөніндегі АҚШ агенттігімен қаржыландырылатын «Қазақстанда жергілікті басқаруды дамыту» IСМА жобасы шеңберінде «Жергілікті органдағы биліктің қызметіндегі депутаттар рөлінің әр алуандығы»» оқыту курсын, 2007 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясында «Мемлекеттік қызметкерлердің кәсіптік ісінің әлеуметтік-психологиялық негіздері» семинарының бағдарламасын, 2007 жылы Алматы қаласының мемлекеттік және жергілікті басқару институтында «Мемлекеттік қызмет стандарттары, регламент, ұйымдастыру» курсын, сондай-ақ 2008 жылы Астана қаласының мемлекеттік қызметкерлерді оқыту Еуразиялық орталығының «Конституциялық құқық және заң жобалау» курсын сәтті аяқтады. 2002 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне орай аудан әкімінің Алғыс хатымен, сондай-ақ 2008 жылы Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Алғыс хатымен марапатталды. 2009 жылғы 26 қаңтардан Лебяжі ауданы әкімінің орынбасары лауазымдық қызметіне тағайындалды.
 
Балхиянова Мүнира Тапауқызы (1951) / Лебяжі ауданы Бесқарағай ауылының Подпуск бөлімшесінде дүниеге келді. 1968 жылы педагогикалық сыныпты бітіріп, бастауыш сыныптар мұғалімі болды. 1982 жылдан С.Сатыбадин атындағы орта мектепте орыс тілі мұғалімі болып қызмет жасады. Оқушылары облыстық олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. 2003 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды.
 
Бокаев Сұңғат Абдрахманұлы (1916 – 1942) / Павлодар облысы Қызылтау болысында (Баянауыл ауданы) дүниеге келді. Ұлы Отан соғысына қатысушы. 1934 жылы Павлодар педагогика техникумын тәмамдады. Ертіс, Горький ауданында, Лебяжі ауданының Қызыләскер мектебінде мұғалім, халық ағарту меңгерушісі қызметтерін атқарды. 1941 жылы майданға аттанып, 1942 жылы тамызда Украина жерінде Отанды жаудан қорғау майданында хабар-ошарсыз кетті.
 
Белякова Анна Николаевна (1933) / Уроженка Новосибирской области Российской Федерации. В 1956 году приехала в село Ямышево Лебяжинского района, 3 года работала пионервожатой в Ямышевской средней школе. Позже была переведена библиотекарем сельской библиотеки. Во время работы окончила Семипалатинский библиотечный техникум имени Абая. Спусьтя год после новоселья библиотеки в Дому культуры ей было присовено звание «Библиотека отличной работы». Награждена медалью «За доблестый труд», значком «За отличную работу». В 1970 году её имя было занесено в областную «Книгу Почета работников культуры».
 
Батрачин Михаил Борисович (1936) / Уроженец села Неводное Михайловского района Алтайского края Российской Федерации. Трудовую деятельность в 1963 году начал в совхозе Казынский Лебяжинского района учетчиком отделения №1. в 1972 году после окончания Красноармейского сельскохозяйственного техникума назначен на должность заместителя директора по хозяйственной части совхоза Казынский. В ноябре 1975 года переведен управляющим отделения №1 совхоза Казынский. В период его работы управляющим животноводы отделения достигали высоких результатов в социлистическом соревновании. Особо отмечался труд доярок совхоза Казынский. В 1984 году переведен на должность заместителя директора по кормопроизводству. С сентября 1987 года работал управляющим отделения №2 совхоза Белогорский Майского района Павлодарской области. В октябре 1989 года был избран на должность председателя профкома совхоза Белогорский, где проработал до выхода на пенсию, до 1993 года. Позже вернулся в совхоз Казынский, реорганизованный в дальнейшем в КСП «Казы», где продолжает работать заместителем директора по кормопроизводству. В 1995 году вместе с сыновьями создал крестьянское хозяйство «Уак». Награжден медалью «Ветеран труда».
 
Бихиенова Қадиша Мамлямқызы (1949) / 1966-1971 ж.ж. Семейдің педагогикалық институтының химия-биология факультетін тәмамдады. 1982-1991 ж.ж. Лебяжі ауданы Абай орта білім беретін мектебінің директоры болып қызмет етті. 1989 жылы «Қазақ КСР халық ағарту ісінің озық қызметкері» белгісімен марапатталды.
 
Бекбауұлы Сейітқұл (1947) / Лебяжі ауданы Шақа ауылында дүниеге келді. Мектептен соң Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжін тәмамдады. Еңбек жолын 1966 жылы Лебяжі ауданы Тілектес бастауыш мектебінің мұғалімі және меңгерушісі болып бастады. Оқушылар арасында қызылізшілер тобын құрып, келешек ұрпақ үшін терең тәрбиелік мәні бар мұражай ашу жұмысымен айналысты. Тілектес орта мектептегі мұражайдың негізн қалаушы. «Қазақ КСР халық ағарту қызметінің үздігі» атағына ие болды.
 
Букаева Уркия Жапкеновна (1942) / Уроженка Благовещенского района Алтайского края Российской Федерации. В 1961 году с серебряной медалью окончила Лебяжинскую среднюю школу. В 1961-1962 учебном году по просьбе районного отдела народного образования год работала учителем немецкого языка в Кызыласкерской средней школе. В 1962-1967 г.г. окончила филологический факультет Романо-германской филологии Казахского Государственного университета имени С.М.Кирова по специальности филолог, преподаватель немецкого языка и литературы. В 1967-1994 г.г. работала преподавателем немецкого языка в средних школах №21 и №22 Талгарского района, что в пригороде Алматы. С 1994 года является учителем немецкого языка в Лебяжинской средней школе. Награждена орденом «Трудового Красного Знамени», медалью «Ветеран труда».
 
Булатбаева Кульжанат Нурымжановна (1962) / Уроженка села Майкарагай Лебяжинского района. Доктор педагогических наук, профессор. В 1983 году окончила филологический факультет Павлодарского педагогического института по специальности русский язык и литература в казахской школе. В 1990 году окончила аспирантуру по специальности методика русского языка. В 1983-1985 г.г. работала учителем русского языка в Лебяжинской средней школе. С 1985 по 1987 г.г. была стажером-исследователем кафедры методики русского языка НИИ преподавания русского языка в национальной школе Академии педагогических наук СССР в Москве. В 1991-1993 г.г. была старшим преподавателем кафедры русского языка и методики преподавания Павлодарского педагогического института. В 1993-1996 г.г. была заведующей кафедры филологии, деканом филологического факультета Екибастузского филиала Павлодарского педагогического института и Павлодарского Государственного университета имени С.Торайгырова. В 1999-2001 г.г. работала старшим преподавателем Павлодарского областного института повышения квалификации педагогических кадров. В 2001-2002 г.г. была заведующей кафедры практического курса казахского языка ПГУ имени С.Торайгырова. В 2002-2004 г.г. была старшим научным сотрудником, в 2004-2005 г.г. директором института повышения квалификации, одновременно доцентом кафедры практического курса английского языка ПГУ имени С.Торайгырова. С 2005 года и по сей день является профессором, деканом факультета повышения квалификации ПГУ имени С.Торайгырова. Является автором более 40 научных работ, в том числе 11 учебно-методических пособий.
 
Баймолдина Жұлдыз Әбілқайырқызы (1943) / Алматыда дүниеге келді. Лебяжі ауданы Та0ыр ауылының тумасы, Ұлы Отан соғысына қатысушы Әбілқайыр Баймолдиннің қызы. Педагог, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1976). 1967 жылы Мәскеу университетін, 1973 жылы Италияның Неаполь қаласындағы Сан-Пуетро-а-Майелла консерваториясын тәмамдады. 1978-1981 ж.ж. Мәскеудегі КСРО ҒА Орыс тілі институтының аспирантурасында оқыды. 1967-1973 ж.ж. Неаполь қаласындағы университет жанындағы Шығыс тілдер институтында орыс тілінен сабақ берді. 1973-1977 ж.ж. Қазақ академиялық опера және балет теартры құрамында соло-әшні болып, М.Төлебаевтың «Біржан-Сарасында» Сараның, А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абайында» Ажардың, П.И.Чайковскийдің «Қарғанынң мәткесінде» Прилепаның, Дж.Вердидің «Травиатасы» мен «Риголеттосында» Джильданың, Дж.Россинидің «Севиль шаштаразында» Розинаның, В.А.Моцарттың «Дон Жуанында» Церминаның және т.б. партияларын шеберлікпен орындады. 1984 жылы гастрольдік сапармен Францияда болды. 1981-1984 ж.ж. Қазақ филармониясында соло-әнші, 1983-1994 ж.ж. Театр және кино институтында (қазіргі Қазақ Ұлттық өнре академиясы) ұстаздық етті. 1993 жылдан Қазақ Ұлттық консерваториясында итальян тілінен сабақ берді. Орыс тілі синтаксисіне, сондай-ақ кәсіби әншілік дауысты игеріп қалыптастыру мәселелері хақында ғылыми-әдістемелік еңбектер жазды.
 
Биболова Нәйнә Қапсаттарқызы (1955) / Лебяжі ауданы Қарақала ауылында дүниеге келді. Еңбек жолын 1972 жылы Қазантай сегізжылдық мектебінде аға тәрбиеші (вожатая) болып бастады. 1975-1981 ж.ж. Павлодар педагогикалық институтының физика-математика факультетін сырттай тәмамдады. 1975-1995 ж.ж. Қазантай негізгі білім мектебінде математика мұғалімі болып қызмет атқарды. 1995 жылдан бастап жамбыл орта мектебінде мұғалім болып еңбек етуде. «Қазақ КСР халық ағарту ісінің озық қызметкері» белгісімен (1991) марапатталды.
 
Бисмельдинов Бауыржан Зейноллаұлы (1967) / Лебяжі ауданы Тақыр ауылында дүниеге келді. Шарбақты АКТУ-ін бітірді. 2002 жылдан бастап «Асхат» шаруа қожалығының бастығы болып қызмет жасауда. 2007 жылдан бері Лебяжі аудандық мәслихат депутаты.
 
Бөрібаев Бақытжан Қияметденұлы (1936) / Лебяжі ауданы Шоқтал ауылында дүниеге келді. Тракторшы-комбайншы. 1958-1970 ж.ж. Майқарағай кеңшарында, 1970 жылы Қазы кеңшарында жұмыс істеді. Көп жылғы еңбегі үшін 1983 жылы «Еңбек ардагері», ІІІ дәрежелі «Еңбек атағы», ІІ дәрежелі «Еңбек атағы» медальдарымен марапатталды.
 
Балтабаев Садриден (1949) / Уроженец села Черное Лебяжинского района. Подполковник полиции. В 1967-1968 г.г. успешно окончил курсы шофера в Павлодарском автомобильном предприятии. В 1970-1976 г.г. окончил физико-математический факультет Павлодарского педагогического института. В 1976-1980 г.г. работал учителем в Жамбылской средней школе Лебяжинского района. В 1980-1983 г.г. работал участковым инспектором по делам несовершеннолетних Лебяжинского РОВД. В 1982 году пршел первоначальную подготовку при школе милиции в городе Темиртау по линии участкового инспектора по делам несовершеннолетних, получив специальность правоведения, квалификацию юриста. В 1983-1990 г.г. занимал должность инспектора БХСС Лебяжинского района. В 90-е годы занимал различные посты в РОВД: старший инспектор группы дознания, старший оперуполномоченный, заместитель начальника. Имеет награды областного и районного значения.
 
Бөлекбаев Тоқмағамбет (1931) / Лебяжі ауданы Зор-Октябрь ауылында дүниеге келді. 1956 жылы Алматы шет тілдері институтының неміс тілі факультетін тәмамдады. Павлодар қаласында маркизм-ленинзм университетін сырттай бітірді. Ленинград (қазіргі Санкт-Петербор) байланыс Академиясы жанындағы әскери аудармашылардың тоқсан күндік жиынын тәмамдады. 1963-1968 ж.ж. Семейдің педагогикалық институтының шет тілдері кафедрасында жұмыс істеді. 1973-1997 ж.ж. Лебяжі орта мектебінде несім тілі мұғалімі болып қызмет атқарды. Неміс тілі бойынша аудандық оқуларға қатысты, әдістемелік тақырыптар бағытында лекциялар оқыды. Неміс тілінде «Достық» газетін шығарды.
 
Бектауова Сабира Салахитденқызы (1948) / Лебяжі ауданы Тілектес ауылында дүниеге келді. Жоғары санатты мұғалім. 1983 жылы Семей педагогикалық институтының қазақ тілі мен әдебиеті факультетін тәмамдады. Ұзақ жылдар бойы Лебяжі орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі болып абыройлы қызмет атқарды. Білім беру саласындағы еңбегі үшін «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі» белгісімен (1999), облыстық «Ана тілі» бағдарламасына сәйкес өткізілген орыс мектептегі қазақ тілі дәрісханалырынң облыстық байқауында ІІ дәрежелі дипломмен, облыс әкімінің Алғыс хатымен, облыстық және аудандық деңгейдегі мадақтаулармен марапатталды.
 
Балтабаев Нұрғалым Балтабайұлы (1931) / Лебяжі ауданы Бесқарағай ауылының Подпуск бөлімшесінде дүниеге келді. 1956 жылы Семейдің гидромелиоративтік техникум тәмамдады. Қырық жылдай Лбяжі аудандық ауылшаруашылық басқармасында мелиоратор болып абыройлы еңбек етті. «Еңбек ардагері» (1984), Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңістің 60 жылдығы құрметіне «Тылдағы адал еңбегі үшін» (2005) медальдармен, көптеген Құрмет грамотамен марапатталды.
 
Бақтыбайұлы Ерғали (1975) / Лебяжі ауданы Қарақала ауылының Шабар бөлімшесінде дүниеге келді. Ауданымыз бойынша қажылыққа бірінші рет барған жерлесіміз. 1995 жылы Павлодар қаласының Ақ мешітінен екі жылы Исламдық діни дәріс алып, имамдық мамандық бойынша өкіл Жұмабай қажының ұсынысымен Қазақстан діни басқармасының іргесіндегі имамдардың білімін жетілдіру институтында дәріс алып, бас мүфти Әбсаттар қажының қолынан алытн мөр басылған дипломын алып, Лебяжі аудандық Ғабдолуахит атындағы орталық мешіт ашылған срң халыққа рухани тірек болып, исламның кеңінен қанат жаюына өз үлесін қосып келеді. Осының қарсаңында Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Дербісәлі Әбсаттар қажының Алғыс хатымен марапатталып, мүфти қазіретінің нұсқауымен 2005 жылы қажылық сапарға аттанып, қасиетті Мекке-Мәдина қаласына барып, Аллаһның үйіне тәуіп етіп, қажылық борышын атқарды.
 
Бейсенов Арын-Рәшид Еренғайыпұлы (1949) / Ресей Федерациясы Новосібір облысы Кочков ауданының Буденово ауылында дүниеге келді. Еңбек жолын 1967 жылы Карасук кеңшарында спорт бойынша әдіскер болып бастады. 1971 жылдан осы кеңшарда есепші, қауіпсіздік техникасы бойынша инженер, бөлім басқарушысы, МТМ меңгерушісі, жем өндеу бойынша директордың орынбасары, партком хатшысы болып еңбек етті. 1988 жылы Семей зооветеринарлық институтын зоотехник мамандығы бойынша тәмамдады. Одан кейін кеңшардың бас зоотехнигі, директоры қызметтерін атқарды. 1994 жылы «Азия» шаруашылық қожалығын, 1997 жылы Павлодар облысы Екібастұз ауданы «Бесқауға» шаруашылық қоғамдар ассоциациясын басқарды. 1997-1998 ж.ж. Лебяжі ауданы әкімінің бірінші орынбасары болды, Лебяжі ауданы агроөндіріс кешенінің департаментін басқарды, содан кейін Лебяжі ауданы ауыл шараушылық бөлімінің бастығы болып қызмет жасады.
 
Бекжанова Бақтыбала Мағауияқызы (1950) / Қытай Халық Республикасының Тарбағатай округінде дүниеге келді. 1967-1971 ж.ж. Ұзынбұлақ кеңшар жұмысшылары кооперативінде (КЖК) сатушы есебінде жұмыс істеді. 1971-1973 ж.ж. Семей техникумінің бухгалтерлік бөлімін тәмамдады. 1973-1988 ж.ж. Павлодар облысы Лебяжі КЖК-де бухгалтер болып жұмыс істеп, 1988-1991 жылы осы мекемедегі экономист қызметін атқарды. 1991-1992 ж.ж. «Агропромэнерго» ұйымында бухгалтер-кассир, 1992-1997 ж.ж. аудандық тұтынушылар одағында ьухгалтер, 1997-2002 ж.ж. «Павлодарэнергосервисінде» бухгалтер қызметтерін атқарды. 2002 жылдан бастап Лебяжі аудандық қаржы бөлімі мемлекеттік мекемесіеде жұмыс атқаруда.
 
Бакраева Ракиля Балтабаевна (1951) / Уроженка села Северка Ключевского района Алтайского края Российской Федерации. В 1981 году окончила Алтайский политехнический институт имени И.Ползунова по специальности производство изделий и конструкции. Трудовую деятельность начала в 1968 году фрезеровщиком Павлодарского завода специальных инструментов. С 1970 по 1998 г.г. работала пекарем Бескарагайского РПС, формовщицей Семипалатинской чулочной фабрики, отделочницей Ключевской ПМК-923, мастер-строителем Лебяжинскго РХСО, архитектором, главным архитектором Лебяжинского района, инженером ПТО ПМК-57. С 1998 по 2006 г.г. работала заместителем заведующего, заведующей отделом благоустройства управления производственно-коммунальной сферы, главным архитектором отдела градостроительства, строительства, жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог Лебяжинского района. В 2006 году была назначена начальником отдела строительства Лебяжинского района.
 
Бижанова Айсұлу Қайроллақызы (1958) / Лебяжі ауданы Шарбақты ауылында дүниеге келді. 1987 жылы Н.К.Крупская атындағы Семей педагогикалық институтын орыс тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша тәмамдады. Еңбек жолын Лебяжі ауданы Қазы орта мектебінде бастауыш сыныптар мұғалімі ретінде бастады. 1982-2009 ж.ж. Лебяжі ауданы Ленин орта мектебінде оқу ісі бойынша меңгеруші, ішкі саясат бөлімінде меңгеруші, ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде бас маман, Лебяжі ауданы ішкі саясат бөлімінде бастық болып еңбек етті. 2009-2011 жылы Лебяжі аудандық білім беру бөлімінің бастығы болды. 2011 жылдан аудандық "Аққу үні" газетінің бас редакторы болып қызмет атқарып келеді. 
 
Бейсембаева Үміт Мұқанқызы (1947) / Лебяжі ауданы Аққу ауылында дүниеге келді. 1966 жылы Мәскеудің полиграфия институтының инженер-экономистер даярлайтын факультетіне оқу түсіп, оны тәмамдаған соң Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы Баспа істері жөніндегі мемлекеттік комитетке қызметке алынып, аз уақыт ішінде қатардағы экономистен осы комитеттің жоспарлау-қаржы бөлімі бастығының орынбасары қызметіне көтерілді. Баспа істері жөніндегі мемлекеттік комитет кәсіпорындарын шаруашылық басқарудың жаңа жүйесіне көшіруге (1987) қомақты үлес қосты. Комитет құрылымы нарықтық қатынасқа көшуге байланысты 1992 жылы кәсіпкерлік жүйесіне ауысты. 1999 жылдан «Атамұра корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Президенті болды. 2001 жылы Франция өндірісшілері Одағының Алтын медаліне ие болды. Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет дипломымен марапатталды.
 
Баймолдин Әбілхайыр (1909 – 1944) / Лебяжі ауданы Тақыр ауылында дүниеге келді. Ұлы Отан соғысына қатысушы. Сегізжылдық мектепті бітірген соң, 1926-1928 ж.ж. Семейдің Кеңес партия мектебінде оқыды. 1928-1931 ж.ж. Павлодар аудандық комсомол комитетінің хатшысы болды. 1932 жылдан Қызыл әскер қатарында болды. кіші командирлер мектебін тәмамдап, атты әскер взводы командирі шенінде Орта Азиядағы басмашылармен күресті. Осында өзінің тұңғыш марапатын – «Ерлік үшін» медалін алды. 1939-1941 ж.ж. Әскери-саяси академияның тыңдаушысы болды. кусрты тәмамдаған соң 51-атты әскер полкінің комиссары болып тағайындалды. Аталмыш полк 1941 жылдың күзінде генерал Доватордың аты әскер корпусының құрамында Мәскеу түбіндегі ұрысқа қатысты. Мәскеу түбіндегі, Волоколамск маңындағы ұрыстардағы ерлігі үшін Ә.Баймолдин «Қызыл ту» және «Қызыл жұлдыз» ордендерімен марапатталды. Осында жараланып, қайта қатарға қосылған соң жоғары атты әскерлер офицерлері мектебін бітіріп, атқыш бригадасына жіберілді. 1944 жылғы 4 қаңтарда Невель қаласының маңында ерлікпен қаза тапты.
 
Будилов Василий Михайлович / Білгір басшы, мал маманы, республикаға белгілі қоғам қайраткері. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің екі мәрте депутаты В.М.Будилов Лебяжі ауданы Бесқарағай асыл тұқымды қой зауытын ХХ ғасырдың 50-жылдардың басынан 70-жылдардың ортасына дейін басқарды. Кеңшар-шаруашылықтың қол жеткен табыстары осынау адамның басшылығымен байланысты болды. бұл аралықта кеңшарда үш тұлға – Жанпейіс Сыздықов, Балғабай Оспанов, Жұмабек Жанғожин – Социалистік Еңбек Ері атағына ие болды.
 
Баймұратов Бақыт (1944) / Лебяжі ауданында дүниеге келді. 1961 жылы Лебяжі орта мектебін бітірді. С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университеті (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті) филология факультетінің журналистика бөлімін тәмамдады. Жоғары оқу орнынан соң Павлодар облыстық «Қызыл ту» (қазіргі «Сарыарқа самалы») газетіне жұмысқа орналасып, табан аудармай өнімді де абыройлы қызмет етіп келеді.
 
Байғожин Серік Қапанұлы (1943) / Лебяжі ауданы Аққу ауылында дүниеге келді. ХХ ғасырдың 60-жылдары Павлодар облысы Лебяжі аудандық «Ленин жолы» (қазіргі «Аққу үні») газетіне аудармашы болып қабылданды. Газеттің жауапты хатшысы қызметін атқарды. 1967-1992 ж.ж. Баспа істері жөніндегі мемлекеттік комитеттің таратылуымен байланысты өз жұмысын тоқтатқанша аздаған үзілістермен аудандық баспахана жұмысын басқарды. Шаруашылық есеп жағадйындакәсіпорынның бірқалыпты жұмысын қамтамасыз етті. Сонымен қатар қаламгер ретінде де газет жұмысына белсенді түрде қатысып отырды.
 
Бейсенбаев Дастан Серікұлы (1978) / Лебяжі ауданы Лебяжі (қазіргі Аққу) ауылында дүниеге келді. 2002 жылы «Юриспруденция» мамандығы бойынша Алматының «Қайнар» универститетін тәмамдады. Еңбек жолын 2000 жылы «Қ.И.Сәтбаев атындағы кітап Үйі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде кадрлар бойынша маман болып бастады. Еңбегін Лебяжі ауданының «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы өкілеттілігі төрағасының бірінші орынбасары, бас маманның есеп және статистика секторының меңгерушісі, Лебяжі №28 кәсіптік лицейдегі кәсіптік оқытудың шебері болып жалғастырды. 2007 жылдан Лебяжі аудандық халыққа қызмет көрсету орталығында операциялық залдың бастығы болып қызмет атқарды. Соңғы кездері «Павлодар облысының халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесінің Лебяжілік филиалының директоры лауазымында болды. Аудан әкімінің 2010 жылғы 7 шілдедегі № 1-121-ө өкімімен Лебяжі ауданы Лебяжі ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды.
 
Биболов Әсет Серғазыұлы (1981) / Лебяжі ауданы Майқарағай ауылында дүниеге келді. Сол ауылда мектепті бітірді. 2003 жылы «Заңгер» мамандығы бойынша Қазақ гуманитарлық заңгерлік университетін тәмамдады. Еңбек жолын 2003 жылы бастады. Лебяжі аудандық ішкі саясат бөлімінде, ұйымдастыру-кадр жұмысы бөлімінде жетекші маман болып қызмет атқарды. 2007 жылдан Лебяжі ауданының мәслихаты аппаратында бас маман-заңгер лауазымында болды. Аудан әкімінің 2010 жылғы 16 маусымдағы № 1-106-ө өкімімен Лебяжі ауданы Майқарағай ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы болып тағайындалды.
 
Бейсенов Қуан Рашидұлы (1973) / Павлодар облысы Екібастұз ауданы Қарасу ауылында дүниеге келді. Павлодар педагогикалық институтын «Дене шынықтыру мұғалімі» мамандығы бойынша тәмамдады. 2000 жылы заңгер мамындығы бойынша Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар инстутын аяқтады. Еңбек жолын 1995 жылы Қарасу жалпы орта білім беретін мектептің дене шынықтыру мұғалімі болып бастады. 1996 жылғы ақпан айынан бастап Қарасу жалпы орта білім беретін мектеп директорының орынбасары болып жұмыс істеді. 1997-2006 ж.ж. аралығында Лебяжі жалпы орта білім беретін мектептің мұғалімі болып қызмет істеді. 2006-2008 ж.ж. аралығында Қазақстан Республикасы Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі комитетінің Павлодар облысы бойынша Басқарманың бас маманы болып еңбек етті. 2008-2009 ж.ж. аралығында азаматтардың өтініштері есебінің заңдылығын және мемлекеттік органдардың тексерісін бақылау мен қадағалау жөніндегі бөлімнің прокуроры қызметін атқарды. 2010 жылы Лебяжі ауданы дене шынықтыру және спорт бөлімі бастығының міндетін атқарушы болды. Сол жылдың қарашасында Лебяжі ауданы жер қатынастары бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.
 
Бабай / Бұрынғы ауылдық елді мекен, Жамбыл ауылдық округінің мал жайлатын жері. Ауылдық округ орталығы Жамбыл елді мекенінен 10 км қашықтықта орналасқан. Тұрғындардың саны 4 адам (1970 жылы) болған. Бабай «қадірлі ата-баба, қария» деген мағынада айтылады.
 
Байқадам / Бұрынғы ауылдық елді мекен, Қызылағаш ауылдық округі «Бесқарағай» асыл тұқымды қой зауытыынң мал жайылатын жері. Ауылдық округ орталығы Бесқарағай елді мекенінен 3 км қашықтықта орналасқан. Тұрғындардың саны 60 адам (1970 жылы) болған. Елді мекен анропонимнен туындаған, атауын Байқадам қонысынан алған.
 
Баймұрат / Бұрынғы елді мекен, Жамбыл ауылдық округі құрамына кіреді. Елді мекен ХХ ғасырдың 70-жылдарына дейін болған. Топоним – ер адамның есімі, патроним, Бәсентиін-Сағынай руынан шыққан «Баймұрат тоғайы» атауынан алған және облыс картасында көрініс тапты.
 
Барқы / Бұрынғы ауылдық елді мекен, Майқарағай ауылдық округінің мал жайылатын жері. Тұрғындардың саны 9 адам (1970 жылы) болған. Барқы – геноним, Уақ тайпасы ішіндегі Жансары руының тармағы. Мерғалым ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 6 км жерде орналасқан.
 
Батпақөткел / Бұрынғы ауылдық елді мекен, Қызылағаш ауылдық округі «Бесқарағай» асыл тұқымды қой зауытының мал жайылатын жері. Ауылдық округ орталығы Бесқарағай елді мекенінен 28 км қашықтықта орналасқан. Тұрғындардың саны 11 адам (1970) болған. Батпақөткел – «батпақты өткел (өту)» мағынада айтылады.
 
Бәйімбет / Қоныс. Бәйімбет – антропоним, ер адам есімі, Бәсентиін руының бір тармағы атымен аталған. Шақа ауылдық округіне қарайды. Бұл жерде тарих ғылымдарының докторы, профессор, КСРО ҒА ЖМХ академигі, Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ректоры Тоқмұхамед Сәлменұлы Садықов дүниеге келді.
 
Белгібай / Бұрынғы ауылдық елді мекен. Елді мекен ХХ ғасырдың 70-жылдарында жойылып кеткен. Өз атауын Белгібай орманшы адам атына байланысты алған.
 
Бесқарағай / Қызылағаш ауылдық округінің орталығы. Бесқарағайдың тарихи аталуы – «Шұңқыр су», сондай-ақ бертінге дейін «Көк үй» деген қосарлы атпен аталып келді.
 
Бесқұдық / Бұрынғы ауылдық елді мекен, Ямышево ауылдық округінің мал жайылатын жері. Ауылдық орталығы Ямышево елді мекенінен 28 км қашықтықта оналасқан. Тұрғындардың саны 7 адам (1970 жылы) болған. Бесқұдық – сөзбе-сөз «Бес құдық», яғни «бір-біріне жақын орналасқан бес құдық» дегенді білдіреді.
 
Бруцеллез / Бұрынғы ауылдық елді мекен, Майқарағай ауылдық округінің орталығы Майқарағай елді мекенінен 16 км қашықтықта орналасқан. Елді мекен бруцеллез ауруымен ауырған үй жануарларын ұстаған жердің атауымен аталған. Бруцеллез – бруцелл деп аталатын таяқшалар тәріздес бактериялар қоздыратын адам және үй жануарларында кездесетін ауру.
 
Бейсембаева Сағила Мұқанқызы (1937) / Лебяжі ауданы Аққу ауылында дүниеге келді. Кәсіптік білім беру үздігі. Алматының Мемлекеттік әйелдер институтының физика-математика факультетін үздік тәмамдады. Еңбек жолын Павлодар облысы Май ауданында жасап жүрген мұғалімді Лебяжі аудандық оқу бөлімі шақыртып алып, Лебяжі орта мектебінің оқу ісінің меңгерушісі қызметіне тағайындады. 1964 жылы Алматыға қоныс аударып, осында 30 жыл табан аудармай политехникалық техникумда ұстаздық етті. Техникум директорының орынбасары қызметінен еңбек демалысына шықты.
 
Бейсембаев Тәңірберген Мұқанұлы (1949 – 1999) / Лебяжі ауданы Аққу ауылында дүниеге келді. Орта мектепті бітіргеннен соң Алматы технологиялық институтын астық сақтаушы мамандығы бойынша тәмамдады. Жолдамамен Павлодар элеваторына технолог болып келгенімен, бұл орында ұзақ болмай, туған ауылына оралып, бастапқыда аудандық тұтынушылар одағында төрағаның орынбасары болып жұмыс істеді. Қоғамдық жұмысқа икемділігін байқаған аудан басшылары оны комсомол, соңынан аудандық партия комитетіне қызметке шақырды. Шаруашылықты басқарудың жаңа жүйесіне көшуге байланысты білікті маман астық қабылдау орнына басшы етіп жіберілді. Бөгежаев Байтұрсын / Лебяжі ауданындағы тұңғыш ұжымшар төрағаларының бірі. Ол он бір жыл бойында үзіліссіз «Зори Октября» ұжымшарын басқарды. Оның ұйымдастыру таланты қиын-қыстау ашаршылық жылдарында ерекше көрінді. Өз ынтасымен Зомбы, Құсеміс, Төсағаш, Сарықамыс сияқты шағын елді мекендердің тұрғындарын бір жерге жинап, аштықтан аман алып қалды.
 
Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 2576 | Загрузок: 0 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 2.3/3
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: