| 11/11/2026, 22:55 | |
ОЙ САЛАТЫН ӘҢГІМЕЛЕР Кітапты ең қатты сүйетін жан Осыдан бірнеше жыл бұрын Жаңа жыл қарсаңында фейсбуктағы лентасын асықпай ақтарып отырғанында, көзі бір әйелдің жазбасын шалып қалды. Ол хсописте жатқан он екі баланың уишлисін (Wish List – тілектер тізімі) жариялапты. Онкологиямен ауыратын төрт пен он жас аралығындағы балалар Аяз атаға хат жазып, Жаңа жылда қандай сыйлық алғысы келетінін айтыпты. Әлгі әйел: «Бұл бүлдіршіндердің соңғы мерекесі болуы мүмкін, сондықтан қолдарыңыздан келгенше жәрдемдесулеріңізді сұраймын», - деп жазған екен. Тізімді оқи бастады. Айнұр – 4 жаста, қуыршақ. Игорь – 9 жаста, планшет. Оксана – 10 жаста, планшет. Бір кезде жеті жасар Ақжол деген баланың Аяз атаға жолдаған тілегіне жетті – қазақ тіліндегі кітаптар. Көзіне жас алғанын бірден байқады. Ол өзі бала болғанымен, ауру болған соң өзгелерден басқаша екенін сезеді. Сөйтіп, оның ертеңгі күнінің қалай болатынын білмесе де, кітап оқуға деген қызығушылығы оған қатты әсер етті. Көңілі босап, осы тізімдерді жазған әйелге телефон шалып, сол балаға кітап алып бергісі келетінін айтты. Телефонмен сөйлесіп тұрғанда көзінен еріксіз жас ағып жатты. Қайда, қандай кітап алып бару керектігін сұрады. Ол әйел оған «тездетіңіз» дегендей болды. Өйткені тізімдегі бір бала тілегінің орындалғанына жете алмай қайтыс болыпты. Адам жылына жүз кітап оқығанның өзінде бүкіл ғұмырында жеті-сегіз мың кіаптан асыра алмас. Ал жеті жастағы әлгі баланың кітапқа деген құштарлығына мұның бірі де жетпейді. «Оқуға уақыт жоқ қой, жұмыстан қол тие бермейді» дейтіндерді кездестіргенде, ол ақжолды есіне алады. Қайда жүрсең де, өзіңе бақыт нәсіп етсің... баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Просмотров: 8 | Загрузок: 0 | | |
| Всего комментариев: 0 | |
