| 22/10/2026, 22:18 | |
КІТАП ТАҢДАП ҮЙРЕНУ Фарадейдің өнегелі өмірбаяны Көптеген тұлғалардың өмірбаяндарын оқып, өте пайдалы дүниелер алды. Солардың ішінде қатты есте қалғандардың бірі – ағылшын физигі Майкл Фарадейдің өмірбаяны. Ол онымен он екі жасында танысқан болатын. Әлі күнге дейін оны есіне алып, мотивациясын күшейтеді. Айтулы тұлға Лондонның маңайындағы бір елді мекенде кедей әрі көпбалалы отбасыда өмірге келеді. әу бастан оның жақсы білім алуға, дұрыс қызметкен тұруға мүмкіндігі өте аз болатын. Жас кезінде-ақ жұмыс істеп, отбасын асыруы керек болды. Он үш жасында мектептегі оқуын қалдырып, француз эмиранты Рибоның кітап сататын дүкеніне жұмысқа тұрады. Бала кезде жүйелі түрде білім ала алмаса да, оның кітап оқуға деген құлшынысы ерекше еді. Күндіз кітап дүкенінде жұмыс істесе, түнде тапқан ақшасының бір бөлігіне майшам сатып алып, кітапханада түней жүріп кітаптарды оқиды. Оны физика ғылымы қызытырады. Сөйтіп жүргенде, бір күні Лондонда танымал ағылшын физигі дәріс оқиды дегенді естиді. Корольдік институтта көптеген химиялық элементтерді ашқан ғалым Гемфри Дэвидің лекцияларына барып, оның айтқандарын мұқият конспектілеп жүреді. Дүкенде жұмыс істеп жүріп кітап түптеу өнерін игерген Фарадей жиналып қалған біраз конспектілерін түптеп оларды дэвиге апарып береді. Дэвидің өзінің үлкен жолы қарапайым дәріханашыдан басталған соң, жас фарадейдің ұмтылысын жақсы түсініп, оның жан-жақты білімі мен дарынына тәнті болады. Бірнеше айдан соң танымал ғалым оны қасына шақырып, Корольдік институтқа жұмысқа алады. Басында лаборант болғандықтан, Фарадей институтта істейтін профессорлар мен дәріскерлерге көмектесіп, олардың дәрістерін дайындауға, материалды құндылықтардың есебін жүргізуге араласады. Соған қарамастан, білімін толықтырудың әрбір мүмкіндігін дұрыс пайдалануға тырысып жүреді, дайындаған дәрістерін жіті оқиды. Сонымен қатар Дэвидің рұқсатымен өздігінше химиялық тәжірибелер жасай бастайды. Өз ісіне жауапкершілігі мықты болғандықтан, көп ұзамай Дэвидің баға жетпес көмекшісіне айналады. Жиырма екі жасында Дэви оны көмекшісі әрі хатшысы ретінде өзімен бірге Еуропаның ғылыми орталықтарына алып жүреді. Бұл сапар екі жылға созылады. Дэвидің әлемдік танымалдылығының арқасында ол Андре-Мари Ампер, Жозеф Луи Гей-Люссак, Алессандро Вольта сияқты басқа да әйгілі замандас ғалымдармен танысып, білімін одан әрі шыңдай түседі. Лондонға оралған соң, Фарадей қызу жұмысқа араласады. Түн ортасына дейін жұмыс істеп, еңбекқорлығымен, әдісқойлығымен, тәжірибелерді сауатты жасауымен, зерттеп жатқан мәселесіне терең үңіле білуімен танылады. Көп ұзамай, ол ғалымдар арасында «тәжірибе қоюшылардың патшасы» деген атаққа ие болады. Фарадей өмірінің соңына отыз мыңнан астам ғылыми тәжірибе жасап, кемінде он ғалымның атын тарихта қалдыруға жететін жаңалықтар ашып, физиканың электродинамика саласының негізін қалап кетеді. Бүгін біздің электр қуатын тұтынып, компьютерде жұмыс істеуіміз, телефон арқылы хабарласуымыздың өзі осы Фарадейдің және оның ғылымға сіңген еңбектерінің жемісі. Міне, осындай мотивациялық мысалдардан артық не керек? Сол себепті «бұл елде танысың болмаса, болашағың жоқ» дейтіндерге көбірек кітап оқып, еңбектену керектігі туралы айтады. Кінәні өзгеден іздеу – әлсіздердің жай ғана сылтауы. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Просмотров: 5 | Загрузок: 0 | | |
| Всего комментариев: 0 | |
