| 18/11/2026, 20:07 | |
ОЙ САЛАТЫН ӘҢГІМЕЛЕР Керекудегі таксист Бірде іссапармен Павлодарда болды. Бір жерге тез жетіп алу керек еді, жолға шығып, қол көтеріп, «такси» ұстады. Тоқтады, бағасын келісті, келе жатыр. Қалаға бірінші мәрте келуі болғандықтан, бос уақыты болып жатса, тарихи не қызық жерлерін көргі келді. Таксистен: - Бос уақытта қалаңыздың қай жерлерін көруге кеңес бересіз? – деп сұрады. - көретін несі бар? дым да жоқ бұл қалада. Одан гөрі үйіңе бар да, кітап оқы! – деп қайтарып тастады. Бұл өлкеден еліміздің даңқын асқақтатып, ғылым мен мәдениетіміздің абыройының артуына орасан зор еңбегін сіңірген академиктер мен жазушылар шыққанын жақсы білеміз. Таксистерінің өзі «кітап оқы!» деп тұрса, өлкенің расымен де ерекше бір қасиеттілігі болды-ау. «Үйіңе бар да, кітап оқы!» - сапарда жүрген адам үшін бұдан артық қандай кеңес болуы мүмкін?! баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Просмотров: 4 | Загрузок: 0 | | |
| Всего комментариев: 0 | |
