Кітаптың құдірет-қадірі
07/10/2026, 23:26

КІТАП ТАҢДАП ҮЙРЕНУ

Он мың тұлғаның өмірбаянын оқыған бәзбіреумен жарысыңыз

Кітап оқуды енді ғана бастаған оқырмандар, әдетте, алдымен қандай тақырыптағы кітаптардан бастау керек екенін білмейді. Егер кітап оқуға қызығушылығыңыз кеш оянса, қолға түскеннің бәрін оқи беруге уақыт табыла бермейді. Бұл жағдайда ол ұлы тұлғалардың өмірбаяндарын оқуға кеңес берер еді. Жеке басы он мыңнан астам адамның биографиясын оқыған. Бұл өте пайдалы.

Оларды оқыған кезде тарихта аты қалған тұлғалардың (мейлі ол ғалым, саяхатшы не саясаткер болсын) арасында бірнеше ұқсастық бар екенін байқайсың. Біріншісі – олардың барлығы өте көп жазу жазған, ойларын қағазға түсіріп, жоспарларын қойын дәптеріне белгілеп жүрген. Ол тек қана жазушыларды айтып отырған жоқ, жазу, сірә, олардың негізгі кәсібі. Ойарыңды, жұмыстарыңды, жазып отырған іс-қимылыңды бір жүйеге келтіреді. Қазір ішкі дүниемізді жалаңаштап, ойларымызды екібастан әлеуметтік желілерде бөлісіп жүрміз ғой, сондықтан жұмыстар туралы айтады. Ертеңгі шаруаларды бүгін кеште жазып қойған дұрыс. Мәселен, ертең жасау керек отыз жұмысың болса, миың ашып, неден бастап, немен аяқтайтыныңды білмей, әбден әбігер боласың. Отыз жұмысың қағаз бетінде тұрса, миың олардың барлығын есте сақтау қажеттілігінен арылып, қайта оларды дұрыс шешу жолдарын ойлаумен болады. Есесіне, олардың кезегін анықтап, бір бөлігін түске дейінгі мезгілде, екінші бөлігін түстен кейін орындау оңтайлы екеніне көзің жетеді. Сосын отыз жұмыс дегеннің өзі мотивацияны азайтуы мүмкін. Сөйтіп жүргенде осы мәселені де ойлай бастайсың. Мотивацияны жоғары деңгейде сақтау үшін қайсыларын бірінші кезекте, қайсысын соңынан атқару керек екенін таңдайсың.

Ол «бес минутта жасауға болатын нәрсені кейінге қалдырмау керек» деген қағиданы ұстанады. Соның арқасында отыз жұмыстан тұратын тізім бір сағатқа жетпейтін аралықта екі есеге дейін қысқарады. Осылайша тайм-менеджмент мәселесін де ретке келтіріп аласың. Көрдіңіз бе, бір жанрды оқудың арқасында өмірде не жұмыста қажет болатын бірталай тұлғалық қасиеттерді дамытып алуға болады.

АҚШ президенті әрі миллиардер Дональд Трамп өзінің «Чемпион сияқты ойла» кітабында да өмірбаян оқудың маңыздылығын айтады: «Дана болудың тағы бір жолы – ұлы адамдар мен сізді қызықтыратын саланың көрнекті өкілдерінің өмірлері туралы оқу. Мен Уинстон Черчилль, Авраам Линкольн және әлем тарихында маңызды рөл ойнаған тағы да басқа адамдар туралы оқып, көп нәрсені үйрендім. Олар алдына өмірдің өзі қойып тұрған міндеттерді орындауға аса дайын болуы керек болды олардың тағдыры көп жағдайда соқыр жеребе, жазмыш, тарихи сәтке тәуелді болды, десе де, жағдайдан керемет шығу үшін олардың тәжірибесі мен білімі жеткілікті болды. Әрекетіңіз бен шешімдеріңіз мыңдаған, тіпті миллиондаған адамның өміріне әсер етеді деп елестетіңізші, сонда осы адамдардың мойнына жүктелген үлкен жауапкершіліктің қандай болғаны туралы аз да болса да түсінік қалыптастырасыз. Мәселелеріңіз өзіңізге құртақандай-ақ болып көрінеді, осының арқасында ойлауыңыздың көкжиегін кеңейте аласыз, міндеттеме мен кәсіпқойлықтың не екенін жақсырақ түсінесіз».

Бұл дүниеде екі түрлі адамдар бар: біреулері уақытын қадірлеп, біраз істі тындыруға талпынады; екіншілері: «Ағай, сіз соншама жұмыс атқаруға уақытты қайдан табасыз?» - деп сұрақ қояды.

Өмірбаяндардан байқаған екінші нәрсе – тұлғалардың басым бөлігі әуелде елден ерекшеленбей өмір сүріп жүре береді. Бірақ белгілі уақытта олар бір-екі жылдай уақытша көлеңкеге кетеді де, кейін олардың өмір жолы өрге қарай оза бастайды. Биографтар сол бір-екі жылда тұлғаның қайда жоғалып кеткенін, немен айналысқанын, ойлары қандай болғанын, әдетте, ашып жазып бере алмайды. Оған да осы тұсы қызық.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 5 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: