Кітаптың құдірет-қадірі
30/09/2026, 20:32

КІТАП ТАҢДАП ҮЙРЕНУ

Франклді оқысаңыз жеткілікті

Өмір мәнін жоғалтпаған тұтқындар түңілген тұтқындарға қарағанда қиыншылықтардан жеңілірек өтетінін байқайды. Франкл «Өмі мәні – адамның ең басты мотивациясы» деген қорытындыға келеді.

Франклдің әйелі мен анасы концлагерьде өлтіріліп, әкесі өкпе қабынуынан солардың бірінде көз жұмады. Тек әпкесі ғана аман қалған.

1945 жылдың 27 сәуірінде психолог ғалымды америкалықтар азат етеді.

Соғыс аяқталған соң Франкл Венаға қайтып оралып, сол жерде жұмыс істейді. Тозақта өткен үш жылының тәжірибесін «Психолог в концлагере» еңбегінде жазады. Бұл кітапты ғалым соғыстан юұрын бастаса да, оны лагерьде жүріп тәжірибе жүзінде алынған қорытындыларымен толықтырады. Былайша айтқанда, екі жарым жыл бойы кітапты ойында «жазады» және бұл жұмысты аяқтап, оны жариялау ғалымның аман қалуға талпынуына бірден-бір мотивациясы болады.

Франкл концлагерьдің тозағынан өтіп, өміріне ешқандай кепілдік болмаса да, мотивациясын жоғалтпай, тіпті басқа тұтқындардың да уәжін тауып беруге тырысқан. Мотивация туралы кітап іздесеңіз, Франклдің еңбектерінен артық еңбек таппайсыз. Өйткені олардың дүниеге келуінің құны өте жоғары болады. Сол себепті мотивацияны арттыру тақырыбындағы бүгінгі шығып жатқан кітаптар футболдың үшінші лигасындағы клубтар сияқты.

Виктор Франклдің «Сказать жизни «Да»: психолог в концлагере» кітабынан бір үзіндіні келтірейік:

«...Ішкі сүзгісін жоғалтқан адам тез бұзылады. Оны сергітетін барлық іс-қимылдың ол қабылдамайтын фразасы, әдетте: «Менің мына өмірде күтетінім жоқ». Бұл жерде не уәж айта аласың? Қалай қарсылық білдіресің?

Барлық қиындық өмірдің мазмұны жайлы сұрақтың басқаша қойылу қажеттілігінде. Мәселе біздің өмірден нені күтетінімізде емес, ол бізден не күтетіндігінде екенін өзімізге үйрету мен күмәнділерге түсіндіру керек. Философиялық тұрғыда айтса, бұл жерде коперникше төңкеріс жасау қажеттігі: біз өмірдің мәнін сұрамауға міндеттіміз, тиісінше бұл сұрақ бізге бағытталған – өмір күн сайын және сағат сайын сұрақтар қояды және біз оларға сөзбен не оймен емес, іспен және дұрыс мінез-құлықпен жауап беруіміз қажет. өйткені, өмір сүру – ақыр аяғында әрбір күн мен сағат сайын істелуге тиіс өмірдің қойған талаптарын дұрыс орындауға жауапкершілікті алу.

Бұл – талаптар. Ал олармен бірге болмыстың мәні әртүрлі адамдар мен өмірдің әрбір сәттерінде әрқилы. Демек, өмірдің мәні жайлы сауалдың ортақ жауабы болмайды. Өмір, біз оны мұнда қалай түсінеміз? Ол көмескі, бұлдыр дүние емес – анық, олардың біздерге әр сәттегі талаптары да мейлінше айқын. Бұл айқындық адамның тағдырына тән: әркімде ол бірегей және қайталанбас. Ешбір тағдырды басқасымен салыстыруға келмейтініндей, бірде-бір адам келесісіне ұқсамайдыжәне адамды бөлек іс-қимылға шақырады. Демек, өмір мәні жайлы сауал ортақ бола алмайды. Айқын жағдай – одан өз тағдырына белсенді әрекет етуді талап етіп, бағалы дүниелер жайлы ойды жүзеге асыру мүмкіндігін пайдаланып (мәселен, рақат алу), жай ғана өз тағдырын қабылдауды қалайды. Сондай-ақ әрбір жағдай жалғыз, бірегей болып қалады және осы бірегейлігімен, айқындығымен сұрақтың бір ғана жауабын қалдырады. Ол – дұрыс. Тағдыр адамға қайғы үлесін салған екен, ол бұл қайғыдан оларды өзінің қайталанбас міндетіне ауыстыра алуы тиіс. Ол өз қайғысының бірегейлігін түсінуі шарт. Өйткені, Жер жүзінде бұған ұқсас ештеңе жоқ. Ешкім оны бұл қайғыдан құтқара алмайды және ешкім де онымен бірге сол қайғысын сезіне де алмақ емес. Алайда осындағы секілді, бұл тағдыр кімге беріліп, өз қайғысын құраса, қайталанбас ерліктің бірегей мүмкіндігі туады.

Біздер үшін конлагерьде мұны бәрі дерексіз дәлел болмады. Керісінше, мұндай ойлар әрі қарай шыдауға көмектескен жалғыз дүние болды. Мөір сүруге ешқандай мүмкіндік қалмаса да, берілмеу және торығуға салынбау керек. Біздер үшін өмірдің мәні жайлы сауал шығармашылық тұрғыда қойылған міндеттердің орындалуынан ауылы алыс болды. Жоқ, әңгіме өмірдің толықтығымен, яғни өзіне өлімнің қосылуы жайында еді. Ал мазмұнның астарында тек қана «өмірдің мәнін» ғана емес, қайғы мен өлімнің мәнін де ұқтық. Біздер осы мән үшін күрескен болатынбыз!»

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 12 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: