| 04/11/2026, 22:10 | |
КІТАП ТАҢДАП ҮЙРЕНУ Кітап үшін жүгіргендер Таиландта Пхукет аралында демалыста болғанда кешкі астарын ішіп отырған кезде еріккен ой келе қалды. Өзімен бірге «Күнкөрістен кет, байлыққа жет!» кітабының бір данасын алып жүрген еді. Ішіне бес мың теңгені салды да, инстаграмға видео жазып, сториста жариялады. Ол жерде: «Осы жерде кітабымды қалдырамын, ішіне ақша да салдым, кофе ішіп отырып танысып шығарсыз. Есімі Нуттапонг деген даяшы жігіттен сұраңыздар. Кім бірінші келсе, сыйлық соныкі», - деп хабарлады. Ертесіне инстаграмды ашса, бір оқырманы оны тэгтеп қойған екен. Олар аралдың оңтүстік жағында тоқтады. Кітапты ақшасымен бірге келіп алып кеткен жігіт аралдың солтүстігінен күннің ыстығында қырық шақырымдай жүгіріп келіпті. Кітаппен түскен суретіне қараса, жерден жеті қоян тапқандай мәз. Ол да риза болып қалды. Оның кітапты міндетті түрде оқып шыққанына шүбә келтірмейді. Қызықтың көкесі Алматыса оралған соң басталды. Бір жолы ақтөбелік оқырманы кітабын сыйлыққа беруді сұрап жазды. Өзі танымайтын біреуден бірдеңені тегін беруді сұрауды елестете алмайды. Сосын сұрады екен деп танымайтын біреуге кітапты тегін бере салмайды ғой. Әлгі жігіт пысықтық танытып: Бақытжан аға, маған кітабыңызды сыйлаңыз. Керек болса, ақтөбеден Алматыға келіп, он шақырым жүгіріп беремін», - деп қайта-қайта жазды. Ақыры, көндірді. «Мен аямаймын, шынымен жүгіресің», - деп ескертті. Айтақнынан қайтпайтын жігіт екен. Келісті. Сонда да іштей айнып қалады деп отырды. Ақтөбеден Алматыға келіп шығындалып, терлеп-тепшіп, аптығып-ентігіп кітап алғанша, өз қаласында дүкеннен сатып алғаны әлдеқайда дұрыс емес пе? Бұл қадамға тек жынды баратын шығар деп ойлады. Бірақ ол қателесті. Бір күні сабазы жекеге: «Аға, мен Алматыдамын. Қашан жүгіремін?» - деп сұрап жазып тұр. Мәссаған! Мұны камераға жазып алмаса болмайды. Бірден оператор жалдап, маршрутты анықтап, жаздың қапырығында жүгіртіп қойды. Он шақырымды жүгіріп шықты. Дәлел ретінде видеосы да бар болып шықты. Ақырында, сұраған кітабына қолтаңбасын қойып берді. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Просмотров: 10 | Загрузок: 0 | | |
| Всего комментариев: 0 | |
