Лебяжі ауданының бейресми энциклопедиясы
11/07/2011, 16:18 | |
Алеменов Махмет Бозжігітұлы (1921) / Лебяжі ауданы Тақыр ауылында дүниеге келді. Ұлы Отан соғысына қатысушы. 1942 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылып, соғысқа аттанып, 1-Украина майданына алынды. Соғыста жүріп, Воронеж қаласын қорғауға қатысты. Артиллериялық бригадада нысанашы болды. Ауыр жараланып, 1944 жылдың қыркүйегінде елге оралды. Бейбіт өмір кезінде Тереңкөл ауылдық кеңесінде төраға, бастауыш партия ұйымының хатшысы, Баймолдин кеңшарының №2-бөлімшесіндегі қой өсіру бригадирі қызметтерін абыроймен атқарды. «Ерлігі үшін», «Германияны жеңгені үшін», «Еңбек ардагері» және басқа да медальдармен марапатталды.
Альменова Атия Михтаховна (1922) / Уроженка села Чернорецкий Павлодарской области. В 1940 году поступила в Усть-Каменогороское медицинское училище. После окончания была направлена медсестрой в город Куйбышев. В 1943 году приехала в совхоз №499 (совхоз-техникум, ныне село Кенжеколь). С 1946 года проживает в селе Такир. Работала радистом, монтером-связистом, сторожем. С 1970 по 1987 годы работала поваром в детском саду. Награждена медалями «Ветеран труда», «50 лет Победы Великой Отечественной войны 1941-1945» и другими.
Акижанов Қабжан Акижанұлы (1911) / Павлодар облысы қазіргі Ақсу ауданының Құркөл ауылында дүниеге келді. 1924 жылы Павлодар қаласындағы кеңес мектебінің 4 сыныбында оқыды. Осы жылы пионерге өтіп, білімін гимназияда жалғастырды.1925 жылы комсомолға қабылданды. 1926 жылы Семейдегі техникумға түседі. Қалалық комсомол комитетінің белсенділерінің қатарында болады. Сол кезеңде Павлодар округінің комсомол жолдамасымен Баянауыл, Ертіс, Сейтен аудандарында Кеңес өкіметінің жұмысын жақсартуға белсене қатысты. 1930 жылы Алматы жоғары оқу орындарына оқуға түсуге студенттер даярлайтын курста оқыды. Казнаркомпростың өлкелік комсомол комитетінің жолдамасымен 1931 жылы Мәскеудегі Тимирязевь атындағы ауылшаруашылық академиясына оқуға түсті. Академия комсомол комитетінің бюро мүшесі болып, ұйымның интернационалдық секторына жетекшілік етті. 1932 жылы партия қатарына қабылданды. Академияның екінші курсын бітіріп, жазғы демалысқа шыққанда оны Алтай өлкесінің Славгород ауданында ашылған 200 кісілік курста партияның саясатынан екі ай сабақ беруге, Кеңес өкіметінің алған бағытын ауыл еңбекшілеріне түсіндіру мақсатымен жіберді. Содан кейін отбасы жағдайына себепті әке-шешесі тұрған Цурюпа ауданында үш жыл жер бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. 1934 жылы сәуірде Шығыс Қазақстан облыстық мал шаруашылығы бөліміне басшы, сол жылдың тамызында облыстық партия комитетінің шешімімен Катонқарағай ауданының жер бөліміне меңгеруші болып жіберді. Сонда аудан жағдайына байланысты аудандық Кеңес атқару комитетінің төрағасы қызметін қоса атқарды. 1935 жылы Больше-Нарым ауданына жер бөлімінің меңгерушісі болып аударылды. 1937 жылы Шығыс Қазақстан облысының қаржы бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. Сол жылдың 20 қарашасында «халық жауы» деген жаламен Коми АКСР-не 10 жылға айдалды. 1947 жылы Лебяжі ауданына қарасты Қазантай мектебіне орыс тілі мұғалімі болып орналасты. Осы жылдары Семей педагогикалық институтына сырттай оқуға түсіп, орыс тілі мен әдебиеті факультетін бітірді. 1956 жылы ақталып, екі жылдан соң партия қатарына қайта алынды. Отыз бес жыл көлемінде Шарбақты, Лебяжі, Қызылқоғам, Зор-Октябрь, Абай атындағы мектептерде ұстаз болып жұмыс атқарды. Он бес жыл мектеп директоры болды. Қызылқоғам, Лебяжі кеңшарларында партия комитетінің мүшесі, он жыл цехтік партия ұйымының секретары болды. Партия оқуы жүйесінде белсенді насихатшы саналды. «СОКП қатарында 50 жыл», «Еңбек ардагері» медальдарымен және басқа да мадақтамалармен марапатталды.
Асылханов Жұмахан (1930) / Павлодар облысы Лебяжі ауданы Қосқарағай ауылында (қазіргі Шарбақты) дүниеге келді. 1931-1934 жылдары әке шешесімен бірге Алтай өлкесіне қоныс аударды. 1934 жылы қайтып келіп, 1938 жылы бастауыш мектепке барды. 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталғаннан кейін 11 жасынан бастап жұмыс істеді. 1948 жылы Ермак (қазіргі Ақсу) ауылшаруашылық мектебін «малдәрігер-санитар» мамандығы бойынша бітіріп, Лебяжі ауданының Бесқарағай ауылында малдәрігер-санитар болып жұмыс істеді. Әскерден кейін Бесқарағай ауылына оралып, зейнетке шыққанға дейін «Бесқарағай асыл тұқымды қой зауытында» аға шопан болды. Солтүстік қазақ мериносы биязы жүнді асыл тұқымды қойды шығарушылардың бірі болып табылады. Көп жыл бойы «Аққу» комсомол-жастар бригадысының кеңесшісі болды. Мәскеу қаласында өткен ХШЖК (ВДНХ) қатысушысы және жүлдегері болды. 1989 жылы Компартияның Павлодар облыстық комитетінің мүшесі болып сайланды. «Қазан төңкерісі» орденімен, «1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысында тылда жұмыс істегені үшін», «Ерен еңбегі» және басқа да медальдармен марапатталды.
Асылхан Қадиша Рахымқызы (1954) / Лебяжі ауданы Қазантай ауылында дүниеге келді. 1969 жылы Қазантай сегізжылдық мектебін бітіріп, осы жылы Павлодар педагогикалық училищесіне түсіп, бастауыш сынып мұғалімі бойынша тәмамдады. 1973-1978 жылдары Қазантай сегізжылдық мектебінде ұстаздық қызметте, 1984-98 жылдары аралығында Лебяжі балабақшасында әдіскер, 1998-2001 жылдары аралығында Лебяжі орта мектебінде, 2001-2005 жылдары Лебяжі орта мектебі жанындағы интернат меңгерушісі болып еңбек еткен болса, қазіргі уақытта осы интернатта тәрбиеші болып қызмет атқарады. 1969 жылы Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
Ахмедиева Хабиба Ахмедиқызы / Лебяжі ауданы Қызыл-Әскер орта мектебін бітірген соң Павлодар педагогикалық учлищесіне түсіп білім алды. Еңбек жолы 1950 жылдан басталды. Қазантай орта мектебінде, Шарбақты орта мектебінде, Май ауданы Ақшиман орта мектебінде, Ермак (қазіргі Ақсу) қаласындағы №1 орта мектебінде ұстаздық қызмет атқарып, шәкірттердің сапалы білім, саналы тәрбие алып шығуына қомақты үлесін қосты. «Қазақ КСР-і оқу ісінің үздік ұстазы» белгісімен марапатталды.
Арынов Мұхтар Қажыбайұлы (1936) / Павлодар облысы Баянауыл ауданында дүниеге келді. Алматы мал дәрігерлік институтын бітіргеннен кейін еңбек жолын 1960-1965 ж.ж. Қашыр ауданы Трофимовка ауылында бастады. 1965-1972 ж.ж. Баянауыл ауданының Қ.Сәтбаев атындағы кеңшарда директор, 1972-1975 ж.ж. Облыстық ауыл шаруашылығында басқарма орынбасары, 1976-1994 ж.ж. Лебяжі ауданында кеңшар директоры, 1994 жылдан өмірінің соңына дейін "Фрегатта” фирмасында директордың орынбасары болып қызмет атқарды. «Халықтар достығы», «Еңбек даңқы» ордендерімен және «Еңбек ардагері» медалімен марапатталған.
Ашимбетов Кемер Кожахметович (1935) / Родился в городе Кемерово Российской Федерации в семье простого рабочего шахтера. Имя Кемера Кожахметовича известно многим в области и далеко за ее пределами. Вся его жизнь была связана с сельскохозяйственным производством. Начал трудиться простым зоотехником, стал кандидатом сельскохозяйственных наук. Является одним из авторов породы овец североказахский меринос. Награжден орденом «Трудового Красного Знамени», тремя орденами «Знак Почета» и многи другими наградами.
Апсаликов Каримжан Мухаметжанович (1938) / Родился в Алтайском крае Российской Федерации. Окончил Казахский сельскохозяйственный институт по специальности «Лесное хозяйство». Трудовую деятельность начал в 1955 году лесником Шалдайского лесхоза, затем в этом же хозяйстве работал лесником. С 1969 по 1981 г.г. был директором Лебяжинской лесомелиоративной станции, 1981-1998 г.г. директором Шалдайского лесхоза, 1998-2000 г.г. начальником отдела Павлодарского областного территориального управления лесного охотничьего хозяйства. Неоднократно избирался депутатом областного и районного Советов народных депутатов. Под его руководством выросло не одно поколение лесоводов, которые в настоящее время занимают ответсвенные должности в лесном хозяйстве области. Апсаликов К.М. внес большой вклад в сохранение и приумножение лесных богатств региона. За долголетний и добросовестный труд награжден медалью «За трудовую доблесть», знаком «За заслуги перед областью», Почетными грамотами республиканских и областных отраслевых профсоюзов лесного хозяйства, удостоен звания «Заслуженный лесовод Казахской ССр» и «Отличник лесного хозяйства».
Айғожин Бейсенбай (1905 – 1978) / Лебяжі ауданы Жабағылы ауылында дүниеге келді. Ұлы Отан соғысына қатысушы. 1933-1941 ж.ж. Баянауыл ауданында Ұлтық Ішкі істер комитетінде жұмыс істеді. 1941 жылы әскерге шақырылып, сол жақтан соғысқа аттанды. 1943 жылы қатты жарақат алғаннан соң, елге оралды. 1944-1951 ж.ж. Майқайың ауылында, кейін Екібастұз қаласында жұмыс атқарды. 1953-1964 ж.ж. Бесқарағай ауданының тұтынушылар одағында қызмет істеді. 1964 жылы Жабағылы ауылына қайтып оралып, өмірінң соңына дейін осында тұрды. «Сталинградты фашистерден азат еткені үшін» медалімен марапатталды.
Абенова Қарашаш (1932) / Павлодар облысы Успен ауданы Таволжан ауылында дүниеге келді. Павлодар ауылшаруашылық техникумын агроном мамандығы бойынша тәмамдады. 1954 жылы бас агроном болып Шарбақты ауылына жіберіліп, онда 18 жыл қызмет атқарды. 20 жыл тоқ меңгерушісі қызметінде болды. Ленин орденімен, «Тыңды игергені үшін», «Көп жылдық адал еңбегі үшін» медальдармен марапатталды.
Адепов Ерген Қойшыұлы (1960) / Лебяжі ауданы Шақа ауылында дүниеге келді. Ауғанстан соғысына қатысқан жауынгер-интернационалист. «Ауған халқынан жауынгер-интернационалиске алғыспен» медалімен марапатталды. Акилжанов Нұржан Кужжатл-Хакилұлы (1965) / Лебяжі ауданы Шақа ауылында дүниеге келді. 1982 жылы Ленинград (қазіргі Санкт-Петербор) ветеринарлық академиясына оқуға түсті. ҚР ауылшаруашылық ғылымының кандидаты. Қазіргі уақытта Республикалық санитарлықэпидемиологиялық станса саласында жұмыс істейді.
Абикенов Скак Яковлевич (1948) / Ресей Федерациясы Алтай өлкесінде дүниеге келді. Отыз тоғыз жыл бойы трактор жүргізуші болып қызмет етті. Бесқарағай орман шаруашылығының құрылуына қомақты үлес қосты. «Құрмет белігіс» орденімен, «Социалистік жарыстың жеңімпазы», «Он бірінші бесжылдықтың екпіндісі» белгілерімен марапатталды.
Атимов Зада (1918 – 1981) / Лебяжі ауданы Жабағылы ауылында дүниеге келді. Ұлы Отан соғысына қатысушы. 1938 жылы Кеңес Армиясының қатарына шақырылып, сол жақтан Ұлы Отан соғысының майданына аттанды. Соғыстывң бастапқы кезінде №144 атты-артиллерия полкінде болды. 1942 жылы ақпан айында тұтқынға түсіп, көптеген қиянат көріп, 1946 жылы ғана елге оралды. Соғыстан соң мал шаруашлығында, тың игеру жұмыстарында еңбек етті. Ұлы Жеңістің бірнеше мерейгерлік медалімен, «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды.
Айдарханов Бике (1918) / Лебяжі ауданы Қазантай ауылында дүниеге келді. Он тоғыз жасында Семей облыстық комсомол комитетінің жолдамасымен Лениногор қаласының полиметалл комбинатына келді. Ұлы Отан соғысы жылдары Отан қорғау мәні бар тапсырмалардың мерзімінен бұрын орындау жөнінде социалистік жарыстар өткізудің бастамасышы болды. Б.Айдарханов – коммунистік еңбектің екпіндісі, Қазақ КСР Құрметті металлургі. Бірнеше мәрте қалалық партия комитетінің және Лениногор қалалық халық депутаттары кеңесінің мүшесі болып сайланды. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиуымының 1966 жылғы 20 мамырдағы Жарлығымен Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. «Еңбек Қызыл Ту» орденімен, «1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысы кезіндегі ерен еңбегі үшін» және басқа да медальдармен, көптеген Құрмет грамотамен марапатталды.
Аманова Майра Садыққызы (1954) / Лебяжі ауданы Қарақала ауылында дүниеге келді. 1974 жылы Целиноград (қазіргі Астана) кооперативтік колледжін тәмамдады.еңбек жолын Лебяжі аудандық тұтынушылар одағында есепші болып бастады. 1975 жылы Алматы техникалық техникумына жіберілді. 1997 жылдан бастап жеке кәсіпкерлікпен айналысып, нан-тоқаш өнімдерін шығара бастады. 2000 жылдан бері Лебяжі орта мектебіндегі әлеуметтік жағдайы төмен 80 оқушыны тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етеді. Бірнеше мәрте облыстық кәсіпкерлер жиынына қатысып, Құрмет грамоталармен, Алғыс хаттармен марапатталды.
Аманов Шаку Ильясович (1926) / Окончил Карагандинский педагогический институт по специальности учитель химии и биологии. Трудовую деятельность в 1942 году начал учителем начальных классов в Новосибирской области. С 1947 года работал учителем начальных классов Галкинского района Павлодарской области. В 1959 году был назначен заметителем директора школы по учебной работе Жанааульской восьмилетней школы Лебяжинского района. С 1960 года и до выхода на пенсию был в должности директора Потанинской средней школы.
Акижанова Гүлжан Қабжанқызы (1965 – 2007) / Лебяжі ауданы Төсағаш ауылында дүниеге келді. 1983-1988 ж.ж. Павлодар педагогикалық институтын тәмамдады. Еңбек жолын Абай орта мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып бастап, кейіннен осы мектептің директоры болып тағайындалды. 1998-2004 ж.ж. Потанин орта мектебінің директоры қызметін атқарды. Ұстаздық еңбек жолын Павлодар қаласындағы мектепте директордың оқу істері бойынша орынбасры болып жалғастырды.
Айтказин Телисжан Құрманұлы (1947) / Лебяжі ауылында дүниеге келді. Философия ғылымдарының докторы. 1976 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетін, 1982 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің аспиратурасын тәмамдады. 1968-1970 ж.ж. Павлодар облыстық атқарушы комитет ОБ-да байланыс технигі, 1970-1971 ж.ж. Павлодар трактор зауытының слесарі жұмыстарын істеді. 1976-1979 ж.ж. және 1982-1986 ж.ж. оқытушы, Павлодар индустриалды институтының (қазіргі С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік университеті) философия кафедрасының аға оқытушысы болды. 1986-1992 ж.ж. философия кафедрасының меңгерушісі, 1992-1994 ж.ж. аға ғылыми қызметкер, 1994-1996 ж.ж. философия, экономикалық теория және құқық кафедрасының меңгерушісі, ПМУ-дің қоғамдық ғылымдар меңгерушісі, 1996-1997 ж.ж. әлеуметтік-гуманитарлық дисциплиналардың оқу-ғылыми кешендерінің директоры, Астанадағы Л.И.Гумилев атындағы Еуразия университетінің философия кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарды. Отызға жуық жұмыстары жарияланды.
Аргынбаев Темирбулат (1889 – 1940) / Уроженец села Шарбакты Лебяжинского района. Акын-импровизатор и режиссер-постановщик. Музыкой увлекся с ранних лет. Учился песенному мастерству исполнения у акына Акбая. После 1917 года работал секретарем-делопроизводителем Семипаалтинского губернского суда. С 1923 года работал на различных должностях в советских административных органах Семипалатинска, Павлодар и Омска. Выступал с домброй на всех празднествах и тоях. С 1929 года жил и работал в Алматы и области. Участвовал в постановках спектаклей Казахского драматического театра «Айман-Шолпан», «Кыз Жибек» и других. Сотрудничал с Казахской филармонией имени Жамбыла. Исполнитель народных песен «Хорлан», «Юран», «Уш дос» и других. Подвергался репрессиям. Реабилитирован.
Айтуғанов Нұрман Ғизатұлы (1969) / Ресей Федерациясы Алтай өлкесі Славгород ауданының Куатовка ауылында дүниеге келді. 1999 жылы "Тарих” мамандығы бойынша С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік университетін тәмамдады. 1987 жылы Лебяжі ауданы Жамбыл ауылында еңбек жолын жұмысшы ретінде бастады. 1987-1989 ж.ж. Кеңес Әскерінің қатарында әскери борышын атқарды. 1990-1992 ж.ж. Жамбыл ауылында шопан болды. 1992-2000 ж.ж. Лебяжі аудананы Ленин орта мектебінде тарих, дене шынықтырудың мұғалімі болып жұмыс істеді. 2000-2006 ж.ж. Лебяжі ауданы Жаңатаң орта мектебінің директоры болып қызмет атқарды. Аудан әкімінің 2007 жылғы 10 қаңтардағы №1-05-ө өкімімен Лебяжі ауданы Жамбыл селолық округінің әкімі болып тағайындалды.
Абдыгаликов Елубай (1934 – 2000) / Лебяжі ауданы Тереңкөл ауылында дүниеге келді. 1968 жылы Павлодар қаласындағы партиялық мектепті бітірді. 1950-1990 ж.ж. шабан болып қызмет етті. 1964 жылы «Тың жерлерді игергені үшін», 1973 жылы «Қажырлы еңбегі үшін», 1988 жылы «Еңбек ардагері» медальдарымен марапатталды.
Абдуллин Сағындық Сейітұлы (1941) / Лебяжі ауданы Тақыр ауылында дүниеге келді. 1962 жылы Семей зооветеринарлық институтын бітіріп, комбайншы болып жұмыс істеді.1983-1988 ж.ж. партиялық комитеттің, 1988-1995 ж.ж. Баймолдин кеңшары селолық кеңестің төрағасы болды. 1996-2007 ж.ж. «Тұлпар» шаруа қожалығында жұмыс істеді.
Абылғазинов Бауыржан Қалымұлы / 1966- 1976 ж.ж. Лебяжі ауданы Шарбақты орта мектебінде білім алды. 1980-1981 ж.ж. Павлодар педагогикалық институтын бітірді. 1985-1988 ж.ж. Павлодар қаласының Ильичев АІІБ кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекциясының учаскелік аға инспекторы, 1988-1994 ж.ж. Павлодар қаласының Ильичев АІІБ қылмыстық іс милициясы бөлімі бастығының орынбасары, 1994-1996 ж.ж. Павлодар қаласының Ильичев ауданы бойынша МТКБ (Мемлекеттік тергеу комитеті бөлімінің) қылмыстық іздеу бөлімшесінің бастығы, 1996-1999 ж.ж. Павлодар облысының Ішкі істер басқармасы, 1999-2001 ж.ж., 2001-2004 ж.ж. Павлодар облысы Ішкі істер басқармасының қылмыстық іс полициясы болып абыроймен қызмет жасады. Қазіргі уақытта ҚР Ішкі Істер Министрлігінің зейнеткері.
Абылгазинов Қалым Байкенұлы (1926) / Ұлы Отан соғысына қатысушы. 1941 жылы Павлодар облысы Лозовск ауданында өз еңбек жолын бастады. Кеңес Армиясы қатарына шақырылып, майданға аттанды. 1950-1954 ж.ж. Алматыдағы Абай атындағы педагогикалық институтының тарих факультетін бітірді. Қызмет жолын Семей облысының Бесқарағай ауданынан бастап, Беген орта мектебінің директоры, 1972 жылы Лебяжі кеңшарының партия ұйымының хатшысы, 1977-1982 ж.ж. Шарбақты орта мектебінде оқу ісінің меңгерушісі қызметтерін атқарды. Көптеген мадақтаумен марапатталды.
Алақанұлы Ақын (1943) / Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында дүниеге келді. Моңғолия Жазушылар Одағының (1990), Қазақстан Жазушылар Одағының (1993) мүшесі. 1967 жылы Ұланбатыр Мемлекеттік техникалық университетін жылу инженері мамандығы бойынша тәмамдады. 1967-1978 ж.ж. аймақ орталығындағы жылу-электр стансасында инженер, цех бастығы, 1978-1986 ж.ж. революциялық жастар одағы аймақтық комитетінің бірінші хатшысы, 1987-1990 ж.ж. аймақтық партия комитетінде кадр бөлімінің меңгерушісі, 1990-1992 ж.ж. қазақ музыкалы-драма театрының бастығы қызметтерін атқарды. 1992 жылы атамекен Қазақстанға көшіп келіп, Павлодар облысы Лебяжі ауданы алғаш шаңырақ көтерген Бесқарағай ауылын екінші туған жері деп санады. 1992-1996 ж.ж. Қызылағаш селолық округінің әкімі, 1997-2006 ж.ж. Павлодар облыстық статистика басқармасында экономист, Лебяжі аудандық мәдениет бөлімінде тіл маманы қызметтерін атқарды. «Менің анам», «Елім, жерім», «Ана жүрегі», «Сүйіктім менің» атты әңгіме, хикаяттар жинағы, «Асулар» романы жарық көрді. «Атадан қалған тұяқ», «Тағдыр» спектакльдері мен ондаған көріністері театр сахнасында қойылды. Көптеген өлеңі «Атажұрт – алтын бесігім» (2001), «Теңізге тамған тамшылар» (2006) атты біріккен жинақтарға кіріп, газет-журналдарда жарияланды. Таңдамалы шығармалар жинағы 1985 жылы Ұланбатырда моңғол тілінде басылды.
Асылханов Шамау Мусинұлы (1929 – 2005) / Лебяжі ауданы Төсағаш ауылында дүниеге келді. 1951-1954 ж.ж. Қытай Халық Республикасының Харбин қаласында әскер қатарында болды. Еңбек жолын 1954 жылы Жабағылы ауылынан бастап, 40 жыл еңбек етті. 1962 жылы қырман меңгерушісі болды. Көп жылдық еңбегі үшін көптеген мерейгерлік медальмен, тың игерудің 50 жылдығына арналған белгімен марапатталды.
Аманова Факия Файызқызы (1955) / Шығыс-Қазақстан облысы Бесқарағай ауданының Баскөл ауылында дүниеге келді. 1972-1974 ж.ж. Семей кітапхана техникумын бітіріп, жолдама бойынша Лебяжі ауданы Аққу ауылына келді. 1974 жылдан Лебяжі ауданының мәдениет бөлімінде жұмыс істеп келеді. Аудандық балалар кітапханасының оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінен бастап, одан кейін балалар кітапханасының меңгерушісі, одан 1993 жылы Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры болып тағайындалып, бүгінге дейін осы лауазымда абыройлы қызмет етуде. Мәдениет саласында қосқан үлесі үшін аудан әкімінің бірнеше мақтау қағазымен марапатталды.
Абикеев Жумагул Мухаметжанович (1951) / Уроженец города Павлодар. Майор милиции. В 1969 году окончил курсы кранавщиков башенно-мотовых кнранов Павлодаркого учебного комбината. После чего был направлен на работу в комбинат желзобетонных изделий №2, где проработал крановщиком до 1972 года. В июле 1972 года по направлению комиссии МВД КазССР был направлен на учебу в Алматинскую специальную среднюю школу милиции МВД СССР, которую окончил в 1974 году. С 1974 по 1993 г.г. плодотворно работал в органах внутренних дел, занимая различные должностные посты: инспектора, старшего инспектора БХСС, в том числе начальника ОВД Лебяжинского райисполкома. Имеет награды.
Акижанова Алма Қабжанқызы (1950) / Лебяжі ауданы Шарбақты ауылында дүниеге келді. 1967 жылы Потанин орта мектебін бітіргеннен соң, Алматыдағы шет тілдер институтының біржылдық курсын тәмамдады. 1969 жылы Зор-Октябрь сегізжылдық мектебінде неміс тілі пәнінің мұғалімі болып қызмет бастады. 1975 жылы Семей педагогикалық институтын қазақ тілі мен әдбебиеті мұғалімі мамандығы бойынша тәмамдап, Лебяжі ауданы Абай сегізжылдық мектебіне мұғалім болып орналасты. 1979-1983 ж.ж. Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Семеновка орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімі болып еңбек етті. 1983 жылдан зейнеткерлік демалысқа шыққанша Лебяжі орта мектебінде абыройлы ұстаздық қызмет атқарды. Қазақстан Республикасы білім, мәдениет және денсаулық сақтау Министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
Алтыбасаров Құрман Әбілұлы (1905 – 1957) / Павлодар облысы Баянауыл ауданының 4-ауылында дүниеге келді. Ұлы Отан соғысына қатысушы. 20-жылдары, 1933 жылға дейін Баянауыл ауданында әр түрлі қызмет атқарды. 1933-1943 ж.ж. қазіргі Ақсу ауданының денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі, осы ауданның Ермак кеңшарында, Май ауданының Киров кеңшарында саяи бөлімнің бастығы қызметін атқарды. 1943-1944 ж.ж. Ұлы Отан соғысының майданында болды. 1944-1948 ж.ж. Павлодар облыстық партия комитетінің нұсқаушысы, 1948-1951 ж.ж. облыстық «Қызыл ту» (қазіргі «Сарыарқа самалы») газетінің редакциясында еңбек етті. 1951-1957 ж.ж. Лебяжі аудандық «Ленин жолы» (қазіргі «Аққу үні») газетінің редакторы болып абыройлы қызмет атқарды.
Ахметжанов Талғатбек Қамалұлы (1970) / Шығыс Қазақстан облысы Ақсуат ауданы Көкжыра ауылында дүниеге келді. 1995 жылы Семей қаржы-экономикалық техникумын қаржы мамандығы бойынша, 2000 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік университетін қаржы және несие мамандығы бойынша тәмамдады. Еңбек жолын 1988 жылы Ақсуат ауданының Қ.Сәтбаев атындағы кеңшарының №1 бөлімшесінде қатардағы жұмысшыдан бастады. 1992-2006 ж.ж. Павлодар облысы Лебяжі ауданы бойынша салық комитетінің жетекші инспекторы, бас маманы, экономика және кәсіпкерлік бөлімі меңгерушісі, экономика және қаржы бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарды. Соңғы уақытта Лебяжі аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бастығы лауазымын иеленді. Аудан әкімінің 2008 жылғы 1 желтоқсандағы №1-133-ө өкімімен Лебяжі ауданы кәсіпкерлік бөлімі бастығы лауазымына тағайындалды.
Ахметова Әсия Съездқызы (1978) / Лебяжі ауданы Аққу ауылында дүниеге келді. 1999 жылы Қарағанды экономикалық университетін қаржы және несие мамандығы бойынша тәмамдады. 1998-2006 ж.ж. Павлодар облысы Ақсу қаласы салық комитетінде салық инспекторы, Лебяжі ауданы бойынша ішкі саясат, мәдениет және спорт бөлімінде, денсауылқ сақтау бөлімінде, ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде, Лебяжі ауданы әкімі аппаратында есеп жүргізу бойынша бас маман, бухгалтерлік есеп және экономика және қаржы бөлімінің есебі бөлімінде бастық болып абыройлы қызмет атқарды. Соңғы уақытта Лебяжі аудандық қаржы бөлімінің бастығы лауазымын иеленді. Аудан әкімінің 2010 жылғы 20 қаңтар №1-09-ө өкімімен Лебяжі ауданы қаржы бөлімі бастығы лауазымына тағайындалды.
Айғазинов Асқарбек Рәшитұлы (1969) / Павлодар облысы Успенка ауданы Майқамыс ауылында дүниеге келді. 1995 жылы «Зоотехник-инженер» мамандығы бойынша Семейдің зоотехникалық-ветеринарлық институтын тәмамдады. Еңбек жолын жұмысшы ретінде Лебяжі ауданының мамандандырылған ауылшаруашылық бірлестігінде бастады. Одан кейін осы ұйымда слесарь, комсомол комитетінің хатшысы болып қызмет атқарды. Лебяжі ауданы Малыбай ауылдық округі әкімінің аппаратында малдәрігерлік инспектор, ауылшаруашылық басқармасында жетекші маман, Лебяжі ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің бас маманы болып қызметтер атқарды. 2006 жылдан Лебяжі ауданы Майқарағай ауылдық округінің әкімі болып еңбек етті. Аудан әкімінің 2010 жылғы 16 маусымдағы № 1-104-ө өкімімен Лебяжі ауданы Шақа ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды.
Алтыбасаров Мейрам Құрманұлы (1939) / Физика-математика ғылымдарының кандидаты, профессор. 1957 жылы Лебяжі орта мектебін бітірді. 1965 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің физика-математика факультетін тәмамдады. Еңбек жолын Павлодар индустриалды институтында (қазіргі С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік университеті) бастады. 1994 жылдан Екібастұздағы Қ.И.Сәтбаев атындағы инженерлік-техникалық институттың проректоры. 43 ғылыми және әдістемелік еңбектің авторы. ХХ ғасырдың 50-жылдары Аққу ауылында ауыр атлеттер клубын ашқан танымал спортшының бірі.
Ақылжанов Рахметолла Рамазанұлы / Лебяжі ауданы Шоқтал ауылында дүниеге келді. Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты. Осы күндері Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Павлодар облыстық аймақтық басқармасының бақылау бөлімінің бастығы.
Аққулы өңір: аңыз бен ақиқат / Аққу ауылы тұрған жердің солтүстік қапталында айдын көл болыпты-мыс. Онда аққулар мекендейді екен. Казак станицасы өзінің атауын осыдан алыпты. Бұл – бәлкім шындық. Бірақ бүгінгі ұрпақ үшін аңыз. Шындық дейтініміз, үлкендер айтушы еді, көктемде Ертіс тасығанда аудан орталығы мен Широкое ауылының арасын тұтас су алып кетеді деп. Ол су шілдеде Ертіс екінші рет көтерілгенде одан айын молайып, кей жылдары ауылдың шығыс қапталында жатқан Ақсор көліне барып құяды деп. Жамбыл ауылынан сәл төменіректе жатқан Баймұрат тоғайын, одан әріде Байжан тоғайын кемерлеп, Шабар құмына құйылып, Шәмші ауылының жарқабағына соғып, айдынданып жатады екен. Бүгіндері болса су қатты көтерілді дегенде екі елді мекен арасындағы терең өзектің табанында ғана жылтырайды. Аққуы ұшып, қазы қонған айдын тартылды, бүдіргенді, доланалы нуы селдіреді. Бұл адамның өз қолымен жасағаны: Ертістің жоғарғы ағысында су қоймаларының тұрғызылуы салдарынан шабындықтың суға мейірі қанып тойынуы жоқ. Ертеректе, шамада елуінші жылдары, құлама жарға келіп ақ пароход тоқтаушы еді. Айына екі рет Семейден Омбыға, Омбыдан Семейге қатынайтын ақ пароходтың келуі Лебяжі өңірі үшін айтулы оқиға болатын: соғыстан кейінгі ашөзектеу кезі ауылдың тайлы-таяғы қалмай жинаған азын-аулақ құрт-майын айырбасқа салуға пароходқа ұмтылысатын. Ол кездері ел Алматыға негізі Семей арқылы қатынайды. Оқуға, іссапарға шыққан азаматтар артынып-тартынып ақ параходқа мініп жатады. Балаларға пароход жүріп өткен соң Ертістің бұйра толқынына биік жарқабақтан секірудің өзі бір ерлікке пара-пар. Өскеменнен бермен қарай Ертісті «Ақ Ертіс» деп атайды. Осы Ақ Ертісті шілде-тамыз айларында кей тұсынан жаяу дерлік кешіп өтуге болады. Ел азаматтары бас қосып, осыдан сәл ілгеріде орысша «Лебяжі» аталып келген ауыл атын «Аққу» деп өзгертті. Бірақ оның ел аузындағы тарихи атауы «Қиық» болатын... «Лебяжіні қазақтар «Қиық» деп бекерге атаған жоқ екен. Ертістің биік жарқабағының астына орналасқан бұл станицаның дөңінен қарағанда өзенге қарай созылған көшелері қиғаштай, қиығынан көрінеді». (Сәбит Мұқанов, «Аққан жұлдыз», А. 1976, 226-бет). Академик-жазушының бұл жолдарындағы шындық – қазақтардың «Лебяжіні» ежелден «Қиық» деп атауы. Бірақ, неге солай атағаны таласты нәрсе. Өйткені станицаны Ертістің жарқабағына көтеріліп қараған (тамашалаған) қазақтың болмағаны кәміл. Шындығы мынау болса керек: патша үкіметі өзінің қазақ жерлерін отарлау саясатында қазақ станицалары мен қазақ ауылдарының ара жігін ажыратып ұстауға ұмтылды. «Қаһармандық ғасырының» ақтаңдақтары. Шоқан Уәлиханов «XVIII ғасыр қазақ халқының қаһармандық ғасыры болды» деп жазады (Ч.Валиханов. «Избранные произведения». А.1952.) Рас, осы ғасырда қазақ халқы тізе қосып, өз елін жоңғар басқыншылығынан толық азат етті. Сонымен бірге осы ғасыр қазақ халқының ұлт ретінде тарихта қалу-қалмауы таразыға түскен алмағайып қаңды-шерлі оқиғалар ғасыры да болды. «Ақтабан шұбырындыға» түсіп (1723), сол кездегі оқиғалардың куәсі болған жылнамашылардың деректері бойынша халқының үштен бірінен айырылды. Екі жүз жылдан астам уақытқа созылған әуелі ақ патшаға, одан соң қызыл империяға тәуелдік те осы ғасырдың үлесінде. Қазақ тарихының осы қайғылы беттері Лебяжі ауданының өткенінен де айна-қатесіз көрінеді. Осы уақыттың тудырған тағы бір аңызы – Ямышев бекінісін патша әмірімен подполковник Бухгольцтің салуы. Бұл қаншалықты әділ. Қолымыздағы құжаттар не дейді? «1715 жыл – подполковник И.Д.Бухгольцтің әскери экспедициясы Ертіс өзенінің бойында Ямышев бекінісін салды». «1716 жыл – И.Д.Бухгольцтің экспедициясы Ом өзені бойында Омск бекінісін салды. «1716 жыл – подполковник Ф. Метигировтың әскери отряды Ямышев острогын қайта көтерді». «1716 жыл – Ямышев острогына подполковник П.Т Ступиннің басшылығымен жауангерлік саптағы кіші полк жіберілді. Шведтің тұтқын офицері Каландердің жобасымен Ямышев бекініске айналдырылды. Мұнын бәрі ақиқат және халқымыздың ұрпаққа ұран ететін ерлік тарихы. Ал турасында жоңғар шапқыншылығына қарсы күрес жалпыхалықтық сипат алған жағдайда тарих бетіне есімдері түспей қалған қаһарман ата-бабаларымыз қаншама! Ақын Нұрлыбек Қайдаров «Лебяжі ауданының тарихы» атты еңбегінде солардың бірін Бәсентиін руынан шыққан Зомбы батырдың есімін атайды. Орыс жылнамаларында «Түркістаннан шыққан қазақтардың алғы көшінде... Уақ және Бәсентиін рулары болды» («Материалы по киргизскому землепользованию» 1903г.) деп көрсетсе, Ертістің оң қапталына алғашқылардың қатарында елің бастап алып келген, осында түбегейлі қоңыстандырған ардагерлердің бірі осы Зомбы батыр болуы әбден ықтимал. Автор «XVIII ғасырдың басында Сыр бойынан Ақмола арқылы келген” деп жазады. "По свидетельству Оренбургского генерал-губернатора Г. Волконского в XVIII веке 2 рода племени Аргын в числе 9000 семей зимовали и кочевали по Иртышу” деген жолдарды оқимыз. 1928 жылы жарық көрген "Краткий исторический очерк Семипалатинского края до 1917 года” деген еңбектен (Семей облыстық кітапханасының сирек қорында сақтаулы). Ал Бәсентиіннің Арғын руының бір тарабы екенін ескерсек, Зомбы туралы аңыз ақиқатқа бет бұра бастайды. Бірақ автордың «келген» деген сөзі ақиқат емес. Жоғарыда айтылған Ямышев – Босбос маңындағы сойқанның өзі бұл оралудың жорық көші болғанын көрсетеді. Қазақстар Сырдан Ертіске дейінгі даланы 1723 жылғы «Ақтабан шұбырындыдан» кейінгі 1727-1730 жылдарғы жеңісті шайқастардан соң еңсесін тіктеп, жауды өкшелей отырып, ұрыспен өтті. Біздің қолымызға түскен тағы бір дерек бойынша Бәсентиін руын Түркістаннан Есенгелді би бастап келген. «Түркістан маңынан 200 мың адам жүр көтеріліп, жауды өкшелей отырып, Арқаға бет алған. Оны Есенгелді би бастап отырды. Зомбы Есенгелдінің баласы еді. Асқан батыр болды. Оның ел құрметіне бөленуінің бір дәлелі – дүние салғанда Зомбыны жұрты айрықша құрметтеп, сүйегін Арқадан Түркістанға жеткізіп жерлеген екен. Зомбының немересі Боздақ әрі би, әрі батыр болған. Ертіс бойындағы қоныс үшін орыс колонистерімен 15 жыл ұрысқан. Бұл, тегі бәсентиіндердің әлі оң қапталға өте қоймаған кезі болса керек. Өйткені Ертістің сол қапталында, Май ауданының жерінде екі жер атауы Бозарал және Аяққалған осы адамның есімімен байланысты. Көнекөз қариялардың айтуында туының астына 15 мыңға дейін жігіт жинаған. Ақыры ұрыста қаза болған. Оның баласы Байдалы осы аумақта, орта жүз руларына сөзі жүрген дуалы ауыз билердің соңы болды», - әкесі Мұхамед-Садықтың ауызынан жазып алған Серік Кәрім.
Апсаликов Серик Каримжанович (1959) / Уроженец Кордона Кобзельген Щербактинского района Павлодарской области. С 1977 по 1982 г.г. обучался в Павлодарском педагогическом институте по специальности «Физика». С 1982 по 1989 г.г. работал учителем физики в Шалдайской средней школе, а также директором Богодаровской, Шалдайской средних школ. С 1989 по 1992 г.г. работал инструктором идеологического отдела Шарбактинского райкома Компартии Казахстана Павлодарской области, заведующим отделом комитета по делам молодежи Шарбактинского районного исполкома Павлодарской области, заведующим отделом комитета по делам молодежи и спорта при главе администрации Шарбактинского района. В 1995 году окончил Казахский ордена Трудового Красного Знамени сельскохозяйственный институт по специальности «Лесное и садовопарковое хозяйство». С 1992 по 2006 г.г. работал заместителем главы Шарбактинской районной администрации по социальным вопросам, директором Шалдайского лесхоза по охране лесов и животного мира, акимом Шарбактинского района. В 2002, 2004 г.г. успешно закончил программу семинара в Академии государственной службы при Президенте Республики Казахстан по темам «Совершенствование механизма государственного управления», «Компетенция и организация деятельности акима района», а также в 2004 году окончил успешное обучение в Международном консультативном тренинговом центре по курсу «Технологии избирательных кампаний». В 2005 году награжден юбилейной медалью «10-лет Конституции РК». С марта 2006 года по июнь 2011 года занимал должность Акима Лебяжинского района.
Айтмагамбетова Магия (1923) / Уроженка села Кызылкогам Лебяжинского района. Полевод. Училась в семилетней школе и одновременно работала в колхозе «Кызылкогам» (1936-1941 г.г.). В годы Великой Отечественной войны в передовом звене высокого урожая, руководимом М.Сатыбалдиной. в 1946 году ее звено получило в среднем с 1 га 114 пудов зерна, а с отдельного га по 150 пудов. Депутат Верховного Совета КазССР 2-созыва (1947).
Ағашүй / Лебяжі ауданындағы бұрынғы ауылдық елді мекен, Қызылағаш ауылдық округінің Бесқарағай елді мекенінен 20 км қашықтықта орналасқан, ауыл атауы. Халық саны 15 адам (1970 жылы) болған. Ағашүй – тура мағынада – «ағаштан жасалған үй».
Айдарша / Бұрынғы ауылдық елді мекен, Қызыләскер ауылдық округінің мал жайылатын жері. Ауылдық округ орталығы Қарақала (Черное) елді мекенінен 24 км қашықтықта орналасқан. Тұрғындардың саны 26 адам (1970 жылы) болған. Айдарша – құрақ өсімдіктері (айдар түрінде өсіп жатқан) басқан көл деген мағынада айтылған.
Айдын / Бұрынғы ауылдық елді мекен, Майқарағай ауылдық кеңесінің «Майқарағай» кеңшарының мал жайылатын жері. Тұрғындардың саны 8 адам (1970 жылы) болған. Елді мекен қарағай арасындағы «кең ашық суқоймасы бар қоныс» дегенді білдіретін Айдын (адам аты) қонысының атауымен аталған.
Ақкөл / Бұрынғы елді мекен, Майқарағай ауылдық округінің мал жайылатын жері. Ауыл орталығы Майқарағай елді мекенінен 21 км қашықтықта орналасқан. Тұрғындардың саны 11 адам (1970 жылы) болған. Ақкөл – тура мағынада «ақ (мөлдір, таза, ағынды) көл» дегенді білдіреді.
Аққұм / Бұрынғы ауылдық елді мекен, Қызыләскер ауылдық округінің мал жайылатын жері. Ауылдық коруг Қарақала (Черное) елді мекенінен 17 км қашықтықта орналасқан. Тұрғындардың саны 14 адам (1970 жылы) болған. Елді мекен топырақ жамылғысын бейнелейтін құмдардың ерекшелігінен туындаған.
Ақшатоғай / Бұрынғы ауылдық елді мекен, Қызыләскер ауылдық округінің мал жайылатын жері. Ауыл-коруг орталығы Қарақала (Черное) елді мекенінен 6 км қашықтықта орналасқан. Тұрғындардың саны 5 адам (1970 жылы) болған. Ақшатоғай – «өзен жайылмасындағы шалғынды тоғай» деген мағынада. Бірақ Арғын тайпасы Сүйіндік-Қанжығалы руында Ақша деген ру тармағы бар. Бұл топоним «Ақша руының тоғайы» деген генотопоним болуы мүмкін. Сонымен қатар Қызылағаш ауылдық округінде Ақтоғай қоныс атауы бар.
Алтай / Бұрынғы ауылдық елді мекен, Шақа ауылдық оркгуі «Бесқарағай» орман шаруашылығының жеке тұрағы ауылдық округ орталығы Шақа елді мекенінен 26 км қашықтықта орналасқан. Тұрғындардың саны 3 адам (1970 жылы) болған. Алтай – ер адамның есімі, антротопоним. Жергілікті тұрғындар атаудың негізінде геноним (Алтай – Арғын-Қуандық руының тармағы) жатыр деп есептейді.
Апайуақ / Бұрынғы ауылдық елді мекен, Ямышево ауылдық округінің бөлімшесі. Ауылдық округ орталығы Ямышево елді мекенінен 15 км қашықтықта орналасқан. Тұрғындардың саны 51 адам (1970 жылы) болған. Генотопоним болып келетін Апайуақ қонысының атауымен аталған. Осы жерде Уақ және Арғындардың Бәсентиін руы ішіндегі Апай руының қазақтары тұрған.
Ара / Бұрынғы ауылдық елді мекен, Жамбыл округіне қараған. Жамбыл ауылынан 10 км жерде орналасқан бөлімшесі. Халқының саны 10 адам (1970 жылы) болған. Ахметтоғай / Бұрынғы ауылдық елді мекен, Ямышево ауылдық округінің мал жайылатын жері. Ауыл орталығы Ямышево елді мекенінен 12 км қашықтықта орналасқан. Тұрғындардың саны 10 адам (1970 жылы) болған Ахметтоғай – «Ахметтің тоғайы» деген мағынада айтылады.
Ащықұдық / Бұрынғы ауылдық елді мекен, Ямышево ауылдық округінің мал жайылымдық учаскесі. Ауылдық округ орталығы Ямышево елді мекенінен 25 км қашықтықта орналасқан. Тұрғындардың саны 6 адам (1970 жылы) болған. Ащықұдық – «суы ащы құдық» деген мағынада айтылады.
Аққу (Лебяжі) халық театры тарихы / Көркемөнерпаздардың тұңғыш драмалық ұжымы 1937 жылы Қызыләскер мектебінде құрылды. Оны сол елдің тумасы Дүйсет Ахметов ұйымдастырды (1960 жылға дейін жетекші болды). Өнер ордасы кейінірек аудан орталығы Аққуға (Лебяжіге) келіп қоныс тепті. Талантты режиссердің басқаруымен театр 1959 жылы «Халық театры» деген жоғары атаққа ие болды. Осыдан соң театрға көркемдік жетекші болып Әнуар Қалиев келді. Аудан тарағанда халық театры өз жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды. Аудан құзыры қалпына келтірілген соң, 1965 жылы аудан басшыларының шақыруымен, Қазақ КСР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Қадір Хамзин Лебяжіге келіп, театрды қайтадан жандандырды. Театрға он жыл бойы үзіліссіз жетекшілік етті. 1980-1990 ж.ж. аралығында ұжымды республикалық байқаудың лауреаты Әлия Жағыпарова басқарды. Халық театры өзі құрылғаннан бергі уақытта елуден астам қойылым көрсетті. «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Шұға», «Жалбыр», «Абай» сияқты күрделі қойылымдарды сахнаға шығарды. Театр Семей, Көкшетау, Омбы облыстарында, Ресейдің Алтай өлкесінде гастрольдік сапарларда болды. 1973 жылы көркемөнерпаздар ұжымдары республикалық байқауының лауреаты болды. Театрда Науат Жағыпарова, Қапиза Хамзина тәрізді өнер майталмандарымен қатар Ақшайым Қалиева, Кеңес Смайлов, Шәйкен Шәменов, Бикеш Ысқақова, Сапарғали Олжабаев, Мерзихан Шайхин, Рахметхан Нұрбасаров, Лидия Майер, Сейсенбай Балтабаев, тағы басқа ондаған адамдар еңбек етті. Театр жетекшілері ауылдың өнерпаз жастарын қойылымдарға жиі қатыстырып отырды. Олардың қатарында Тоқан Бөлекбаевты, Шаяхмет Төлегеновті, Уәсилә Сержанованы, Амантай Исабековті, Жантемір Сәкеновті, тағы басқаларды атауға болады.
Айманов Ыдырыс (1895) / 1929 жылы сол кезде Бесқарағай ауданына қараған «Зори Октября» ұжымшарын ұйымдастырғандардың бірі болды. Одан соң Долон машина-трактор стансасын ұйымдастырды. Кеңес-партия қызметтерінде абыройлы еңбек етті. Ұлы Отан соғысы кезінде Семей облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды. Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталды.
| |
| |
Просмотров: 2751 | Загрузок: 1 | Комментарии: 1 | |
Всего комментариев: 0 | |