Кітаптың құдірет-қадірі
08/09/2026, 16:45

КІТАП ТАҢДАП ҮЙРЕНУ

Сәнге айналған кітаптарға сене бермеңіз

Ньютон тым ренжігіш әрі кекшіл, Бетховен жанжалқой, сотқар болса керек. Кемеңгерлік ашушаңдықпен бірге берілетін секілді. Мақала авторы осының мысалын бүгінгі күні де кездестіруге болатынын айтып, Кремний алқабында жұмыс істейтіндердің бір сарасын атап өтеді. Мәселен, Amazon компаниясының негізін қалаушы Джефф Безос қызу мінезді әрі ашуға булыққанда адамға тіл тигізуден де тайынбайтынын айтады.

Амстердам университетінде қызмет ететін Матийс Баас 2009 жылы тәжірибе жасапты. Ерікті студенттерді жинап, ғылым үшін олардың ашуын қоздыруға бел буады. Бір топқа: «Көңіліңізге тиген сәтті немесе оқиғаны еске түсіріп, сол туралы эссе жазыңыздар», - деп тапсырма беріпті. Бұл олардың ашуын сәл ғана келтіреді. Бірақ қатты ызалан қоймаса керек. Екінші топқа мұңаюды тапсырыпты.

Ашу мен ыза ағзадағы ресурстарды жұмылдыруға дайындайды. Бұл сезімдер адам қиын жағдайға ұшырағанда күйін нақты бағалауға әсер етіп, оған жағдайдан шығу үшін қуат береді екен.

Содан соң екі топтағы қатысушылардың шығармашылық қабілеттерін байқамақ болып ойын ұйымдастырады.он алты минут ішінде олар психология факультетінде оқытуды жақсартуға бағытталған неғұрлым көп ұсыныстар жасау керек болыпты. Басында болжағандай, ашуланған студенттер көбірек идеялар айтып, олардың ұсыныстары жаңашыл, басқалардың ұсыныстарымен ұқсастығы бір пайыздан төмен көрсеткіш көрсетеді.

2010 жылы ғалымдар тәжірибе жасап, ашуды басып тастау (қазіргі сәнге айналған кітаптар осы туралы айпаушы ма еді?) жедел жүрек жеткіліксіздігінің ықтималдығын үш есе арттырып, қан қысымының көтерілуіне әкелетінін дәлелдей алыпты.

Нью-Йорк университетіндегі Габриэль Оттинген қызметке кіріскен президенттердің сөздерін талдап, солардың ішіндегі позитивті сөздер ақырында сол президенттер билікте отырғанда жұмыссыздықтың өсуі мен ЖІӨ азаюына әкеліп соқтыратынын анықтаған (кез келген сәйкестіктер кездейсоқтық).

Қысқасы, осылай екен. Егерде сіз күле бермейтін және күле білмейтін күлмесхан болсаңыз, қам жемеңіз. Жүрегіңіз жақсы соғады екен. Бәзбіреу де жөндеп күле алмайды, езулері қатты созылмайды.

Сайып келгенде, қазіргі таңда сән болып отырған кітаптар бір күндік қана.

Америкалық трейдер Нассим Талебтің: «Кітапханаңды соңғы кездері шыққан кітаптармен емес, уақыт сынағынан өткен туындылармен толтырған жақсы», - деген сөзімен толық келісуге болатын сияқты. Сіз қалай ойлайсыз?!

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Категория: Мои файлы | Добавил: shakhibbeker
Просмотров: 3 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: